ДНК – ның құрылысы

Дезоксирибонуклин қышқылы екі полинуклеотидтік тізбектен тұратын оралым / спираль/ тәрізді ширатылған молекула. ДНК – нуклеотидтердің полимері, күрделі молекулалық зат. Оның мономерлері – нуклеотидтер. Нуклеотидтердің құрамына азоттық негіз / аденин, гуанин, тимин, цитозин/, көмірсутек – дезоксирибоза және фосфор қышқылының қалдығы кіреді. Нуклеотидтер тек азоттық негіздермен ажыратылады да, солардың бас әріптерімен белгіленеді. А, Г, Т, Ц.

Уотсон мен Криктің моделі бойынша ДНК молекуласы бір оське бағытталған оралым тәрізді оңға қарай айнала оралған екі тізбек / қос оралым/ болып келеді. Тізбектер түзілгенде, бір нуклеотидтің фосфор қышқылының қалдығы келесісінің дезоксирибозасымен ковалентті түрде байланысады, яғни фосфат көпіршесі арқылы. Екі тізбек азоттық негіздер арқылы қосақтала алады.

Сол себептен қос тізбекті оралымның ішіне азот негіздері орналасады, ал көмірсу мен фосфат топтары оралымның сыртына орналасады. Бұл сутектік байланыс бірін – бірі толықтырып тқратын комплементарлық принцип бойынша қалыптасады : Аденин /А/ тек Тиминмен /Т/, ал Цитозин /Ц/ тек Гуанинмен /Г/.

Э. Чаргафтың 1952 ж заңы бойынша ДНК молекуласындағы пуриндік және пиримидиндік негіздердің арасында сандық сәйкестіліктің бар екенін көреміз.

Шыққан тегіне байланыссыз әр түрлі ДНК –ның молекуласындағы пурин негіздерінің қосындысы пиримидин негіздерінің қосындысына тең

А + Г = Т + Ц =1

ДНК – нің біріншілей құрылымы деп, оның молекуласындағы нуклеотид қалдықтарының белгілі тәртіппен /ретпен/ кезектесіп қайталануын айтады.

ДНК –нің екіншілей құрылымы – оның спиральдық құрылымы, яғни көптеген дезоксирибонуклеотид тізбектерінің оралым түрінде болатындығы.

ДНК –ның үшіншілей құрылымында оралым кеңістікте бүктеліп қалады.

ДНК –ның негізгі биологиялық қызметі белоксинтез- делгенде оның құрамын реттеу және тұқым қуалайтын белгілерді ұрпақтан ұрпаққа жеткізу. Толықтырушы принциптегі байланыс бізге ДНК молекуласының негізгі қасиетін өзін — өзі еселей алатынын / репликация, редупликация/ түсінуге болады.

ДНК клеткадағы ядроның құрамындағы хромосомдарда болады. Хромосома деп аталуы / грекше «хрома» — түс «сома» — дене / оның жақсы боялуына байланысты.