Популяциялық экология — демэкология

Популяция дегеніміз – бір бірімен өзара қарым – қатынаста болатын және үлкен территорияда бірігіп тіршілік ететін бір түрге жататын даралар тобы. С.С. Шварцтың анықтамасы бойынша: популяция бұл қоршаған ортаның үнемі өзгеріп отыратын жағдайында санын тұрақты ұстап тұруға қажетті жағдайлармен қамтамасыз етілген белгілі бір түрдің ағзаларының элементарлық тобы. Популяция ұғымын латын тілінен аударғанда халық тұрғындар деген мағына береді.

Кез келген популяция төмендегі қасиеттермен сипатталады:

Популяция саны берілген территория немесе көлем бірлігіндегі даралардың жалпы саны. Ол еш уақытта тұрақты болмайды және ол көбею мен өнімнің интенсивтілігінің қатынасына байланысты.

Популяцияның тығыздығы популяция алып жатқан аудан немесе көлем бірлігіне шаққандағы даралар санымен анықталады. Мысалы ағаштың 150 түбінің 1 гектарда өсуі осы популяцияның тығыздығын сипаттайды.

Туылу – көбею нәтижесінде уақыт бірлігінде пайда болған жаңа даралар саны. Тір ағзаларға көбеюге деген мүмкіндік берілген.

Өлім – белгілі бір кезеңде өлген даралардың саны.

Популяцияның өсімі – туылу мен өлімнің арасындағы айырма: өсім оң немесе теріс болуы мүмкін.

Биотикалық фактор. Популяцияның жыныстық және жастық құрамы. Жыныстық құрылым популяциядағы жыныстардың қатынасын көрсетеді. Аталықтар мен аналықтардың жасы және жыныстық жетілу жағдайлары популяция санын ұстап тұруға әсер етеді.

Популяция санының динамикасы. Популяцияның саны негізінен бір – біріне қарама – қарсы екі құбылыспен анықталады – туу және өлім. Популяциядағы даралар санының көбею процесі теориялық жағынан алғанда шексіз өсуге қабілетті – биотикалық потенциал (А) бірақ қоршаған орта жағдайлары бұл өсуді шектейді, іс жүзіндегі өсу логистикалық қисықпен (Б) сипатталады. Теориялық және іс-жүзіндегі өсудің арасындағы айырмашылық ортаның қарсылығын сипаттайды.

Бәсекелестік. Азық, өмір сүру ортасы және басқа қажетті жағдайлар үшін болатын даралар арасындағы кері әсерлер. Мысалы түраралық бәсекелестікке сілеусін мен росомаха арасындағы азық үшін бәсекелестікті айтуға болады. Бәсекелестік тікелей немесе жанама болуы мүмкін.

Тікелей бәсекестік даралардың бір – бірімен агрессивті шекісіп қалуы немесе өсімдіктер мен микроорганизмдердің улы заттарды бөліп шығаруы арқылы көрінеді.

Жанама бәсекелестік кезінде даралар арасында тікелей өзара әсер болмайды. Ол аралық звено — әр түрлі жануарлардың бір ресурспен қоректенуі, ал ол ресурс шектеуші фактор болуы арқылы жүзеге асады. Тіршілік процесінде көптеген өсімдіктер, жануарлармен микроорганизмдер қоршаған ортаға газ тәріздес, сұйық және қатты заттарды бөліп шығарады. Мысалы, бидайық пен арамшөптер мәдени өсімдіктердің, жаңғақ пен емен өздері бөліп шығарған заттармен шөптесін өсімдіктердің өсуін тежейді

Симбиоз (селбесу) дегеніміз — әр түрге жататын даралардың екі жақты пайдалы бірігіп тіршілік етуі. Жануарлардағы симбиозға мысал – шаян мен актинияның бірігіп тіршілік етуі жатады. Актиния шаянның арқасында бекініп оны атпа жасушаларының көмегімен қорғайды, ал актиния шаяннан қалған тамаққалдықтарымен қоректенеді және оны қозғалыс құралы ретінде пайдаланады.

Әріптестік бірігіп тіршілік ету. Мысалы, құстардың бірнеше түрінің бірігіп ұя салуы, тырна мен крачка, олардың бірігіп өмір сүруі жауларынан қорғануды жеңілдетеді.