Жасыл балдырлар бөлімі

Түрлерінің жалпы саны 15 мыңдай. Негізінде тұщы суларды, теңіздерде, ылғалды топырақтарда, ағаштар діндерінде, дуалдарда кең таралған өсімдіктер. Клеткалары бір ядролы, көп ядролы болуы да мүмкін. Пигменттеріне хлорофилл, каротиноидтар жатады. Артық қор заттарына крахмал және шыны майы жатады. Вегетативті, жыныссыз, жыныстық жолдармен көбейеді.

Классификациясы. Бес топқа бөлінеді: вольвоксты балдырлар класы (Volvocophyceal), протококты балдырлар класы (Рrotococcophyceay), улотриксті балдырлар класы (Ulotrichophyceal), сифонды балдырлар класы (Siphonophyceale) тіркеспелі немесе конъюгациялы балдырлар класы. (Conjiuqatophyceal).

Вольвоксты балдырлар класы – Volvocophyceae. Балдырлар класына жасыл балдырлардыңең қарапайым өкілдері жатады. Вольвоксты балдырлардың басым көпшілігі бір клеткалы организмдер, сонымен бірге колониялы формалары да болады. Шалшық сулардың немесе кішілеу көлшіктердің беттері жасыл бояуға боялған кездерде мұнда ең жиі кездесетін хламидомонада болады екен. “Хламидомонада” деген сөзді грек тілінен аударар болсақ, сыртқы қабықшамен қапталғант қарапайым организм деген ұғымды білдіреді. Хламидомонада тек микроскоппен қарағанда ғана анық байқалатын бір клеткалы жасыл балдыр. Ол жасыл түсті, құрамында бүткіл клеткаға жасыл өң беретін хлорофилл бар. Клетка қабықшасы арқылы хломидомонада судан минералды заттар мен көмірқышқыл газын бойына сіңіреді. Суды зиянды қоспалардан тазартады. Хламидомонада жыныссыз жолмен көбеюі оның жазда қолайлы жағдайларда бөлінуі арқылы жүзеге асырылады. Жыныстық жолмен көбейгенде клеткасынан мөлшері жағынан бірдей бірнеше зооспораға ұқсас ұсақ гаметалар пайда болады. Гаметалар суға шығып, екі – екеуден қосылады. Бұл жағдайда зигота түзіледі.

Протококты балдырлар класы – Protococcophyceae.

Протококты балдырлар класына негізінен бір клеткалы, сиректеу колониялы организмдер жатады. Тек қарапайым жіп тәрізді және пластинкалы формалары ғана көп клеткалы болып келеді. Біл клеткалы жасыл балдырлардың ішінде кең тарағандарының бірі хлорелла (Chlorella) . Ол тұщы суларда және топырақта көптеп кездеседі. Хлорелланың клеткалары ұсақ, шар тәрізді, тек микроскоппен қарағанда ғана жақсы көрінеді.Хлорелланың клеткасының сыртын жылтыр қабықша қаптап тұрады, оның астында цитоплазмасы мен ядросы орналасқан, ал цитоплазмасының –жасыл хроматофоры болады.

Хлорелла қозғалмайтын автоспоралары арқылы өте тез көбейеді және өзін қоршаған ортадан органикалық заттарды белсенді түрде сорып отырады. Сондықтан да оны лас суларды биологиялық жолмен тазартуға жиі пайдаланады. Космос корабльдеріндегі және сүңгуір қайықтардағы ауаның тұрақты және қажетт құрамын сақтап тұруға аса қажет. Соңғы кезде хлорелланың өндірістік мақсатта өсіруге бағытталған тәжірибе жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Улотриксты балдырлар Ulothrichophyceae.

Улотриксты балдырлар клсына талломның құрылысы жіп тәрізді немесе пластинкалы болып келетін жасыл балдырлар жатады. Ағын сулы өзендердің астындағы тастарда және шіріген ағаштардың қалдықтарында жабысып тұрған ашық көк түсті жіптердің жиынтығын көруге болады. Ол көп клеткалы жасыл балдыр улотрикстың клеткаларының бөлінуінің нәтижесінде жіптер ұзарып өсіп отырады. Улотриксте фотосинтез процессінің нәтижесінде қоректік, органикалық заттарды өзі синтездейді және судан органикалық заттарды сорып қабылдайды. Жыныссыз көбеюі сопақша болып келген төрт талшықты зооспоралар арқылы жүзеге асады. Қолайлы жағдайда зигота бөлініп, одан төрт қозғалмайтын клетка спора түзіледі. Олардың әрқайсысы су астына шөгіп, жаңа жіп тәрізді балдыр улотриксқа айналады.

Сифонды балдырлар класы –Siphonophyceace.

Бұл класқа жататын балдырлардың басқа жасыл балдырлардан айырмашылығы сол, олардың клеткалық құрылысы болмайды. Сифонды балдырлар өте ертеде жасыл балдырлардың көбінен бұрын пайда болған. Олардың қазіргі кезде өмір сүретін түрлерінің саны көп емес 400-500 түрден аспайды. Сифонды балдырлардың 90% теңізде өседі. Негізгі өкілдерінің бірі каулерпа туысы. Бұл Жерорта теңізінде жиі кездесетін талломының ұзындығы 1м жететін балдыр. Нағыз жыныссыз көбеюі жоқ, кейде талломының бөліктері арқылы вегетативтік жолмен көбейеді. Жыныстық процессі изогамиялы.

Тіркеспелі балдырлар класы – Conjugatophyceae.

Тіркеспелі бюалдырлар класына негізінен микроскопиялық жасыл балдырлар жатады. Түрлерінің жалпы саны 4700 – дей болады. Олардың көбісін десмидиялылар қатары түзеді. Талломы көп клеткалы жіп тәрізді немесе бір клеткалы талшықсыз болып келеді. Жыныстық процесі тіркесу арқылы жүреді. Зооспоралары мен гаметалары болмайды.

Негізгі өкілдерінің бірі ткөп клеткалы жіп тәрізді балдыр спирогира туысы (Spiroqira). Ол сыртқы кілегеймен қапталған ашық көк түсті матасқан жіптердің жиынтығы түрінде ақпайтын немесе жай ағатын сулардың қабаттарында жүзіп жүреді, немесе судың түбінде салынды түзеді. Спирогираның клеткалары ұзынша созылған цилиндр пішінді болып келеді. Клетка қабықшасы қалың және ол целлюлозадан тұрады. Клетканың ішінде спирал тәрізді бұралған аситаға ұқсас хромотофоры болады. Вегетативті көбею жіптердің үзілуі арқылы жүзеге асады. Жасыл балдырлдардың табиғатта маңызы зор. Олар фотосинтез процессінің негізінде органикалық заттар түзіп судан өз бойына көмір қышқыл газын сіңіреді және оттегін бөліп шығарады. Онымен суда мекендейтін жануарлдар тыныс алады. Жасыл балдырлар шамадан тыс көбейіп кетсе, шаруашылыққа зиян келтіруі мүмкін. Сондықтан каналдарды және көлшіктерді балдырлардан тазалап тұру қажет.

Хара балдырлар бөлімі – Charophyta.

Қазіргі кезде дүние жүзі бойынша хара балдырларының 300 – дей түрі сиптталып жазылған. Талломы күрделі тарамдалған болып келетін үлкен балдырлар. Олар көп жағдайда тұщы суларда кездеседі. Су астында ну болып жиі өседі. Жыныссыз жолмен көбеймейді. Вегетативтік көбеюі ризоидтарында пайда болатын түйнектері немесе талломының төменгі бөліктері арқылы жүзеге асады. Жыныстық көбею органдары оогоний мен антеридийелері көп клеткалы.Хара балдырлары жасыл балдырлардың ішіндегі ең жақсы жетілгендіріне жатады. Пісіп жетілген қызғыш – сары түске боялады. Ұрықтанған жұмыртқа клеткасынан зигота түзіледі өмірлік циклы гаплоидты фазада өтеді. Зигота ғана диплоидта.