Кластармағы Архозаврлар. Систематикалық шолу

Дүние жүзінде бауырымен жорғалаушылардың ғылымға 6600 түрі белгілі: алашқы кесірткелер — 1, тасбақалар — 230, крокодилдер – 22, кесірткелер – 3900, жыландар – 2500. Саны жағынан омыртқалылардың ішінде құстардан кейінгі екінші орында бауырымен жорғалаушылар.

Класс тармағы алғашкы кесірткелер (Prosauria).

Ертеде тіршілік еткен және топтың өкілі — Гаттерия. Ол қазіргі кезде тек қана Жаңа Зеландия аралдарында сақталынып қалған. Гаттерия түнде тіршілік ететін жануар. Ол сырт жағынан қарағанда үлкен кесірткеге ұқсайды. Дене түрқы 60 см. Денесі (басы мен кеуде бөлімі) ұсақ дән тәрізді қабыршақпек қапталған. Олар мұхит құстары альбатростардың індерін пайдаланады, бірак гаттегилер олардың балапандарына, жұмыртқаларына тимейді. Гаттерилер насекомдармен, құрттармен және ұлулармен қоректенеді. Көктемде және ноябрь айларында көбейеді.

Жұмыртқаларын жерді қазып, шұңқырға салып, содан кейін топырақпен жауып тастайды. 8-17 жұмыртқа салады. Жұмыртқаның дамуы климаттық жағдайға байланысты ұзақ дамиды. Жалпы жұмыртқаның дамуы 12-14 айға созылады. Жыныстық жетілуі 20 жылға созылады. Жаңа Зеландия аралына адамдардың келуіне байланысты гаттерияларды өлтіріп, жойып жіберуге жақындады. Оларды сақтап қалу үшін арнайы қорғайтын заң шығып құрып кету қаупін жойды.

Класс тармағы Тасбақалар (Сһеlоnіа)

Басқа бауырымен жорғалаушылардың негізгі айырмашылығы тасбақаның денесі арқа (карапакс) және бауыр (пластрон) жағынан қатты сүйекті сауытпен қапталған. Қауіп төнгенде басын, мойнын, аяқтарын, құйрығын осы сауыттың ішіне жиырып алады. Олардың тісі болмайды. Жақ сүйектерінің шеттері өткір болып келеді де, тістің қызметін атқарады.

Қазақстанда тасбақаның екі түрі таралған. Жайық, Ырғыз, Торғай өзендерінің бойында суда тіршілік ететін тасбақалар (болотная черепаха) және Каспий аймағында. Оңтүстік Қазақстан даласында таралған тасбақа бар (среднеазиатская черепаха). Тасбақалардың суды мекендейтіндердің құйрығы ұзын, арқа және бауыр қалқандары қозғалмалы болады, аяқтары жүзуге бейімделген, саусақтарының арасыңда жүзу жарғақтары болады. Қорегі жануарлар тектес азықтар (омыртқасыз жануарлар). Құрлықтағы тасбақалардың арқа қалқаны өте дөңес келеді және ауырлау болады. Құрлықта кездесетін түрлерінің ішіндегі ірілері – піл тасбақалары. Тасбақаның ірі түрлерін тамаққа пайдаланады, мүйізді қалқандарынан неше түрлі бұйымдар жасайды.

Крокодилдер жоғары сатыдағы құрылысты жануарлар тобы. Олардың түріне қарағанда зор кесірткені еске түсіреді. Құрылысы жағынан басқалардан ерекшелеу. Денесі мүйіз қабыршақnармен емес, сүйектеніп кеткен калқандармен қапталған. Жүрек қарыншалары толығымен екіге бөлінген, демек крокодилдердің жүрегі төрт камералы болады, тістері сұтқоректілердің тістері сияқты, алъвеолта орналасқан (жыландар мен кесірткелерде тіс ұялары болмайды). Крокодилдер тамаша жүзгіштер. Олардың артқы аяқтарында жүзу жарғағы болады. Крокодилдер – балықпен қоректенеді, жағада құстарға және андарға шабуыл жасайтын жыртқыштар, Олардың кейбіреуі адамға да қауіпті. Крокодилдердін терісі ірі бұйымдар — чемодандар, портфельдер, және әйелдерге түрлі бұйымдар жасауда пайдаланылады. Қазіргі уақытта олардың саны азайып, табиғаттың “Қызыл кітабына” тіркелген.

Класc тармағы Қабыршақтылар (Squamata)

Бауырымен жорғалаушылардың ішінде түрлерге мейлінше бай және жер бетінде кең тараған осы класс тармағы. Қабыршақтыларға кесірткелер, жыландар жатады. Олар Қазақстан жерінде де көп кездеседі. Кесірткелерге қозғалмалы қабақтың болуы тән, ал жыланның қабақтары мөлдір өзара бірігіп кеткен. Кесірткелердің аяқтары бар, ал жыландарда аяқтары болмайды. Барлығына ортақ белгілер: дене пішіні әртүрлі болатын мүйізді қабыршақтарымен қапталған. Тістері жақ сүйектеріне бекіген. Олардың биоценоздағы ролі зор.

Кесірткелер отряды (Lacertilia). Олардың денесі сопақша, құйрығы ұзын, мойыны денесінен айқын белінген. Аяғы редукцияға ұшыраған, мүлдем болмайтын түрлері де бар (веретеница). Көпшілік түрлерінің құйрықтарын үзіп, қалдыратын автотомия қабілеті бар. Кесірткелер отрадына геккондар, агамалар, ешкіемерлер (кесел), нағыз кесірткелер туыстыққа жататын кесірткелер. Тіршілік ортасы әралуан: ашық дала, шөлді аймақ, орман іші, таулы жерлер т.б. Ұсақ түрлері насекомдармен және басқа омыртқасыздармен қоректенеді, ал ірілеуі (қесел т.б.) ірі жануарларға шабуыл шабуыл жасайды, кейбіреулері өсімдіктермен қоректенеді.

Табиғатта кесірткелер ауыл шарушылығында зиянды насекомдарды жеп пайда келтіреді. Улы кесірткенің бір ғана түрі белгілі – Солтүстік Американың оңтүстігінде тіршілік ететін улы тістілер (ядозуб). Геккондар (Jeckonidae) — Оңтүстік Қазақстан жерінде 6 түрі тіршілік етеді. Шу өзенінің алқабы, Оңтүстік Балқаш маңында онша бекімеген құмдарды мекендейді. Күндіз құмға еніп тығылып жатады да, түнде тіршілік етеді.

Агамалар (Agamidae) — Қазақстанның Оңтүстік бөлігінде 8 түрі тіршілік етеді. Каспийден Алакелге дейінгі аймақта таралған. Шөл далада және тау етектерінде тіршілік етеді. Осылардың өкілі Улы тістілер адамға қауіпті.

Кеселдер (Varanidae) – ұзындығы 4 м (Қазақстанда кездесетіндері – 1,5 м) болады. Қазақстанда Қызыл құм, Сырдария өзенінің оң жақ жиегінің құмдарында бір түрі тіршілік етеді. Тіршілігі күндіз өтеді. Ол өте сирек кездеседі, сондықтан оны Қазақстанның “Қызыл кітабына” тіркеген. Кездессе тимей, қорғап жүріндер.

Нағыз кесірткелер (Lacertidae). Қазақстанда олардың 11 түрі тіршілік етеді. Қауіп төнгенде құйрығын үзіп, қалдырып кететін осы туыстықта кездеседі. Көпшілігі далалы, шөлді тау етегінде, орманды жерлердің топырағы тез қызатын бөлігін мекендейді. Тек қана тірі туатын кесірткелер көлеңкелі, орманды, дысқыл мүктермен жабынған топырақта тіршілік етеді.

Жыландар отряды (Орһіdiа). Өзіңдік ерекшелігі бар омыртқалы жануарлар. Жыландардың денесі мүйізді қабыршақтармен қапталған. Олардың кесірткелерден негізгі айырмашынығы аяқтары болмайды, тері бездері жоқ, төс сүйегі де болмайды. Омыртқаларында кішкене өсіндісі болады, ол омырта тізбегіне ерекше мықтылық беріп оның тез қозғалуын қамтамасыз етеді. Кабағы түссіз мөлдір көзді жауып тұрады, ол көзді әртүрді жарақаттаудан сақтайды. Сондықтан да ол қабақ қақпай қадала қарайды. Ортаңғы құлақ пен дабыл жарғағы болмайды. Мүшелерінің кейбіреуі ұзарған (бауыры, жыныс бездері т.б.), ал қалғандары кішірейген немесе жойылған (сол жақ өкпесі т.б.). Қуығы болмайды.

Жақ сүйектері және онымен байланысатын таңдай, қанат тәрізді сүйектер бірімен-бірі қозғалмалы болып орналасқан. Мұндай ерекшелік ірі жануарларды түгелімен жұтып қоюына мүмкіндік береді. Жыландардың барлығы жыртқыштар, тек кейбіреулері ғана насекомдармен қоректенеді. Жыланның айыр тілі сезім қызметін атқарады. Жыланның жер жүзінде 2500-дей түрі бар, соның Қазақстан территориясына 17 түрі тіршілік етеді. Солардың үшеуі ғана улы жыландар. Оларға кәдімгі сұржылан (обыкновенная гадюка), – дала суржыланы (степная гадюка), бозша жылан (щитомордник) жатады. У жұптанған екі у безінен бөлінеді. Безден бөлінген улар бұлшық еттер жиырылған кезде тіс қуысы арқылы ағып, сыртқа шығады да, тіс кірген жерге құйылады. Сөйтіп адамды немесе жануарды өзінің уымен жарақаттайды. Қазақстанда жиі кездесетін улы жыланның бірі кәдімгі сұр жылан. Ол Республиканың Солтүстігінде және Шығыс Қазақстан облысында орманды және дала аймағында тіршілік етеді. Батпақты, көл және өзен бойларын мекендейді. Тіршілігі күндіз өтеді. Ұрғашы сұр жылан 8-12 бала туады. Қорегі — кеміргіштер, кесірткелер, қосмекенділер, насекомдар. Денесінің ұзындығы 60-90 см. Дала сұржыланы — Қазақстанның барлық жерінде таралған, тек шөлді аймақтарда (Үстіртте, Қызылқұмда, Бетпақаалада, Мойынқұмда жоқ) кездеспейді. Олар әртүрлі жерлерді мекендейді, оның ішінде кел мен өзен жағаларын және бетпақты жерлерді, жусан, ши араларын мекендейді. Жазда іңір қараңғысында, түнде, ал қалған жыл маусымдарында күндіз тіршідік етеді, ұрғашысы 1-6-ға дейін бала туады. Ұзындығы 40-57 см. Қорегі насекомдар мен ұсақ омыртқалы жануарлар. Мал шаруашылығына зияны бар. Бозша жылан немесе қалқантұмсық ордалы жылан қатарына жатады. Қазақстанда кең таралған түрі. Оның Солтүстік шекарасы Батыс Қазақстаннан Шығысқа дейін созылып жатыр, ал Оңтүстікте кез келген жерден көруге болады. Ол топырақты, ұсақ тасты, бұталы өсімдіктер өсетін шөгіндінің және екпе шөптердің арасында тіршілік етеді. Бозша жылан көбіне түнде тіршілік етеді. Күндіз тастың астында, басқа қуыстарға кіріп жасырынын жатады. Ұрғашысы 2-12 дейін бала туады. Қорегі кеміргіштер, кесірткелер, насекомдар. Мал шаруашылығына аздап зияны бар. Қазақстанда улы жыландардан басқа усыз жыландар да кездеседі. Оларға оқ жылан (стрела-змея), жолақ қара шұбар жыланның (полоз) 8 түрі, су жыланның (уж) 2 түрі, құм жыланның (удавчик) 2 түрі, соқыр жылан (червеобразная слепозмейка) жатады.

Орта Азия жерінде улы жыландардың қатарында қара жылан (порза), және кобра бар. Осы улы жыландардың улары адамдардан гөрі үй малдарына қатты әсерін тигізеді. Бірақ олардың зиянынан гөрі пайдасы басым болып келеді. Мысалы, жыландар ауыл шаруашылық егістерінің зиянкестері кеміргіштер және басқа да зиянды жәндіктермен қоректену арқылы пайда келтіреді. Жыланның уы әртүрлі ауруға ем үшін пайдаланылатын дәрілік заттар алудың қайнар көзі. Удың қажеттігі жылдан-жылға артып келеді. Сондықтан улы жыландарды арнаулы питомниктерде (серпентарияларда) өсіруде. Питомниктер – Термезде, Кушкада, Ташкентте, Бішкекте бар. Қазақстанда келешекте Алматы маңында жылан өсіретін Нитомниктер құру көзделіп отыр.