Ауыл шаруашылығын суландыру және топыпрақ қорғау. Топырақтың ылғалдылық қасиеттері

Топырақ қопсытылған су сиымдылығы бар дене болғандықтан оның құрамында азды – көпті ылғал болады. Топырақ ылғалы – оның құнарлылығының бір шарты. Ылғал топыраққа ауадан түскен жауын – шашынмен жер бетіндегі судан және жер астының ыза суынан келеді. Топырақ ылғалы әр жерде әртүрлі. Бір жерлерде топырақтың ылғалдылығы мол болса, екінші жерлерде тапшылау. Топырақта кездесетін ылғалдың өзі де өсімдіктерге сіңімділігі әртүрлі болып келеді. Жалпы ылғалдың бірнеше түрі бар :

  1. Химиялық байланысқан су — топырақ минералдарының құрамына еніп, өте тығыз байланысқа түседі. Сондықтан топырақ биологиялық процесстерге қатыспайды.
  2. Бу күйіндегі су – топырақ кеуектерінде кездесетін судың жоғары температурада булануынан пайда болады. Бұл күйінде ол өсімдікке сіңбейді, тек тамшыға айналдырған оны өсімдіктер жақсы сіңіре алады.
  3. Гидроскопиялық су – топырақтың беткі қабаты арқылы сіңірілген молекула күйінде болады. Ол өсімдіктерге пайдасыз.
  4. Қылтүтік суы – топырақ түтіктерінде жоғары –төмен жылжи отырып, өсімдіктер бойына оңай сіңеді.
  5. Гравитациялық су — өз салмағымен топырақтың жоғары бетінен төменгі қабаттарына жылжиды. Өсімдіктерге оңай сіңеді.
  6. Қатты күйіндегі су – мұз, қар жатады. Қатты күйіндегі су өсімдіктерге сіңімсіз, ал еріген кезде топыраққа сіңіп, өсімдіктер үшін пайдаға асады.
  7. Жер асты ыза суы – топырақтың ол көбіне топырақ түзуші тау жыныстарының әртүрлі тереңдіктерінде әдетте, су өткізбейтін қабат үстінде жиналады.

Топырақтың су қасиеттері мен ылғалдылығы. Топырақтың су қасиеттеріне су сиымдылығы (топырақ өзінің құрамындағы судың белгілі – бір мөлшерін ұстап, сақтап тұруы) жатады. Оның бүкіл қабілеті топырақтың су ұстаушылық күші деп аталады, су өткізгіштігі, суды жоғары көтергіштігі, гигроскопиялығы және буланғыштығы жатады.

Топырақтың су сыйымдылық шегі – оның өз бойына белгі мөлшерде суды сіңіріп ұстай алатын қасиет. Ұсталған (сақталған) су түрлеріне қарай топырақтың су сыймдылығының бірнеше түрін ажыратады. Ең көп немесе толық су сыймдылық деп топырақтың табиғи кеңістегі сумен толған жағдайын айтады.

Далалық су сыйымдылық шегі – топырақтың табиғи құрылымында бос су өз салмағымен топырақ қабатына сіңіп кетеді. Осы жағдайда жер асты суы тереңде жатса, ал топырақ қабатындағы су буға айналмайтын болса, топырақ бойында ұсталып қалатын су мөлшерін далалық су сыйымдылық шегі деп атайды.

Каппилярлық су сыйымдылық шегі – деп судың топырақ түйіршіктерінің ішінде ұсталып қалатын қабілетін айтады. Капиллярлық су сыйымдылық шегі жер асты суының тереңдік деңгейіне және жоғарыдан келетін табиғи су мөлшеріне байланысты. Мұндай сулар капилляр түтіктері арқылы жоғары көтеріледі және керісінше жоғарыдан – төмен қарай жылжиды. Соның нәтижесінде өсімдіктердің әртүрлі тереңдікте орналасқан тамырларына, кезінде олардың өсіп –дамуына елеулі әсер етеді.

Топырақтың су өткізгіштігі – деп оның жоғарыдан төмен қарай су өткізу қасиетін айтады. Ол топырақтың түйірпектілігіне, механикалық құрамына.

Топырақ ауасы. Топырақта судан басқа, өсімдік тамырларының тыныс алуы мен бактериялардың тіршілігі үшін ауа да қажет. Топырақта неғұрлым ылғал көп болса, соғұрлым ауа аз болады және керісінше. Бұл ауа мөлшері топырақтың ылғалдығына, тығыздығына, өңдеу жағдайларына, механикалық құрамына, өсіп — өніп тұрған өсімдіктерге т.б. жағдайларға байланысты. Егістіктер егілетін, өңделген топырақтарда ауаның мөлшері 30 –40 % -ке тең. Мұның біраз бөлігі топырақ бөлшектеріне сіңеді, оны сіңген ауа деп атайды.

Ал ауаның қалған мол бөлігі топырақ кеуектерінің арасында болады.