Экологиялық мониторинг, оны ұйымдастыру принциптері. Қоршаған орта және адам қоғамының тұрақты дамуы

0

Экологиялық мониторинг — табиғи құбылыстардың жәнс антропогендік іс-әрскеттсрдің әсерінен коршаған орта жағдайыныіі өзгеруін бакылау, бағалау, тексеру және болжау жүйелері. «Мониторинг» деген термин “монитор” – сактандырушы, қадағалаушы деген латын созінен алынған. Бұл термин БҰҰ-ның қоршаған орта жөніндегі Стокгольм конференциясының алдында (1972 жыл, маусымда) “бақылау” ұғымын толықтыру ретінде пайда болды.

Табиғи жөне антропогендік әсерлердің ерекшеліктері жеткілікті. Антропогендік әсердің деңгейін шектеуші корсеткіш больш экологиялык шектеулі рауалы жүктеме саналады (ЭШРЖ), былайша айтқанда, Бұл экожүйенің тұрақтылығы шегінен аспайтын адамның шаруашылык карекеті. Бұл шектен асушылык экожүйенің тұрақтылығының бүзылуына және ыдырауына апарып соғады. Барлық экологиялық жүктемелердің жердегі бүкіл жиынтығы биосфераның шаруашылық сиымдылығы шегінен асып кеткенде ғана қауіпті ахуал, экологиялық дағдарыс басталып, ол бүкіл биосфераның азуына, қоршаған ортаның адамның ден-саулығы мен оның шаруашылығының тұрақтылығы үшін ауыр зардаптары болатындай болып өзгеруіне апарып соғады. Қазіргі уақытта Бұл шектен асушылық орын алып отыр деп пайымдауга барлық негіз бар, яғни жергілікті экологиялық шектеулі жүктемелердің жиынтығы ғаламдық экологиялық шектеулі жүктеме шамасынан асып кетті.

Табиғи факторлардың әсерінен биосфера жағдайының үздіксіз өзгеруі қайтадан әдетте бастапқы жағдайға оралып отырады. Мысалы, ауа мен топырактың температурасының, қысымының, ылғалдығының озгеруі кейбір тұрақты орташа шамалар шегінде отеді. Не болса да дағдыдағыдай, табиғи процестердің әсерінен аумақты экожүйелер оте баяу түрде өзгереді. Себебі қоршаған ортаны өзгертетін сырткы әсерді жоюға бағытталған экожүйенің езіне тән тұрақтылық кабілеті бар. Ғаламдық экожүйе қоршаған ортаның түрактылығын антропогендік әсерлерге төтеп бере алатын жағдайға дейін, яғни түрактылық шегінен шықпағанға дейін сақтай алады. Биота мен коршаған орта оздерінің түрактылығын кез-келген геологиялык кезендерде мыңдаған жылдар бойы өзгеріссіз сақтап отырды.

Табиғи факторлармен салыстырғанда антропогендік факторлар биосфераның жагдайын аз уакыттың ішінде өзгерте алады. Осы процестсрдід озгеруін бакылауды дүниежүзіндегі барлық экологиялық тұрғыдан кызмет атқаратын (гидрометеорологиялық, сейсмикалык, ионосферлык және баскалар) жүйелер жүргізеді.

Биосфераның абиоталық құрамының антропогендік озгеруін және осы өзгерістерге биоталардың жауабын, сонымен қатар, антропогендік әсердің арқасында ксзектегі экожүйелерде болатын өзгерістерді өлшеуге, бағалауга, болжауға экологиялык монито-рингтің информациялык жүйесі жасалды.

Антропогенді әсерлердің экологиялық мониторингінің негізгі міндеттері:

  • антропогендік әсер тигізетін көздерді бақылау;
  • антропогендік әсер факторларын бақылау;
  • антропогендік факторлардың әсерінен табиғи ортада жүретін процестерді және оның жағдайының озгеруін бақылау;
  • табиғи ортаның физикалық жағдайын бағалау;
  • антропогендік факторлар әсерінен табиғи ортада болатын өзгерістерді болжау және болжамдалған табиғи ортаның жағдайын бағалау.

Экологиялык мониторинг үш сатыдан тұрады: жағдайды бақылау, бағалау және болатын өзгерістерді болжау.

Мониторинг объектілеріне атмосфера, атмосфералық жауын-шашын, құрғақ жердің беткі сулары, мүхит пен теңіздер, жер асты сулары, криосфера (климаттык жүйені құрушылар) жатады.

Бакылау объектілері келесі түрлергс болінеді: атмосфералық, ауалық, гидросфералық (жиынтыкты түрде гидрометеорологиялык), топырақтық, климаттык мониторинг, сейсмикалык, ионосферлық, Күн, магнитометриялык, биологиялық, осімдіктер, жануарлар, тұрғындар денсаулығының мониторингі және т. с.

Мониторинг жүйесі факторларға, коздерге жоне әсер ауқымына байланысты да топтастырылады.

Әсер факторларының мониторингі – әртүрлі химиялық ластағыштардың (ингредиенттік мониторинг), түрлі-түрлі табиғи және физикалық факторлар әсерлерінің (электр магнитті сәулелену, күн радиаңиясы, шу, діріл) мониторингі.

Ластағыш көздердің мониторингі — нүктелі стационарлы көздер (зауыттардың мүржалары), жылжымалы (көлік), кеңістік (қалалар, химиялық заттектер ендірілетін егістік жерлер) көздер.

Әсер аумағына байланысты мониторинг кеңістік және уақытша мониториштерге бөлінеді.

Мәліметтерді ортақтастыру сипаттамасына қарай мынадай мониторинг жүйелерін қүрайды:

  • ғаламдық (биосфералык)  –  халықаралық   ынтымақтастық

негізінде Жер биосферасындағы әлемдік құбылыстар мен процестерді зерттеу аркылы назарға ұстап, экстремалды қолайсыз жағдайлардың болуы туралы уақытылы ескерту жасап отыру;

  • базалық (фоңдык) – жалпыбиосфералық, табиғи құбылыстарды бақылау ;
  • ұлттық – бір мемлекеттің шегінде арнайы құрылған органдар арқылы жүргізілетін мониторинг;
  • аймақтық – халық шаруашылығын қарқынды игеру барысында

ірі-ірі аудандардың көлемінде құбылыстар мен процестерді зерттеу арқылы бақылау;

  • жергілікті (локалды)   –   елді    мекендерде,    өнеркәсіп

орталықтарында, кәсіпорындарда коршаған ортаның сапалық озгеруіне бақылау жүргізу;

  • импактылық – ерекше қауіпті зоналар мен жердегі аймақтық

жоне жергілікті антропогендік әсерлердің мониторингі. Дүние   жүзінің   140   елі   қатысатын   қоршаған   орта мониторингінің ғаламдық жүйесі 1970ж. құрылған. Бұл жүйенің мақсаты:

  • қоршаған ортаның жай-күйінің халыкаралык мониторингі мен бағалануын откізуді үйлестіру және оған жәрдемдесу;
  • мопиториштің жаңа станңияларын куруда комек корсету;
  • атмосфера мсн  климаттың  жай-күйі,  қоршаған  ортаның ластануы туралы мәліметтерді жинау жоне тарату.

Ғаламдық жүйенің негізгі атқаратын міндетіне геоақпараггык жүйелсрдің технологиялар негізінде жерді пайдалану, климат, әлеуметтік-экономикалық даму жөніндегі көптеген мәлімсттерді біріктіру мен акпаратты ресурстарды басқару жөнінде кеңестік қызмет корсету жатады.

Ғаламдық мониторинг Жердің барлық табиғи жүйесінің казіргі жағдайын бағалауға мүмкіндік беріп отыр. Әлемнің әр аймағында бақылауды 40-қа жуық қүрлықтағы жөне 10-ның үстіндегі мұхиттың базалық станциялар жүргізеді. Олардың кейбірі биосфералық қорықтарда орналасқан.

Локалды мониторингті жузеге асыратындар түракты, жылжымалы немесе шырақ астындағы тексеру орындары. Осындай жүйелер көбіне Қазакстанның ірі қалаларында. Мысалы, Алматы қаласыңда атмосфералык ауаның мониторингі 6-7 орында жүргізіледі.

Монитөринғ жүйесін колданылатын төсілдерге (физикалық-химиялық  және  биологиялық  көрссткіштердің  мониторингі, аралық мониторингі) сүйене отырып топтастыруға да болады.

Химиялық мониторинт – атмосфераның, жауын-шашынның, жер беті мен жер асты суларының, мүхит пен теңіз суларының, топырактың, түпті түнбалардың, өсімдіктердің, жануарлардың химиялык құрамдарын (табиғи және антропогендік жолмен пайда болған) бақылайтын жоне химиялық ластағыш заттардың таралуын тексеретін жүйе. Химиялық мониторингтің негізгі ең басты міндеті қоршаған ортаның өте улы заттектермен нақтылы ластану деңгейін анықтау. Қоршаған ортаны ластайтын ксйбір зиянды компоненттер мен олардың молшерін бақылайтын дсңгейі келтірілгсн.

Физикалық мониторинг – коршаған ортаға физикалык процестер мен құбылыстардың (су тасқыны, жанартау атылыстары, жердің сілкінуі, күргақшылық, топырақ эрозиясы және т. с.) тигізетін әсерін бақылау жүйесі.

Биологиялык мониторинг – биоиндикаторлар көмегімен жүргізілетін мониторинг (яғни ортаның озгеруін, ағзалардың күйі мен жүріс-тұрысына қарап пішіп-кеседі).

Экобиохимиялъщ мониторинг – қоршаған ортаның екі күрам болігін (химиялық және биологиялық) бақылауға негізделген мониторинг.

Дистанциялык (аралық) мониторинг – зерттейтін объектілерді барлауға және тәжірибелік мәліметтерді тіркеп жазып алуға арналған радиометриялық қондырғылармен қамтылған ұшқыш аппараттар қолданылған авиациялык, космостық мониторинг.

Топтастыру приіщипіне қарай әртүрлі мониторинг жүйелері бар.

Олардың ішінде түрлі қажетке ең жарамды болып саналатын қоршаған ортаның құрама (комплексті) экологиялық мониторингі.

Қоршаған ортаның құрама экологиялык мониторингі – бұл қоршаған табиғи орта объектілерінің ластану деңгейіне баға беруге және адам мен басқа да тірі ағзалардың денсаулығына зиян тигізетін өте қиын жағдайдың тууы туралы ескертуге арналған бақылау жүйесін ұйымдастыру. Ол жергілікті (локалды), аймақты және фондық болып бөлінеді.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here