Адамның пайда болуы жайлы түсініктің дамуы

Адамның тегі жайындағы мәселе—материалистік дүниеге көзкарас жөніндегі негізгі мәселелердің бірі. Осы үлкен және күрделі проблема өзіне өте ерте заманнант бері зейін аудартып келеді.

Көптеген ғасырлар бойы бұл проблеманың құпия сыры бүркенішті болды. Адам өзінің шыққан тегін біле алмағандықтан құдіретті аллатағала өз бейнесіне мақсус етіп адамды жаратқан деп аңыз етті.

Осы аңыз әр түрлі вариацияда осы күнге дейін жетті. Ертедегі Мысырда Хнум құдай қышты дөңгелектің үстінде балшықтың ең бірінші адамды соғып жасады деген сенім болды.Осы сияқты аңыз ертедегі Грецияға да таралды, онда Зевс адамды балшықтан соғып жасады, ал кемеңгер ақылгой әйел құдай — Афина оған жан енгізді деп санады. Бұл аңыздың кейінгі варианты«Қызылбалшықтан», яғнисаздан еңбірінші адам — адам ата жаратылды деген таурат ертегі болып табылды. Осы ертегіде сол бірінші адамның қабырғасынанбірінші әйел Хауана жаратылды делінген. Таурат догмасы бойынша адам ата мен хауанадан бүкіл адамзат таралған.

Христиан шіркеуі осы догмаларды жан-тәнімен қорғап, оған сенбеушілердің бәрін аямай жазалап келді. Бұл ертегіге сенбеген ондаған және жүздеген мың адамдарды куғындап, түрмеге қамады, азаптады және отқа өртеді.

Бірақ жаратылыс зерттеушілер адам анатомиясымен бастапқы танысуының өзінде-ақ адамның құрылысы мен жоғары сатыдағы омыртқалы жануарлардың, әсіресе, маймылдардың құрылыстарында ұқсастық бар екендігіне көзі жетті.

Адамның тарихи дамуы жайында жаңа ұғым енгізген, бірінші жаратылыс зерттеушісі Ж. Б. Ламарк болды. Ол адамның арғы тегі, алғашында ағашта өрмелеп жүрген, одан жерге түсіп тік жүру әдісіне кешкен маймыл тәрізді жануар болды деген гипотеза жасайды. Ламаркше, тік жүру — дененің тік болып қалыптасуына және табанның өзгеруіне жеткізді. Топтанып жүру сөздің дамуына және тіл шығуына себеп болды.

Ч. Дарвин «Түрлер тегі» деген кітабының бірінші баспасында ол бұл еңбегім «адамның шығу тегі мен оның тарихы жөніндегі мәселеге жол ашады» деп қана қойған болатын. Тек қана 12 жылдан кейін 1871 жылы оның осы проблемаға арналған кітабы басылып шықты. «Адамның тегі және жыныстық сұрыптау» атты бұл кітабындағы негізгі идея — адам кұдайдың құдіретімен жаралған жоқ, ол жануар дүниесінің тарихи дамуының нәтижесінде пайда болды деп тану. Адамның тегі проблемасын шешуде бұл кітаптың орасан зор маңызы болды. Бұл кітап идеяларының көлемділігі және оны дәлелдеудегі нақтылы материалының көптігімен таңдандырды. Бірақ ол антропогенездің басты себебін, демек адам қалпына келудегі өзіндік ерекшелікті ашып бере алған жоқ. Бұл ерекшелік адамның еңбектегі іс-әрекеттерінде екендігін «Маймылдың адамға айналу процесіндегі еңбектің ролі» (1896 ж.) атты еңбегінде Ф. Энгельс көрсетіп берді.

Барлық омыртқалы жануарлардың ішінен өзінің құрылысы жөнінде адам приматтар отрядының өкілдеріне өте ұқсас. Қазіргі кезде бұл отрядқа адам мен маймылдар ғана жатқызылады. Приматтар—сүт қоректілердің ең жоғарғы сатыдағы курделі құрылысты отряды. Негізгі белгілері сәйкес болуына байланысты адам приматтар отрядына жатқызылады. Бұл отряд екі отряд тармағына бөлінеді: 1) жалпақ мұрынды маймылдар және 2) құшық мұрынды маймылдар.

Жалпақ мұрынды маймылдар Орталық және Оңтүстік Америкада таралған. Олардың екі мұрын тесіктерінің арасын жалпақ перде бөліп танаулары екі жаққа қарай делдиіп тұрады. Құйрығы ұзын, ұстау органы міндетін атқарады. Әрбір жақ сүйегінде 18-ден тістері болады. Бұларға ермекші тәрізді маймыл, бақырауық қара және ойнампаз маймылдар жатады.

Қушық мұрынды маймылдар Африка мен Оңтүстік Азияда мекендейді, бұлардың қазба қалдығы Европадан табылды. Мұрын аралық пердесі жұқа. Құйрығы ұзын болуы мумкін, бірақ ол еш уақытта ұстау қызметін атқармаған, бірсыпыра түрлерінде құйрық жойылып кеткен. Әрбір жақ сүйегінде16-дан тістері болады. Қушық мұрынды маймылдардың отряд тармағында төрт тұқымдас бар: мартышкалар, гиббондар, адам тәрізді маймылдар және адамдар. Отряд тармағында ең көбі мартышка тұқымдасы. Бұларда ұзын құйрық, ұрт қалтасы және шонданай сүйелі болады. Бұл тұқымдасқа мартышкалар, павиандар және макаккалар жатады.

Белгілер жиынтығы жөнінен адамға едәуір жақын формалары шимпанзе болып табылады.Ең алдымен көзге түсетіні — адам скелетіндегі сүйектердің бәрі адам тәрізді маймыл скелетіндегі сүйектерге гомологті болады.Бұлшық еттерін және ішкі органдарының қайсысын алсақ та сол сияқты ұқсастық байқалады. Тіпті нерв системасының құрылысында да және миының кейбір бөліктерінде де
көптеген ұқсастықтар бар. Тағы бір көңіл аударатын жағдай, ми құрылысы жөнінен жоғары сатыдағы маймылдар төменгі сатыдағы маймылға жақын емес, адамға жақынырақ. Мысалы, адам тәрізді маймылдардың миынын маңдай бөлімі едәуір дамыған және оның ми қыртысындағы адамның сөйлеу процесіне сәйкес бөлімінің күрделілігі де гомологті. Осының бәрі адам тәрізді маймылдардың төменгі сатылы маймылдардан үлкен айырмашылығы бар екенін көрсетеді.