Тірі табиғат бұрышы

Тірі табиғат мүйісінің төрбиелік мәні.

Мектептегі тірі табиғат мүйісінің мәні, оқушылардың сабаққа тәжірибелер дайындап сабақтан тыс, кластан тыс жүмыстарды, орындау, тірі өсімдіктер мен жануарларды сақтау орны болыи шектелмей оқушылардың дүниетанымын, танымдық қызығушылығын, икем—дағдыларын, еңбекке деген ынтасын арттырып, тәрбиелік мәселелерді шешудегі маңызы үлкен.

Қазіргі мектептегі тірі табиғат мүйісіне арнайы бөлмелер бөлініп, онда жануарлар өсімдіктер, биоце-ноздар жасанды боліктері қабырғаға ілінген суреттер, әртүрлі препараттар жануарлардың түлыптары сақталатын орынға айналған.

Тірі табигат мүйісіндегі жануарлар мен осімдіктердің орналасуы белгілі тәртіппен, іологія-дар бойыннта топталады: аквариумдерде—балықтар, былқылдақ денелілер, су осімдіктері; террариумдерде— папоротниктер, мүктер, ылгалды жердің өсімдіктері, бақалар, кесірткілер, вольерлерде жөне торларда, жануарлардан бөлек ағаш тәрізді өсімдіктер де сақтала ды. Кактустардың гүрлері тастардың қондырылады.

Әрбір өсімдік пен жануарлардың түсында анықтамасы берілген іологія, паспорттар ілінеді.

Тірі табиғат мүйісіндегі жүргізілетін оқу—тәрбие жүмыстары, оқушыларды табиғатқа етене жақындастырып, оны сүюге, терең танып білуге, қорғауға тәрбиелеп, абиғаггың әсемдігінен эстетикалық ләззат алады. Тірі табиғат мүйісіндегі орындалатын жүмыстар арқылы оқушылар кәсілтік бағдар алады, іологія курстарының тақырыптарына сәйкес кең түрде үғымдар мен білім қалыптастырылып, өздігінен бақылау жүргізу эксперименттер қою, түжырымдар жасауға үйренеді.

Осылайша жүмыс жүргізу барысында оқушылардың ізденіс, зерттеушілік әрекеттері де дамиды. Тірі табиғат мүйісінде оқушылар сабақтан тыс уакьітта жүмыс жасай алады.

Мектептің мүмкіншілігіне қарай тірі табиғат мүйісінің үйымдастырылуы мен жабықталуы әртүрлі деңгейде болады.

Тірі табиғат мүйісінің өсімдіктері Оқу жылының барысында тірі табиғат мүйісінде өсірілетін өсімдіктер:

  1. Бөлме есімдіктеріне; Шөлтесін жабайы өсімдіктер, 3. Мөдени өсімдіктер; 4. Ағаштардың, бұталардың сабақтары т.б.

Бөлме өсімдіктрге мүйістің түрақты бөлігі, қыс, жаз, коктем, күз мезгілдерінде сақталады. Өсімдіктердің коллекцияларында тәжірибе, экспери­мент өткізуге оңтайлы түрлері өсірілгені дүрыс. Өсімдіктану, гіршіліктану пәндерінен өткізілетін сабақтарда қолдануға ыңғайлы. Бүл өсімдіктердің қата-рына, пеларгония, примула, фуксия, монстера, традесканция, бегония, элодея, кактустар жатады.

Бүл өсімдіктерден басқа да, биология курс тары ның тақырьштарына сай қолданылатын өсімдіктсрдіи. Алуан түрлері өсіріледі. Әсіресе жиі қолданылатып тра десканция, оның жапырағынан цитоплазманыц козі-алысын, су өсімдіктерін, қосалқы, ауа тамырларын, устыце тамыр оймақшасын, тамыр түктерін, қондырмалы жапырақтары, атпалары, телуді, қүрлық өсімдігінің су өсімдігіне айналуын көрсетуге болады.

Тірі табиғат мүйісінде өсімдіктерді биологиялық ерекшеліктеріне қарай топтарға бөліп орналастырады. Экологиялык факторларға бейімделуіне қарай, жарық, жылу, ылғалдылық т.б. өсімдіктерді белгілі жүйеде өсіреді.

Мыалы: қүрғақшылық жердің өсімдіктері: как­тус, алоэ, агава, эшеверия тікенекті өсімдік; жабайы түрлері тасжарған, очиток.

Ылғалды жердің өсімдіктері: арум, монстра, бе­гония, традесканция, циперус; жабайы түрлері: папо­ротник, мүк, саумалдық, росянка. Жартылай (орташа) ылғалды жердің өсімдіктері: фикус, аспидистра, лимон, кливия, пеларгония; жабайы—қүлпынай, примула.

Өсімдіктерді географиялық топтарға бөліп те орналастыруға болады. Өсімдіктерді орнықтыру тәртібі олардың шығу тегін бейнелейтіндей ландшафтардың ерекшеліктерін көрсететіндей болуы керек.

Жалпы тірі табиғат мүйісінің терезелері оңтүстікке немесе оңтүстік шығысқа қарай орналасады. Күн сәулесін өсімдіктер молынан пайдалануы үшін арнайы сөрелер немесе ағаштан жасалады. Оларды сым темірдің немесе арнайы бауларды пайдаланып, іліп қоюға да болады.

Әрбір өсімдіктердің аты, биологаялық сипаттамасы жазылған этикеткалары немесе куәліктері орналастырылады.