Майлар, балауыздар, фосфолипидтердің маңызы

Жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің липидтері майлар, балауыз, фосфолипидтер және глюколипидтер деп аталатын 4 негізгі топқа бөлінеді. Липидтер организмде зор роль атқарады. Олардың біразы клетканың қор заты ретінде жиналады, ендігі бір тобы клетканың құрылымын түзуге қатысады. Протоплазманың, вакуоляның, пластидтердің, ядро мен басқа органоидтардың сыртқы бетін жауып тұратын мембраналар, сондай-ақ хлоропластар мен митохондрялардағы барлық мембрана тәрізді құрылымдар екі компоненттен тұрады, оның біреуі – липид. Белоктармен қосыла келе, липидтер күрделі белоктар – липопротеидтер түзеді. Липопротеидтердің осы комплексінен клетка мембранасы түзіледі.

Майлар негізінен қоректік және энергетикалық қор заттары болып саналады. Олар көп немесе аз мөлшерде өсімдіктердің барлық клеткаларында дерлік түзіледі. Өсімдіктердің басым көпшілігі, атап айтқанда, жоғары сатыдағы өсімдіктер тұқымдастарының 80%-і тұқымына қор заты ретінде май жинайды. Майлар вегетативтік мүшелерде де түзіледі, бірақ мұнда аз болады.

Химиялық құрамы бойынша майлар глицерин мен үлкен молекулалы май қышқылдарының эфирі болып табылады.

Майлардың құрамынан пальмитин, стеарин, олеин, линол, линолен қышқылдарын жиі кездестіруге болады. Пісіп келе жатқан жеміс пен тұқымда тез арада көмірсудан май түзіледі. Бұл кезде көмірсу, негізінен алғанда, глюкоза мен фруктоза алғашында глицеринальдегид пен диоксиацетонға ыдырайды. Глицеринальдегидтен глицерин түзіледі. Триозадан сірке қышқылы түзіледі, ол май қышқылдарының синтезі үшін бастапқы зат болып қызмет етеді. Осындай жолмен түзілген глицерин мен май қышқылдары липаза ферментінің жәрдемімен айға синтезделеді.

Майлы тұқымдардың өнуі кезінде ондағы майлар липаза ферментінің жәрдемімен өте тез гидролизденеді және онымен бір мезгілде қан жиналады. Осы кезде гексоза ғана емеспентоза да түзіледі.

Балауыз — әдеттегі температурада қатты, май тәрізді зат. Бұл май қышқылдары мен үлкен молекулалы бір атомды спирттердің күрделі эфирлері. Балауыз өсімдіктің жапырағын, сабағы мен жемісін жұқа қабатпен жауып тұрады.

Фосфолипидтер фосфатидтер, плазмолегендер және сфинголипидтер деп аталатын үш топқа бөлінеді. Фосфолипидтердің үш тобының құрамында да фосфор қышқылының қалдығы болады. Фосфатидтер дегеніміз глицерин мен май қышқылдарының күрделі эфирлері, сонымен қатар олардың құрамында фосфор қышқылының қалдығы және онымен байланысөан азотты негіз бар.

Гликолипидтер глицерин мен май қышқылының күрделі эфирлері болып табылады. Бірақ фосфолипидтерге қарағанда мұнда фософр қышқылының қалдығы емес, белгілі бір моносахарид болады. Моносахарид пен глицериннің арасында глюкозидті байланыс бар.

Липидтерге майлар және майға ұқсас заттар – липоидтар жатады. Олар барлық тірі клеткаларда болады және тіршілікке орайлас бірнеше маңызды қызметтер / энергия берушілік, қорғану құрылымдық, метаболизмдік/ атқарады.

Липидтер ыдыраған кезде көп мөлшерде химиялық энергия макроэргиялық қосындылар түрінде бөлініп шығады. Липидтер суда ерімейді, бірақ органикалық еріткіштерде жақсы ериді.

Липидтер екі үлкен топқа бөлінеді. Қарапайым липидтің молекуласы спирт қалдықтарынан және жоғары май қышқылдарынан тұрады. Бұған бейтарап майлар, стероидтар және балауыздар /воскілер/ жатады.

Күрделі липид спирт қалдығынан, жоғары май қышқылдарынан және басқа бір заттардан /азоттық негіздер, фосфор қышқылы, көмірсулар, және басқалары/ тұрады. Оларға фосфотидтер, гликолипидтер, сульфатидтер жатады.

Липидтердің негізгі компоненті – май қышқылдары. Бейтарап майлар. Бейтарап майлар деп үш атомды глицерин мен жоғары май қышқылдарының күрделі эфирін айтамыз.

Қаныққан май қышқылдарында әдетте көміртек атомдарының жұп сандары болады, мысалы:

Май қышқылы-С3 Н7 СООН

Капрон қышқылы-С5 Н2 СООН

Стеарин қышқылы-С17 Н35 СООН

Егер майлардың құрамында қанықпаған қышқылдар басым болса, ондай майлар сұйық болады / мақта, күнбағыс, зығыр майлары/. Егер қаныққан қышқылдар басым болса, ондай майлар қатты болады / жануарлар майы – тоң май/.

Стероидтар – кристалды заттар, оптикалық активті. Суда ерімейді, органикалық еріткіштерде ериді, түссіз болады.

Балауыздар /воскілер/ деп липидтердің үлкен бір топтарын айтады.

Фосфатидтер /фосфолипидтер/ — майларға жақын қосылыстар. Олар үш атомды спирт глицерин мен екі молекула май қышқылдарының, фосфор қышқылының және азотты негіздің күрделі эфирі.

Гликолипидтердің молекуласында көмірсулар болады.

Сульфатидтер – сфингозин, цереброн, немесе лигноцерин қышқылдарынан, галактоза және күкірт қышқылынан пайда болған күрделі эфирлер.

Липидтер алмасуы.

Липидтердің алмасуы төрт кезеңнен тұратын сатылы процесс. Ол кезеңдер мыналар : ас қорыту, сіңіру, аралық алмасу және сол алмасуының ақырғы өнімдерінің пайда болуы. Липидтердің қорытылуына өт / бауыр клеткаларының шырыны, секреті /, ұйқы безінің және ішектің сөлдері қатысады. Ұйқы безінде ас қорыту ферменттері көп болады. Олардың әсерімен липидтер денесіне сіңетіндей дәрежеге жетеді.

Майлардың негізгі массасы /95-97 %/ ащы ішек бөлігінде, ең алдымен, он екі елі ішекте қорытылады. Өт қышқылдары май тамшыларының бетіне сорылады да, жұқа қабық құрады. Бұл процесті эмульгация деп атайды.

Ішек шырыш қабығының клеткаларында жоғары май қышқылдары глецеринмен қосылып, қайтадан май/ жануардың белгілі бір түріне тән майы/ түзіледі, яғни ресинтезделеді.Ресинтез — гид–олизге керісінше процесс.

Майлар лимфа жүйелерінің тамырлары және көкірек тармағы арқылы қанға келіп түседі. Бұдан кейін майлар май депосына /қоймасына/ қор ретінде жиналады.

Жоғары май қышқылдарының организмде ыдырау механизмін неміс биохимигі Ф. Кнооптың 1904ж ұсынған “май қышқылдарының В – тотығу теориясы” түсіндіре алады. Бұл теория бойынша организмде май қышқылдарының ұзын көміртек тізбегі тотығудың әрбір айналымында екі атом көміртегіне карбоксил тобы ұшынан қысқарып отырады. Табиғи май қышқылдарында әрқашан көміртек атомдарының жұп сандары болады, демек екі еселенген үзіндіге толық ыдырай алады.

Май қышқылдарының В – тотығу метохондрияда өтеді. В – тотығуының ферменттері метохондрияда шоғырланған, ал ацил – КоА – ның пайда болуы цитоплазмада өтеді.

Жоғары май қышқылдары организмдегі химиялық энергияның ең маңызды көзі болып келеді. Стеарин қышқылының бір молекуласының толық ыдырауынан ацетил КоА – ның 9 молекуласы пайда болады :

Липидтер тек ыдырап қана қоймай, организмде түзіле де алады. Майлардың биологиялық түзілуі үш негізгі сатыдан тұрады : глицериннің, жоғары май қышқылдарының пайда болуы және олардың триглецерид молекуласын құрауы.