Табиғаттағы түрлердің өзгергіштігін дәлелдеу

Жануарлар мен өсімдіктердің табиғи жағдайындағы өзгерткіштігі. Үй формаларындағыдай өте анық көріністі болмаса да, табиғи жағдайларда да организмдер емделу өзгерткіштер бар екендігі байқалды. Тірі организімнің кез –келген ұрпағындағы әрбір особында басқа особьтарынан біраз айырмасы болады. Осы жеке айырмашылықтардың өте үлкен мәні бар себебі олар көбіне тұқым қуалауды және бұл ұрпақтардан бірте –бірте жинақталып қорғалуы да мүмкін. Бұларда Дарвин тұсында “түрше” деген неғайбыл ат беріледі.

Тіршілік үшін күрес . Сөйтіп барлық тірі организмдерде белгілі дәрежеде жеке өзгерістер болып отырады .

Бірақ еш уақытта табиғатта геометриялық прогресті көбею болмайды . Шынында әр қашанда организмдер шексіз көп ұрпақ береді ал олардың тірі қанатында аз болады . Бұл термиді Дарвин кең, метаформалары түрде қолданады ‘тіршілік үшін күрес’ ол дамып келе жатқан организмдердің сыртқы ортаның физикалық факторына және басқа тірі организмдерге тәуелділігі сондай –ақ особьтардың өзіне ұрпақ қалдырып отыру қабілеттілігі. Осы жағдайда шөлді жерде өсетін өсімдікттерді қуаңшылдық пен күресі деп айтуымызға болар еді бұдан гөрі олар ылғалдылықа тәуелді деген дұрысырақ . Бұл тәуелділікттер өте күрделі бір-бірімен тығыз байланысып шырмалып жатыр . Олар бірі организмге қолайлы, сұлы дәнінің ұзыны 8-16 мм-ге дейін көлденеңі 1,4-4,0 мм қалыңдығы 1,2-3,6 мм болады қабықтары 20-30 жетеді . Бұл дәнге байланысты болады .

Дарвин бірге мекендеуші организмдердің арасындағы қарым-қатынастың күрделілігі жайында көптеген мысалдар келтіреді.Өсімдіктердің өскіндерін әр түрлі жануарлар көптеп құртып отырады. Дарвиннің есебінше 0,5м 2 көлеміндегі жерде пайда болған 357 өскіннің 295-ін молюскалар мен насекомдар жойып жіберген .

Көптеген жағдайларда органикалық баспалдақтарда бір-бірінен алшақ жатқан өсімдіктер мен жануарлар бір-бірімен өзара тығыз жүйелі байланысқан қарым-қатынаста болады. Бұған ара тозаңдататын, қызыл жоңышқа мысал бола алады.Аралардың саны олардың ұяларын және балауызын талқандап, балын жеп кететін дала тышқандар санына бірсыпыра байланысты. Ньюманның мәліметі бойынша Англияда осындай себеппен түкті аралардың 2/3 қырылып кеткен. Ал тышқандар саны өзінің кезегімен мысықтар санына байланысты өзгереді. Сөйтіп, мұнда ұзын тізбек пайда болып, сол тізбектің барлық буыны белгілі дәрежеде бір-бірімен байланыста болады. Дамып келе жатқан организмдердің қоршаған ортасымен қарым-қатынасын талдай келгенде әрбір түрге , оның тіршілігінің әр кезеңде әсер етуші алуан түрлі кедергілердің ықпалы тиеді деген жалппы қорытынды шығады.

Табиғи сұрыптаудың мәнісі . Табиғи сұрыптау жайында ілім – органикалық дүниенің тарихи дамуының обьективтік заңы ретінде И Дарвин теориясының негізгі бөлімі болып саналады . Қазіргі кезде биологияда Дарвинің негізгі жағдайларының дұрыстығын дәлелдеуші көп және жан- жақты материалдар қаралды Дарвин теориясында табиғи сұрыптау табиғатта жүріп жатқан процесс түсініледі бұл процесте орта жағдайларының дамып келе жатқан организмдерге тигізілген әсерінің нәтижесінде өмір сүру және даму үшін пайдалы белгілерге ие болған индивидумдар сақталып қалып отырады .

Бұл процесс организмдермен оны қоршап тұрған орта жағдайларының өзара қарым- қатынасының нәтижесі . Табиғи сұрыптауға қажетті материал организмдердің өзгергіштігі болып табылады .Құбылмалы сыртқы орта жағдайлары организмдерде өзгеріс тудырып отырады . Пайда болған өзгерістің кей біреулері организмге пайдалы екіншілері зиянды болады . Пайдалы белгісі бар организімдердің тірі қалуы және ұрпақ қалдырып өркендеу мүмкіндігі мол болады . Бұған керісінше қандайда болса организмге зиянды өзгеріс оның тіршілігіне теріс ықпал етеді , ондай өзгерісті особьтар ең алдымен құрылып кетеді немесе өсіп өне алмайды .

Элиминация ортаның әр түрлі факторына байланысты . Табиғатта мұндай процесс болатынына бақылау факторлары дәлел болады.Осы кезде құстарда болатын элиминация себептері біршама толық анықталды.

Бұл жөнінде бірқатар қызғылықты мынадай бақылаулар бар: топ құсқа жыртқыштар шабуыл жасағанда , ең алдымен олардың ішінен қандай да бір кемістігі бар құстар қолға түсіп жем болады. Швециядағы бақылаулар бойынша қырғи 50 шамалы бір топ торғайлардың ішінен бір көзі соқыр торғайды соқыр жағынан келіп ұстап алған.

Қолдан сұрыптау мен табиғи сұрыптау әрекетіндегі ұқсастық пен айырмашылықтар. Табиғи сұрыптаудың мәнісі қолдан сұрыптаумен салыстырғанда ғана өте айқын білінеді. Бұл екі процестегі ұқсастық олардың әрекеттерінің нәтижесінде жаңа органикалық формалар пайда болады:қолдан сұрыптау кезінде сорттар мен тұқымдар, ал табиғи сұрыптауда – түрлер түзіледі.