Заттар алмасуының өзара байланыстары

Диірменнің ең бір тамаша қасиеті оның оңай түрде бөгде қоректік заттарды өзгертіп, оларды организмнің өзінікіне айналдыруы.

Зат алмасуының өзара байланыстары орталық жүйке жүйесі, ішкі секреция бездері арқылы реттеледі. Реттелу ферменттермен, гормондармен, цАМФ- пен биохимиялық реакциялардың жалпы өнімдерімен іске асырылады. Көптеген метоболиттық жолдардың қиылысында тұрған

« торапты » метаболитке пирожүзім қышқылы жатады.

Ацетил – КоА көмірсулар мен майлардың алмасуын байланыстырушы түйін болып келеді. Осы жерде екі алмасу бір – біріне айнала алады, бірігеді.

Майлардың көмірсуларға айналуы. Бұл процессқысқы ұзақ ұйқыға түсетін организмдерде болады. Қыста тыныс алу коэффициенті өте төмен –0,4- 0,6.

Жоғары май қышқылдарының В – тотығуынан ацетил – КоА, ал одан пируват және т.б, анаэробиозаға тән, заттар пайда болады. Міне, бұл да майлардың көмірсуларға айнала алатындығының мысалы бола алады.

Екі алмасудың байланыстырушы түйіні пирожүзім қышқылы болады. Пируваттан, фенилаланин, тирозин, триптофан,гистидин және басқалары пайда бола алады. Керісінше, белоктардан көмірсулар түзілуі мүмкін. Көптеген амин қышқылдарынан организмде пирожүзім қышқылы түзіле алады, ал пируваттан көмірсуларға өту күрделі емес.

Ацетил –КоА қымыздық сірке қышқылымен конденсацияланып Кребс цикліне түсіп В – кетоглутар қышқылының түзілуін қамтамасыз етеді, ал соңғысы глютамин қышқылына айналады.

Керісінше, майлардың белоктардан пайда болуы мүмкін. Амин қышқылдарының ыдырауынан пирожүзім қышқылы пайда болса, ал одан тотыға декарбоксильдену арқылы ацетил – КоА түзіледі.

Амин қышқылдары /аспарагин, глицин, глутамин/ пурин және пиримидин сақиналарын құруға қатынасады.

Нуклеин қышқылдарымен көмірсу алмасуларының арасында да байланыстар бар.

Пурин және пиримидин нуклеотидтерінің құрамды бөліктері -Д- рибоза және Д- оксирибоза – нуклеин қышқылдарының молекуласына көмірсулардың ыдырауы есебінен түседі.