Үгілу және топырақтың түзілуі

Топырақтың түзілуі үшін, ең алдымен қатты тау жыныстары майда ұнтақталған, кеуекті тау жыныстарына айналуы керек. Жер бетінде қатайған тау жыныстары табиғат күштерінің ғасырлар бойы үздіксіз әсерінен бірте – бірте қирап, бұзылып қопсыған жыныстарға айналады. Бұл құбылысты үгілу деп атайды.

Үгілудіңфизикалық, химиялық және биологиялық түрлері бар. Тау жыныстарының физикалық жолмен үгілу деп – оның химиялық құрамы өзгермей тек әртүрлі механикалық бөлшектерге бөлінуін айтады.

Физикалық үгілулерге қатысатын негізгі күштер : температура, жел күші, тасқын сулар мен көшпелі мұздар жатады.

Химиялық үгілу – тау жыныстары құрамындағы әртүрлі тұздардың немесе басқа қосылыстардың суд, қышқыл мен сілтіде еруінен және ауадағы оттегімен тотығуынан пайда болатын құбылыс. Мұның нәтижесінде химиялық құрамы жағынан жаңадан минералдық заттар пайда болады.

Биологиялық үгілу – қатты тау жыныстарынан қопсыған,ылғал сіңіргіштік, су өткізгіштік қасиеті бар ұнтақталған жыныстар пайда болады. Әдетте физикалық және химиялық үгілу кезінде босаған, суға ерігіш, өсімдіктерге қоректік минерал заттар ауқымды геологиялық заттар айналымына түседі де әртүрлі су ағыстарымен, өзендерге, теңіздерге тіпті мұхиттарға қосылып шөгінді жыныстарға айналады. Топырақ түзуге негізгі алты фактор : ауа – райы, тау жынысы жоғарғы және төменгі сатыдағы өсімдік пен жәндіктер, жер бедері, аймақтың геологиялық жасы және қоғамның өндіргіш күші қажет.

Тірі организмдермен олардың түзілуіне әсері.

Жер бетінде алғаш пайда болған тірі организмдер өсімдікте, жәндікте емес ультрабактериялар. Олар өздері өмір сүретін ортаға бейім келеді. Бұл микроорганизмдер табиғаттың ыстық – суығын, оттегінің бар – жоқтығы, ортаның қышқылдылығын не сілтілігін таңдамайды. Сондықтан олар табиғаттыңкез – келген жерінде кездеседі. Бактериялардан басқа алғашқы тау жыныстарында қыналар мен мүктер өсе батайды. Клетка сөлінде қымыздық қышқыл болғандықтан, қынаның тау жыныстарының бұзылуына әсері алғашқы микроорганизмдерге қарағанда әлде – қайда белсенірек болады. Қыналар жер таңдамайды. Тау шындарында оның сөлінің тасты ерітіп, орнында майда шұңқырлар қалдыратынын көруге болады. Сонымен алғашқы тірі организмдер су, жел және мұздармен бірге жердің тасты қыртысын бұзып, өздері өлгеннен кейін шіріп, ыдырап қарашірінді (гумус) құрады. Шырын желім тәрізді болғандықтан, қопсыған, үгітілген жыныстарды бір – бірімен біріктіреді, сөйтіп алғашқы құнары аздау топырақтар пайда бола бастайды. Бұл құбылыстар ғасырлар бойы созылып, алғашқы микроорганизмдер мен төменгі сатылы өсімдіктер өздерінен кейінгі дамып өсетіндерге жағдай жасайды.

Ауа – райының топырақ түзудегі ролі орасан зор. Климатқа яғни ауадан түсетін ылғал мөлшеріне, ауа температрасының ыстық – суығына, уақыттың қысқа немесе ұзындығына қарай әр жерде әртүрлі өсімдік, жан – жануарлар мен микроорганизмдер тіршілік етеді. Олардың әрекетінен әр жерде әртүрлі топырақ түзіледі. Топырақ түзілу құбылысының жылдамдығы (белсенділігі) күн сәулесінің қуатына тікелей байланысты. Күн сәулесімен қатар тірі организмдерге ылғал қажет, осыған байланысты топырақ түзілу жылдамдығы күні жылы, әрі ылғалы мол аймақтарда өте жоғары, ал керісінше ылғалы аз күні суық немесе ыстық аймақтарда бұл құбылыстардың белсенділігі төмен.

Топырақ түзуші тау жыныстарының топырақ түзудегі ролі.

Түзілген топырақтың химиялық, минералдық, механикалық құрамы өзін түзген топырақ жыныстарының құрамына өте ұқсас келеді. Топырақ түзуші тау жынысын – топырақ түзуші аналық жыныс деп атайды. Аналық топырақ түзуші тау жынысы өзі түзген топырақтың көптеген химиялық, физика- химиялық және физикалық қасиеттерін анықтайды. Тіпті кейбір аймақтарда топырақ түзуші тау жыныстарының химиялық құрамы бұл аймақтарға тән емес, құрамы басқа топырақ түзеді. Тау жыныстарының өзі түзген топыраққа әсері әсіресе шөлді аймақтарда айқын көрінеді. Себебі бұл аймақтардыауадан түсетін ылғал аз болғандықтан, топырақ түзілу белсенділігі өте төмен болып тау жыныстарына оның әсері аз тиеді.

Топырақ түзудегі оның құнарлылығын арттыруда жер бедерінің тигізетін әсері.

Жер бедерінің әртүрлі болуына қарай, оған судың келуі, сумен бірге қоректік заттың ілесе келуі, тіпті күн сәулесінің түсуі түрліше болады. Тегіс жерлерде ауа ылғалды жақсы сіңеді, ал беткейлі, дөңесті жерлерде ылғал дұрыс сіңбей, су ойпатты жерлерде жиналады. Жер бедеріне қарай күн сәулесінде бір тегіс түспейді. Жер бедерінің біркелкі болмауы топырақ түзілуге және олардың құнарлылығына әсер етеді. Топырақ жер бедерінің оның аса биік (макро) немесе орта (мезо) немесе майда (микро) деп бөлінеді.

Топырақ түзуге аймақтың геологиялық жасының әсері.

Геологиялық жаңа аймақта топырақ жас, яғни жаңа түзіле бастаған топырақ, ал геологиялық ескі аймақтың топырағы да ескі. Кеі байтақ ТМД елдерінің теріс жағында жаңа жас топырақтар түзіліп жаста, Оңтүстік жағында көне дәуірден келе жатқан топырақтар кездеседі. Себебі теріскей жағы кейінгі дәуірлерде ғана мұздан арылған. Ал Оңтүстік аймақтардың мұздан арылғанына бірнеше дәурлер өтті. Тіпті Оңтүстік аймақтың көп жерлерін мұз баспаған. Сондықтан бұл алқаптарда топырақтың даму құбылыстары ерте басталған.

Топырақ түзу процессіне адам қоғамының тигізетін әсері.

Адам өзінің сапалы әрекеттерінің нәтижесінде жерді қолдан суғару немесе құрғатып, мелиорациялап, топырақтың табиғи даму құбылыстарына көп өзгерістер енгізеді. Бұл өзгерістердің көбі топырақтың пайдалы қасиеттерін жақсартуға, топырақ құнарын арттыруға бағытталған шаралар. Жер жыртылып, топырақ өңделгеннен кейін табиғи өсімдіктер орнына мәдени дақылдар егіледі, ал олардың табиғи өсімдіктерге қарағанда топыраққа тигізетін әсері өзгеше. Топырақтарды көп жыл бойы суарып, тыңайтқыштар енгізуден топырақтардың бұрынғы табиғи қаситтері өзгеріске түсіп, жаңа сапалы топырақтарға айналады. Адамның сапалы әрекеттерінің арқасында, табиғи жағдайда құнарсыз жатқан топырақтардың (шөлді, батпақты, сорланған, сортаңданған) құнары артқан, яғни сапалы топырақтарға айналдырады.