Факультативтік курстарды өткізу әдістемесі

Тәнтану курсының бағдарламасына сай пәнаралық байланыстарды енгізу.

Жасушаның құрылысы мен қызметі, мүшелер жүйесі, олардың эволюциялық даму қасиеттерін рефлекторлы реттеу, ағзаның біртұтастығы, олардың сыртқы ортамен байланысы жайлы түсініктерді дамыту үшін биологиялық бұрынғы курстармен байланыстыру керек. Мұғалім оқушылардың түсініктерін жинақтап тәнтәну курсын оқытқанда, осы курсқа тән анатомиялық, физиологиялық және генетикалық түсініктерді шеберлікпен дамытады.

Сүйектің химиялық құрамы мен құрылысын оқыту кезінде оқушылардың 6 – сыныпта алған органикалық заттар, сулар мен тұздардың қасиеті туралы түсініктеріне сүйене отырып, оны әрі қарай кеңейтіп және тереңдете ұғынуға ықпал жасау керек.

Ал буындар мен сүйектердің қозғалу механизімдерін әңгімелегенде оқушы физика – пәнінен механикалық жұмыс және үйкеліс күші, рычаг (иін) жайлы алған білімдерін пайдаланып, жаңа түсінікті тез игеріп кетеді.

Мұғалім тыныс алу және тыныс шығару механизмін, қанның қысымын оқушылардың физика курсынан өткен газдардың, сұйықтардың ағу, қозғалу заңдылықтарын бас бөліміндегі және аяқ бөліміндегі қысым айырмашылығы жайлы алған білімін биологияда ережелерге еніп түсіндіреді.

Оқушылардың химия пәнінен алған тотализатор, қышқылдың, сілтілік және бейтарап реакциялар жайлы алған білім биологияда энергетикалық және пластикалық зат алмасуды оңай да тез ұғынуға мүмкіндік береді.

Физикадағы энергияның сақталуы және алмасу заңы биологияда адам ағзасындағы зат алмасу жайлы тақырыпты өткенде тірек білім болады, яғни оның тірі табиғат заңдылықтарының жан – жақты, бірдей екенін оқушылар жақсы ұғынады және химиялық үрдістер мен биологиялық үрдістердің біртұтастығын танып біледі.

Биологиядағы көру және есту мүшелерінің қызметі мен құрылысы тақырыбындағы білімі болашақта физика курстарынан оптика және акустика жайлы әңгімелегенде тірек білім болады.

Кіріктірілген сабақ.

Биологияны оқытуда пәнаралық байланыстар арасында кейбір келеңсіздіктер туып жатады.Сол сәйкессіздіктер мәселесін шешу мақсатында кіріктірілген сабақтар өткізуге болады.Ол сондай – ақ оқушылардың қызығушылығын арттырады. Тәнтәну курсы бойынша зат алмасу тарауындағы «Ақуыз, май, көмірсулардың ағза үшін мңызы» атты кіріктірілген сабақтың жоспары мен мазмұны:

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға ақуыз, май, көмірсулардың тіршілік көзі екенін және олардың зат алмасу процесінде алатын орнын бяндау.

Тәрбиелік мәні: танымдық ғылыми көзқарас қалыптастыру.

Пәнаралық байланысы: химия, өсімдіктану, жануартану.

Көрнекіліктер: мекет, тест, сөзжұмбақ.

Сабақтың әдісі: әңгімелеу, түсіндіру, сұрақ – жауап.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңінен кейін мұғалім жаңа сабақтың тақрыбын жариялап, ақуыз, май, көмірсулардың табиғатта кездесетіндігіне тоқталып кетеді. Оларды өсімдіктану, жануартану пәндерімен байланыстырады. Мысалы; көмірсудың қарапайым түрі глюкоза жеміс – жидектердің шырынында кездеседі т.б.

  1. Химия пәні мұғалімі ақуыз, май, көмірсуларыдың құрылысы мен қасиеттеріне тоқталады:

Ақуыздар дегеніміз амин қышқылынан тұратын күрделі құрылысты полимерлер.

Ал аминоқышқылдар дегеніміз молекулалар аминотоп NH2 мен карбосил тобы СООН кездесетін күрделі қосылыс.

Адам ағзасында 20Х – амин қышқылдары болады.

R – CH – COOH NH2

Сондай – ақ пән мұғалімі оқушыларға алдын – ала тапсырған макетпен ақуыздардың пептидтік байланыстарын көрсетеді.

Ақуыздардың қасиеті: ақуызда күрделі құрылымға ие бола тұра, әртүрлі қасиеттерімен сипатталады.Кейбір ақуыздар мысалға тауық жұмыртқасының ақуызы суда ериді және коллидтық ерітінді түзеді, ал кейбірлері тұз ерітінділерінің қоспасында, үшіншілері болса, тіпті ерігіштік қасиетке ие болмайды.

Майлар – үш атомды глицерин спирті мен карбон қышқылының күрделі эфирлері. Жалпы формуласы CnHm – COOH. Майлардың химиялық қасиеті күрделі эфирлер класына жатандығымен сипатталады.Сондықтан оларға жақын реакция гидролиз. Ол қайтымды процесс. Майлар табиғатта қатты (жануарларда) және сұйық түрде болады( өсімдіктерде).

Көмірсулар алғаш рет көміртегі С мен судың Н2О қосындысы ретінде табылғандықтан осылайша аталып келеді. Қарапайым көмірсулардың бірі глюкоза – түссіз кристал зат, суда жақсы ериді, дәмі тәтті. Ол өсімдіктің барлық мүшесінде дерлік ( жемісінде, тамырында, гүлінде, жапырағында) кездесді. Глюкозаның жалпы формуласы: С6Н12О6 структуралық формуласы.

СН – СН – СН – СН – СН – С О

І І І І ІН

ОН ОН ОН ОН ОН

Бұдан глюкоза альдегид және көп атомды спиртпен құралатынын көреміз. Оның химиялық қасиеттерінің бірі микроорганизмдердің әсері арқылы ашу процесінің жүруі мысалға, спирттік ашу процесі ашытқы ферметтерінің әсерімен жүреді

С6Н12О6 – 2С2Н5ОН + 2СО2

3.Биология пәні мұғалімі адам ағзасына тағам мен түскен А.М.К. – нің зат алмасуын түсіндіреді.

Ақуыз асқорту мүшелері жүйесінде амин қышқылдарға дейін ыдырайды және ол аш ішек пен қанғаөтеді. Бұл тәуліктегі 1 адамға қажетті ақуыз мөлшері 10 – 118г және т.б.

Май – ағзада энергия бөлетін өнім және пластикалық материал май асқорыту мүшесінің жүйесінде глицерин мен май қышқылына ыдырайды да, аш ішекте сіңірудің алдында адам ағзасына тән майға айналады да, аш ішектен лимфаға өтеді, одан қанға түсіп, ағзаға таралады. Бір тәулікте ересек адамға 100г май қажет.

Көмірсі – асқорыту мүшесінің жүйесінде глюкозаға дейін ыдырайды. Ол ішекте қанға сіңіп бүкіл ағзаға таралады. Бір тәулікте 1 адамға 45 – 500г көмірсу қажет.

Сабақты қорытындылауға сұрақ – жауап, 10 минуттық тест әдістерін қолданса болады. Сөзжұмбақ жасыру арқылы балалардың қызығушылығын, ынтасын арттыруға болады.

Мектеп қабырғасында гуманитарлық пәндерді оқыту барысындағы пәнаралық байланыс іргетас (фундамент) болып қаланды. Мұғалім өтілетін тақырыптың мәнін ашуда, оның мазмұнына сай пәнаралық байланыстарды қолану арқылы, оқушылардың бойында білімдер жүйесін кең мағанада, ауқымды түрде қалыптастыруына мүмкіндік береді. Ал оқушылар болса, басқа пәндерден алған білімдерін қажетке жаратады, соның нәтижесінде, ойлау, еңбектену іскерліктерінің арқасында сабаққа деген қызығушылығы артып, талаптаа түседі. Бұл келешекте белгілі бір мамандық таңдауына септігін тигізеді.

Сондай – ақ пәнаралық байланыстар арқылы білімдері жүйесімен қатар, тәрбие қалыптасуға болатыны әбден мүмкін.

Тек қана биология ғана емес, басқада пәндерді оқытуға пәнаралық байланыс іргетас болып қаланса, «Тәрбие басы – тал бесік», – дегендей – ақ тәрбие элементтері де қатар жүреді. Мысалға; ғылыми көзқарас қалыптастыру үшін биологиялық мазмұнда ағзаның біртұтас деңгейі материяның ең кішкентай бөлігі жасушадан, ұлпадан, минералдан, мүшелер жүйесінен ағза құралатын өсімдіктану, жануартану, тәнтану курсынан алған білімдеріне сүйеніп, оқушылардың бойында ғылыми түсінік қалыптастыруға болады.

ДНҚ – құрылымдық формуласынан макет жасау, конструция жасау арқылы оқушылар химиядан алған білімін қолданады және еңбек етуге тәрбиеленеді.

Қызыл кітапқа енген эндемик өсімдіктер мен жануарлардың келбетін, емдік қаситеттерін, санитар құстардың, жасыл өсімдіктердің маңыздылығын сипаттай отырып, табиғаттың әсемдігін оны сүюге, қорғауға, яғни оқушыларды экологиялық білімге баулуымен қатар, этикалық – эстетикалық тәрбие берілуі тиіс.

Пәнаралық байланыс тігінен және көлденең бағытта іске асады. Кейде бағдарламаның сәйкессіздігінен пәндер арасында байланыс үзіліп қиындықтар туындайды. Бұндай қиындықтарды шешу барысында мұғалім тақырыптың мазмұнына сай білімдермен жан – жақты қарулануы тиіс, сондай – ақ оқушылардың қызығушылығын тудыру үшін кіріктірме сабақтар өтуге болады.