Қазақстан территориясындағы топырақтың орналасуының негізгі заңдылықтары. Қазақстанның топырақ аймақтары

Қазақстан — өз территориясының аумағы бойынша елімізде Россия Федерациясынан кейін екінші орын алады. Территориясы аса үлкен және шалғай болғандықтан республика жерінде сан алуан топырақ (оған сәйкес өсімдік) аймақтары кездеседі, бұлар бір – бірінен топырақ түрлерімен ғана емес, ондағы табиғи өсімдіктер ерекшеліктерімен, климат жағдайларымен де өзгеше болып келеді. Осындай ерекшеліктеріне қарай 5 үлкен аймаққа бөлінеді.

  1. Республика территориясы 4 табиғи аймаққа бөлінеді:

орманды дала, дала, шөл дала, құрғақ дала.

  1. Орманды дала аймағында — Солтүстік Қазақстан облысы 2 топырақ типшесіне бөлінеді. Сілтісізденген қара топырақ 0,4 млн/га және кешенді шабынды қара топырақ тараған сұр оормандық топырақтар кебірленген топырақтар қабаттасып орналасқан. Күлгін топырақты зона мен қара топырақты зонаның арасында жеңішке болып иреленедеп, батыстан – шығысқа қарай созылып, өтпелі зона – орманды далада, орманның сұр топырақтары жатыр.

Бұл зона егістікке жақсы игерілген зонаның 40% астамы жыртылған жерлер. Негізінен бидай егіледі.

Дала аймағы 2 типше тараған кәдімгі немесе қарапайым топырақ және оңтүстің құрғақтау даланың қара топырағы. Қарапайым топырақ Қостанай, Көкшетау, павлодар, Ақтөбе т.б. Қара топырақты аймақ жазық келеді, оның ауа- райы да жайлы. Бұл жерлерде жазы жылы, қысы суық. Ауадан түсетін ылғал мөлшері жылына 300-600 мм.Бұл зонада негізінен даланың дәнді шөбі, бұршақ тұқымдастар, жусан т.б өсімдіктер өседі. Қара топырақтар өсімдіктерге қажетті қоректік заттарға бай келеді.Қара шірік мөлшері 4-13 % — ке жетеді. Қара топырақ негізгі 3 қабаттан тұрады:

А – қара шірік қабат

В — өтпелі қабат

С – карбонатты иллювиалды қабат

Құрғақ дала қара қоңыр топырақтар дамыған ( 3 аймақшадан тұрады )

  1. Қоңыржай құрғақ дала күнгірт топырағы
  2. Құрғақ даланың нағыз қара қоңыр топырағы
  3. Шөл даланың нағыз қара қоныр топырағы

Қара топырақты шалғынды – дала зонасының оңтүстігінне қарай ауа – райы құрғақтана бастайды. Ауадан түсетін ылғал мөлшері жылына 200-350 мм. Бұл аймақтарда ауа- райы жылы. Қара шірік мөлшері бұл топырақтарда 2-4 % арасында болады.

Шөлді аймақ топырақтары. Шөлді аймақ 2 аймақшадан тұрады:

  1. Солтүстіктің шөлді аймақтың қоңыр топырағы
  2. Орталық және оңтүстік шөлдің сұр қоныр топырағы

ТМД елдерінің оңтүстігінде ылғал мөлшері өте аз, сондықтан мұнда биологиялық тіршілік аз дамыған – шөлді аймақ кездеседі. Ауадан түсетін ылғал мөлшері жылына 80-180мм. Бұл өсімдіктің қалыпты өсуіне жеткіліксіз. Мұнда шөлге бейімделген бұта, сор шөптер шығады.Суғарып, тыңайтқыштар енгізген кезде егістіктер күн сәулесінің ыстығын алу уақыт ұзақтығын пайдаланып өнім береді.Бұл жерлерде негізінен бау- бақша, жүзімдер, көкөністер, қант қызылшасы, темекі т. Б дақылдар егіледі. Бұл жерлердің көпшілігі жайылымды жерлер.

Республиканың оңтүстігі мен оңтүстік шығысында тау бөктеріндегі облыстарда теңіз деңгеінен алғандағы биіктің өзгеруіне байланысты топырақ түрлері де әрқилы болады. Ол жерлер климаттың топырақтың және өсімдіктердің ерекшеліктеріне қарай Батыс Тянь- Шань, Солтүстік Тянь- Шань, Сауыр – Тарбағатай және Батыс алтай топырақ өңіріне бөлінеді. Батыс тянь- Шань өңірінде ( Оңтүстік облысының территориясы ) мынадай топырақ белдеулері бар: тау етегіндегі шөлейт жазықта боз, кәдімгі және күнгірт боз топырақ таудың орта шеніндегі орманның шөбі мол күрең топырағы, биік таулы жердегі шалғындық топырақ кездеседі. Солтүстік Тянь- Шань Өңірінде ( қырғыз Алатауы, Іле Алатауы ) мынадай топырақ белдеулері бар. Тау етегі жазықтығындағы карбонатты шамалы боз топырақ пен ашық қара қоныр топырақ, таудың қою қара қоныр топырағы таулы жердің сілтісізденген қара топырағы орташа таулы ормандық сұр топырағы биік таулы жердің шалғындық, шалғын топырақтары. Бұдан жоғары мұз таулар және мәңгі қар жатады.