Қыналар – LICHENOPYTA бөлімі

Қыналардың 20 мыңнан астам түрлері белгілі. Құрылысы. Бұл комплексті симбиотикалық организмдер. Олар екі компоненттен тұрады : балдырдан және саңырауқұлақтан. Балдырлар организмінің өміріне қажетті углеводтарды синтездейді, олар талломда лихенин түрінде жинақталады. Ал сңырауқұлақтың гифалары организмге қажетті суды өз бойына сіңіреді және тұрақтандырады.

Қыналардың талломы саңырауқұлақтың матасқан гифаларынан және олардың арасында орналасқан жасыл немесе көк – жасыл балдырлардан тұрады. Талломның екі түрі болады : гомомерлі және гетеромерлі.

Талломның бір жерінде балдырлар басым болса, екінші жерінде саңырауқұлақтың гифалары басым болады. Талломның балдырлар басым болып келетін қабатын гонидиалды қабат деп атайды. Қыналардың өзін құрайтын компоненттерінде биологиялық ерекшеліктері болады. Мысалы, қыналар балдырлар мен саңырауқұлақтар өспейтін жерде өсе алады. Сонымен қатар жар тастардан, топырақтың бетінен, ағаштың діңдерінен кездестіруге болады.Әсіресе тундрада олар көптеген территорияны алып жатады.Қыналар ұзақ уақыттар бойы сусыз өмір сүре алады.Талломдарының формаксына қарай қыналарды үш морфологиялық типке бөледі : қаспақты,жапырақты, бұталы.

Көбеюі. Қыналар тек вегетативтік жолмен көбейеді. Жыныстық және жыныссыз көбеюлері қыналардың компоненттерінің тек біреуінде саңырауқұлақтарда ғана болады.

Шаруашылықтағы маңызы. Қыналардың халық шаруашылығында маңызы зор. Олар солтүстік бұғыларының азығы. Классификациясы.Қыналар төрт класқа бөледі : фиколихенес класы, қалталы қыналар класы, базидиалды қыналар класы, дейтеролихенес класы.