САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫ

Қазіргі таңда Қазақстанның жеткен белсенді экономикалық өсуі мен саяси тұрақтылығы бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына ену және тұрақты дамуға қол жеткізу үшін қажетті терең әлеуметтік-экономикалық реформаларды жүргізуге арналған өте қолайлы сәт болып табылады.

Елдің тұрақты дамуы саласындағы маңызды міндеттердің бірі халық өмірінің орташа ұзақтылығын көбейту болып отыр. Оған ұлт денсаулығын қамтамасыз ететін механизмдерді енгізу арқылы жету жоспарланады. Н.Ә. Назарбаев атап өткендей: «Бізге ең шешуші түрде жаңа ғасырда тұрмысымызға, санамызға, қоғамымызға, жалпы әрбір отбасына салауатты өмір салтының ғибадатын енгізу қажет. Бұл басымдылық, еліміздің болашағы, ұлтымыздың болашағы үшін ерекше маңызды болуы мүмкін» [1].

Бұл мәселенің шешілуі, ең алдымен, қазіргі жағдайларда клиникалық медицина жүйенің профилактикалық бағыттылығын өзгертусіз негізгі денсаулық көрсеткіштерін жақсартуды қамтамасыз ете алмайтындықтан, профилактика сияқты медицина саласы есебінен ғана шешілуі мүмкін.

БДҰ (Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымдарының) деректері бойынша адам денсаулығы 10 % ғана денсаулық сақтау жүйесіне тәуелді және 50 % өмір салтына, ол адамның ортасына, өмір сүру сапасына, денсаулықты нығайту мүмкіндіктерінің қол жетерлігіне қарай қалыптасады [2, 15 б.].

Осыған байланысты, салауатты өмір салтының пайдасына қарай өзекті бола бастады. Жоспарлы қалыптастырудың негізгі құралы адам денсаулығы потенциалының сақталуын және дамуын анықтайтын факторларды күшейтумен социумның барлық секторларының кешенді өзара әрекет етуі болуы керек. Факторларға адам өмірінің физикалық, экономикалық, әлеуметтік, экологиялық, мәдени жақтары жатады және олар жаңа әлемдік технологиялармен және салауатты өмір салтын қалыптастырудың әдістерімен өзара алмасуы керек.

Кейінгі жылдарда Қазақстанда профилактикалық жағдайды жақсарту белгіленеді. Алайда халық денсаулығының индексі және орташа өмір ұзақтығы (2006 жылы – 66,1 жыл) дамыған елдердің көрсеткіштерінен қалыс қалады. Жапонияда, мысалы, бұл қазақстандық көрсеткіштен 14 жылға артық. Қазақстандағы өлімнің көбеюі 1964 жылдан бері қарастырылып келеді, ол кезде 5,7 % санмен белгіленді, ал 2006 жылы 10,27 % дейін өсті. Өлімнің ең үлкен үлесі (86 %) жүрек-қан тамыры аурулары, қатерлі ісіктер, созылмалы тыныс алу аурулары, қант диабеті сияқты әлеуметтік маңызды аурулармен себептелген. Олардың негізіне медицина қызметкерлері қауіптің мінез-құлық факторларын қояды, олар темекі шегу, ішімдік ішу, есірткі қолдану және т.б.

Зерттеулер шылым шегудің зиянын дәлелдеді. Темекінің түтінінде 30-ға жуық улы заттар бар: никотин, көмірқышқыл газы, көміртек окисі, көгеретін қышқыл, аммиак, шайырлы заттар, органикалық қышқылдар және т.б.

Темекі жапырақтарында болатын және түрлі органдар мен жүйелерге әсері бойынша никотин бірінші орын алады. Ол организмге темекі түтінімен өтеді, оның құрамына никотиннен басқа тітіркендіргіш әсер ететін заттар, соның ішінде канцерогенді заттар бар (бензпирен және дибензпирен), яғни олар қатерлі ісіктердің пайда болуына әсер етеді, көп көмірқышқыл газы – 9,5 % (атмосфералық ауада – 0,046 %) және көміртек тотықтары – 5 % (атмосфералық ауада ол жоқ).

Никотин жүйкеге әсер ететін уларға жатады. Жануарларға жүргізген сынауларда және адамдарды бақылауда никотин аз мөлшерлерде жүйке клеткаларын қоздыратыны белгіленген, демалу мен жүрек қағысының жиілеуіне, жүрек айнуға және құсуға әсер етеді. Үлкен мөлшерлерде тоқталады, ал одан кейін ОЖЖ (орталық жүйке жүйесінің) клеткаларының қызметін сал қылады. Жүйке жүйесінің бұзылуы еңбек қабілеттілігінің, қолдың дірілдеуінің, зейіннің нашарлауымен байқалады.

1-2 темекі қорабында никотиннің өлімге әкелетін мөлшері бар. Темекі тартушыны, бұл мөлшер организмге бірден емес, ал бөлшектеліп баратыны құтқарады. Статистикалық деректерде былай делінген: темекі тартпайтындармен салыстырғанда ұзақ тартушылар 13 рет стенокардия, 12 рет миокард инфарктімен, 10 рет асқазан жарасымен ауырады. Темекі тартушылар өкпе дертімен ауыратындардың 96-100 % құрайды. Соның салдарынан ауыз қуысы, тамақ пен көмей, асқазан, өт, бауыр, несеп қуығы қауіп-қатерге ұшырайды. Бұлардың барлығына темекі түтінінде бар заттар әсерін тигізеді.

Әсіресе әйел организміне қатты жағымсыз әсер етеді. Кез келген әйел сау бала туғысы келуді армандайды. Бірақ, жүкті болу барысында темекі тартуды жалғастыра беретін болса, бұл арманның орындалуы мүмкін емес. Сонымен қатар, баланың денсаулығы мен ұзақ өмір сүруі, оның жыныстық клеткалары мен құрсақта дамуына байланысты. Сперматозоидтер әрбір 3 ай сайын өздігінен жаңаруға қабілетті, ал аналық клеткалар бала туғаннан бастап қалыптасатыны және көптеген улы заттардың «банкі» болуы мүмкін екені белгілі. Токсиндермен уланған аналық клеткалар жиі ұрықтануға қабілетті.

Никотинмен улану үшін темекі тарту міндетті емес, темекі тартқан бөлмеде тұру жеткілікті. Темекі тартпайтын адамдардың бір сағаттың барысында жабық темекі иісіне толы бөлмеде болуы төрт темекіні тартуға сәйкес келеді.

Ішімдік ішу мәселесі қазіргі таңда өте өзекті. Қазір ішімдіктерді қолдану үлкен сандармен сипатталады. Ішімдіктің салдарынан барлық қоғам зардап шегуде, бірақ, бірінші орында өскелең ұрпақ қауіп-қатерге қойылады: балалар, жасөспірімдер, жастар, сондай-ақ, болашақ аналардың денсаулығы. Себебі ішімдік әлі қалыптасып үлгермеген организмге, оны біртіндеп бұза отырып, белсенді әсер етеді. Ішімдіктің зияны анық. Ішімдіктің организмнің ішіне түсуі барысында, ол қанмен барлық органдарға таралатыны және оларға бұзуға дейін жағымсыз әсер ететіні дәлелденген.

Этанолдың әсерімен барлығы бұзылады, бірақ, ең алдымен – жүйке және жүрек-қан тамыр жүйесі. Нашар буындар, тамырлардағы қан ұйықтары, диабет, кеуіп қалған бас миы, іскен бауыр, әлсізденген бүйректер, импотенция, депрессия, асқазан жарасы – бұл тек ішімдіктерге құмарлық үшін өтелетін қатерлердің шамалы ғана тізімі. Алкоголизм мәселесін зерттеуші ғалымдардың спирт өнімдерін организмге зиянды әсер ету дәрежелері бойынша бөлуді заңға қайшы деп санайтыны әбден негізді, өйткені олардың арасында зиянсыздары жоқ. Сыра алкоголизмінің бар екені бұрыннан белгілі. Тоғышардың көзінде ол шарап пен араққа қарағанда аз қауіпті болса да, оның салдары тым ауыр. XIX ғасырда ағылшындар, алкоголизммен күресе келе, күшті ішімдік бұйымдарын сырамен ығыстырып шығаруды шешті. Бірақ, оны енгізу маскүнемдікті күшейткендіктен, «сыра заңын» алып тастауға тура келді. Сыраның зиянды салдары туралы естуі бойынша Германияның бірінші рейхсканцлері Бисмарк сыра алкоголизміне мынадай анықтама берді: «Сырадан жалқау, ақылсыз және әлсіз бола бастайды» («әлсіз» терминімен импотенция туралы айтылады).

Сыраны мөлшерсіз ішудің ең талқандаушы және зиянды салдары – ауру жүрек немесе неміс дәрігері, профессор Болингер атағандай бавар «сыра жүрегі» болады. Ол жүрек қуыстарының кеңеюінен, оның қабырғаларының қалыңдауынан, жүрек буынының жуандауынан, митохондриялардың азаюынан көрінеді. Бұл көк тамырлардың кеңеюіне және жүрек шеттерінің созылуына әкеледі. Солай «сыра жүрегі» немесе «капрон шұлығы» синдромы туындайды, онда жүрек қанды нашар шайқайды, босаңси бастайды.

Бұл өзгерістер сырада көбік тұрақтандырғышы ретінде қолданылатын кобальттың болуымен байланысты. Осы улы элементтің сыра ішетін адамдардың жүрек бұлшық еттерінде болуы ықтимал норманы 10 есе арттырды. Сонымен қатар, сыра ішетін адамдарда кобальт асқазанда ісіп қызару процесін тудыруы мүмкін. Сондай-ақ, сыра эндокринді жүйеде өзгерістерге әкелетін ауыр металдар тұздарынан тұрады. Еркектердің организмінде сыраны жүйелі ішу кезінде ерлердің жыныстық гормоны тестостеронның шығуын басым ететін зат бөлініп шығады. Бір уақытта еркектердің сыртқы бет-пішінін өзгертетін әйелдің жыныс гормондары шыға бастайды. Сыра ішетін еркектерде кеуде безі өседі, жамбастары кеңейе бастайды. Сыра ішетін әйелдер рак ауруына шалдығуы ықтимал, ал егер бала емізетін болса, онда балада қояншық ауруы ұстауы мүмкін.

Адам организмі үшін сыраның зияны өте көп. Бастың ми клеткаларының (өте келе қанға түседі, бүйрекпен сүзіліп зәрмен шығады) өлуі, жұлынның бұзылуы, миокардиодистрофия, бауыр циррозы, гепатит, панкреатит, гастрит, невропатия, көру және есту анализаторларының бұзылуы. Сондай-ақ, сыраны тәулік сайын ішу мен күре тамыр қысымының жоғарылауы арасындағы тәуелділік дәлелденген. Сыра алкоголизмімен ауыратын адамдар ауруханаға өте ауыр халде жеткізіледі, көп жағдайда талмамен және ақыл-есінің адасуымен. Сыра алкоголизмінің негізгі салдары осындай.

Қазіргі зерттеулерге сәйкес, сыра – бұл, едәуір жасырын есірткі заттарына жол ашатын бірінші құпия есірткі. Сыраны ішу миллиондаған отандастарымыздың тағдырларының зақымдануының бірінші себебі. Наркологтар, ішімдік ең жемірлі есірткінің түрі болып табылады, ал сыра алкоголизмі ерекше қаталдықпен сипатталады. Осымен сыра вакханалиясының төбелеспен, кісі өлтірумен, зорлаумен және тонаумен түсіндіріледі [3, 28 б.].

Нашақорлық – бұл, есірткі пайдалануға құмарлық, қатты елігу, ол организмнің қатты бұзылуына, соның ішінде, психикалық және физикалық қызметтерінің бұзылуына әкеледі.

Есірткі – ол адамның миын, психикасын, (ішкі органдарды – мидың бұзылуы, жүйке жүйесі қызметтерінің бұзылуы арқылы) біртіндеп бұзатын у. «Момент» желімі немесе бензин адамдарды 3-4 айдың ішінде, ал қарасора 3-4 жылдың ішінде ақыл-есі толық жетілмеген етеді. Морфин қолданатындар 2-3 айдан кейін қызмет ету қабілетін жоғалтады, өз-өзіне қарауды қояды. Кокаин қолданатын адамдар 4 жылдан артық өмір сүрмейді. Олар жүрек жарылуынан, не болмаса, олардың мұрын қалқаны жұқарып, қансырап өледі. ЛСД қолдану кезінде адам кеңістікте бейімделу қабілетін жоғалтады, онда ол өз мүмкіндіктеріне сене отырып, ұша алатындай сезім пайда болады да, соңғы қабаттан секіреді.

Барлық нашақорлар, қолданатын есірткінің түріне тәуелділіктен тыс ұзақ өмір сүрмейді. Олар өзін-өзі сақтау түйсігін жоғалтады, 60 % жуық нашақорлар есірткіге бағынғаннан кейін бірінші екі жылдың ішінде өзіне-өзі қол жұмсап өлтіруге ұмтылады. Олардың басым бөлігінің қолынан келеді.

Ойынға тәуелділік – ойын құмарлығы (лудомания) жеке тұрғыдан болсын, әлеуметтік тұрғыдан болсын, қоғамның үлкен мәселесіне айналды. Ойын құмарлығы (соның ішінде компьютерлік ойындарға деген) әр түрлі салдарларға– толық ойсыраудан бастап әр түрлі деңгейде психиканың бұзылуына, гиподинамияға және өзін-өзі өлтіруге дейін әкелуі мүмкін.

Бұл айтарлықтай үлкен ауру екенін есте сақтаған жөн. Егер сіз туысқаныңыздың, танысыңыздың немесе жақын адамыңыздың бойында ойын құмарлығы белгілерін байқаған болсаңыз, онда оны емдеу бойынша шараларды тез қолданғаныңыз дұрыс. Әйтпесе, ойын құмарлығы түзелмейтін салдарларға әкелуі мүмкін. Ойын құмарлығын емдеу тәуелді болуы себептерін анықтауды және олардың уақытында жойылуын алдын ала болжайды. Лудоманиядан емделуге болады, ең бастысы уақытында көмек сұрап, жоғары білікті мамандарда емделу керек [4, 31 б.].

Әдемі болғысы келмейтін адам жоқ шығар. Денсаулық пен әдемілік – осы екі ұғым бір-бірімен үздіксіз байланысты. Денсаулықты елемей әдеміліктің қамын ойлаған дұрыс емес. Себебі әдемілік жиі жақсы денсаулықтың нәтижесі болып табылады. Сондықтан, егер сіз әдемілігіңіздің қамын ойлайтын болсаңыз, онда салауатты өмір салтын жүргізу керек.

Адамдар өз денсаулығы туралы жанына батқан кезде ғана ойлай бастайды, оны өмірлік тәжірибе көрсетеді және бұған әр адамның өзіндік дәлелі бар. Қалыптасқан жағдайлар жиі адамды өз бетімен емделу жолдарын іздеуге немесе өз жақындарына үйде көмек көрсетуге мәжбүр етеді. Ал бұл аурулардың алдын біршама ерте алуға болады және ол үшін қандай да бір керемет күш қажет емес. Бар болғаны салауатты өмір салтын жүргізу керек.

Уақыттың өзі халықты сауықтандыру қажеттілігін ұсынды, бұл Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2030» «Қазақстандықтардың өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының жақсаруы» атты Халыққа Жолдауында көрініс тапқан. Онда ұзақ мерзімді басымдылықтардың бірі болып Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімділігі және амандығы анықталды.

Тіпті ең экономикалық дамыған ел өз азаматтарының амандығына, егер ол мемлекеттік саясат, жалпы қоғамның және жеке адамның тілегі болмаса кепіл бере алмайды. Мемлекеттің едәуір маңызды мақсаттарының бірі халыққа жоғары өмір сапасын қамтамасыз ету үшін мүмкіндіктерді ұсыну болуы керек. Адамдардың амандығы тікелей олардың денсаулығының жағдайына тәуелді [5, 9 б.].

Неміс философы Артур Шопенгауэр былай деп пайымдаған: «Біздің бақытымыздың тоғыз бүтін оннан бір бөлігі денсаулыққа негізделген. Онда барлығы рахаттылықтың көзіне айналады, онда онсыз ешқандай сыртқы дүниелер сүйсіну сезіміне бөлей алмайды, тіпті ой, жүрек, темперамент сапасы сияқты субъективті құбылыстар аурушаң күйде әлсізденеді және басылып қалады. Сондай-ақ, біз, ең алдымен, бір-бірімізден денсаулығымыз туралы сұраймыз және бір-бірімізге оны тілейміз: ол шын мәнінде адам бақытының ең басты шарты».

Ауру және бишара болғанша, сау және бақытты болған дұрыс – бүгінгі күннің тіркелген шындығы. Әлемді жігерлі және ынталы тұлғалар басқарады. Үлкен жетістіктерге жету үшін кейін қиналмайтындай үнемі көп күш жұмсау керек. Адам салауатты өмір салтын жүргізудің өзіндік стилін өзі қалыптастыруы керек.