Экожүйелер концепциясы

Белгілі болуынша табиғатта кездесетін тірі организмдер және оларды орап тұрған сансыз тұрған сансыз жыныстар бір – бірімен барлық уақытта өзара байланыста болады. Әрқандай үлкен – кішілі биологиялық система өзінде әрекеттегі организмдерді өз қатарына алады, олардың әрқайсысы және сыртқы орта факторлары және қатынастарын басқарып тұрады және сол система ішінде биотикалық түзіліс энергия ағымын, оның тірі өлі бөлімінде заттар алмасуын қамтамасыз етеді. Мұндай бірлік экологиялық система немесе экологиялық жүйе деп аталады.

Экосистема- экологияның негізгі функционал бірлігі болып, оған өзара әсер етуші тірі организмдер және орта факторлары компоненттер енеді. Жер жүзінде тіршілікті тіршілік және табиғат заңдылықтарын экосистемалар дәрежесінде үйрену керек.

Жоғарыда айтылғандай биоценозды биотоп түсінігінен ажырап болмайды. Себебі биотопты биоценоз өз ішіндде алады. Онда тарқалады өмір сүреді, дамиды, әулет қалдырады. Биоценоз және оның био тобы бір – бірінен ажыралмайтын элементтер болып, олар бір-біріне әсер етеді және белгілі дәрежеде тұрақты экосистема құрайды. Экосистема екі бөлектен екі компоненттен құралған болып оның органик бөлімін биоценоздардағы тірі организмдер түрлері түзсе, бейорганик бөлімін – биотоп, сол түрлердің өмір сүру жерінен тұрады яғни:

Экосистема= биотоп . биоценоз = экосистема

Биологиялық және геохимиялық көзқараспен қарағанда экосистема белгілі дәрежеде бір түрлілік ерекшеліктерінне ие. Экосистема компонентері ішінде интенсив зат және энергия алмасу оның белгілеуші ерекшеліктері есептелінеді. Экосистема термодинамикалық жағынан ашық система болып, уақыт бойынша тұрғын болады. Экосистемаға енетін элементтер күн энергиясы, топырақтың минерал құрамы, атмосфера газдары және суллар болып , одан шығатын элементтер: ыстықтың, оттегі, СО және басқа биоген элементтер. Экосистемалар ортаның органикалық және неорганикалық заттарын бірлеатіреді, онда кездесетін автотроф организмдер продуценттер органикалық заттарды синтез жасайды, гетеротрофтар консументтер органикалық заттарды ұсақтайды, бейорганикалық формаға өткізеді.