Дейтериомицеттердің биологиялық ерекшеліктері

Түрлерінің жалпы саны 300 мыңдай. Гифалары мүшеленген. Көбеюі конидилері арқылы жүзеге асады. Жыныстық жолмен көбеймейді. Бұлар паразиттер мен сапрофиттер. Көптеген түрлері табиғатта аса кең тараған. Жетілмеген саңырауқұлақтар көп жағдайда ауыл шаруашылық дақылдарын ауруға шалдықтырады және оларды өлуге әкеліп соқтырады.

Классификациясы. Жетілмеген саңырауқұлақтардың классификациясы конидия сағақтарының орналасуымен мен конидилерінің формасына негізделген. Бұл түрлерінде конидия сағақтарының орналасуымен конидийлерінің формасына негізделген. Бұл түрлерінде конидия сағақтары жалғыздан орналасып, онша үлкен болмайтын шоқ түзеді. Оны кореми деп атайды, Екінші бір түрлерінде конидия сағақтары жалғыздан орналасып, онша үлкен болмайтын жоқ түзеді. Оны кореми деп атайды. Екінші бір түрлерінде гифалары матасып жапырақтың үстінде ложе немесе строма деп аталынатын құрылым түзеді. Үшінші бір түрлерінің конидиилері шар тәрізді немесе сопақтау болып келген, жоғарғы жағында тесігі бар қуыстың пекнидидің ішінде орналасады.