Тыныс алу жүйесі

Тыныс алу жүйесі ағзаның өмірлік маңызы бар қызметтерінің бірі-сыртқы орта мн ағза арасындағы газ алмасуды қамтамасыз етеді.Сондай-ақ иіс сезу және дыбыс шығарып сөйлеу қызметтерін атқарады.

Тыныс мүшелеріне мұрын қуысы,көмекей,кеңірдек,екі бронхы және екі өкпе жатады.Тыныс алу жүйесі екі бөлімнен тұрады: ауа өтетін жолдар және тыныс алу жүйесінің респираторлық бөлімі өкпенің альвеолары. Мұрын қуысы сүйекті негіз бен шеміршектен құралған. . Мұрын қуысының төрт қабырғасы бар: ол-жоғарғы,төменгі және екі бүйір қабырғалары.Жоғарғы қабырғасы сүйектен, екі бүйірі шеміршектерден тұрады.

Мұрынның пердесі мұрын қуысын екі бөлікке бөліп тұрады.Бұл жерде оның сүйекті де шеміршекті де бөліктері болады. Мұрынның төменгі қабырғасы таңдай және жоғарғы жақ сүйектерінен құралған. . Мұрынның қуысының ішкі беті кілегейлі қабатпен қапталған. Мұрынның кілегейлі қабатында қан тамырлары көп болады.Мұрын қуысы көп қабат кірпікті эпителиймен қапталған. Эпителий қабатында көптеген колба тәрізді бездер бар.Олар секреттерімен қылшықтарды ылғалдандырып тұрады.Соның әсерінен мұрын қуысына кірген шаң тозаңдар ұсталынып қалып отырады.

Мұрын қуысында ауа жылынып ,тазаланып өтеді.Ауа жүретін жолдары:жоғарғы,ортаңғы,төменгі мұрын қолқандары. Мұрын қуысына маңдай сүйегінің қуысы, сына сүйегінің және тор сүйегінің қуыстары жалғасып жатады. Мұрын қуысы тыныс және иіс сезу бөлімдеріне бөлінеді, иіс сезу мүшесі –иіс сезу жасушалары рецепторлары жоғарғы мұрын қуысында орналасқан.

Мұрын қуысы арқылы ауа мұрынның артқы тесіктеріменәуелі жұтқыншаққа одан әрі көмекейге өтеді.

Көмекей-тыныс жолы әрі дыбыс шығаратын негізгі мүше болып табылады. Көмекей4-6-шы мойын омыртқалар тұсыында жоғарғы жағынан тіласты сүйекке , алтөменгі жағынан кеңірдекке жалғасып жатады. Көмекейдің қалқандық қыры тері астында білініп тұрады. Көмекей серпімді және гиалинды шеміршектерден тұрады

Тақ шеміршектерге қалқан шеміршек,сақина тәрізді шеміршек,көмекей қақпағы жатады.

Жұп шеміршектері:қалақша тәрізді,мүйіз тәрізді,( қалақша үстінде) сына тәрізді (мүйіз бен көмекей қақпағының ішкі жағында)

Көмекей,қуысы жоғарғы,ортаңғы төменгі үш бөліктен тұрады.

Оның пішіні құм сағатқа ұқсайды.Жоғарғы бөлімі –көмекейдің кіре-берісінен дыбыс байламына дейін созылып жатады. Көмекейдің жоғарғы тесігі жұту кезінде қақпашасымен жабылады да, тыныс алған кезде ашық жағдайда тұрады. Ортаңғы бөлімі -ең тар бөлімі.Бұл бөлімінде дыбыс сіңірлері болады..Төменгі бөлімі-дыбыс саңылауы төмен жатады,ол екі бүйірінен төмен қарай кеңейе келіп,кеңірдекке жалғасады.

Дыбыс сіңірінің алдыңғы шеті қалқан шеміршекке жалғасып,артқы шеті қалақша шеміршекке жабысады.Екі дыбыс сіңірінің арасын дыбыс саңылауы дейді.Дем алғанда дыбыс сіңірі қозғалмайды,арасындағы саңылау ашық тұрады, содан дыбыс шықпайды.

Сөйлегенде,дыбыс шығарғанда көмекейдің шеміршектері қозғалады даекі сіңірі керіліп кетеді.Керілгенде екі сіңір бір-біріне жақындап, қатарласып қалады.Дем шығарғанда өкпеден шыққанг ауа әбден керіліп тұрған сіңірді тербетеді.Тербелуден дыбыс шығады.

Көмекейдің бұлшық еттері екі түрлі :

1.Тұтасымен қимылдайтын бұлшық еттер

2.Дара қимылдайтын және меншікті бұлшық еттер,

а)қақпақшаның бұлшық еттері

б) дыбыс аппараты бұлшық еттері

Бұл бұлшық еттердің барлығы көлденең жолақты бұлшық еттеріне жатады. Дыбыс аппараты басқаратын бұлшық еттер қызметіне қарай төртке бөлінеді:

1.дыбыс саңылауын тарылтатын бұлшық еттер

2.дыбыс саңылауын кеңейтетін бұлшық еттер

  1. дыбыс байламдарын керетін бұлшық еттер
  2. дыбыс байламдарын босататын бұлшық еттер

Көмекейдің ішкі беті кілегейлі қабатпен астарланып жатады . Кілегейлі қабат көп қатарлы эпителийден түзілген.Онда көптеген бездер орналасады және тітіркендіргіштерге : шаң немесе тамақ түйіршіктеріне қорғаныстық жөтелу , қақырыну,түшкіру рефлекстері пайда болады.

Дыбыс байламы көп қабатты жазық эпителиймен қапталған.Олардың кілегей бездері болмайды.Көмекей мүшесі өте күрделі құрылыстыәсіресе ол адамда сөйлеу қызметіне байланысты күшті дамыған.

Кеңірдек 6-шы мойын омыртқаның тұсынан сақина тәрізді шеміршектен басталып,4-ші көкірек омыртқа тұсында аяқталады.Осы жерден кеңірдек оң және сол бронхыға бөлінеді. Кеңірдектің екіге бөлінген жерін кеңірдектің бифуркациясы дейді.

Кеңірдек 16-20-ға жуық гиалинді шеміршекті сақиналардан тұрады.ұзындығы 9-10 см,ені 1,5 см. Сақиналар сіңір байлам арқылы жалғанып тұрады. Кеңірдектің мұндай құрылысы ауаның еркін өтуіне жағдай жасайды.

Сақиналы байлам басты бұру үшін созу үшін, кеңірдектің ұзаруына қысқаруына жағдай жасайды.

Бронхылар құрылысы жағынан кеңірдекке ұқсас.Оң жақ бронхы-қысқа әрі жуан,ұзындығы3см,6-8 жартылай шеміршекті сақинадан тұрады. Сол жақ бронхы-ұзын әрі жіңішке,ұзындығы 4-5 см,-9-12 жартылай шеміршекті сақинадан тұрады.

Өкпе –тыныс алу мүшесі.Адамның өкпесі екеу долады, кеуде қуысының екі жағына толып орналасады.Екі өкпені бронхылар қосып тұрады.Өкпе конус тәрізді болып келеді. Өкпенің бұғана сүйегі жағындағы жерін ұшы деп ,ал диафрагма ға тиіп тұратын етегін негізі деп атайды. Өкпенің қабырғаға жанасып тұрған беті дөңес,жүрекке жанасып тұрған беті –ойыс болады.Екі өкпенің арасын өкпе аралық қуыс дейді.Оң өкпе сол өкпеге қарағанда үлкендеу.

Өкпенің ішкі бетіндегі бронхылар ,артериялар кіретін және вена мен лимфа тамырлары шығатын жерін өкпе қақпасы деп аталады. Өкпенің терең сайлары болады .Олар өкпені бірнеше бөліктерге бөліп тұрады.Оң өкпе үш бөліктен тұрады. Оларды жоғарғы,ортаңғы төменгі бөлімдер деп атайды.

Сол өкпе екі бөліктен тұрады. Оларды жоғарғы, төменгі бөлімдер деп атайды. Бронхылар өкпеге кіретін жерінде бөлінеді.Оң бронхы 3 бұтаққа , сол бронхы 2 бұтаққа бөлініп ,өкпе бөліктеріне қарай барады. Бронхылар әрі қарай бұтақталған сайын тарамы жіңішкеріп, саны көбейе береді.

Осылайша үшінші рет пайда болған бронхыларды сегментарлы деп атаймыз.Бұдан кіші бронхыларды бронхиолалар деп атаймыз.

Респираторлық бөлімнің функциялық-анатомиялық бірлігіе –ацинус түзеді.Ацинустар жиынтығынан –бөлекшелер, бөлекшелерден сегменттер, сегменттерден –бөліктер ,ал бқліктерден тұтас өкпе құралады.Өкпенің ацинустық күмбездерінде ғана газдардың алмасуы жүреді.

Плевра -өкпенің сыртқы сір қабаты. Плевра өкпені

Сыртынан қаптап жатады.Егер плевра өкпенің сыртын жауып жатса ,өкпелік(висцералды),ал егер кеуденің қуысын астарлап жатса париеталды немесе қабыртқалық плевра деп атаймыз.Бұл екі плевра арасында плевра аралық қуысы болады.Плевра қуысында аздаған сұйықтық бар, сондықтан плевраның беті дымқыл болады.Өкпе қимылдағанда бір-біріне қажалмайды.

Өкпенің көкет жанынан да қосымша плевралық қуыс қойнаулары бар. Ол өкпенің етегінде қабыртқа плеврасы мен көкет плеврасының аралығында болады.Осы қуысқысымы сыртқы атмосфералық қысымнан төмен болады.

«Baribar.kz-тің» Telegram-каналына жазыламыз!