Түрдің пайда болуы – микроэволюция нәтижесі

Табиғатта аса алшақтап кеткен ең соңғы формалар ғана үнемі сақталып қала бермей, ортанғы формалар да тірі қалып, ұрпақ бере алады. Ең соңғы формалардан кейде бір форма, тіпті одан да көп формалар дамуы мүмкін. Егер орта жағдайы өзгермесе немесе ұзақ уақыт бойы аздап қана өзгерсе, онда түрдің ата тегімен салыстырғандағы өзгерісі айтарлықтай болмайды.

Үстіміздегі ғасырдың 30-жылдары ғалымдар популяцияға түрдің тіршілік ету формасы ретінде назар аудару. Жаңа зерттеулер эволюция процесінің түр ішінде жүріп, түрішілік жаңа топтамалар- популяциялар мен түр тармақтарын түзетін ең бастапқы кезеңін айқын түсіндіріп берді. Бұл процесс микроэволюция деп аталады. Тарихи қысқа мерзімде өтетін болғандықтан, оны тікелей бақылап, зерттеуге болады.

Географиялық түр түзіліс бастапқы түр арелының кеңеюіне немесе табиғи пайда болған кедергілерден (климаттың өзгеруі, тау, өзен) ареалдың оқшауланған бөліктерге. Полиполидия құбылысын орыс ғалымы И. И. Герасимов 1890 жылы ашқан болатын. Ол бірсыпыра наркотикалық заттардың спирогира балдарнына тигізетін әсерін зертейді. Хлорлгидрат, хлороформ және эфир сияқты наркотиктермен әсер еткенде спирогира клеткасының қалыпты бөліну процесіне өзгеріс енеді. Осыған байланысты оның клеткасы бөлінгенде одан біреу ядросыз,екіншісі қос ядролы клетка пайда болады; мұнда ядросыз клеткалар өліп қалады да, ал қос ядролы клеткаларда күрделі өзгерістер жүреді. Бөліну кезде бұлардың ядролары қосылып, екі еселі хромосомды бір ядро түзеді. Осылай хромосомдар санының еселеп көбею құбылысын Г. Винклер полиполидия деп атауды ұсынды.

Өсімдіктерде, әсіресе гүлді өсімдіктерде полиплоидиялық түрлер жиі кездеседі. Түрлері дұрыс қатар түзейтін өсімдік туыстары бар; мұндағы түрлердің хромосомдар жиынтығы еселеп артып отырады. Мысалы, бидай түрлернін ( Triticum туысы) хромосом санына сәйкес үш топқа бөлуге келеді: бірінші тобының сомалық клеткаларында 14 хромосом, екінші тобында –28, үшіншісінде-42 хромосом болады. Ал, жыныс клеткаларында хромосом саны екі есе аз, соған сәйкес 7, 14, 21 болды. Бұл сандар 7-ге еселеп келеді. 7 деген сан полиполидиялық қатардың н е г і з г і саны (n) болып табылады; бұл гаплоидтық хромосом жиынтығындағы хромосом санына сәйкес келеді. Демек, бірінші топтағы түрлердің сомалық клеткаларында хромосомдардың екі жиынтығы (2n) – (диплоидты), екінші топтағы түрлерде төрт жиынтық (4n)- тетраплоидты; үшінші топ түрінде – алты жиынтық (6n)-(гексаплоидты) болады.

Жануарларда полиполидты түрлер тым сирек кездеседі; көбіне ондайлар қос жынысты жануарларда (жауын құрттар) немесе партеногенездік қабілеті бар түрлерде (біз тұмсық қоңыздарда) болады. Алайда, қалыпты жыныс процесі болатын топтарда да, мысалы сүтқоректерде де (аламен тышқандарында) полиполидия табылады.

Қазіргі кезде, полиполиция негізгі екі топқа жіктеледі:

1)аутополиполидия, 2) аллополиполидия.