Жарақат алғандарға көрсетілетін алғашқы медициналық көмек

Зақымдалған ошақтағы жұмыс кезінде жеке қорғаныс құралдары жұмыс істеушілерді толық қорғауға тиіс.

Радиоактивтік шаңмен зақымдалған малды тазалау кезінде мақта-қағаз комбинизонын пайдалануға болады, оған үзын резиналық фартук, резина етік пен қолғап киіледі.

Мал мен өсімдіктерді қорғау қызметі бөлімшелерінің жеке құрамы жеке дәрі-дәрмек қобдишасымен (АИ-2) қамсыз д андыр л ады.

Химиялық зақымдау ошағында резина мен комби-низон немесе резиналы қорғаныс костюмін және рези-налы етік пен қолғапты киеді.

Зақымдалған аумақта тамақ пен су ішуге темекі тартуға, отыру мен жатуға теріні, тыныс алу орган- I дарының қорғаныс қүралдарын шешуге, қорғаныс киімінің түймесін ағытуға рүқсат етілмейді.

Жұмыс аяқталып, зақымдау ошағынан шыққаннан кейін бөлімшелердің жеке құрамы міндетті түрде санитарлық тазалаудан өтуге, ал киім мен аяқ-киім, қорғаныс құралдары залалсыздандыруға тиіс.

Адамдардың эпидемиялық аурулары

Қазақстанның ұланғайыр аймағында әр түрлі климаттық-географиялық сипаттамалардың әр түрлілігіне орай обаның, туляремияның табиғи ошақтары дамыған, көптеген елді мекендерді гигиеналық жағдайдың төмен-дегенінен ерекше қауіпті және басқа да жүқпалы ауру-лардың таралуына барлық алғы шарттар жасалған.

Қазақстанда іш сүзегі, дизентерия және басқа да ішек аурулары, түмар, көкжөтел, қызылша, полиомелит, бруцеллез, туберкулез, мидың қабынуы, вирустық гипатит, сүзек, безгек, көтеріліп ауру, тыныс жолдарының вирус-тық инфекциялары және т.б.тіркелген.

Алматы, Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыс-тары бүл аурулар бойынша аса жағымсыз аймақ болып қалып отыр.

Қазақстан аумағында, атап айтқанда, Атырау мен Қызылорда облысында обаның белсенді табиғи ошағы орналасқан, оны таратушылар кішкентай кіші сарышұ-нақ, май тышқаны түрлері болып табылады.

Тырысқақ Оңтүстік Қазақстан облысында, әсіресе, Өзбекстанмен шекаралас аудандар, сондай-ақ Алматы облысында байқалады. Көптеген тірі организмдерден арасында микроскопиялық нысандар немесе микро-организмдер ерекше орын алады. Адам үшін пайдалы микроорганизмдермен қатар

хайуанаттар мен өсімд-іктерде, адамдарға ауру тудыратындары да кездеседі, олар ауыл шаруашылығында, тамақ өнеркәсібінде, медицинада пайда болады.

Эпизоотия мен эпифитотия.Қазақстан Республикасында хайуанаттардың эпизо-отиялық аурулардың мынадай түрлері таралған: бру-целлез, туберкулез, шешек, қүтырғандық, қанды безгек, аусыл, лептоспироз.

Соңғы жылдары республикаға сырттан ет өнімдерінің өкелу келемі үлғайды, шекаралас елдерде эпизоотиялық ахуал нашарлады және шекараның ашық жағдайында бүл республиканың ветеринарлық ахуалына жағымсыз ықпал етті.

Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Ақтөбе облыстарында шешек етек алды.

Өсімдік аурулар арасында тозу және сенториоз инфекциясы қауіпті болып отыр, ол Солтүстік Қазақ-станда кездеседі және осы аурулардың таралу ауқымы-ның кеңеюіне түрткі болып отыр.

Қазіргі уақытта республиканың көптеген облыста-рында шегірткелердің пайда болу қауіпі сақталуда, олар егістіктер мен жайылымдарға айтарлықтай зиян келтіре алады.

Канализация желілері мен ғимараттардың санитар-лық-техникалық деңгейі төмендей түсуде. Көшелерде, автомобиль жолында, жылдам бүзылатын азық-түлікті сату тәртібін бүзу да жүқпалы аурудың таралуына жол ашып отыр.