Сабан — өркен өсі. Сабақтың морфологиясы мен анатомиясы

Өркен-бойында сабақ, жапырақ және бүршік орпаласқан өсімдіктің негізгі мүшесі. Өркеннің барлық құрамды бөлшектері біртұтас түзуші ұлпа шоғырынан пайда болады да, бір-бірінсіз тіршілік ете алмайды.

Бүршік дегеніміз буын аралықтары өте қысқарған, түрі өзгерген мише. Бүршік құрамында остік сабан, оның өсу конусы, бір –бірін жаба орналасқан бірнеше жас жапырақшалары болады.

Сабан өсімдіктің денесін жоғары көтеріп, тамырдың топырақтан сіңірген су мен минералды тұздарын жоғары бағытта, жапыраққа қарай, ал жапыраққа түзілген органикалық заттарды төмен қарай тамырға өткізеді. Сабан кеңістіктеөсіу бағытына, орналасуна, пішініне, консистенциясына қарай бірнеше топтарға бөлінеді .

Кеңістікте орналасуына қарай:

  1. Тік сабақтар.
  2. Жатқан сабақтар.
  3. Өтмелегіш.
  4. Шырмалғыш

Өсімдік сабағының піші ін мен көлженең кесіндісіне қарай, жұмырсақ, жалпайған сабан, үшқұрлы, төртқырлы, көпқырлы болып келеді. Өсімдік сабақтары консистенциясына қарай щөптесін және сүректі болып бөлінеді.

Сабақтың анатомиялық құрлысын талдау үшін, оның негізі даму кезеңдеріментанысқан жөн. Өсу конусының астында, алғашқы жапырақтар түзілетін деңгейде, өркеннің осьтік бөлігінің орталағында және шетінде орналасқан клеткалар белсенді бөлінуін тоқтатып өз көлемін ұлғайтып, вакульденеді. Міне осы аймақтардан келешекте алғашқы қабық және өзек дамиды. Олардың аралығында бірнеше қатар көлденең кесіндісіне шеңбер тәрізді меристемалық клеткалар сақталады. Алғашқы жапырақтар түбіне шеңберлі меристемадан төмен алғашқы қабық және өзек дамиды. Олардың аралығында бірнеше қатар көлденең кесіндісіне шеңбер тәрізді меристемалық клеткалар сақталады. Алғашқы жапырақтар түбінен шеңберлі меристемадан төмен алғашқы түзуші ұлпа прокамбиі сулемі қалыптасады. Пайда болған прокаибиі сілемі қарама-қарсы бағытта (жоғары-төмен) дамиды. Прокамбий сулемі доға тәрізді Філіп, алғашқы қабықты кесіп өтіп, меристемалық шеңберге жақындайды.

Меристемалық шеңбер клеткалары бөлініп, прокамбийдің жаңа элементтерін қалыптастырады. Қосжарнақтыларда меристемалық шеңбер бір-ақ айналым прокамбий сілемін қалыптастырады. Прокамбий сілемдерінің аралығында меристемалық шеңбер клеткалары өзектік сәуленің паренхималық шеңбер клеткалары өзектік сәуленің паренхималық элементтеріне жіктеледі.

Сабақтың төменгі бөліктеріндегі прокамбий клеткалары алғашқы флоема және ксилема элементтеріне жіктеледі. Флоема мен ксилема екі қарама қарсы бағытта, бір-біріне ұмтыла қалыптасады. Пайда болу уақытында құрылымдық ерекшеліктеріне қарай алғашқы флоэмада прото-және метафлоэманы, ал алғашқы ксилемада прото-және метаксилеманы ажыратуға болады.

Протоксилема – түтіктен немесе қабырғалары спиральды және шеңберлі қалыңдаған түтіктерден, мета ксилема өткізгіш элементтері сатылы және тесікті түтіктерден тұрады. Коллатеральды талышықты өткізгіш шоқты құраушы , алғашқы өткізгіш ұлралардың пайда болуымен , сабақтың анатомиялық алғашқы құрылысы аяқталады .

Егер меристемалық шеңбердің шеткі қатардағы клеткалары прокамбийдің қалыптасуына қатыспаса , онда олар тұрақты паренхіма склеренхіма ұлпаларының элементтеріне жіктеледі. Бұл процесс өтгішгіш ұлпалар жүйесінің қалыптасуымен бір мезгілде жүреді де прициклдің қалыптасуына әкеледі.

Егерде прокамбий меристемалық шаңбердің барлық қатарларында дамыса онда перицикл қалыптаспайды. Сабақтың перициклден өткізгіш ұлпалардан және өзектен тұратын ішкі бөлігі оның орталық цилиндірі немесе стеласы деп аталады. Өзек көпшілік жағдайда жұқа қабықшалы кейде қабырғалары бір шама қалындаған паренхималық клеткалардан құралады. Сабақтағы орталық цилиндірдің жіктелуі оның сыртқы аймақтарының анатомиялық құрылысының қалыптасуымен қатар жүреді.

Өсу конусының сыртқы қатарының клеткалары бөліне келе алғашқы жабындық ұлпа-эпидерма (өң) түзеді. Эпидерма мен пери цикл аралығындағы клеткалар қатары алғашқы қабықты құрайды.