Вирустық аурулардан сақтандыру және емдеу

Көрнекті орыс ғалымы Д.И. Ивоновский негізін қалаған вирусалогия ғылымы соңғы жылдары шетелдерде де, біздің елімізде де өте зор қарқынмен дамиды. Осының арқасында адам, жануарлар, өсімдіктер және микробтардың көптеген вирустық аурулары табылып зерттеледі.

Солардың ішіпде біз аусыл, құтыру, шешек, тұмау және палломимет ауруларын қоздыратын вирустарға қысқаша тоқталып, баяндап өтпекпіз.

Вирустар эволюциясы өсімдіктермен, жануарлармен тығыз байланысты. Ұзақ жылдар бойы вирустар шамасы көзбен бағдарланады. Ғалымдар келе – келе вирустардың мөлшері бұрыннан белгілі саңылаулары бар сүзгіден өткізіп, бақылап жүреді. Әрине бұл өте қиын да ауыр жұмыс еді.

Вирустар адамның серігі десекте қателеспейміз. Өйткені олар (адамның) адам туғаннан бастап оны қоршаған және онымен бірге тіршілік етеді. Олардың кебіреулерін біз елең етпесек, қалған біреулермен жанассақ болғаны ауырып қаламыз. Адам организміне вирустар бірнеше жолмен енеді. Көбінесе олар ауамен немесе тағаммен, кейде носекомдар – маса немесе кенелермен енеді.

Тұмау. Тұмаумен ауырмаған адам жер шарында некен – саяқ болар. Бұл сырқат өте ертеден белгілі. Бұл жөнінде кейбір мәліметтерді ерте дүние дәрігері – Гиппократтың тәжірибелерінен де кездестіруге болады. Тұмау эпидомиясы адам баласына шешек пен обадан кем тимеген. 1918-1920 жылдары тұмаумен 500 миллиондай адам ауырып, оның 20 миллиондайы қаза тапқан. Ал мұның өзі бірнеше дүниежүзілік соғыста қаза тапқандардан әлдеқайда көп. Тұмаудың нағыз қоздырушысы 1933 жылы табылды. Қазір тұмау вирусының толып жатқан топтары бар. Сондықтан оның бір тобына жақсы әсер ететін құрал, екіншілерін мүлде зақымдамайды да. Бұдардың ішінде ішекті зақымдайтын энтеровирустар, біздерді қабындыратын аденовирустар бар.

Шешек. Совет елінде балаларға шешекке қарсы вакцина егетіні баршыға аян. Бұлай егу адамдарды осы қауіпті шешек ауруынан аман сақтап қалудың басты шарты, шешек вакцинасын егу елімізде міндетті түрде жүргізіледі. Бұл жөнінен 1919 жылы 10 апрельде В.И.Ленин қол қойған документ бар. Осының арқасында бірте – бірте шешек азайып. Ақыр аяғында мүлде жойылады. Көптеген адамдар бұның не екенін қазір білмейді де. Шешек ауруы ертеден белгілі.

Біздің дәуірімізде бірнеше ғасыр бұрын шешек Африка, Үнді және Қытай елдерінде болған. Европада соңғы үш ғасыр ішінде шешектен 150 миллиондай адам өлген. Шешекті қоздыратын төмен денешіктері, олар бактерялық сүзгілерден өтіп кетеді. Сондықтан шешекті қоздырушы микробтар сүзгіленуші вирустарға жат қауіп жүр. Бұл вирус әсіресе ауру адамдардың кеңсірігінде жиналады. Ауру адам жөтелгенде ол вирустар шашырап, сау адамдарға жұғады. Сонымен бірге ауру терісі ісініп іріңдейді де, ол жер ойылып немесе соқыр болып қалады. Жалпы бұл аурумен ауырғандадың 15 –30% — тей мөлшері опат болады.

Құтыру. Жылы қанды жануарлардың жұқпалы ауруы. Бұнда көбінесе орталық нерв жүйесі зақымдалады да ақыр аяғында жануар өледі. Ауру жануардың сілекейі арқылы басқаларына тарқалады. Бұл аурумен ит және барлық үй жануарлары. Құстар, жабайы жануарлар (қасқыр, түлкі, т.б) және адамдар ауырады, Гиестер бұл ауруға қарсы қорғаныш вакциналарды жасады.

Аурудың қоздырғышы – сүзгіленуші вирус. Құтыру вирусы организмге енгеннен кейін іле – шала аурудың белілері (байқалады) байқалмайды. Ол үшін біраз уақыт керек. Оны инкубациялық кезең деп атайды. Құтырумен күресу үшін биокомбинаттар да арнаулы антиробиттік вокциналар жасалып таратылады. Вирустың көбеюі мен тұқым қуалаушылық қасиеті, оның нукелин қышқылына тікелей байланысты екенін тәжірибе дәлелдеді.

Алдымен вирус бөлшектері клетка қабырғасына бекиді, яғни адсорбцияланады. Әр вирус клетканың белгілі бір жерінде ғана бекиді, ал клетка қабырғасында осындай вурустармен байланыса алатын жеке учаскелер болатыны анықталды. Электрондык микроскоппен қарап, бактеряның бір шетіне 50-дей фаг бөлшектері бекінгенін көруге болады.

Өсімдіктер вирусы басқадай сыртқы көмек болмаса, клеткаға өздігінен адсорбциялана да, ене де алмайды. Олар ауру өсімдіктен сау өсімдікке зиянды насекомдар арқылы таралады. Клетка қабырғасына бекінгеннен кейін вирустар оның ішіне ене бастайды. Кейбір құрылысы күшті вирустар клеткаға ферменттер арқылы ене алады. Вирустар клеткаға енуі үшін оны екі бөгеттен арнаулы ферменттердің жәрдемімен өтеді.

Клеткаға енген вирусты арнайа фермент протеаза ерітеді. Егер енген вирусты ерітетін фермент болмаса, ол (қышқыл) вирустың сыртқы қабықшасын бүлдіреді де, ішіндегі нуклейн қышқылын босатады. Бұдан әрі осы нуклейн қышқылы көбейіп, өзіне тән вирустер түзіп, клетканы іштен “жеп” құртады.

Кейде вирустың нуклейн қышқылы цитоплазмада қалады, кейде ядроға және ядрошықтарға өтеді. Міне осы кезден бастап вирустың көбейюі басталады. Клеткаға еніп кеткен вирустармен күрес жасау оңай емес. Вирустарды клеткада өте жақсы қорғайды да, олардың көбейуіне жағдай туғызады. Бұл үшін клетка сыртындағы вирустарды өлтіретін шаралар (дизинфекциялаушы заттар, қыздыру сәулемен өңдеу, т.б) мүлде дәрменсіз болып табылады. Вакциноларды енгізгенде организм осы аурудың түрімен жеңіл ауырып тұрады және организмде иммнитет пайда болады. Вакцина енгізгеннен кейін адам үшін де вирустардың белокты қабақшаларын байланыстарып, артынан нитролдайтын антителолар көбейді. Мәселен, ішінде кез келген вирусқа қарсы (антителолар көбійеді) антителасы бар сарысуды бұрын вокцина енгізілмеген адамға енгізсе пассив имунитет пайда болады. Ол актив имунитетке қарағанда тұрақсыздау болғанымен, организмде вирусқа қарсы бірден түзіледі. Бұл организмге енген вирустар әлі әрекет ете қоймаған кезде аса пайдалы. Организмге оның клеткасына енген вирустармен қалай күресуге болады? Бұл жағдайда вакцина және сарысу қолданудан ешбір пайда жоқ. Жоғарғы клеткаға вирустың тек нуклейін қышқылына қарсы бағытталуы тиіс. ССР Ғылым академиясының Новосибир филиалының қызмеркерлері осы мақсат үшін ферменттерді ұсынады. Бұл ферменттер – нуклеағзалар вирустың нуклейн қышқылдарын ыдыратушылар. Алғашқы тәжірибелер сәтті аяқталды. Осы ферменттер көмегімен организмдегі тұмау, полиомиомет және аденовирустардың көбейюін тежеуге болатыны анықталды. Мәелен, аденовирустар балаларда болатын қауіпті ауру — конъоктивті (көз ауруын) қоздырады. Ол әдеттегінше емделгенде біржарым айда жазылады, ал фермент оны 2 – 3 күнде ақ жазады.

Кейбір бактеряларды бактериофоктар құрта алмайтыны мәлім. Оба, іш сүзегі, дизентариия және хлора микробтары мұндай бактеряфогтармен кездескенде көзалдында бүлініп, еріп жүре береді электеро (қо) факторға бар жоғы 10 – 15 минут ақ жетеді.

Интерферон кез келген вирустардың көбейуіне қарсылық көрсететін клеткалардан белоктардан бөлек зат. Егер осы затпен клетканы алдын ала өңдесе, клетка кез келген вирустың зақымдануына қарсы тұра алады. Бұл үшін интерферонның бағалы қасиеті , ол клетканы улайды.

Қазіргі кезде адам мен жануарларда вирустар қоздыратын отызға жуық ісік аурулары бар. Бұларға – тауық микозы мен саркомесы , тышқан емшегі бездерінің рагы, үй қояны лейкозы, панниоломасы және рагы т.б жатады.Вирустар бірнеше минуттан бірнеше сағатқа дейін активті тіршілік етеді. Вирустардың жасырын түрде болуы полимилит және құтыру ауруларында жиі кездеседі.

Вирусты өлтіру үшін қолданылатын әр түрлі химиялық құралдар бар.

  1. Формалин – вирус өлтіру үшін өте кеңінен қолданылады. Ол вирустың нуклеин қышқылының пуриндік және примидиндік негіздерінің амин топтарымен байланысып, сутегі байланыстарын үзеді.
  2. В – пропилактон – вирустың белок қабатынан өтіп нуклеин қышқылына әсер етеді де, ауру туғызатын қасиетін жоғалтады, ал антигендік қасиетін сақтайды. Дегенмен, белгілі бір мезгілде формамен де, В – пропилактон да вирус белоктарын зақымдайды. Сондықтан да гидроксиламин мен этиленаминнің маңызы зор. Бұлар, тіпті бірнеше күн бойы әсер етсе де белок қабатын өзгертпейді.

Демек, вирус өлтіруді немесе зақымдаудың барлық түрлерінде де вирус белокталының немесе нуклейн қышқылының зақымдалуына сәйкес вирустардың көбею және ауру қоздыратын қасиеттері жойылып, олардың антигендік қасиеті сақталады.

Өлтірілген вакциналардың қасиетін күшейту үшін алдьюванттар-иммуногендік қасиетті күшейтетін заттар қосылады. Алдьювант ретінде – фейнд адьювантын (құрамында арлацел А, парафин майы және БЦЖ вакцинасы бар), алюминий гидрототығы, сапонин, минералды майлар, LaCL2 т.б. қолданылады. Осы заттардың барлығы антиденелер санының көбейюіне әсер етеді.

Инактивтельген немесе өлтірілген вакциналардың пайдалы да, зиянды да жақтары бар. Тірі вакциналармен салыстырғанда өлі вакциналар зтянсыз да қауіпсіз болады. Себебі инактивтелген вирустар организмде өсіп өнбейді.

Өлтірілген вакциналар кемшілігі: оларды бірнеше рет егу керек және препарат өте көп мөлшерде енгізіледі. Пайда болатын иммунитет көпке созылмайды. Малды қайталап еккен кезде аллергия болуы мүмкін. Кейде тірі қалған вирус бөлшектерінің әсерінен ауру қоздыруы да мүмкін. Сондықтан “өлтірілген” деген сөз шартты мағынада айтылады. Ол сөз микробиологиядан алынған. Тірі және өлтірілген вакциналар бүтін, толық вирияндалардан тұрады. Өздеріңізге белгілі күрделі вирустардың құрамында әр түрлі белоктар, көмірсулар, липидтер болады, вирустың тек аураға қарсы тұру қабілетін туғызатын құрамынан алынған вакцина – тазартырған вакцина. Вирустық ауралардың химиятерапиясының проблемалары вирустың клетка ішінде көбейюіне байланысты. Клетка ішіндегі вирусқа әсер ету өте қиын, себебі клеткалар вирусты жақсы қорғайды. Вирусқа тән ферметтермен байланысып вирусқа тән функциялармен сайысқа түседі. Вирусқа қарсы мынадай препараттар алынады, ацикловир – ауруға қарсы түру қасиеті төмен организмдердің кілегейлі қабықтар, тері инфекцияларында қолданылады. Препарат қан тамырына құйылады, ал теріге май түрінде шығу жолымен пайдаланылады.

Амантадин – тұмаудан сақтандыру үшін қолданылады. Препарат тұмау вирусының А тобының бәрінің өсіп көбею қасиетін жояды. Препаратты аурудың бастапқы кезінде қолданған жөн. Себебі амонтадин клеткаға енген вирустың депротелинизациясын болдырмайды және РНК транскрипциясына әсер етеді.

Идекгуридин – көз ауруларына қарсы зақымдалған тұсына жағылады. Трифлюридин – де көз ауруларына қарсы қолданылады. Интерферон(ИФН) – вирустарға қарсы қолданылатын әмбебап препарат. Интерфрон клеткада вирустың көбейуіне қрсы пайда болатынын айтамыз. ИНФ вирустардың транскрипция, трансляция сатыларын тежейді. Интерферон қанға құйылады, тері астына немесе бұлшық етке енгізіледі, не тыныс жолдары арқылы жіберіледі. Бұл препарат рино , гернесвирустар туғызатын індеттерге қарсы қолданылады.

Видарабин – адамның, малдың гетпес-, покс-, ретро-, және робдовирустарына қарсы қолданылатын препарат. Бұл препарат вирустың нуклейн қышқылын зақымдайды. Видрабин қанға құйылады, теріге жағылады.

Вирустық және микроплазмалық ауруларды құртудың жолына олардың табиғаттағы көзін, тарылу жолдарын жою жатады. Мәселен, қуыршақталудың қоздырғыштығы табиғи жағдайда өсетін астық тұқымдастарды, ал помидордың қышқыл ауруын қоздырушылар – дала шаруашылығының тамырларыда қыстап шығады. Насекомдар арқылы таралатын вирустық аурулармен күресуді инсектицидтер жақсы нәтиже береді.