Жемістер. Жеміс серігінің құрылысы

Жеміс тек жабықтұқымды өсімдіктерге тән мише. Ол ұрықтанғаннан кейін гүлде болатын өзгерістердің нәтижесінде пайда болады.

Жемістердің әртүрлілігі олардың 3 белгісімен анықталынады.

  1. Перикарпийдің құрылысымен
  2. Қақырау немесе ыдырау әдісімен
  3. Таралуына байланысты ерекшелігімен.

Перикарпийдің консистенциясына қарай барлық жабықтұқымды өсімдіктердің жемістерін шырынды және құрғақ жеміс деп екіге бөлеміз.

Тұқымдардың жемістен босанып шығуы үшін, перикарпийдің белгілі ауданында арнайы бөлгіш ұлпалар пайда болады. Жемістердің қақырауы көбінесе көп тұқымды құрғақ жемістерге тән. Қақырамайтын жемістердің перикарпийлері механикалық немесе микроорганизмдердің әсерінен бірте-бірте ыдырап жойылады. Құрғақ жемістің перикарпийі сүректелген. Ол қақырайтын және қақырамайтын құрғақ жеміс, ал шырынды жемістер жидек жеміс және сүйекті жеміс деп екіге бөлінеді.

Қақырайтын құрғақ жемістердің ішіндегі тұқымның саны бір, бірнеше немесе өте көп болуы мүмкін. Олар өздерінің қақырау жолына, ішіндегі ұяларының санына қарай былай бөлінеді:

  1. Таптама
  2. Бұршаққап,
  3. Бұршаққын.
  4. Қорапша

Қақырамайтын құрғақ жемістерге жатады:

  1. Тұқымша
  2. Дәнек,
  3. Жаңғақ

Шырынды жемістерге жататындар:

  1. Жидек.
  2. Сүйекті жемістер

Ыдырайтын жемістерге екі топқа бөлінеді.

  1. Бөлшекті жемістер
  2. Бунақты жемістер.

Көптеген гүлді өсімдіктердің аса бір ерекшелігі бір дараның ішінде әртүрлі жемістердің пайда болуы. Ол жемістердің әртүрлігі олардың морфологиялық, анатомиялық, физиологиялықжәне басқа белгілерінің бірдей еместігінен. Гүлді өсімдіктерді кездесетін бұл құбылыс гетерокарпия деп аталады.

Жемістердің таралуының 5 негізгі жолдары бар:

  1. Автохория.
  2. Анемохория
  3. Гидрохория
  4. Зоохория

А) Эпизоохория

В) Эндозоохория

С) Синзоохория

  1. Антропохория

Жабықтұқымды өсімдіктердегі тұқымның жұмыртқа клеткасының ұрықтануы нәтижесінде түзілуі әдеттегі дағдылы процесс, оны амфимиксис деп атайды. Бұл процесс пен қатар кейбір өсімдіктерде тұқым және жеміс Алдан-ала ұрықтанбай-ақ дамиды. Бұл құбылысты апомиксис дейді.

Апомиксистің 4 типін ажыратады.

  1. Партеногения.
  2. Апогамия.
  3. Апоспория.
  4. Қосымша эмбриония

Жемістердің тұқымсыз жетілуін партенокарпия деп атайды. Мұның екі бипі бар:

  1. Эмбриогенді.
  2. Стерильді.