Көру анализаторы

Көру талдағышы ең жақсы дамыған қүрылым. Оның қызметі нәтижесінде организм қоршаған ортаны бағдарлап, айналасындағы заттардың түсін, пішінін, көлемін жөне оларға дейінгі ара қашық-тықты ажыратады.

Эволюциялық даму барысыңда көру мүшесі жарық пен түсті ажы-ратуға бейімделген. Адам мен сүт қоректі жануарларда ол дамудың ең жоғары деңгейіне жеткен.

Көру талдағышының негізгі мүшесі-көз алмасы. Ол бас сүйектің алдынғы жағындағы екі ойықта — көз шарасында, орналасқан. Көру мүшесі оптиқалық, фоторецепциялық жүйелерден және қосымша қор-ғағыш аппараттан қүралады.

Көз алмасы шар пішінді қүрылым. Онъщ алдына қарай шығыңқы келген бөлігін көздің алдынғы полюсі, ал артқы жағын — артқы полюсі деп атайды. Сырт жағынан көз алмасы үш қабықпен қапталған. Ең сыртқы фибриозды қабық — ақ қабық, ортаңғы -тамырлы қабық және ішкі — торлы қабық.

Сыртқы қабықтың аддынғы бөлігін «қасаң қабық» деп атайды. Ол түссіз, мөдцір, дөңгелек, дөңес, сағат әйнегіне үқсас келеді. Қасаң қабық арқылы көздің ішіне жарық сәулесі сындырылып өткізіледі. Осы фиброзды қабықтың артқы бөлігін ақ қабық деп атайды. Ақ қабық көз алмасының артқы жағынан шыққан көру жүйкесінің сыр-тын қаптап, нерв қабын түзеді.

Ақ қабықты астарлай тамырлы қабық орналасады. Бұл қабатта көзді қоректендіретін қан тамырлары орын тебеді. Тамырлы қабық-тың қасаң қабьгқты астарлай орналасқан алдьщғы бөлігін нұрлы қабық деп атайды. Көздің түсі осы нүрлы қабықтағы бояғыштарға (пиг-менттерге) байланысты болады. Нүрлы қабықтың ортасында қара-шық деп аталатын тесік болады. Ол арқылы жарық сөулесі көздің ішіне өтіп, торлы қабыққа жетеді. Нүрлы қабықта сақиналы және сәулелі бағытта орналасқан ет талшықтары болады. Сақиналы еттер жиырылғанда көз қарашығы тарылады, сәулелі еттер жиырылған-да — ол кеңейеді. Осының нәтижесінде кез алмасының ішіне өтетін жарық сәулесінің шоғыры көбейіп, не азайып отырады да, көз жа-рық күшіне бейімделеді — көз адаптациясы жүреді.

Қарашықтық артында екі беті дөңес линза пішінді мөлдір дене —көз бұршағы орналасады. Ол сыртынан белдемшелі жүқа қабықпен қапталады. Қабық беддеміне циннов байламы бекиді. Бүл байлам тамырлы қабықтың қүрылымы — кірпекше еттермен жалғасады. Кірпікшелі дененің жиырылуы нәтижесінде көз бүршағының пішіні

өзгеріп, ол не қабысып, не дөңестеліп отырады. Қасаң қабьгқ пен көз қарашығының арасындағы қуысты көздің алдыңгы камерасы, ал қара-шық пен көз бүршағы арасындағы қуысты — көздің артқы камерасы деп атайды. Бүл камералар мөлдір сүйықпен — шылауықпен толған. Көз алмасының көз бүршағының артында жатқан қуысын шыны тәрізді денедеп аталатын түссіз, мөлдір, қоймалжың сүйық зат тол-тырып түрады. Аталған қүрылымдар — қасаң қабық, шьглауық, көз бүршағы жөне шыны төрізді дене, — көздің оптикалық, немесе сын-дырушы жүйесі, деп аталады. Оптикалық жүйе, өсіресе көз бүршағы, көздің ертүрлі қашықтықтан айқын көруге бейімделуін — аккомода-ция процесін, — қамтамасыз етеді.

Торлы қабықта жарық сезгіш рецепторлар — таяқшалар мен сауытшалар орналасады, сондықтан оны жарьгқ сезгіш, немесе фоторе-цепциялық, бөлім деп атайды.

Торлы қабықтың қүрылымы өте күрделі, ол 10 қабаттан түрады. Оның тамырлы қабықпен жанасатьш сыртқы қабатын пигментті тор-шалар түзеді. Бүл торшалар қүрамында жарықтың шағылысуына мүмкіндік бермейтін фусцин деген пигмент болады. Пигментті қабаттың ішкі бетінен онымен жанасатын келесі бетті бойлай орналасатын өсінділер шығып, олар фоторецепциялық торшаларды қоршап жата-ды. Көзге тым күшті жарық түссе, пигмент дәндері эпителиальдық торшалардан олардың өсінділеріне ығысып, таяқшалар мен сауытша-ларды күшті жарықтан қалқалайды.

Түнгі тіршілікке бейімделген жануарларда пигментті торшалар мен фоторецепторлар арасында ерекше кристалдан, немесе талшьгқ-тан, қүралған жарықты кері шағылыстыратын қабат болады. Жарьгқ-тың кері шағылысуы нөтижесінде жарық түскенде түнгі жануарлар көзі жарқырап түрады. Осыдан фоторецепторларға тікелей түскен сөуле ғана емес, шағьглысқан сөуле де өсер етіп, олардың қараңғыда жарықты сезіну мүмкіндігі артады. Кейбір жануарлардың (сиыр, жьглқы, мысық) қараңғыда көзі жарқырап түрады. Бүл көздің түбінде, тамырлы қабықтың алдыңда ерекше шағылдырғыш жар-ғақтың (тапетум) болуына байланысты. Аталған жарғақ күміс крис-талдар сіңген талшықтардан қүралады да, көзге түскен жарықты кері шағылыстырады.

Торлы қабықтьң келесі қабаты сауьггшалардан қүра-лады. Сауытшалар күндізгі көру аппараты, олар күшті жарқыраған жарықпен ғана тітіркенеді, ал таяқшалар түнгі көру аппараты, олар елсіз, қарауытқан сөулелердің өсерімен тітіркенеді. Таяқшалардың жалпы саны 130 млн., сауытшалар саны 9 млн. Үй қүстарында (тауьгқ, үйрек) сауытшалар көп болады. Торлы қабықтың ортаңғы бөліміңде сауытшалар, ал шет жағыңда таяқшалар көбірек шоғырланады.

Фоторецепторлар екі буыннан — ішкі жөне сыртқы, — түрады. Сырт-қы, гшгментті қабатқа жақьгя орналасқан буында жарыққа сезімтал көру пигменті болады, ал ігггкі буында торшалардағы қуат алмасуын қамтамасыз ететін ядро мен митохоңдриялар орналасады. Фоторецеп-торлар буындары бір-бірінен мембранамен бөлінеді. Бүл мембрана ар-қылы 16-18 жіңішке жіпшелерден — фибриллалардан, құралған шоғьф өтеді. Ішкі буыннан өсіңділер басталады. Олар арқылы қозу фоторецеп-торлардан олармен түйісетін қос өрісті (биполярлы) торшаларга беріледі.

Қос өрісті торшалар түйінді (ганглиозды) торшалармен жалғасады. Соңғы торшалар өсінділері көру жүйкесін қүрайды. Әрбір қос өрісті торшалар көптеген таяқшалармен байланысады, ал түйінді (ганглиозды) торшалар өз кезегінде көптеген қос өрісті торшалармен түйіседі. Ал өрбір сауытша тек бір ғана қос өрісті торшамен байланысады, сиг-налды соған ғана береді. Демек, қатар жаткан таяқшалардан шыккан сигналдар бір-бірімен тоғысса, қатар жатқан сауытшалар сигналдары жеке-жеке беріледі.

Көру таддағышының өткізгіш жолын көру жүйкесі қүрайды. Бүл жүйке арқылы импульстер латеральдық имек дене ядроларымен төрт төмпешіктің алдыңғы екі төмпешігіне бағытталады. Ал соңғы қүры-лымдар нейрондарының аксонымен импульстер үлкен ми жарты шар-лары қыртысының шүйде бөлігінде орналасқан көру талдағышының орталығына беріледі.