Экожүйенің тұтастығы және тұрақтылығы

Экожүйе дегеніміз – зат, энергия және ақпараттар алмасу нәтижесінде біртұтас ретінде тіршілік ететін кез келген өзара әрекеттесуші тірі ағзалар мен қоршаған орта жағдайларының жиынтығы.

Экожүйе – ағзалар мен абиотикалық ортадан, олардың әрқайсысы бір – біріне әсер ететін тірі табиғаттың негізгі функцианалдық бірлігі. Экожүйенің тіршілік етуі тірі ағзалар жиынтығы мен ортаның арасында зат, энергия және ақпарат алмасуымен байланысты.

Экожүйелердің жіктелінуі — функцианалдық және құрылымдық белгілері бойынша бөлінеді.

Функцияналдық жіктелу экожүйеге келіп түсетін энергия көзі, мөлшері және сапасына негізделген.

Экожүйелердің құрылымдық жіктелуі өсімдіктер типіне және ландшафтың негізгі белгілеріне негізделген. Құрлық экожүйелері өсімдіктің табиғи белгілері, ал су экожүйелері – геологиялық және физикалық белгілері бойынша ерекшеленеді.

Кең қолданылып жүрген құрылымдық жіктелу бойынша ғаламшарды төмендегі экожүйеге бөледі.

  1. құрлық экожүйелері – тундра, тайга, орманды дала, дала, шөлейт, шөл, тропиктер, тау.
  2. Тұщы су – ағынсыз су және ағынды су, батпақтар
  3. теңіздер мен ашық мұхит

Экожүйелердің өнімділігінің заңдары.

Экожүйелердегі органикалық заттың жасалу жылдамдығын биологиялық өнімділік деп атайды. Экожүйенің биологиялық өнімділігі бұл олардағы биомассаның жасалу жылдамдығы.

Бірінщі реттік өнімділік деп, бірінші реттік өндірушілердің (өсімдік) биомассасының түзілу жылдамдығын атайды.

Екінші реттік өнімділік деп, гетеротрофты ағзалардың органикалық заттарды жинау жылдамдығын атайды.