Фитоценоздардың қалыптасуы оның компоненттерінің қарым – қатынасы

Фитоценоздардың қалыптасуы туралы ұғымды филогенетикалық және онтогенетикалық тұрғыдан қарауға болады. Фитоценоздардың жаңа субстраттарда пайда болып қалыптасу процессі онтогенетикалық тұрғыдан қарау болады. Субстраттар алғашқы немесе бірінші және екінші болып бөлінеді. Біріншіге бұрын еш уақытта өсімдіктер болмаған(мыс : тасты шөгінділер екіншіге — өсімдіктері ортаның күшті әсерінен жырту орны) жойылып кеткен субстраттар жатады.

Екінші субстраттарда кейде жойылған фитоценозды вегетативтік мүшелерінің қалдықтары және тұқымдары сақталуы мүмкін, біріншіде — өсімдіктің бастамасы тек айналадағы фитоценоздардан келіп түседі. Олардан өсімдіктер тұқымдары су, жел жануарлар және адам арқылы жеткізіледі. Субстратты шөп басу процессі биосфера өмірі заңдылықтары болып табылады. Фитоценоздың қалыптасу жылдамдығы субстраттың жағдайына және қоршаған кеңістіктен, өсімдік бастамаларының келіп түсу мүмкіншіліктеріне байланысты Б.А.Быков (1964) американ ғалымы Клементс, А.П.Шенников (1964) фитоценоздың қалыптасу процессін үш сатыға бөледі :

Пионерлік топталушылық көрші өсімдіктер арасында бір – бірі не елеулі әсер ету байқалмайды. Бірінші субстратты шөп басу процессі жерде алғашқы жекеленген өсімдіктердің – пионердің пайда болуынан басталады. Өсімдіктердің қандай түрлерінің пайда болуы көп себептерге байланысты 1) экотопқа (климат, субстрат қасиетіне). 2). Экотопты қоршаған учаскелердің флорасына (жел, су адам арқылы споралар, өсімдіктер бастамалары келіп түседі). 3). Қоршаған учаскелердің флорасының тарихына егер бұрын мәдени өсімдіктер егілген учаскелер болса онда арам шөптер топырақта өздерінің тұқымын қалдырып кетуі мүмкін.

Әртүрлі географиялық жағдайларда климаттық ерекшеліктері және субстраттық қасиеті пионерлік флораның құрамына өз әсерін тигізеді (мыс Солтүстікке қарағанда Оңтүстіктің пионерлік флорасының құрамы өте бай). Субстратқа көптеген өсімдіктердің бастамалары келіп түседі, бірақ олардың барлығы өніп өсе бермейді үйткені субстраттың экологиялық жағдайы іріктеу жұмысын жүргізеді. Сол экотоптан өткендері ғана тірі қалады, ал қалғандары өледі. Тірі қалған өсімдік бастамалары өскіндер береді, бірақ экотоптың іріктеуі жұмысы одан әрі жалғаса береді. Соның нәтижесінде кейбір өсімдік түрлерінің өскіндері әр түрлі қолайсыз жағдайларға байланысты өледі. Екіншілер тірі қалса да жағдайлары өте нашар болғандықтан гүлдемейді, көбейе де алмайды. Үшіншілері өте жақсы өніп, өсіп көбейіп жатады. Нәтижеде өсімдіктердің түр құрамының тіршілікке бейімделуіне сандық ара қатынасына байланысты дифференциялануы басталады.

Топтала теңбілденген қауым – субстраттағы өсімдіктер особьтарының санының көбеюі бірте – бірте олардың жақындасуына, тамырларының жапырақтарының тығыз тұтасуына мүмкіншілік береді. Фитоценоздың қалыптасу процесінде экотоп бірте – бірте биотопқа айналады. Биотоп – (грек – bios — өмір topos — орын) – жануарлар, өсімдіктер, микроорганизмдердің тіршілік орны.

Диффузиялы қауым – популяциялардың азды – көпті біркелкі таралуы. Фитоценоздың және биотоптың қалыптасуы кезінде биотоптың немесе фитоценотикалық іріктеу басталады. Фитоценоз қалыптасуымен қатар биоценоз қалыптасып биогеоценоз дербестенеді. Клементс (Миркин Розенберг бойынша 1983) фитоценоздың қалыптасуында мынадай фазаларды ажыратты :

1). Өсімдіктер бастамаларының бос субстратқа миграциясы :

2). Эцезис немесе мигранттардың өніп, тамырланып жаңа жерде орнығуы.

3). Агрегация немесе мигранттардың аналық особьтарының айналасында ұрпақ топтарының пайда болуы.

4). Инвазин немесе мигранттардың бір тобының екінші топтарға араласып өнуі.

5). Стабилизация немесе өзін реттеуге қабілетті тұрақты структура жасау.

Фитоценоздағы өсімдіктердің өзара қатынасы.

Фитоценозға кіретін әр өсімдік, биологиялық және морфологиялық ерекшеліктеріне байланысты қоршаған ортаға өзінің әсерін тигізеді. Фитоценоз компоненттерінің бір – біріне әсер етуі оның негізгі белгілері.

Өсімдіктердің бір – біріне әсері алуан олардың классификациясын үш тұрғыдан (Миркин, Розенберг 1978) қарауға болады : 1). Бір – біріне әсер ету жолдары :

2) өсімдіктердің бір – біріне әсер етуін көрсететін нәтиежелері : 3) өсімдіктердің бір – біріне әсер етуінің онтогенез процессінде өзгеру жолдарыӨсімдіктердің бір – біріне әсер ету жолдарын В.Н.Сукачев (1954) жасады. Фитоценозда бірге өмір сүретін өсімдіктердің бір – біріне әсер етуінің үш формасы бар : 1). тікелей немесе түйіскен (контактный) 2). трансбиотикалық немесе жанама (орта арқылы) 3). Трансбиотикалық.

1). Тікелей әсер етуді механикалық және физиологиялық деп екіге бөлуге болады. Механикалық тікелей әрекеттестікке (екі жақтың өзара қатынасы) жай жанасудың әсері үйнелену қысым, орнының бос еместігі жатады. Әр өсімдік фитоценозда орын алғанда, ол басқа өсімдіктердің осы жерге келіп орналасуына механикалық кедергі жасайды. Мыс: орманда ағаштардың бір – біріне қысымы байқалады. Оның нәтижесінде ағаш дінінің формасы өзгереді, астық тұқымды өсімдіктердің түптері өскенде көрші өсімдіктерге қысым туғызады.

Физиологиялық тікелей әрекеттестікке бір өсімдіктің екінші бір өсімдік ұлпасына еніп кетуі немесе олардың өткізгіш ұлпаларының бірігіп өсуі жатады. Физиологиялық түйісу екі өсімдік арасында зат алмасу процессінің жүруімен сипатталады. Физиологиялық тікелей әрекеттесуге паразитизмді, симбиозды, эпифиттер арасындағы қатынастарды жатқызуға болады. Өсімдік “паразит” және өсімдік қожа бір – біріне әсер етеді. Паразитизм өсімдіктер арасындағы қатынастың бір формасы есебінде кең тараған құбылыс.

Трансбиотикалық әсер ету. Трансбиотикалық немесе жанама (орта арқылы) әсер етудің екі формасы бар : өсімдіктердің бір – біріне биогенді орта арқылы әсері 2) аллелопатия. Өсімдіктердің бір – біріне биогенді орта арқылы әсері.

Фитоценоздағы күрделі және қарапайым өсімдіктер ортамен зат алмасуының арқасында фитоценоздың ішкі ортасына – фито ортасына әсер етіп оны өзгертеді. Өсімдіктерде фито ортаның әсеріне душар болады. Сонымен фитоценоздағы өсімдіктердің бір – біріне әсері олардың тікелей түйісуі арқылы емес, өзгерген орта арқылы болады. Мыс : фитоценоздағы әрбір өсімдіктер суды N,P,K т.б. сору арқылы және жарықты ұстап қалу арқылы олардың қорын осы учаскедегі басқа өсімдіктер үшін азайтады. Керекті заттардың қоры фитоценозға енетін барлық өсімдіктерге бірдей жетпейді. Нәтижеде өсімдіктер арасында қоректік заттар үшін бәсеке басталады.

Аллелопатия – (грек allelon — өзара Раthos – азап шегу сынаушы әсер) –түрлердің тіршілік әрекеті өнімдерін/ фитоксидтер, колиндер, антибиотиктер т.б.) болуы арқылы бір – біріне ықпал жасау. Бұл терминді 1937 Молиш ұсынды. Аллелопатия — өсімдіктердің әртүрлі ұшпа химиялық заттар бөлуі арқылы бір – біріне пайдалы немесе зиянды әсер етуі деп түсініледі. Өсімдіктен бөлінетін заттардың мөлшері және құрамы өсімдіктің түріне мүшесіне, тіршілік ету қабілеттілігін және өмір сүретін ортасының жағдайына байланысты өзгеріп отырады. Өсімдіктердің жер үстіндегі мүшелерінен метаболиттерді (газ,су қатты күйінде) бөлінетін негізінен жапырақтар болып табылады.