Айналымның блоктық моделі

Биогеохимиялық айналымдарды бейнелеудің әртүрлі әдістері бар. Бейнелеу әдісі нақтылы элементтің биогеохимиялық циклының ерекшеліктеріне қарай таңдап алынады. Оттегінің айналымын талқылаған кезде экологтар әдетте оттегінің органикаклық заттардың құрамына химиялық тұрғыдан енуімен байланысты жолдары және судың қозғалысы мен сабақтас жолдары ажыратылады. Судың айналымы:яғни гидрологиялық цикл жер шары көлемінде жақсы меңгерілген және де тірі организмдер мен байланысы жоқ энергия арқылы қозғалысқа келтіреді. Дара организмдер буландыру және зәр шығару арқылы суды тез жоғалтады особь өмірінің ішінде организмдегі су жүздеген рет ауысуы мүмкін. Сонымен қатар, судың алмасуындағы организмдердің үлесі өте шамалы—булану мен транспирацияның жалпы көлемі жылына 59х10 инд г мөлшерінде бағаланады, соған байланысты судың биогиохимиялық циклын көрсеткенде алмасу қоры емес, сақтау қорына көбірек назар аударылады.

  1. Кез-келген экожүйе әртүрлі материалдар өтетін және де сол материалдар әртүрлі уақытқа бөле салатын блоктар тізбегі түрінде елестетуге болады. Минералдық заттардың экожуйедегі айналымына әдетте үш активті блок тірі организмдер өлі органикалық детрит және игерімі оңай бейорганикалық заттар қатынасады. Екі қосымша блок: аралық буындар арқылы игерілетін бейорганикалық заттар және шөгіндіге органикалық заттар биогендік айналымы мен жалпы циклдің кейбір шеткері аймақтарында ғана жалғасады, бірақбұл блоктар мен қалған экожүйесінің арасындағы зат алмасуы активті блоктар арасындағы алмасуға қарағанда баяу жүреді.

Биосфераджағы биогендік элементтердің айналымын қамтамасыз ететін ассимиляцияжәне ыдырау процестері организмдердің энергияны сіңіруі мен және босатуы мен тығызбайланысты. Демек биогендік элементтер қауымдастық арқылы өтетін энергия ағымымен қатарласа жылжиды.