Табиғаттағы сұрыптауды популяциялық-экологиялық және популяциялық-морфологиялық зерттеулер арқылы талдау

Егер түрге жататын өкілдер қасиеттері әртүрлі болғандықтан қоршаған ортаға тәуелділігі де әртүрлі болады. Көптеген өкілдердің бірқатарының қоршаған ортаға бейім ерекшеліктері болады. Демек, организмнің тіршілік қабілеттері де әртүрлі. Қандай да болмасын тіршілікке бейімділігі жоғарылау организмдер аман қалып арттарынан ұрпақ қалдырып отырады. Осылай бір организмнің қырылып кетіп, екінші біреулерінің аман қалып арттарынан ұрпақ қалдыруын табиғи сұрыптау деп атаймыз.

Сұрып атауын жабайы организмге қолданудың өзі шартты түрде. Себебі табиғи жағдайда қолдан сұрыптаудай ешкім сұрыптау жүргізбейді. Сұрыптау атауын Дарвин қолдан сұрыптаумен салыстырып қолданған. Мұндай аналогияның мәнісі табиғи сұрыптауда да, қолдан сұрыптау да сұрыптау материалы организмнің ұсақ, жеке өзгергіштіктері болып табылады. Демек, сұраптау нәтижесі біртіндеп жиналады. Сөйте тұра, қолдан сұрыптаудың бір ерекшелігі, оның нәтижесі біртіндеп болса да табиғи сұрыптаумен салыстыра, әлде қайда жылдам жүреді.

Табиғи сұрыптаудың түрлері

Р/с Табиғи сұрыптаудың түрлері Ерекшеліктері
1 Қозғаушы сұрыпталу Қоршаған орта жағдайларының біртіндеп өзгеруі кезінде байқалады. Жеке даралардағы бір белгі ғана бастапқы қалыпты жағдайдан ауытқиды да даралардың фенотипі өзгереді. Осылайша жаңа популяция п.б. Ол өз кезегінде жаңа түрлердің пайда болуларына жол ашады. М: антибиотикттерге төзімді бактерия лардың штамдары сұрыпталады және т.б. Сұрыпталудың бір түрін алғаш рет Дарвин сипаттап жазды.
2 Тұрақтандырушы сүрыпталу Ұзақ уақыт бойы өзгермеген орта жағдайларында байқалады.Мұндай сұрыптау организмнің Фенотиптік белгілері орта жағдайларына сәйкес келсе және бәсекелес организмдер болмаған жағдайларда жүреді, яғни қалыпты жағдайдан өзгеше өзгерістерді жойып жібереді. Сұрыпталудың бұл түрін 1946 ж Шмальгаузен сипаттап жазды.
3 Дизруптивті сұрыпталу Сұрыпталудың бұл түрі орта жағдайларына кенеттен күрт өзгеруі кезінде байқалады. Ағылшынша дизрупт- бөліп тастау деген ұғымды білдіреді. Папуляциядағы генотип топтардың бір-бірінен артықшылығы болмайды бұл кезде бірнеше белгінің қалыпты жағдайдан ауытқуы байқалады да түр жекелеген топтарға, жекелеген топтар жеке дараларға бөлінеді.Сұрыптаудың бұл түрі өсімдіктерде жиі кездеседі.
4 Жыныстық сұрыпталу Шағылысу алдында жануарлардың еркектерінің арасындағы ұрғашы үшін активті таласу немесе ұрғашылардың еркектерді таңдап үйірге түсуі нәтижесінде екінші жыныстық белгілердің сұрыпталуы жыныстық сұрыпталу делінеді.Табиғи сұрыптауының жекеленген түрі ретінде Дарвин жыныстық сұрыптауды өз алдына бөліп көрсетті сұрыптаудың бұл түрі . Жануарлар арасында айқын байқалды Мыс: Құстардың қораздарының көбеюі үшін бәсекеге түсуі бұл кезде жыныстық деморфизм басты роль атқарады әрі организмнің мінез-құлқы да өзгереді (этиология).

Жеке сұрыптау дегеніміз – бір жұп ата-ананың ұрпағындағы немесе тұтас бір популяциядағы жеке индивидуумдарда, басқа особьтарға ұқсастығы жоқ, әрқайсысының өзіне ғана тән қандай да бір белгілердің сұрыпталуы.

Топтық сұраптау – бір жерде мекендеуші особьтардың үлкен тобында, сол түрге жататын түрлердің ортақ белгілерінің сұрыпталуы.