Өсімдіктер морфологиялық эволюциясының негізгі бағыты

Өсімдіктер систематикасы бір – біріне өзара тығыз байланысты екі мақсат қамтиды.

1.Өсімдіктерді туыстық топтарға жіктеу.

2.Өсімдіктердің эволюциалық дамуының тарихи тізбегін анықтау.

Бұл мақсатарға жету жолында өсімдіктер систематикасы тек морфологиялық анатомиалық ғана емес басқа да ботаника салаларының ғылыми жетістіктерін пайдаланады.

ІV. Палеоботаника өсімдіктердің геологиалық кезеңдердегі өзгеруінің жалпы заңдылықтарын зерттейді. Бүл ғылыми бағыттың мәліметтері, өсімдіктер әлемінің тарихи дамуының заңдылығын анықтауға біршама өз әсерін тигізеді.

  1. Фитоценология өсімдіктер қауымының қалыптасуын және даму заңдылықтарын зерттейді.

Өсімдіктердің адам өміріндегі манызы. Фитоценоз табиғатта белгілі құрылымы бар, біршама тұрақты және заңды түрде қайталанатын орман, дала, шөл, батпақ, тундра өсімдіктерін құрайды.

Өсімдіктер географиясы — өсімдік түрлері мен фитоценоздардың жер шарындағы таралуының ауа-райына, топыраққа және геологиалық тарихына байланысты зерттейді.

Өсімдіктер экологиасы өсімдіктің және олардың популяцияларының бір – бірімен және олардың сыртқыортамен қарым-қатынасын зерттейді. Демек ботаниканың бұл бағыты өсімдіктер морфологиасына тығыз байланысты . Кез-келген өсімдіу өкілі белгілі бір өмір сүру жағдайына эволюциалық даму процесінде бейімделеді. Сондықтан да олардың құрылысын, тіршілік заңдылықтарын сол өмір сүрген ортасының жағдайымен салыстыра зерттей отырып түсінуге болады. Ботаниканың басты бөлімдері бір-бірінен онша ерекшеленіп бөлінбейді, сондықтан да оларды жекелей бөлу, тек шартты түрде ғана.

Ғылымының салалары Морфалогияның негізгі зеттеу тәсілі,ол бақылау мен бейнелеу. Бірақ морфологияны тек бақылау немесе бейнелеу ғылымы деп санау жеткілксіз, өйткені ол кең түрде сыртқы ортаның өсімдік құрылысына тигізер әсерін тәжірибе арқылы зрттейді.

Морфологияда маңызды орын алатын бағыт ол салыстырмалы тәсіл, яғни қазіргі таңдағы өсімдіктер мен оның байырғы тектестерінің құрылысын салыстыру. Бұл тәсіл өсідктердің әртүрлі түрлерінің құрылыстық ерекшелігін анықтауқа көмектеседі. Өсімдіктердің құрылысы олардың жеке және тарихи дамуына зерттелуі қажет.