Микробиология пәнінің мақсаты, міндеті, қалыптасуы және дамуы

Микробиология ( гректің “ микрос”- кішкене “ биос” тіршілік, “ логос” – ілім деген сөзінен шыққан) өте ұсақ тірі организмдер – микробтар жөніндегі ғылым. Ол микроорганизмдердің құрылысын, биологиялық қасиетін, табиғатта жүріп жататын әр түрлі процестердегі олардың ролін, жоғары сатыдағы күрделі организмдермен қарым- қатынасын және бұлардың зиянды әрекетінің әсерін зерттейді.

Микроорганизмдердің басым көпшілігі – бактериялар. Бактериялардан басқа микробиология актиномицеттерді, ашытқыларды, зең саңырауқұлақтарын , ұсақ балдырларды, қарапайым организмдерді, вирустарды, риккетсияларды зерттейді. Өйткені бұлардың сыртқы пішіні, құрлысы бір- біріне өте ұқсас әрі тіршілік ортасына биохимиялық әсері жағынан алып қарағанда да ортақтығы мол.

Микробиология жалпы биологияға енетін ботаника және зоологиямен тығыз байланысты дамиды. Микробиология түрлі ферменнтерді, антибиотиктерді және витаминдерді зерттегенде биохиямен байланысы күшейеді.

Микроорганизмдер әлемі өте бай және әр қилы. Олар топырақта, суда, және ауада кең тараған. Микроорганизмдердің табиғатта өтіп жататын көптеген өзгерістерге тікелей қатысы бар. Олардың белсенді әрекетінің жануарлар мен өсімдіктердің күрделі органикалық заттарға бай өлекселері, қалдықтары минералды қосылыстарға айналады. Ол қайтадан табиғаттағы заттар айналымына енеді. Қазір ғылымда бүкіл микробтар дүниесінің он-ақ проценті белгілі. Ал қалғандарын тауып, олардың пайдалы жақтарын адам баласыигілігіне кеңінен қолдану, зиянды түрлерімен тиімді жолдармен күресу – микробиология ғылымының бүгінгі таңдағы төл ісі. Микроорганизмдерді алғаш көріп, сипаттап жазған Голландия ғалымы Антон Ван Левенчук (1632-1723). Ол заттарды 160-300 есе үлкейте алатын алғашқы оптикалық құрал, яғни “жабайы” микроскоп жасады. Осы микроскоптың көмегімен ол ет тағамдарында өскен зенді, тұрып қалған қақ сулардағы тірі организмдерді көрді, олардың пішінің, түрін және қозғалысын сипаттап жазды.

Микробиология ғылымының одан әрі дамуына орыс ғалымы М.М.Тереховский (1740-1796) көп еңбек сіңірді. Ол Ресейде бірінші болып микроорганизмдерді бақылап, зерттеді.

Өз зерттеулерінде микроорганизмдерге температураның, химиялық заттардың, электр тоғының тигізетін әсерін зерттеді. ХІХ ғасырдың бірінші жартысында оба ауруын ұзақ жылдар зерттеген орыс ғалымы Д.Самойлович (1724-1810) осы ауруды қоздырғыштардың көзге көрінбейтін микроорганизмдер екенін дәлелдеді.

Микробтар морфологиясы және онда эволюциялық принциптерді қолдану жөнінен бірқатар еңбек сіңірген орыс ғалымы Л.С. Ценковскийді де (1822-1887) атап өту қажет. Микробиология тарихында Л.Пастер (1822-1895) ашқан жаңалықтардың мәнісі аса зор. Ол 1857 жылы ашу процесін зерттеп, оның табиғатын таныды, 1868 жылы жібек құртының індетін ашты. 1891 жылы жұқпалы аурулар қоздырғыштарын зерттеп, онымен күресу үшін пайдасы мол микроорганизмдерден вакцина жасады. Ол 1885 жылы құтыру ауруының табиғатын зерттеп, қоздырғышын ашты, одан сақтанудың жолдарын көрсетіп берді.

Сібір жарасы ( топалаң) микробын тауып, бөліп алып, зерттеген Л.Пастер, ал одан кейін Роберт Кох (1843-1910) болды. Р.Кох микробиологияда зерттеу жұмысына арнап көптен әдіс –тәсілдерді ұсынды. Әсіресе, оның белгілі бір микробты зерттеу үшін, арнайы қоректік орта дайындау керек деген пікірі өте құнды және ол іс жүзінде қазір

микробиологиялық практикада қолданылады. К.Рох өз әдісін қолдана отырып, өкпе ауруын қоздырушы микробтарды тапты. Микробиология дамуына айта қаларлықтай үлес қосқан орыс ғалымы И.И. Мечников (1845-1916) болды. Оның фагацитоз жөніндегі ілімі бүкіл әлемге әйгілі.

Ғалым ашқан жаңалық қазір медицинада кеңінен қолданылады. И.И. Мечников ілімін одан әрі жалғастырушы академик Н.Ф. Гамолея (1859-1949). Ол көп жылдық еңбектің нәтижесінде микробтар әлеміндегі ерекше организмдер – бактериофагтарды ашып, зертеді. Сөйтіп қазіргі кезде зор қарқынмен дамыған вирусология ғылымының негізін қалады. Микробиология тарихында орыс ғалымы Д.И. Ивановскийдің (1864-1920) қосқан үлесі мол. Ол осыған дейін ешкім зерттемеген темекі теңбілі мен рябуха деген ауруларды зерттеп, олардан қоздырғыштарын тапты.Олардың әрқайсысы өз алдына жеке ауру екенің және бұл ауруларды қоздырушылардың өзі осы аурулардан бөлек болатынын анықтады, кәдімгі бактериялар өтпейтін сүзгіден өтіп кететін, млшері жағынан өте кішкене вирустар деп аталатын микроорганизмдердің ерекше тобын тапты. Ивановскийдің осы еңбегінің арқасында вирусология ғылымының негізі жасалады.

Топырақ саласында микробиологиялық жұмыстармен көзге түскен ғалымдардың бірі С.Н.Виноградский (1856-1953) еді. Бастапқы кезде ол табиғатта кездесетін күкірт бактерияларының күкіртті сутегін күкірт қышқылына дейін тотықтыра алатынын дәлелдеді. Осы реакция барысында бөлінетін энергия ауадағы көмірқышқыл газын күкірт бактерияларының сіңіруіне көмектеседі. Сондықтан бұл бактериялар органикалық қалдықтар жоқ жерде тіршілік ете береді. Бұл құбылысты С.Н. Виноградскийхемосинтез деп атады. С.Н. Виноградскийдің ашқан елеулі жаңалықтарының біріне топырақта тіршілік етуші ерекше бактериялар тобы жатады. Оларды нитрификациялаушы бактериялар деп атайды.

Топырақта азот қышқылының түзілуі екі сатыда жүреді екен Оның біріншісі аммиактың алдымен азотты қышқылға, онан соң азот қышқылына дейін тотығуы. Бұлар да көміртегі көзі ретінде көмір қышқылын сіңіреді.С.Н. Виноградский микробиологияда арнаулы қоректік ортоны дайындаудың негізгі принциптерін жасап берді.

Клетчатканы ыдарутышы бактериаларды тауып егжей-тегжейлі зерттеген С.Н.Виноградский ілімін жалғастушылардың бірі В.Л.Омерянский (1867- 1928) еді. Ол сондай- ақ 1909 жылы болашақ микробиологтар даярлауда зор роль атқарған.