Базидиомицеттер класы — Basidiomycetes

Түрлерінің жалпы саны 30 мыңдай. Мицелийлері көлденең перделері арқылы бірнеше бөліктерге бөлінген гифалардан тұрады. Жыныссыз көбеюі конидийлер арқылы жүзеге асады, бірақ сирек болады. Жыныстық процессі екі гаплоидты гифаның бөліктерінің қосылуы арқылы жүзеге асады. Арнайы жыныстық органы болмайды. Гетероторальды түрлерінің мицелийлерінің қарама – қарсы белгілері бар (. және) особьтарының гифалары қосылады. Бұл жағдайда дикариондар түзіледі. Олардың ядролары синхронды бөлінеді.

Жыныс процесі дикарионның ядроларының қосылуымен мейозбен және төрт базидиоспорасы бар базидийдің түзілуімен аяқталады. Құрылысы жағынан базидийлер әртүрлі болады. Холобазидия жекелеген бөліктерген, гетеробазидия екі бөліктен тұрады : төменгі кеңейген (гипобазидия) және гипобазидияның өсіндісі болып табылатын үстіңгі бөліктен (эпибазидия).

Эпибазидия көп жағдайда екі немесе төрт бөліктен тұрады және олар бірқатар түрлерінде гипобазидиядан көлденең перделері арқылы бөлініп тұрады. Мұндай күрделі базидияны гетеробазидия деп атайды. Базидийдің үшінші түрі фрагмобазидия көлденең перделері арқылы төрт бөлікке бөлінген болады. Фрагмобазидия қалың қабықшалы телиоспора деп аталатын клеткалардан пайда болады оларды телобазидия деп атайды.

Өмірлік циклдары. Базидиомицеттердің өмірлік циклінде дикарионды фаза басым болып келеді, гаплоидты, диплоидты фазалары өте қысқа. Көптеген түрлерінің базидиоспоралары формасы мен мөлшері әртүрлі болып келетін жемісті денелерінде түзіледі. Жемісті денелері борпылдақ өрмекшінің торы тәрізді тығыздалған киіз тәрізді ағаш тәрізді қатты болып келеді. Гимений қабаты көп жағдайда жемісті дененің төменгі жағында орналасады. Ол базидийден, парафизден және цистадан тұрады. Цистада – гимениальды қабаттың үстінен көтеріліп көрініп тұратын парафиздерге, басқа мүшелеріне қарағанда біршама үлкен болады. Жемісті дененің гимений түзетін бетін гименифора деп атайды. Ол жылтыр, жоғарғы деңгейде жетілгендерінде формасы тікенек, пластинка, түтікше тәрізді болып келеді.

Классификациясы. Базидиальды саңырауқұлақтар үш класс тармағына бөлінеді: халобазидиомицеттер, гетеробазидиомицеттер, гетеробазидиомицеттер, телиобазидиомицеттер. Осы үш кластың ішіндегі маңыздысы және табиғатта кең таралғандары халобазидиомицеттермен телобазидиомицеттердің өкілдері.