Орталық жүйке жүйесі

Жұлынның өрлеу жолы, немесе орталыққа тепкіш жолының қызметімен жіктелуі.

  1. Үлкен ми жарты шарлары қыртысының қызметі.
  2. Сопақша мидың қызметі.
  3. Артық ми құрлымдарының қызметі.
  4. Мишық оның құрлысының ерекшелігі.
  5. Аралық ми таламус әр түрлі эфферентті жүйелердің импульстер коллекторы.
  6. Ортаңғы ми құрлымдары және олардың қызметі.

ОЖЖ-сі дегеніміз адам мен омыртқалы жануарлар жүйкесінің жұлын мен мидан құралған бөлімі. Ол жеке торшалардың, ұлпалардың, мүшелердің қызметін реттеп, оларды өзара үйлестіріп, организмнің біртұтастығын қамтамасыз етеді. ОЖЖ-сі ішкі және сыртқы әсерлерді қабылдап, оған жауап беру арқылы организмді қоршаған ортаның құбылмалы жағдайларына бейімдейді, жеке мүшелер мен бүкіл организмнің күрделі әрекетін басқарып, түрлі физиологиялық процестердің үйлесімді жүруін қамтамасыз етеді.

Орталыққа тепкіш өткізгіш жалдар сыртқы немесе ішкі орта әсерін қабылдайтын рецепторлардан импульстерді мидың әртүрлі құрылымдарына жеткізеді. Оларға жіңішке және сына тәрізді шоғыр, латеральдық және вентральдық жұлын-таламустық жол, дорсальдық және вентральдық жұлын-мишық жолы жатады.

Жіңішке және сына тәрізді шоғырлар (Голл және Бурдах жолы) жұлындық түйіндердің сезімтал нейрондарының өсінділері болып табылады, үлпекті талшықтардан құралады, Қозу импульсін 60-100 н/сек. жылдамдықпен өткізеді. Бұл шоғырдын қысқа аксондары өз сегменттерінің мотонейрондарымен және аралық нейрондарымен синапстық байланыс түзеді де, ұзын аксондар сопақша миға бағытталады. Жол жөнекей ұзын аксондар жұлынның жоғарырақ орналасқан сегменттеріне тармақтар бере отырып, сегментаралық байланыс түзеді.

Жіңішке шоғыр талшықтары арқылы дененің артқы бөліктері мен
аяқтардан, ал сына тәрізді шоғыр арқылы- дененің алдыңғы бөліктері
мен қолдардан (алдыңғы аяқтардан) келетін импульстер өткізіледі
Аталған шоғырлар талшықтары жұлынды бойлай өз жақтауымен сопақша мидағы Голл және Бурдах ядроларында аяақталады. Осы жерде
олар екінші нейронмен синапс түзеді. Ал, екінші нейрон аксондары
осы сопақша ми деңгейінде айқасып қарсы бетке өтеді де, таламустың арнаулы ядроларында аяқталады. Осы жердегі үшінші нейрон
өсінділері үлкен ми жарты шарлары қыртысының IV-қабатының
нейрондарында аяқталады. Жалпы бұл жол арқылы тітіркендіргіштердің әсер еткен аумаған, олардың мерзімдік сипатын ажыратуға мүмкіндік беретін айқын сигналдар өткізеді.

Латеральдық жұлын-таламус жолы ауырсыну және температуралық әсерлерді, ал вентральдық жұлын-таламус жолы – тактильдік (жанасу) әсерді өткізеді. Кейбір деректерге қарағанда бұл жолмен проприо- және висцерорецепторларда туындаған импульстер де өткізіледі. Қозу толқынының өту жылдамдығы 1-30 м/с құрайды. Бұл жолдың бастапқы талшықтары не өздері енген сегментте аяқталады, не айқасып, қарсы бетке өтіп, не өздері жұлынға енген жағымен бірнеше сегментті бойлай өрлеп, қарсы беттегі нейрондармен жалғасады. Бұл нейрондардан басталған аксондар көру төмпегінде (таламуста) аяқталады. Таламус нейрондарының аксондары үлкен ми жарты шарлары қыртысыңда аяқталады. Жұлын-таламус жолы арқылы тітіркендіргіштердің сапалық сипаты жайлы ақпарат алынады.

Дорсальдық жұлын-мишық жолын немесе Флексиг шоғырын, жұлынның дорсальдық мүйізінде орналасқан нейрондар аксоны құрайды. Бұл жол талшықтары айқаспай өз беткейімен мишыққа барады, қозу импульсін 110 м/с жылдамдықпен өткізеді. Бұл жолмен аяқ – қол еттері мен буын байламдары рецепторларынан тарайтын импульстер өткізіледі.

Вентральдық жұлын-мишық жолы, немесе Говерс шоғыры, жұлынның дорсальдық мүйізіндегі нейрондар аксондарынан құралып, импульстерді 120 м/с жылдамдықпен мишықтың дененің қарсы беткейіндегі жартысына жеткізеді. Бұл жол сіңірден, тері мен ішкі рецепторлардан тараған импульстерді өткізеді, дене қимылдарын қамтамасыз етіп, дене кейпін бақылауға мүмкіндік береді.

Ми жарты шарлары мидың ең жоғары және филогенездік тұрғыда ең жас бөлімі. Сыртынан ол жалпы қалыңдығы 1,5-4,5 мм шамасын құрайтын сұр затпен қапталады. Оны үлкен ми қыртысы деп атайды. Ми қыртысы мидың ең күрделі құрылымы, ол түрлі сенсорлық тітіркеністерді қабылдап, өңдеп, әрекеттерді қалыптастыратын сигналдарды тудырады, организмнің күрделі мінез-қылығын үйлестіріп, бағыттап отырады.

Морфологиялық тұрғыдан ми қыртысы орасан көп (12-18 млрд.) нейрондардан, олардың өсінділері мен синапстардан, нейроглия торшаларынан құралған. Ми қыртысын құрайтын нейрондар пішімі мен қызметіне байланысты бірнеше топқа бөлінеді. Олардың бірін пирамидалық торшалар құрайды. Олар ми қыртысы беткейінде вертикаль (тігінен) орналасады және үшбұрыш пішіндес келеді. Бұл торшалардан жоғары қарай Т-тәрізді тармақталған дендрит, ал төменгі табанынан аксон басталады да, ол ми қыртысының басқа аймақтарына бағыталатын, немесе қыртыстан басталатын, төмендеу жолына қосылады.

Қыртыс нейрондарының келесі тобын майда жұлдызша торшалар құрайды. Олардың өсінділерінен қыртыстық байланыстар түзеледі.

Нейрондардың үшінші тобын шүйкелі (ұршық тәрізді) торшалар түзеді. Олардың аксондары горизонтальды не тік бағытта жайылады. Аталған нейрондар топтарының денесі мен өсінділері белгілі ретпен орналасады да, ми қыртысын алты горизонтальды қабатқа бөледі. Олар сыртқы молекулалық қабат, сыртқы дәнді қабат, сыртқы пирамидалық торшалар қабаты, ішкі дәнді, ішкі пирамидалық торшалар қабаты және әртекті (полиморфты), немесе шүйкелі, торшалар.

Анатомиялық тұрғыдан ми қыртысы төрт бөлікке – маңдай, төбе, шүйде және самай, бөлінеді. Бұл бөліктердің әрқайсысы сезімтал, (проекциялық) және жалғастырушы аймақтарға бөлінеді. Ми қыртысының арнаулы афференттік жолдар тірелетін жерлерін сезімтал (проекциялық, сенсорлық) аймақ дейді. Оларға соматосенсорлық (төбе бөлігінде), көру (шүйде бөлігінде), есту (самай бөлігінде) дәм сезу (төбе бөлігінде) аймақтары жатады.

Жалғастырғыш (ассоциативтік) аймақтар үлкен ми жарты шарларының маңдай, самай, төбе, шүйде бөліктерінде орналасады. Бұл аймақтар импульстерді не сезімтал аймақтардан, не басқа жалғастырғыш аймақтардан қабылап отырады.

Ми қыртысының қозғағыш аймақтары бұлшық ет әрекеттерін басқарады. Олар алдыңгы орталық иірімде және ми қыртысынын медиальдық беткейінде орналасады.

Сопақша ми – ми сабағының (бағанының) маңызды құрылымдарының бірі. Ми сабағы деген атпен сопақша ми, көпір, ортаңғы және аралық ми құрылымдарын біріктіреді. Ми сабағының ішінде тармақталған тор түрінде торлы құрылым, немесе ретикулярлы формация, орналасады.

Адам мен барлық омыртқалы жануарларда сопақша ми жұлынының жалғасы болып табылады, сондықтан онда жұлынға тән қарапайым сегменттік сипат сақталады, Сопақша миға да жұлын тәрізді рефлекстік және өткізгіштік қызмет тән.

Сопақша мида нейрондар шоғырланып, ерекше құрылым – ядролар пайда болады. Ядролар әр түрлі рефлекстік қызметтердің орталығы болып табылады. Сопақша ми жұлын мен өз ядроларынан басталатын ми жүйке тамырлары арқылы дененің барлық бөліктерімен байланысады. Он екі жұп ми жүйке тамырларының сегіз жұбы (V-ХІІ) осы сопақша мидан бастау алады. Олар үштармақ, әкеткіш, беттік, есту, тіл-жұтқыншақ, кезеген, қосымша және бұғақтық (тіл асты) жүйке тамырлары. Сопақша мида тыныс алу, жүрек қызметін реттеу орталықтары, тамыр қозғағыш орталық, көмірсулар алмасуын реттеу, ему, шайнау, сілекей бөлу, жұту, қарын, ұйқы безі сөлін бөлу орталықтары, жөтелу, тушкіру рефлекстерінің орталықтары, Дейтерс ядросы және басқа тіршіліктік маңызы зор орталықтар орналасқан. Сонымен қатар, сопақша мида бас еттерінің, көздің, ішкі құлақ шытырмағының (лабиринтінің) афференттік жүйкелерінің орлалықтары орналасады.

Сопақша ми вегетативтік қызметтер мен қаңқа еттері тонусын реттеуге қатысады. Бұлшық ет тонусын реттеуде Дейтерс торшалары маңызды рөл атқарады. Сопақша ми мен ортаңғы ми арасын тіліп, Дейтерс торшаларының қызыл ядромен байланысын үзсе, жануарларда децебрациялық сіреспе (ми сіреспесі) деген атпен белгілі құбылыс байқалады. Мұндай жағдайда жазғыш еттердің тонусы күрт жоғарлайды да, жануарлардың денесі керіліп, аяқтары сіресе жазылады, басы кекшиіп, құйрығы қайқая көтеріледі. Мал қимылдау қабілетінен айырылады. Сопақша мн тонустық рефлекстерді реттей отырып, организмнің қиымыл-әрекетін (жүру, түру) қамтамасыз етуде маңызды рол атқарады.

Сопақша мидың өткізгіштік қызметінің арқасында мидың жоғары бөлімдері жұлынмен байланысады, шеткі мүшелерге, вегетативтік қызметтерге ықпал етеді. Жұлынның барлық өткізгіш жолдары сопақша ми арқылы өтеді.

Артқы миға көпір мен мишықты жатқызады.

Көпір – негізінен өткізгіштік қызмет атқарады. Ол мидың алдыңғы, соңғы бөлімдері мен мишықты байланыстырады. Көпірдің сұр затында ми жүйкелерінің Ү-ҮІІІ-жұптарының ядролары, торлы құрылым ядролары және көпірдің өзіндік дербес ядролары орналасады. Ми жүйкелерінің сезімтал талшықтарымен көпір дәм сезу рецепторлары мен көз еттері және бас терісінің рецепторларынан сигналдар қабылдап, осы жүйкелердің эфференттік талшықтарымен бассүйек еттерінің қимылдарын реттейді. Көпірдің рефлекстік қызметі сопақша мидың қорғаныстық және қоректік рефлекстерін толықтырып отырады.

Мишық – көпір мен сопақша мидың үстіңгі жағында орналасады. Ол көлемді бүйір бөліктерден – жарты шаралардан, және соларды біріктіретін құртшадан тұрады.

Мишық алдыңғы жол арқылы ортадғы мимен, ортаңғы жол арқылы- көпірмен, артқы жол арқылы- сопақша мимен, ал көпір арқылы үлкен ми жарты шараларымен байланысады. Мишық рецепторлармен және эффекторлармен тікелей байланыс түзбейді, бірақ оған өте көп афференттік импульстер жетіп отырады.

Мишық дене қимылдарының үйлесімі дене кейпш және дененің тепе-теңдігін сақтауда маңызды рөл атқарады. Оның әсерімен бұлшық ет тонусы өзеріп, қимыл-әрекет кезінде жеке ет топтарының жиырылу күші реттелініп, артық, ебетейсіз қимылдар байқалмайды. Мишықты сылып тастаса бұлшық ет тонусы бұзылады (атония), қимыл үйлесімдігі, атқарылатын қимыл мен бұлшық еттің жиырылу күшігін арасындағы сәйкестік бұзылады (атаксия), теңселмелі қимылдар пайда болады (астазия), бұлшық еттердің жиырылуындағы үйлесімдік бұзылады (асинергия),организм тез қажиды, әлжуазыдық байқалады (астения).

Мишық организмнің вегетативтік қызметіне де әсер етеді. Мишықты тітіркендіргенде көздің қарашығы үлкейіп, артерия қысымын жоғарылайды, тамырдың соғуы жиілейді, бұлшық етте биохимиялық қалыптастыру процесі күшейеді. Мишықты алып тастаса қорыту жолының қимылы баяулап, қарын мен ішек сөлінің бөлінуі азаяды, қуат шығыны артады, бұлшық еттің нәрлену процесі бұзылады. Осыдан мишықта сипатикалық және парасимпатикалық нервтену орталығы орналасады деген болжам жасалған.

Филогенез процесінде мишықтың дамуы ауырлықты жеңу және кеңістікте қозғалу сияқты рефлекторлық реакциялармен байланысты жүреді. Ең бірінші рет мишық дөңгелек ауыздыларда байқалады, себебі онда денетеңдігін сақтауға арналған вестибулярлық аппарат бар. Олардың мишығын ертедегі мишық деп атады. Кейін шеміршекті және сүйекті балықтарда жүзгіш аяқтарының пайда болуына байланысты антогонист бұлшықеп тердің кезек жиырылуы маңыз ала бастады. Осыған сәйкес дененің кеңістіктегі қалпын хабарлайтын проприорецепторлық импульстердің мәні де артты. Енді артқы нида вестибулярлық аппараттан басқа, бұлшықеттерден, буындардан, сіңірлерден импульстер алатын нерв клеткаларының жиынтықтары дамып жетіледі. Олар өсе келе ескі мишыққа айналады. Түрлі рецепторлардан шығатын импульстерге организмнің қайтаратын жауан реакцияларында рефлекторлық аппарат ретінде көп рол атқаратын ортаңғы мидыңдамуымен байланысты, ескі мишықтың орта бөлімінен жаңа облыс пайда болды. Ол ортаңғы ми мен ми бағының басқа да алдыңғы бөлімдерінен импульстер қабылдайды. Рептилияларда (бауырымен жорғалаушыларда) жақсы байқалатын бұлжаңа бөлім сүтқоректілерде одан әрі дамыды. Мишық жан-жағынан күшті өсіп, одан бүйір жарты шарлары пайда болды. Бұлар оның ең негізгі массасы болып табылады және ми қыртысының импульстер алады.

Аралық ми – көру төмпегі – таламус, төмпек асты аймақ – гипоталамус, және төмпектің үстіңгі қосалқысы – эпиталамус атты құрылымдардан тұрады (48-сурет).

Көру төмпегі (таламус) – мцдьщ ең көне бөлігі. Онда сұр заттан түзілген көптеген (40-қа жуық) ядролар шоғырланады. Бұл ядролар алдыңғы, медиаладық және латеральдық болып бөлінеді.

Таламус иістік импульстерден басқа үлкен ми жарты шарларына бағытталған барлық афференттік импульстердің қақпасы болып есептеледі. Таламус ядроларында жанасу, проприо- термо, ауырсыну, дем сезу рецепторларынан бағытталған импульстер тоғысады.

Қызметі жағынан таламус ядролары арнаулы және жалпылама болып бөлінеді. Арнаулы ядролардан тараған имиульстер ми қыртысының үшінші немесе төртінші қабатының нақтылы сезімтал (сенсорлық) және жалғастырғыш (ассоциативтік) аймақтарына шоғырлана бағытталады, олар белгілі түйсік туғызады. Ал жалпылама ядролардан тараған импульстер ми қыртысына шашырай жайылады, ми белсенділігін жандандырады.

Таламуста белгілі дәрежеде әр түрлі тітіркеністерді талдау, жинақтау процестері де жүреді. Таламус бұлшық еттің икемділік тонусын реттеуге қатысады. Икемділік тонусы нәтижесінде дене әр түрлі кейіп қабылдай алады.

Эпиталамуста иіс сезу орталығы мен ішкі секрециялық без -эпифиз орналасады.

Гипоталамус — көлемі жағынан кішкентай ғана құрылым, бірақ онда көптеген ядролар шоғырланады. Олардың негізгілері паравентрикулярлық, супраоптикалық ядролар, сур төмпек, еміздікше дене. Гипоталамус аймағында жалпы алғанда 32 жұп ядро орналасады.

Гипоталамус көру төмпегі мен ми қыртысын вегетативтік жүйке жүйесімен жалғастырушы буын болып табылады. Осыдан гипоталамус вегетативтік функцияларды, симпатикалық және парасимпатикалық реакцияларды реттеуде маңызды рол атқарады. Супрараоптикалық ядроны тітіркендіргенде мал иеді, ал паравентрикулярлық ядроны тітіркендіргенде — исінеді. Гипоталамустың артқы ядролары симпатикалық, ал алдыңғы ядролары парасимпатикалық реакцияларды реттейді деген болжам бар.

Гипоталамус дене температурасының реттеуге қатысады. Сүр төмпекті зақымдағаннан кейін жануарлар организміндегі жылу түзу және жылу болу процестері бұзылып, дене температурасының тұрақтылығы сақталмайды. Гипоталамусте белоктың, майдың, көмірсулардың, су мен минералды заттардың алмасуын реттейтін орталықтар орналасады.

Гипоталамус түрлі эмоцияларды, организм мен сыртқы орта арасыңдағы байланысты қалыптастыруда маңызды рол атқарады. Оның жыныстық және афессивті қорғаныстық рефлекстерге қатысы дәлелденген. Гилоталамустың вентромедиальдық ядроларында тояттау, бүйір ядроларында — ашығу, ал супраоптикалық ядролардан дорсолатералдық бағытта — сусау (шөлдеу) орталықтары орналасады.

Гипоталамустың преоптикалық аймағында организмнің ішкі ортасындағы осмостық қысым деңгейін реттеуге қатысатын ерекше осморецепторлы нейрондар орналасады. Бұл нейрондар ішінде осмостық қысымы тұрақты деңгейде болатын торшалық сүйыққа толған вакуоль болады. Осы сүйық пен торша сыртыңдағы сүйықтың осмостық қысымының айырмасына байланысты нейрон белсенділігі өзгеріп, денедегі осмостық қысымның тұрақтылығын сақтауға бағытғалған физиологиялық әрекеттер туындайды.

Сүт қоректілерде ортаңғы ми дорсальдық және базальдық (негіздік) бөлімдерден тұрады. Дорсальдық бөлімге төрт төмпешік жатады. Бұл құрылымның алдыңғы қос төмпешігінде көрудің, артқы қос төмпешікте – естудің бағдарлық рефлекстерінің орталықтары орналасады. Осы орталықтардың қатысуымен көз, құлақ қимылдап, бас тітіркендіргіш көзі орналасқан жаққа қарай бұрылады.

Ортаңғы мидың базальдық бөлімін оның сабақтары құрайды. Әрбір сабақ үш құрылымнан — бүркемеден, қара төсеміктен және табан негізден тұрады. Бүркемеде қызыл ядро және шығырлық жүйке мен көз қимылдық жүйке (III, ІҮ ми жүйкелері) ядролары орналасады. Бұл жүйкелер көз алмасының еттерін жүйкелендіріп, көз қимылдарының үйлесімділігін қамтамасыз етеді.

Қызыл ядро дене қимылын реттейтін маңызды құрылым. Рубро-жұлындық жол арқылы ол жұлын мотонейрондарымен байланысады. Қызыл ядро сопақша мидағы Дейтерс ядроларының қызметін тежеп, дененің кеңістіктегі кейіпіне қарай бұлшық ет тонусын өзгертіп отырады. Қызыл ядро дененің қалыпты кейпі мен тепе-теңдігін қамтамасыз ететін тонустық рефлекстердің атқарылуын реттеуде маңызды орын алады.