ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР ҮШІН ЯДРОЛЫҚ СЫНАҚТАРДЫҢ ЗАРДАПТАРЫ

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқына «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауында: «Егеменді дамудың 22 жылында барша қазақстандықтарды біріктіретін, ел болашағының іргетасын қалаған басты құндылықтар жасалды. Бұл – еліміздің ұлттық қауіпсіздігі және бүкіләлемдік, өңірлік мәселелерді шешуге жаһандық тұрғыдан қатысуы. Осы құндылықтар арқасында біз әрдайым жеңіске жеттік, елімізді нығайттық, ұлы жетістіктерімізді еселедік. Жаңа Қазақстандық Патриотизмнің идеялық негізі осы мемлекет құраушы, жалпыұлттық құндылықтарда жатыр» деп атап өтті [1].

2009 жылы 19 маусымда Қазақстан Республикасы «Невада-Семей» антиядролық қозғалысының 20 жылдығын және Семей ядролық полигонындағы сынақтар тоқтатылуының 20 жылдығын атап өтті. Халықпен бірге осы күнді Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев атап өтті. Полковничий аралында Семей полигонындағы «Өлімнен күшті» атты ядролық сынақ құрбандарына арналған мемориал бар, сол жерде полигонның жабылуының 18 жылдығына арналған және Қазақстан аумағындағы ядролық соғыстың аяқталуына арналған халықаралық митинг өтті.

«Жиырма жыл бұрын осында, Семей жерінде әлемдегі аса ірі полигондардың бірінде соңғы ядролық жарылыс болып өтті. Ядролық сынақтарды тоқтатуға «Невада-Семей» халықаралық қозғалысы белсенді жәрдемдесті. Шынайы бүкілхалықтық күш-жігердің нәтижесінде 1989 жылы Семей полигонында жоспарланған 18 ядролық сынақтың 11-ін тоқтата алдық. Біздің жерімізде барлығы 456 ядролық сынақ өткізілсе, олардың жиынтық қуаты Хиросимаға тасталған атом бомбасының қуатынан 2,5 мың есе артық еді. Біздің халқымызға келтірілген орны толмас залалды әлі күнге дейін сезінудеміз. Барлық қиындықтарға қарамастан, мемлекет ешқашан өз азаматтарын олардың проблемаларымен бетпе-бет қалдырған емес. Осы мақсаттарға 34 миллиард теңгеге жуық қаржы көзделген. Бұл қаржы Шығыс Қазақстан облысында онкологиялық аурулар бойынша медициналық кластерді құруға жұмсалады.

Семей полигонының төңірегіндегі экологиялық апатқа ұшыраған аймақ қана 300 мыңнан астам шаршы шақырымды алып жатыр. Қазақстанның Германия аумағына барабар аумағының оннан бірі бөлігі уланған, құла дүзге айналып, жүздеген ядролық жарылыстар оған жазылмастай жарақат салды.

Біз сондай-ақ халықты және Семей өңірінің экологиясын нәрлендіруге қосқан үлестері үшін шетелдік әріптестерімізге ризашылық білдіреміз. Өкінішке орай, Қазақтан өнегесіне ергендер аз болды. Жуырда Солтүстік Кореяның ядролық сынақ өткізуі, Иран ядролық бағдарламасы төңірегіндегі қарама-қайшылықтар, екі ядролық державаның – Үндістан мен Пәкістанның көп жылдардан бергі қарсы тұрушылығы – осының бәрі бүгінде әлемдік тепе-теңдіктің қандайлық шетін болып отырғанын тағы да көрсетіп берді. Өз әріптестерімен бірлесіп, Қазақстан алдағы кезде де ядролық қарусыз дүние жолындағы жаһандық қозғалыс қаруға бар күш қуатын жұмсайтын болады.

29 тамызды, осыдан 18 жыл бұрын ядролық полигон жабылған күнді Жаппай қырып-жою қаруынан бас тартудың Бүкіләлемдік күні деп жариялау бастамасы назар аударуға тұрарлық деп санаймын. Біз бұл ұсынысты Біріккен Ұлттар Ұйымының қарауына ендіруге әзірміз» – деп атап көрсетті Н.Ә. Назарбаев [1, 2 б.].

Семей ядролық сынақ полигонын құру туралы шешім 1947 жылы 21 тамызда қабылданған. Ядролық сынақ 1949 жылдан 1989 жылдар аралығында өтті.

ҚР Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар үш облыс аумағында орналасқан, сынақ алаңы 18500 км., периметрі шамамен 600 км алып жатыр.

Бұрынғы Семей облысы бойынша полигон алаңы 10 000 км жерді алып жатыр.

1949-1989 жылдар аралығында Семей полигонындағы ресми деректерге сәйкес 456 ядролық сынақ, соның ішінде 8-і – ауада, 30-ы – жердің үстінде және 340-ы – жер астында болды. Қоршаған ортаға атмосферада сыналған және 1949–1962 жылдар аралығында жүргізілген ядролық сынақтар орасан шығын әкелді.

Семей полигонынан басқа, Батыс Қазақстан және Атырау облысы шекарасында Нарын өңірінде 3 сынақ полигоны болды: Азғыр атом полигоны, Мемлекеттік Жазғы-сынақ орталығы және Мемлекеттік орталық полигоны (соңғы екеуі Ресей кешеніндегі Капустин Ярға тиесілі, қазіргі уақытта да қолданыста). Осы полигондар аумағында 29 ядролық жарылыс жүргізілді (18 жер асты, 11 атмосфералық). Зерттеулер мақсатында тағы да 10 ядролық жарылыс жүргізілді: 6 — Қарашығанақта, 3 – Маңғыстау облысында және 1- Ақтөбе облысында.

1966-1979 жж. аралығында Азғыр атом полигонында 10 алаңда 17 ядролық жарылыс жүргізілді. Жарылыстар нәтижесінде жалпы көлемі 1,2 млн.м болатын 9 жер асты жолағы және диаметрі 600 метр бір жасанды көл пайда болды. Бірінші жарылыс 300 тұрғыны бар Азғыр кентінен 1,5 км жерде 165 метр тереңдікте жүргізілді. Жарылыс ұңғымасынан 20 күн бойы қосынды радиоактивтілігі 190 мың Ku болатын газ шықты.

Келесі жарылыстар кезінде газ шығарындысы 11 айға дейін жалғасты.

Полигон 80-жылдардың өзінде де жабық болатын. Алайда Азғыр полигоны аймағындағы радиациялық ахуал тұрақты емес, ластануы жеткілікті биік.

Ядролық жарылыстардан кейін қалған жер асты қуыстары қатты ластанған биологиялық қауіпті радиоактивті заттарды сақтау үшін «зираттар» ретінде пайдаланылады. Олардың кейбіреуі су деңгей жиектерінен тұз ерітіндісімен толтырылды және осы уақытқа дейін өз радиоактивтілігін сақтайды. Бұл ретте ластанған топырақ көлемі 24000 м құрайды.

Капустин Яр ракеталық-ғарыштық полигон Ресейде Астрахан облысында орналасқан және Батыс Қазақстан мен Атырау облыстарына жазғы сынақ полигоны түрінде енеді, бұл 3 млн.га астам жерді алып жатыр. Атмосферада 11 ядролық жарылыс жүргізілді, 24000 зенитті-басқарылатын ракета іске қосылды және жарылды, 177 қару үлгісі сыналды. Әрқайсысының массасы 50 тонна болатын СС-20 типтес 619 ракета жер үсті жою барысында атмосфераға улылығы жоғары шамамен 30 мың тонна заттар шығарылған.

Радиациялық және улы ластануға мына аудан аумақтары ұшырады:

Қызылқоға, Қаратөбе, Тайпақ. Орда және Жаңақала аудандарының тұрғындары және табиғат кешені бірнеше жылдар бойы Азғыр және Тайсойған полигондарының қиылысқан әсерлеріне ұшырады (жер үсті ядролық жарылыстар әсері және алыстығы орташа лақтырылатын ракеталардың гептил шлейфтері). Сағыз өзенінде және Миялы кентіндегі құдық суларының ауыр металдармен ластануы ШРК асып кетеді: таллий бойынша – мың рет, кадмий – 20 есе, қорғасын – 10 есе, мыс – 10-15 есе артық, фтор – 1,5-4 есе артық [3, 56 б.].

Никель, қалайы, мырыш, кобальт, күміс, қорғасынның өсімдіктердегі құрамы сындарлы деңгейден асып кетеді.

Радиациялық ластану – иондаушы сәуле шығару әсерін тудыратын физикалық ластану түрлерінің бірі, оның көздері осындай сәуле шығару құрылғылары немесе радиоактивтілікті меңгерген кейбір химиялық заттар болуы мүмкін, яғни осы химиялық элементтердің атомдық ядроларының қабілеттілігі, иондаушы сәуле шығаруды шығара отырып, олардың изотоптарының өздігінен еркін ыдырауы мүмкін.

Қазіргі уақытта мамандардың ұйғарымы бойынша Қазақстан аумағындағы радиоактивті ластанудың жалпы деңгейі Чернобыль АЭС апаты нәтижесінде зардап шеккен аумақтарға қарағанда 1,5 есе жоғары.

Жер үсті ядролық жарылыстары ауада жарылған жарылыстарға қарағанда үлкен әсерін тигізді.

Атмосфералық сынақтар нәтижесінде радиоактивті материалдың бір бөлігі сынақ алаңынан алыс емес жерге түседі, қандай да бір бөлігі атмосфераның, төменгі қабатында кідіріп қалады да желмен бірге ұшады, үлкен ара қашықтыққа орналасады. Ауада орташа алғанда бір ай шамасында бола отырып, радиоактивті заттар осы орын ауыстырулар кезінде жерге біртіндеп түседі. Алайда радиоактивті заттардың бір бөлігі атмосфераға шығарылады (10-15 км биіктікте жатқан атмосфераның қабаты), сол жерде көптеген айларға дейін қалып қояды, жер шарының барлық бетіне баяу түсіп, шашырап тарайды.

Радиоактивті шөгінділер бірнеше жүздеген әр түрлі радионуклидті қамтиды, алайда олардың көпшілігі жылдам ериді.

Қазіргі кезде Ұлттық ядролық орталық деректері бойынша Семей полигонында жер асты ядролық жарылыстар кезінде бөлу өнімдерін шоғырлаумен және оларды топырақ бетіне еріген қар суларымен және көшкін суларымен шығарумен байланысты аумақтың ластануының екінші реттік әсерлері байқалуда.

18.12.1992 жылғы азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы Заңда

полигонның қызмет ету нәтижесінде радиациялық әсерге 1,2 млн. адам ұшырады. Олардың бір бөлігі Шығыс Қазақстан облысында – 1,1 млн., 0,048 млн. – Қарағанды облысында және 0,052 млн. – Павлодар облысында тұрады.

Семей өңірі полигонның әсерін сипаттайтын аурулар мен денсаулық жағдайының негізгі көрсеткіштері бойынша аймақтағы қолайсыз аудандардың бірі болып қалуда. 1989 жылдан бастап тұрғындардың денсаулық жағдайына кешенді зерттеу жүргізіліп келеді, Семей қаласында радиациялық медицина және экология ҚазҒЗИ ашылды және Курчатов қаласында емдеу-диагностикалық орталығы ашылды.

Полигон аумағында Ұлттық ядролық орталығы мекемелерімен радиоэкологиялық ахуалды нақтылау және оның тұрғындар денсаулығына әсерін бағалау бойынша зерттеулер жүргізілді. Бұл материалдар БҰҰ 53 Ассамблеясы резолюция және ССЯП өңіріндегі тұрғындарды сауықтыру жобасын даярлау кезінде пайдаланылды.

ССЯП ядролық сынақты сынау нәтижесінде Қазақстан халқының денсаулығына залал келтірген шығындарды бағалау жүйесі түпкілікті әлі шешілген жоқ. Сәулеленудің қосынды дозасына және сәулеленуге ұшыраған контингент санын негізге ала отырып, аурудың жекелеген нозологиялық түрлеріне және демографиялық ахуалға әсер етудің мүмкін көрсеткіштерін талдау арқылы халық денсаулығына жүргізілген ядролық сынақтардың келеңсіз әсерінің қатерін бағалауға мүмкіндік беретін әдістеме бар.

1992 жылдың мамырында 52605 орындалған есептелген эквивалентті дозалық жүктемелер және ҚР Экология және биоресурстар министрлігі ұйымдастырған комиссия қабылдаған негізде Семей өңірінің 711 елді мекенінде сәулеленудің тиімді дозасы 0,10 бэр тең жылдық нормадан асып түсті. Максимум тиімді доза 448 бэрден асып түсті [3, 28 б.].

Республикалық СЭС есептеулері бойынша ССЯП өңірінде атмосферадан сынақ мерзімі ішінде тұрғындардың алған ұжымдық дозасы шамамен 100 мың адамды құрайды, ал бұл 100 мыңдаған адам өмірін қиды.

Бұдан басқа, сәулеленудің шағын дозасы алшақ әсерлерді тудырады, жеке индивидумда тексеру мүмкін емес, бірақ ұжымдық доза бойынша олардың шығаруын жобалауға болады. Болжамдалған әсерлер ретінде бүгінгі күні қатерлі ісіктер және іштен туа біткен аурулар танылған. Шағын доза иммунитет жүйесіне қысым түсіреді, халықтың сәулеленуге ұшыраған тобының және оның ұрпақтарының иммунитетін азайтуға, барлық патогенді факторлардың әрекет етуіне, ауруға шалдығуына келеді. Бұл барлық нозологиялық пішіндер және демографиялық көрсеткіштердің нашарлауы бойынша ауру түрлерінің өсуіне әкеледі.

Шығыс Қазақстан облысының Абай, Абыралы, Бесқарағай және Жаңа семей аудандары тұрғындарында қан аздығы жағдайының жоғары жиілігі белгіленген. Қан аздылыққа көбінесе кішкене сәби балалар, соның ішінде жасы үшке дейінгі сәбилер барынша жиі ұшырайды.

Семей өңірінде жүйкенің тозуы және басқа психикалық ауру түрлерінің жиілігі тым жоғары.

Азғыр кентінің тұрғындары арасында орташа облыстықпен салыстырғанда ауру түрлері жоғары: туберкулез бойынша – 608 есе артық, эндокринді ауру – 19 есе, асқазан жарасы ауруы – 16 есе жоғары. Өмір сүру ұзақтығы өте қысқа, ауру санының жалпы өсімі өршу үстінде.

Осылайша, Қазақстан өз аумағындағы геологиялық құрылыс ерекшеліктерінің күшімен, табиғи уран және көмірсутекті ресурстарымен, сондай-ақ бұрынғы КСРО жүйесінде ядролық сынақтарға арналған әскери өнеркәсіптік кешендер мен полигондардың шикізат базасы ретінде әлемдегі бірде бір мемлекет ХХ ғасырдың ұлы жаңалығы – радиоактивтілік қатынасында бай және қайғылы тәжірибе жинақтады. Еліміз аумағының бір бөлігі ластанған табиғи және жасанды радионуклидтер болып табылады [4, 8 б.].

Бүгінгі күні мемлекет үшін ең басты проблема аумақты ластанған радионуклидтерден сауықтыру және радиоактивті қалдықтарды пайдаға асыру және көму проблемалары болып табылады. Оларды шешу әлемдік қауымдастықтың қатысуынсыз мүмкін емес. Сонымен қатар, Қазақстанда қалыптасып қалған радиоэкологиялық ахуал радиоэкологиялық зерттеулердің кең шеңберін жүргізу үшін және олардың нәтижесін нақты іске асыру үшін бірегей мүмкіндікті ұсынады.