Раушандар тектес біріккен желектілер

Бұл топтық құрылысының барлығына ортақ белгілеріне жататын ерекшеліктері: гүлдері ұсақ, антиноморфты, дара жынысты немесе қос жынысты, гүлсерігі тостағанмен жапырақшалар түрінде болады. Гүлшоғыры симподиальды жиналып сырға түзед

Шамшаттар тұқымдасы – Faqaceal. 900 түрі бар (8-9 туыс) мәңгі

жасыл, немесе жапырақтары қысқа қарай түсіп отырады. Ағаштар, бұталар олар қоңыржай климаты, субтропикалық елдерінде кеңінен таралған. Жапырақ қатары тұтас немесе қауырсынды кезектесіп орналасады. Гүлдері ұсақ, көріксіз, дара немесе қос жынысты актиноморфты жиналып сырға, масақ немесе шоқпарбас түзеді. Гүлдері 6 мүшелі бос орналасқан, аналығы 3-6 ұялы. Аталық гүлдің гүлсерігінің түп жағы біріккен болып келеді. Әртүрлі түске қоңыр, қызыл, жасылға боялған. Гүлсерігінің саны 3.3 не болмаса 3-7, аталықтар саны гүлсерігінің санымен бірдей.

Емен туысы (дуб). Дүние жүзі бойынша 300 түр. БОР –да 19 түр,

Қазақстанда 1 түр бар. Солтүстік ендіктің қоңыржай климатты елдерінде сиректеу субтропикада кеңінен таралған. Діңі жуан, биіктігі 40м – ге дейін барады. Гүл формасы :Р6 АоСе (3) Р(6-8) А6-10. Кавказ, Украина, Шығыс бүгі өседі.

Қайыңдар тұқымдасы –Вetulaceae. Тұқымдас құрамында 130 түр (6 туыс) бар. Солтүстік ендікте тропикалық емес облыстарда өседі. БОР-да 64 түр, Қазақстанда 17 түр кездеседі. Өмірлік формалары жапырақтары қысқа қарай түсетін ағаш, бұталар. Гүлшоғы сырға тәрізді, дара жынысты (бір үйілі өсімдік). Гүлдері ұсақ, дұрыс және бұрыс гүлдер, гүлсерігі болмайды. Жемісі тұқымша, қанатша.

Қайың туысы -(береза)- Вetulaceae. Түрлерінің жалпы саны 60, борда40, Қазақстанда 15 түр. Салқын қоңыржай климатты зоналарда кең таралған ағаштар, бұталар. Гүл формуласы : Р6, А0, С(2), Р2, А2, С0.

Аталық, аналық гүлдері 3-тен орналасқан сырға түзеді. Жемісі қанатша. Түрлері : қотыр қайың, үлкен қайың.

Орман жаңғақ туысы – лещина (Сorylus) 8 түрі бар. БОР-да 7, Қазақстанда 1 түр. Қысқа қарай жапырақтары түсіп қалады. Ағаштар, бұталар бір үйлі жапырақтары кезектесіп орналасқан. Гүл формуласы : Р40(2), Ро, А40. Аталық гүлі бір гүлден тұрады, ұзын сырғалы, анылық гүлі екі гүлді, жапырақ қолтығында жайласқан бүршіктермен қоршалып тұрады, түрлері кәдімгі орман жаңғақ, аю жаңғақ.

Талдар тұқымдасы – Salicaceae. Бұталар ағаштары Солтүстік ендіктің қоңыр жай климатты елдерінде кең таралған. Кейбір түрлері қиыр Солтүстікте төселіп өсетін аласа формалар түзеді. (карлик форма) жапырақтары кезектесіп орналасатын жай жапырақтар. Аталық, аналық гүлдері бөлек жетілген (дара жынысты). Гүлсерігі болмайды. Аталық гүлдерінде 2-30 оданда көп аталықтары (тычинка) болады. Аналық гүлдерінде екі жеміс жапырақшасынан бір аналық (пестик) болады. Гүл түйіні бір ұялы. Тұқымбүрі көп, жемістері екі жақты ашылатын қауашақтар. Талдар тұқымдасына 400 түр жатады, олар 3 туыстан тұрады : терек (тополь -populus) – 25-30 түр, тал (ива -salix) 350-370 түр, чозеня – Chosenia –1түр.

Терек туысы – Populis. БОР –да 30 түр, Қазақстанда 14 түр. Аталық гүлі бірнеше аталықтан (тычинки). Аналық гүлінде жалғыз аналықты қоршап тұратын екі парокарпты біріккен жеміс жапырақтан түзілген болады. Гүл формуласы : Р0, А0, Се(2) Р0 , А12 – 20 Сl0. Бұл туысқа көк терек (осина), қара терек (тополь), жатады. Бұлар тез өседі, халық шаруашылығында маңызды.

Тал туысы – ива Salix. БОР –да 170 түр, Қазақстанда 46 түр. Талдың гүлдерінің түрі жағынан қоршап тұратын дискасі болады. Кейбір түрлерінде нектарниктерлер болады. Аталық сырғасында 1-ден бірнешеге дейін аталықтары болады. Аналық сырғаларында аналығы (гинецейі) 2 мүшелі парокарпты және 2 аузы (рыльца пестика) болады. Талдар жапырақтары шықпас бұрын немесе олармен бірге гүлдейді. Олар насекомдармен тозаңдануы сиректеу желмен тозаңдайды. Түрлі заттар үшін киіз үйдің керегелері, барлық торлары үшін қолданылады. Қабықтарынан иілік заттар алынады. Олар өте оңай тамыр беріп вегетативтік жолмен көбейеді. Бал беретін өсімдік.

Чозения туысы –Chosenia 1 түрі бар. Россия қиыршығысында Жапонияда Қытайда өседі. Бұлар тал туысына жақын тұрады.

Мәңгі жасыл және жапырақтары түсіп отыратын ағаштар, бұталар, көп жылдық, бір жылдық шөптесін өсімдіктер. Жер шары құрылықтарының барлығында кездеседі. Гүлдері циклды, 4 шеңберлі, зигоморфты , сиректеу актиномортфы, қос жынысты, дара жынысты гүлесерігі қосарланған, күлте жапырақтары ашық түске боялған, қалыпты жағдайда бірігіп түтікше түзеді. Насекомдармен, сиректеу желмен тозаңданады. Қалыпты жағдайда андроцейі 5 аталықтан тұрады, бірақ редукцияға ұшырауы нәтижесінде 4 немесе 2 аталықтан тұратын гүлдері жиі кездеседі. Гинецейі ценокарпты көп жағдайда 2 сиректеу 3-5 жеміс жапырақшадан тұрады. Жемістері негізінен қауашақ тәрізді, жаңғақ тәрізді, сиректеу шырынды.

Шырмауықтар тұқымдасы – Convolaceae. 150түр 50 туысы бар. Негізінен дүниежүзінің тропиктері мен субтропиктерінде азырақ екі ендіктің қоңыржай климатты облыстарында өседі. Шөптесін өсімдіктер, сиректеу бұталар, ағаштар. Жапырақтары кезектесіп орналасады, тұтас, қауырсынды, тілімделген қосалқы жапырақшалары болмайды. Жапырақтары мен сабақтарында сүтті шырындарды бөліп шығаратын клеткалары болады. Гүлдері 5 мүшелі, сиректеу 4 мүшелі, қосжынысты, гүл асты жапырақшалары болады. Гинецейі 2 (3-5) жеміс жапырақшасынан тұрады. Жемістері қауашақ, жаңғақша тәрізді.

Шырмауық туысы – (вьюнок — Convolvulus). Тропикалық және субтропикалық елдерде сиректеу қоңыржай климатты облыстарда өсетін

200-дей түрі бар. Өмірлік формалары бұталар, жартылай бұталар, көпжылдық және біржылдық шөптесін өсімдіктер. БОР флорасында 30 түр, Қазақстанда 14 түрі кездеседі. Сабақтары оралып немесе тік өседі. Жапырақтары кезектесіп орналасады. Гүлдері жапырақ қолтықтарында 1-3 тен дихазиялы немесе шоқпарбасты гүл шоғында орналасады. Гүл формуласы : Са(5), Со(5), А5, Се(5). Жемістері қауашақ тәрізді. Қоңыржай климатты зоналарда – далалық шырмауық (вьюнок полевой С- arvense) өседі, көп гүлдері ақ, немесе ақшылдау – қызғылт түсті, егістіктің арам шөбі.

Арамсоялар тұқымдасы – Custucaceal. Паразитті өмір сүруіне байланысты вегетативтік органдары редукцияға ұшыраған тұқымдастың 170 түрі бар. Барлық континенттердің тропикалық, субтропикалық елдерінде өседі.

БОР-да 36 түр, Қазақстанда 19 түр кездеседі. Олар екпелі өсімдіктер және ағаштардың паразиттері жапырақтары қабыршақтармен алмастырылған, тамыры ерте өледі, тұқым жарнағы болмайды. Гүлдері ұсақ қызғылт, ақ, сары, гүлшоғыры дихазиялы, шоқпарбас, қысқа масақ. Гүл формуласы :Са5, СО(5), А5, Се(2).

Арамсоя туысы – Cuscuta. (Беде сояу –С. trifolii) негізінен бедеде паразит

өмір сүреді. Тимьян арамсояуы С. epithymum бір жылдық өсімдік. Гүлдері ашық – қызғылт, сабақтарында емшекшелері (присоскалар) болады. Беде, жоңышқада паразит өмір сүреді. Зығыр арамсояуы (C. epilinum) зығырда, сиректеу арамшөптерде паразит ретінде өседі.

Алқалар тұқымдасы –Solanaceal. Алқалар тұқымдасының 2300 түрі бар (85 туыс). Шөптесін өсімдіктер сиректеу бұталар, жапырақтары кезектесіп орналасады. Жапырақ серіктері (қосалқы жапырақшалары) болмайды.

Жапырақтары жай, тұтас тілімделген. Гүлдері монохазий бұйра гүлшоғырына жиналған немесе жекеленген гүлден тұрады, актиноморф аздап зигоморфты.

Тостағаншасы 5 тісті, 4 ұялы. Күлте жапырақшалары бір – бірімен біріккен,

дөңгелек табақша, трубка тәрізді, қоңырау секілді болып келеді. Аталығы 5, гинецейі ценокарпты 2 жеміс жапырақшадан тұрады. Гүл түйіні жоғарғы 2 ұялы, кейбір жағдайда 4-6 ұялы. Жемісі шырынды немесе қорапша (қауашақ).

Көптеген түрлері (картоп, помидор, баклажан, бұрыш) шаруашылықтағы маңызы аса зор, кейбіреулері улы алкалоидты, оларды дәрі –дәрмек ретінде пайдаланылады.

Алқа туысы (паслен — Solanum) 1,5 мыңдай түрлері бар. Көп кездесетін орталығы Оңтүстік Америка. БОР- да 10 түр кездеседі. Ең маңыздысы картоп (S. tubezosum). Көп таралған түр біржылдық өсімдік ретінде отырғызылады.

Гүлсерігі актиноморфты күлте жапырағының түсі ашық, сары – сарғыш. Гүл формуласы : Са(5), СО(5), А5, Се(2). Екі ұялы шырынды жеміс болады. Тамырлары

жіңішке , сабағының жер асты бұтағы – столандары болады. Столондардан түйнектер жетіледі. Картоптың бір мыңнан астам тамаққа пайдаланатын, малдарға қоректік әртүрлі техникалық заттар алатын түрлері болады.

Темекі туысы- (табан Nicotiana) 100- дей түрі бар. Табиғи жағдайда негізінен Оңтүстік Америка, Австралияда кездеседі. Бұталар шөптесін өсімдіктер. Гүлдерінің күлте жапырақшалары воронка тәрізді немесе қоңырау тәрізді.

Кәдімгі темекі (N.tabacum) жабайы түрінде перуде және эквадорда өседі. Көп сорттары бар махорка темекісі (N. rustica), орман темекісі (N. Sulvestris) отырғызылады.

Бұрыш туысы –(перец Capsicum). Түрлер саны 20-50 – ге дейін жетеді.

Жартылай бұта және шөптесін өсімдіктер. Орталық Америкада БОР-дың Оңтүстігінде, Қазақстанның Оңтүстігінде өседі. Біржылдық бұрыш – С.annuum- ның көптеген ащы және салаттың сорттары шығарылған. Басқа туыстардан мына түрлердің маңызы зор : ас памидоры – Lycopersicum esculentum- біржылдық дақыл 600 – дей сорттары бар.

Ерінгүлділер немесе тауқалақайлар тұқымдасы –Labiatae Lamiaceae. Тұқымдасқа 4 мыңдай түр жатады. (200 –ден астам туыс). Көпжылдық және біржылдық шөптесін өсімдіктер, жартылай бұталар, сиректеу бұталар. Антарктидан басқа құрылықтардың барлығында өседі. Түрлерінің ең көп тараған жері Жерорта теңізі, Орта Азияның шөлді және шөлейт аудандары. Сабағы 4 қырлы. Жапырақтары кезектесіп орналасады. Қарапайым, қосалқы жапырақшалары болмайды. Сабақтарымен, жапырақтары безді түктермен жабылған олар эфир майларын бөліп шығарады. Гүлшоғыры әртүрлі тирстен тұрады. Гүлдері зигоморты, көп жағдайда екі ерінді, сиректеу актиноморфты гүлге өте жақын тұрады. Тостағанша жапырақтары біріккен қоңырау тәрізді, түтік тәрізді немесе екі ерінді 5 мүшелі.Күлтесі барлық уақытта 5 мүшелі. Андроцейі күлтенің трубкасына бекінген 4 аталықтан тұрады, оның 2 ұзын, 2 қысқа болады. Андроцейі 2 аталықтан тұратын туыстары да болады. Гинецейі барлық уақытта 2 біріккен жеміс жапырақшаларынан тұрады. Гүл түйіні жоғарғы 4 ұялы әр ұяда 1-ден тұқымбүрі болады. Аналықтың мойны біршама ұзын болады және екі жақтаулы аналық ауызымен аяқталады. Ақтау қалақайдың (яснотка белая — Lamiumalbium) гүлінің формуласы : Cа(5), Со(2.3), А2.3, Се(2). Жемісі 4 жаңғақшаға бөлінеді. Тауқалақайлар тұқымдасына жататын өсімдіктер бойында көп мөлшерде иіс шығаратын эфир майының болуына байланысты парфюмерия өндірісінде, тамақ өнеркәсібінде, медицинозда қолданылады.