Төменгі сатыдағы өсімдіктер – Thalloвionta

Төменгі сатыдағы өсімдіктердің вегетативтік денесін таллом деп атайды. Таллом бір клеткалы, калониялы, клеткаланбаған көп клеткалыболады. Олар ұлпаларға және органдарға (мүшелерге) бөлінбейді. Жыныстық жолмен көбею органдары (мүшелері) – оогонилері және антиридилері бірклеткалы болады. Түрлер саны көптігінен бірінші орынды иеелеп, кең таралған.

Төменгі сатыдағы өсімдіктер органикалық және минералды заттармен қоректенеді. Органикалық заттармен гетеротрофты организмдер (бактериялар, саңырауқұлақ, кілегейлілер). Минералдық заттармен автотрофты организмдер (балдыр, қыналар) қоректенеді.

Систематика ғылымы біздің планетамызда кездесетін өсімдіктер түрлерін сипаттап жазып, оларды туыстық топтарға біріктірумен және осы топтардың жүздеген миллион жылдарға созылған эволюциясына жауап беретіндей жүйеде орналастырумен айналысады. Қазіргі кездерде өмір сүретін өсімдіктердің жалпы саны шамамен 500 мыңдай.

Таксондар (систематикалық бірліктер). Өсімдіктерді жекелеген систематикалық топтарға біріктіру (классификациялау) жалпыға бірдей қабылданған таксондар деп аталынатын систематикалық бірліктің негізінде жүзеге асады.

Түр (species) — морфологиялық жағынан ұқсас особьтардың жиынтығы Туыс (qenus) жақын түрлердің жиынтығы.

Тұқымдас (lamilia) – жақын туыстардың жиынтығы.

Бұл таксондардан басқа қосымша такондарда бар. Олар туыс тармағы, тұқымдас тармағы т.б. жатады.

Өсімдіктер дүниесінің жоғарғы таксондарының орналасу реттілігі.

Төменгі сатыдағы өсімдіктер – Thalloвіоnta

І Өсімдіктер дүниесінің клеткаға дейінгі тармағы – Procytoвіоnta.

ВИРУСТАР БөЛІМІ –Virophyta

өсімдіктер дүниесінің талломды, ядроға дейінгі тармағы Thallobionta procaryota.

  1. Дробянкалар бөлімі – Schizophyta
  2. Көк- жасыл балдырлар бөлімі –Cyanophyta

ІІІ. өсімдіктер дүниесінің талломды,ядролы,пластид тармағы (төменгі сатыдағы автрофты өсімдіктер) – Thallobionta Eucaryota.

  1. Жалтырауық сары балдырлар бөлімі — Chrysophyta
  2. Сары- жасыл немесе әртүрлі талшықты балдырлар бөлімі – Хаnthophyta
  3. Диатомды балдырлар бөлімі – Diatomophyta
  4. Пирофитті балдырлар бөлімі – Pirrophyta
  5. Эвгленалы балдырлар бөлімі – Enqlenophyta
  6. Қоңыр балдырлар бөлімі – Phaeophyta
  7. Қызыл балдырлар бөлімі – Rhodophyta
  8. Жасыл балдырлар бөлімі – Chlorophyta
  9. Хара балдырлар бөлімі – Choropyta
  10. 10. Қыналар бөлімі – Lichophуta
  11. IV. өсімдіктер дүниесінің талломды, ядролы, пластидтері жоқ (төменгі сатыдағы гетеротрофты өсімдіктер) тармағы – Thallobionta aplfstidae
  12. Кілегейлілер – Myxophyta
  13. Саңырауқұлақтар – Mycophyta