Экожүйенің трофикалық құрылысы

Энергияның трофикалық тізбектерде шашырауы нәтижесінде және метоболизмнің дара организмдердің көлеміне тәуелділігі сияқты факторлардың арқасында әр қауымдастық белгілі-бір трофикалық құрылдымға ие болады: оны әр трофикалывқ деңгейдегі особътер саны арқылы, немесе орылмаған өнім арқылы немесе әр трофикалық деңгейдегі аудан бірлігіндегі уақыт бірлігі ішінде сіңірілетін энергия мөлшері арқылы көрсете аламыз. Графикалық әдіспен оны пирамида түрінде бейнелеуге болады:бірінші трофикалық деңгей пирамиданың табанын, ал келесі деңгейлер пирамиданың қабаттарын және төбесін құрайды.Экологиялық пирамидалардың негізгі үш түр типі- сандар, биомасса және энергия пирамидалары ажылатылады.

Сандар пирамидасы немесе особьтердің трофикалық деңгейлер бойыншак бөлінуі мына факторларға байланысты:

  1. Кез-келген экожүйеде ұсақ жануарлар саны жағынан ірі жануарлардан басым болады және тезірек көбейеді.

2.Кез-келген жыртқыш жануар үшін оның жемтіктерінің көлемінің төменгі және жоғарғы шегі бар. Жоғарғы шегі жыртқыштың өз денесінің көлемінен әлдеқайда ірі жануарға шамасы жетпейтіндігімен, төменгі шегі- жемтігінің көлемі тым шағын болған жағдайда оны аулаудың жыртқыш үшін еш мәні қалмайтындығымен анықталады.

Биомасса пирамидалары – физикалық фактордан таза және биомассалардың сандық арақатынастарын айқын көрсететіндіктен тереңірек назар салуды қажет етеді. Егер организмдердің көлемі жағынан айтарлықтай айырмашылықтары болмаса, онда әр трофикалық деңгейдегі особьтердің биомассасын көрсете отырып сатылы пирамида құруға болады. Ал егер орташа есеппен алғанда төменгі деңгейлердің организмдерінен ұсақ болса, онда төңкерілген биомассалар пирамидасы пайда болады.

Энергия пирамидасы—экологиялық пирамидалардың талқыланып отырған үш типінің ішіндегі қауымдастықтың функционалдық құрылымы туралы ең толық көрініс беретін, себебі әр трофикалық деңгейде әр түрлі жағдайларда тіршілік ете алатын организмдердің саны мен массасы, ілгері тұрған трофикалық деңгейдегі осы сәтке жинақталған энергияның мөлшеріне емес, азықтың өндірілу жылдамдығына тәуелді.