Егістік дақылдар. Өнім жинау

Егін жинау өте жауапты науқан. Бұл науқанға астық пісерден көп бұрын жан- жақты дайындалу керек. Дайындық астық оратын, жинайтын, таситын т.б орақ негізде қолданылатын механизмдерді дайындаумен шектеліп қоймайды. Қырман дайындау, онда қолданылатын әртүрлі астық тазалайтын, тиейтін механизмдер де сақадай сай болып тұруға тиіс. Астық құятын қамбалар да жөнделіп, тазаланып, әктеліп, дезинфекцияланып қойылады.

Егін жинау мерзімін, оның технологиялық картасын жасағанда егін жинайтын техниканың мүмкіндігі мен ауа райының жағдайы ескеріледі. Егін жинау кезінде мейлінше прогресті әдістерді қолдану керек. Бұл әдіске техниканы топтап пайдалану жатады., ол егін жинау жұмысын тездетумен қатар, экономикалық жағынан да тиімді. Техниканы тоқтатып пайдаланғанда егін оратын агрегаттарда жөндеу, күту жанар- жағар майлармен қамтамасыз ету едәуір жеңілденеді. Астық таситын көліктердің де жұмысы жақсарып, олардың өнімділігі артады.

Астық жинаудыңғ екі түрі бар. Біріншісі тікелей комбайынмен жинау, екіншісі бөлектеп жинау, яғни астықты алдымен дестеге түсіріп алып, десте кебе бастағанда жинағышы бар комбайынмен бастыру. Ауа – райына, егіннің жағдайына байланысты әртүрлі тәсіл қолданылады. Жалпы алғанда Қазақстанның оңтүстік облыстарында бірінші тәсіл тікелей комбайынмен жинау қолданылады. Бұл тәсілдің кемшілігі – астықтың толық пісуін күту керек. Кей жағдайда орақты астықтың толық пісуіне қарамай, ертерек бастау керек болады. Осындай жағдайда екінші тәсіл қолданылады.

Қазіргі уақытта егін жинау мынадай схемамен жүргізіледі.

  1. Егін дестелерге құлатылып,5-8 күннен кейін жинағышы бар қомбайынмен бастырып, астық қырманға тасылады.
  2. қырманда астық өлшеніп, қажет болған жағдайда қосымша тазартылады, сортталады, ылғалы молырақ болса кептіріледі, тағы да өлшеніп, автомашиналарға тиеледі де элеваторларға немесе тұрақты қоймаларға құйылады.
  3. Танаптарда қалған сабаан- топандар әртүрлі тракторла агрегаттармен жиналып, танап сыртына немесе мал қоаларына жақын жерге жеткізіліп малға салынады.Сабаннан тазаланған танаптарда жер өңдеу жұмыстары басталады.

Астықтың толық пісу кезеңі екі кезеңнен тұрады: пісудің басы және толық пісу. Толық пісудің басында дән қатты, оны тек пышақпен ғана кесуге болады, дәннің ылғалдылығы 18-20 %. Осы кезде егісті комбайнмен тікелей жинай бастауға болады. Астықты қырманда толық кептіруге болады. Дәннің ылғалдылығы 16-17 % төмендегенде астық толық деп есептеледі. Осы кезде масақ жеңіл үгіледі. Комбайнме тура орған кезде астық төгіліп- шашылуы ( дәннің сабанға келуі, оның зақымдалынып үгілуі т.б ) мейлінше аз болады.

Толық піскеннен кейін 7-10 күннен кейін астықтың қатты пісу кезеңі келеді. Дәннің ылғалдылығы 7-9 % дейін төмендейді.. Масақтан дән қатты жел кезінде, орақ кезенінде төгіле бастайды., сынған, үгілген дәндердің мөлшері көбейіп кетеді. Дәннің үгілуі, сынуы азайуы үшін комбайнның масақты бастыру апаратын дұрыс реттеп отыру керек.

  1. Астықты сақтайтын қоймалар құрғақ, жақсы желдетілген болуы керек. Астықты сақтаған кезде әртүрлі дақылдар мен сорттардың араласып кетпеуін қатты бақылау керек. Ол үшін қоймалардың ішіндегі бөліктері жеткілікті болуы тиіс. Ылғалы мол астық сақтауға келмейді, қоймаға құйылатын бидайдың, қара бидайдың, арпаның, сұлының, бұршақтың дымқылдылығы 14-15 %, тары мен жүгерінің дымқылдылығы 15,5-13,5 % аспауы керек. Астық құйылар алдында қоймалар тазартылып, дезинфекцияланады.

Егер дән тұқымға арналған болса, оның үйіндісінің биіктігі 1,5 метрден( күріш, тары ) 2.5 метрге дейін ( бидай, қара бидай, арпа, сұлы ) болуы тиіс.

Ал астық азыққа, жемге арналса, жақсы кептірілген болса дән үйіндісінің биіктігін әлдеқайда биік етіп сақтаға болады. Қоймаға құйылған астықты мұқият қарап отыру керек. Астықтың дымқылдылығы аздап жоғары болса, жөнді тазаланбаса қыза бастауы мүмкін. Оны тексеріп тұру үшін , үйіндінің әр жеріне түбіне дейін жететін ағаш немесе темір таяқтар шаншып қойып, оны анда- санда алып тексеріп тұрады.

Егер дәннің қызы бастағаны байқалса, шұғыл шаралар қолданылады.. Дәннің дымқылдылығын төмендету үшін оны тездеп желдетуге кіріседі, дән веялкадан өткізіледі.

Қоймаға зиянкестердің түспеуін де қадағалап тұру керек, егер пайда болса, оларды жою үшін шұғыл түрде қойманы газбен дезинфекциялайды.