Белок молекуласының құрылымдары

Полипептидтік тізбек белок молекуласының негізін құрайды.

Белоктардың біріншілей құрылымы – оның химиялық құрылымы, яғни пептидтік байланыстың арасында түзілген полипептидтік тізбек болып табылады.Белоктардың екіншілей құрылымы кеңістіктегі полипептид тізбегінің түрі. Пептидтік топтардың өзара тартылуы есебінен белок молекуласының ішінде сутектік байланыстар түзіледі.

Белоктың үшіншілей құрылымы кеңістікте оралым болып бұралған полипептид тізбегі бүктеліп глобула түзеді, яғни жиынтық шумақ болып орналасуын айтады. Бұл құрылым негізінен дисульфид байланыстарымен берік сақталады.

Белоктың төртіншілей құрылымы өте күрделі суббірліктен құралады. Әр суббірліктің үшіншілей құрылымы болады. Бұл құрылым күрделі белоктарға ғана тән.

Суббірліктерді Ван –дер – Ваальс, электростатикалық тартылу, гидрофобты әрекеттесу күштері біріктіріп тұрады.

Химиялық қасиеттері бойынша белоктар екі топқа бөлінеді :а/ қарапайым белоктар – протеиндер, гидролиз кезінде тек қана амин қышқылына ыдырайды, ә/ күрделі белоктар немесе протеидтер, бұлар қарапайым белоктардың белок емес заттармен қосылуынан пайда болады.

Протеиндер. Протеиндер, олардың ерігіштігіне және изоэлектр нүктесінің орналасуына байланысты топтаға бөлінеді : альбуминдер, глоболиндер, проламиндер, гистондар, склеропротеиндер, коллаген, эластин, фиброин. Простетикалық бөлігінің табиғатына байланысты, протеидтерді топтарға бөледі:

Нуклеоротеидтер. Молекуласында қарапайым белок, гистондар немесе протаминдер, нуклеин қышқылымен байланысқан.

Хромопротеидтер. Қарапайым белок пен бояғыш затқа ыдырайды.

Фосфопротеидтер. Жай белок пен фосфор қышқылына гидролизденеді.

Глюкопротеидтер. Жай белок пен көмірсуларға гидролизденеді.

Липопротеидтер. Жай белок және майларға гидролизденеді.