Тыныс алу мүшелері және олардың қызметінің жас ерекшеліктері

Тыныс алу жүйесінің маңызы. Адам организмі өзін қоршаған сыртқы ортамен қатты, сұйық және газ түріндегі заттармен алмаспай өмір сүре алмайды. Адам үнемі сыртқы ортадан қоректік заттарды, суды және оттегін алады. Адам организмінде қоректік заттардың қоры болады, сондықтан 25-30 тәулік аштықты өлместен көтере алады. Сусыз адам бірнеше апта өмір сүре алады, ал оттегінсіз бірнеше минуттің ішінде өліп қалады. Олай болса, оттегі адам өмірі үшін аса маңызды. Организмде оттегінің қоры жоқтың қасы — не бары бірнеше минөттік қана. Сондықтан тіршіліктің сақталуы үшін оттегі үнемі денеге жеткізілуі тиіс. Оттегі ұлпалардағы тотығуға қатысады. Тотығу кезінде заттардың ыдырауынан көмір қышқыл газы пайда болып, денеден сыртқа шығарылады. Дем алғанда организм мен сыртқы орта өздерінің құрамындағы газдарымен алмасады. Бұл оттегінің үнемі денеге кіріп және көмір қышқыл газының денеден сыртқа айдалып тұруын қамтамасыз етеді. Бұл қызметті кеуде қуысында орналасқан өкпе орындайды.

Оттегінің қысымының ең көбі біз дем алғанда жұтатын сыртқы ауада, өкпе альвеолаларында төмендейді, қан тамырларында мүлде азаяды. Сондықтан ауадағы оттегі организмге қарай диффузды түрде қозғалады, бірақ бұл өте өлсіз қозғалыс. Бұл қозғалысты тыныс мүшелері күшейтеді.

Тыныс алу мүшелері оттегі мен көмір қышқыл газын таситын негізгі міндеттерінен басқа да қызмет атқарады.

Дем алу мен дем шығарудың ырғақты түрде ауысуы біздің денеміздегі барлық ішкі мүшелерге әсер етеді. Көк еттің (диафрагманың) дем алып, дем шығарғанда көтеріліп жене төмен түсуі ас қорыту мүшелеріне қысымдық әсер етіп, ішек-қарындарға уқалау (массаж) іспетті әсер етеді. Егер адам терең дем алса, бұл әсер күштірек болады. Кеуде қуысындағы өкпе сығылып және босау арқылы жүрекке, қолқа, өкпе артериялары, жоғарғы және төменгі қуыс веналарына да, ас қорыту мүшелеріндегідей әсер етеді де, жүрек қанды сорып алуына көмектеседі.

Мұнымен қатар, дем алу ырғағы жүйке жүйесі арқылы да организмге әсер етеді. Нәрестелерде тыныс аритмиясы деген ерекшелік болады: дем алғанда пульс жиілеп, дем шығарғанда және пауза кезінде азаяды. Тыныс аритмиясы, әсіресе жыныстық жетілу кезінде жақсы байқалады. Ересек адамдарда мұндай әсер болғанымен балалардағыдай айырмашылық онша көп емес.

Тыныс ырғағының аз да болса, қанның қысымына, капиллярлық қан айналысына да ықпалы бар. Өз еркімен тәжірибеге қатысқан студенттерде дем шығарғанда қолдың бұлшық еттерінің күші аздап көбейгені байқалған. Тыныс ырғағы көздің жарық сезімталдығына да аздап әсер етеді.

Тыныс ырғағы адамның миының қызметіне де, әсер ететінін білу педагогтер үшін аса маңызды. Кейбір күнделікті бақылауда орын алатын жағдайларды естеріңізге алыңыз: адам аса зор ықыласпен тың тындағанда дем алу сәл уақытқа кідіреді. Дем шығарғанда ынта күшейеді, ал дем алған сәтте төмендейді. Тыныс алу жиілігі жоғары болғанда, айталық, ашуланғанда адам көңіл қойып, бар ынтасымен ойлана алмай қалады. Мұндай жағдайда ол өзін-өзі басып, тыныштандыруы тиіс. Тыныш отырып, қалыпты ырғақпен демалғанда адамның ойлау қабілеті жоғары болады. Сондықтан сабақ оқып жатқанда, оның алдында баланың көңілін өзгертетін әсерлер болмауы тиіс. Осыған байланысты гигиеналық талаптар бойынша мектепте қиын пәндердің алдына дене шынықтыру сабағын қоюға болмайды. Кей кезде баланың сабағының нашар болуы оның мұрын қуысында пайда болып өсіп кеткен аденоидтарға (мұрын қуысындағы бездердің өсуі) байланысты болады. Аденоидтарды алып тастағаннан кейін басының ауырғаны, кейбір балалардың түнде төсекке дәретке отыруы, т. б. басылады, ұйқысы жөнделеді, сөздері анық болып, сөйлеу қабілеті дұрыс дамиды.

Тыныс алу жүйесі мүшелерінің құрылысының жас ерекшелігі. Тыныс мүшелері мұрыннан басталады. Тыныс жолдары екіге бөлінеді: а) дем алғанда және дем шығарғанда ауаның жылжитын қуыстары; ә) ауа мен қанның арасында газдардың алмасатын орыны — өкпе альвеолалары (лат. альвеолус — ойма қуыс, науа).

Тыныс алуға қатысатын мүшелер тыныс алу жүйесін құрады. Бұл жүйенің мүшелерін екіге бөледі: тыныс жолдары және басты тыныс алу мүшесі — өкпе.

Ауа сырттан өкпеге және өкпеден сыртқа қозғалатын қуыстар — тыныс жолдарына мұрын қуысы, көмей, кеңірдек, және бронхылар жатады. Дегенмен, тыныс жолдарының қызметі ауаны өткізу ғана емес. Мұрын қуысында, көмейде, кеңірдекте және бронхыларда дем алғанда ішке кіретін ауа шаңнан, микробтардан тазартылып, тыныс жолдары мен өкпе қуысының шырышты қабаты кеуіп қалмау үшін ылғалдандырылып, өкпені суық ауаның әсерімен сақтау үшін жылытылады.

Ауа танay арқылы мұрын қуысына кіреді. Мұрын қуысы кеңсірік шеміршегі арқылы оң және сол жақ бөліктерге бөлініп, жұптанау тесіктері арқылы сыртқа ашылады да ішкі жағы хоан тесігі арқылы жұтқыншақпен қосылады. Мұрын қуысы шырышты қабатпен қапталған. Мұнда ауаның құрамындағы шаң-тозаңдарды, микроорганизмдерді ұстап, өлтіріп, сыртқа шығарылуын қамтамасыз ететін эпителий клеткаларының түктері бар және ол өкпеге баратын ауаны жылытып, ылғалдайтын қан тамырларына бай. Мұрын қуысы арқылы дем алу ауызбен дем алғаннан гөрі организмге ауаны 25%-ға көбірек өткізетіп көрінеді. Бұл оның қабырғасындағы өкпенің жұмысын қоздыратын жүйке талшықтарының болуына байланысты. Қазіргі кезде ауру тудыратын микроорганизмдердің «қақпасы» — тыныс жолдары екені толық дәлелденген. Сондықтан тыныс жолдарының дұрыс қызмет етуі организмге қажетті қорғаныш қасиеттерін қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, мұрын қуысында иіс рецепторлары орналасқан, жұтқыншақ — ас қорыту жүйесінің мүшесі, ал көмей — сөйлеу мүшесі.

Тыныс алу жүйесінің маңызды бөлігі — өкпе. Бұл бронхылардың ұсақ тармақтарының қуыстарынан жасалған альвеолалар мен серпімді дәнекер ұлпалардан тұратын жұп мүше. Альвеолалар немесе өкпе қуыстары өте ұсақ, шар тәрізді домалақ, оларды микроскоп арқылы ғана көруге болады. Олардың қабырғалары жұқа, көптеген қан тамырларының капиллярларымен қоршалған. Өкпе альвеолаларының жалпы ауданы 200 м2. Мұндай құрылыс альвеолалардағы ауаның және қанның құрамындағы газдардың тез алмасуын қамтамасыз етеді.

Өкпеің дәнекер ұлпасы өте серпімді және өкпенің жиырылу күшін қамтамасыз етеді. Ішкі күш деп аталатын өкпенің жиырылу күші дем алу мен дем шығаруда аса маңызды.

Тыныс алу жүйесінің құрылысы мен қызметі адамның жасына, жынысына және жеке басының ерекшелігіне байланысты.

Жаңа туған сәбидің өкпесінің ұлпасы нашар дамыған, бірақ қан тамырларына өте бай болады. Алғашқы 3 айлық өмірінде және жыныстық жетілу шағында өкпе қарқынды өседі. Өмірінің алғашқы кезінде барлық нәрестелер ішпен дем алады (еркекке тән дем алу), бірақ жүре бастағанда баланың кеудесі төмен түседі де, диафрагмалық-кеуделік дем алу пайда болады. 3-7 жаста ғана кеудемен дем алу басым болады. Дем алудың минуттік мөлшері дене салмағымен салыстырғанда бала өсе келе азаяды: жаңа туған сәбиде — 220 см3, 6 жаста 168 см3, 14 жасқа таман 128 см3, ал ересек адамда 96 см3, дем алу көлемі жаңа туған сәбиде — 25 см3, 1 жаста — 80 см-ге дейіи артады, 2 жаста — 140 см3, ересек адамда — 400 см1. Өкпесінің мөлшері жаңа туған сәбиде – 50 см3, 1 жаста — 210 см3, 13 жаста — 707 см3, 20-25 жаста — 1680 см3, ал 30-40 жаста орта шмамамен 1788 см3.

Өкпе альвеолаларының диаметрі ересек адамда 0,2 мм, ал жаңа туған сәбиде — 0,07 мм. Олай болса өкпенің жалпы көлемі жаңа туған балада — 1,617 см3, ал ересек адамда -67,7 см3. Осы көрсеткіштерді пайдаланып ғалымдар өкпенің шар тәрізді альвеолаларының әрқайсының көлемі жаңа туған нәрестеде 4,10s тең болатынын есептеп шығарған. Олай болса, өкпе қуыстарының жалпы ауданы жаңа туған сәбиде — 6 м2, ересек адамда — 50 м2, яғни 8 есе артық.

Көмейдің жалғасы кеңірдектің ұзындығы балаларда — 4 см, 10 жаста — 7 см, ересек адамда — 10-12 см.

Кеуде қуысының пішіні адамның жасына және жынысына байланысты өзгереді. Туған кезде баланың кеуде қуысы конус тәрізді болады, себебі ұрық кезінде өкпе нашар дамыған, ал бауыры қарқынды өсіп, дамиды. Баланың кеуде қуысы көтеріңкі болып, қабырға сүйектері ересек адамдардағыдай төмен түспейді. Сондықтан бала терең дем алып, дем шығара алмайды да, қажетті мөлшердегі ауа мен оттегін тынысының жиілігі арқылы қамтамасыз етеді. Қабырға сүйектерінің қиғашталуы күшейе бастағаннан кейін терең дем алатын мүмкіндік туғаннан соң дем алу жиілігі азаяды. Қартайғанда қабырға аралық еттердің әлсіздігіне байланысты қабырғалардың қиғашталуы артады. Әйел адамның кеуде қуысы ерлермен салыстырғанда қысқарақ келеді.

Өкпенің тіршілік сыйымдылығы (ӨТС). Өкпенің тіршілік сыйымдылығы, яғни өкпеге кіретін және шығатын ауаның мөлшері адамның жасына сай өзгереді. Адам қалыпты жай дем алғанда өкпеге 300-500 мл ауа кіреді. Мұны дем алу ауасы деп атайды. Қалыпты жағдайда жай ғана дем алғаннан соң, демін шығармай тұрып, тағы да 1,5-2 литрдей ауаны сіміруге болады. Мұны қ о с ы м ш а а у а деп атайды. Қалыпты дем шығарудан кейін дем алмай тұрып, тағы да күшпен дем шығарып 1 -1,5 литрдей ауаны сыртқа айдауға болады. Бұл — қ о р д а ғ ы ауа . Егер дем алу, қосымша және қордағы ауаны қосса, өкпенің тіршілік сыйымдылығы шығады.

Өкпенің тіршілік сыйымдылығы 6-7 және 15-16 жастарда дереу және айтарлықтай көбейеді. 16-17 жаста өкпенің тіршілік сыйымдылығы ересек адамдармен бірдей болады. Балалардың өкпе алвеоласындағы газ бен дем шығарғандағы газдың құрамында айырмашылық бар. Балалардың альвеолалық газының құрамында оттегі көбірек болып, көмірқышқыл газы азырақ болады. Бала неғұрлым жас болса, соғұрлым бұл айырмашылық көп болады.

Балалар мен жас өспірімдердің өкпесінің тіршілік сыйымдылығы

1-кесте

Бала
Жасы

6 7 10 12 15 17
Ер бала
1200 1400 1630 1975 2600 3520
Қыз бала 1100 1200 1460 1905 2530 2760

Баланың дем алуды реттеу қабілеті де нашар, бұл баланың сөйлеу қабілетімен бірге жетіледі де, 11-12 жаста ересек адамдармен бірдей болады. Өкпенің тіршілік сыйымдылығын спирометр деген арнайы аспаппен өлшейді. Өкпенің тіршілік сыйымдылығы мен қалдық мөлшері өкпенің жалпы сыйымд ылығын құрады.

Тыныс алу жиілігі де баланың жасына лайық өзгереді.

Тыныс алу жиілігінің адамның жасына сай өзгеруі

2-кесте

Жасы 1 минуттағы тыныс алу жиілігі, рет
1

5

15-20

20-25

25-30

30-35

44

26

20

18

16

18

Газдың алмасуы. Адам мен жануарлардың өмірі үшін ауадағы газдардың ішіндегі оттегінің маңызы зор. Адам дем алғанда ішке кіретін ауаның құрамы, дем шығарғандағы сыртқа айдалатын ауадан өзгеше.

Тыныс ауасының құрамы

3-кесте

Газдардың мөлшері, %
Газдар Сыртқы ауада Дем шығарған ауада
Азот

Оттегі

Көмір қышқылы

78

20,92

0,033

78,8

16-17

3-4,5

2-ші кестеде көрсетілген газдардан басқа дем алғанда ішке кіретін ауаның құрамында судың буы, аргон, криптон, ксенон, неон, гелий және сутегі болады. Дем шығарған ауаның температурасы сыртқы ауадан жоғары болады, сондықтан сыртқа айдалатын ауадағы азоттың пайыздық мөлшері сәл көбірек, бұл жылытылғаннан кейін азот молекулаларының кеңеюіне байланысты. Ауадағы азот пен басқа газдардың организм үшін маңызы әлі толық анықталған жоқ. Олар пайдаланылмай сыртқа қайта айдалады. Бұрын бұл газдар адам организмі үшін маңызы жоқ дейтін еді. Ал қазір ұшақ, тік ұшақ, зымырандарды пайдаланып ғарыш кеңістігінің жоғарғы қабаттарына шыққандар үшін қажет екендігі анықталды. Сондықтан ұшқыш пен ғарышкерлердің, суға сүңгушілердің дем алатын ауасының құрамында азот, гелий бар. 3-ші кестедегі көрсеткіштерден дем алатын ауаның құрамындағы оттегінің азайып, керісінше, көмір қышқыл газының көбейетіні анық көрінеді.

Ересек адам 1 минөтте өкпесінсн 6-7 л ауаны өткізеді. Алмасатын ауаның мөлшері адамның салмағына және бойына байланысты. Адамның бойы неғұрлым биік және салмақты болса, соғұрлым оның өкпесі арқылы ауа көп өтеді. Мысалы, ұзын бойлы адамда бұл мөлшер 1 минутте 8 л болса, аласа бойлы кісіде 4,5 л.

Бірақ бұл заңдылықты балаға аударуға болмайды, ауа балаға ересек адамнан көбірек қажет. Тіпті 2-3 жастағы баланың өкпесі арқылы 5-6 л, кейде 7 л ауа өтеді. Мұндай ұзақ мерзімді гипервентиляция (лат. гипер+вентиляция —желдету) баланың дем алуының ерекшелігіне жатады. Осыған байланысты балалардың организмінен бу ретінде судың көптеп шығуы, бүйрек, тері арқылы көмір қышқылыпыцң сыртқа айдалуы байқалады.

Ереск кісіде тыныштық кезінде 3-4 % көмір қышқыл газы айдалатын болса, балаларда пайыздық мөлшері соғұрлым аз, мысалы, 5 жастағы балада — 1,7%. Дененің көрсеткіштері кеміген сайын сыртқа айдалатын көмір қышқыл газының мөлшері төмендейді. Бұл балалардағы гипервентиляцияға байланысты. Ал денеден айдалатын көмір қышқыл газының жалпы мөлшері, дененің 1 кг салмағына шаққанда, балаларда ересек адамға қарағанда көп болады.

Тыныс алудың нервтік және гуморальдық реттелуі. Тыныс алу мүшелерінің қызметінің реттелуі әр дәрежедегі реттеу жолдарымен іске асады.

Төменгі дәрежелі тыныс орталығы сопақша мида орналасқан. Ол бір-бірімен тығыз байланыстағы дем алу мен дем шығаруға жауапты екі бөлімнен тұрады.

Тыныс орталығының нейрондарының қозғыштығы көмір қышқыл газының концентрациясына байланысты, яғни гуморальдық реттеу жолы. Оның қандағы концентрациясы артқанда тыныс орталығының нейрондарының қозғыштығы күшейеді де, тыныс мүшелерінің қызметіне қозғау салады. Көмір қышқыл газның тыныс орталығына әсері екі түрлі жолмен іске асады: а) нейрондарды қоректендіретін қанның құрамының тікелей әсері; б) рефлекторлы жолмен көмірқышқыл газының арнайы хеморецепторларға әсері.

Бұлардан басқа да рефлекторлы түрде болатын тыныс алу мүшелерінің қызметінің реттелуінің де маңызы үлкен. Айталық, дем алғанда өкпе керіледі де, оның қабырғасындағы және қабырға аралық еттер мен диафрагмада орналасқан арнайы барорецепторлар тітіркенеді. Оларда пайда болған импульстер орталыққа тепкіш жол арқылы сопақша миға барып, оның нейрондарының қызметін тежейді де, дем алу тоқтап, дем шығару басталады. Өкпенің керіліп созылуы тоқтасымен тыныс алу орталығына баратын импульстер тоқталады, нейрондардың қозғыштығы артады да, қайтадан дем алу басталады. Тыныс орталығы бұзылса, дем алу тоқталып, тіршлік те жойылады.

Дем алу мен дем шығаруды реттеуге ми жарты шарларының қыртыстары да қатысады. Адам жатғығу арқылы өз еркімен дем алуды тоқтата алады. Бірақ бұл организмнің жаттығу дәрежесіне байланысты. Мысалы, әдейі жаттыққан индиялық иогтар ұзақ уақыт тынысын тоқтата алады.

Спортпен шұғылданатын адамдардың тыныс алуының минөттік көлемі 200 литрге дейін болатыны мәлім, ал спортпен айналыспайтын адамда ол не бары 70-80 л ғана болады. Ми қыртыстарының тынысты реттеуге қатысуының дәлеліне спортшылардың жарыс алдында, студенттердің емтиханға кірерде тынысы жиіленетіні мысал бола алады.

Тыныс алу мүшелерінің қызметіне сыртқы ортаның әсері және гигиеналық талаптар. Оттегінің жетіспеуіне байланысты өзгерістер. Адам дем алатын ауадағы оттегі аз болганда, организмде физиологиялық біраз өзгерістер пайда болады. Ал егер тым аз болса, онда ол өзгерітеp ауруға айналады. Тауға шыққанда адам оттегісі аз ауамен дем алады. 2,5-3 км биіктікте кейбір кісілср өзін нашар сезінеді, бастары ауырып, «жүректері айныйды», бұлшық еттерінің әлсіздігі пайда болады. Денесі шынықан спортпен шұғылданатын мықты кісілердің өзінде 5-6 км биіктікте жоғарыда айтылған белгілер байқалады. Әлі құрығаны сонша, тіпті қолын да қозғалта алмай қалады. Мұндай өзгерістің алдымен адамда өте күшті қозғыштық — «эфория», яғни жоғары дәрежеде көңіл шаттануы байқалады да, содан соң ол парықсыздык, немқұрайлыққа айналады. Эйфория кезінде адам себепсіз қатты күліп, шаттанып, айғайлап, әндетеді, бірақ өз қьлығындағы өзгерістерді аңғармайды. Мысалы, ересек адам өзінің фамилиясын жазудың орнына бірқатар таяқшаларды сызады, ұшқыш не істеп жатқанын түсінбей, бір кадрға бірнеше суретті түсіре береді. Оттегінің қысымы азайған кезде адам өз ісін бақылай алмайды. Сондықтан ұшақтардың ішіндегі қысым жердегі ауа қысымына тең етіп жасалынған. Содан барып жолаушылар арнайы жаттығудан өтпесе де ұшақтарда ұзақ уақыт ұша алады.

Организмге оттегінің мөлшерінің әсерін байқау үшін арнайы барокамералар жасайды. Ішіндегі ауаны copy арқылы оттегінің мөлшерін қажетінше азайтады. Мұндай жағдайда дегенмен шыққан ауаның, қанның, несептің, тіпті жұлын сұйығының құрамын да өлшеп білуге болады. Айта кететін жағдай, белгілі шамадағы таза оттегі адамды тез дұрыс қалпына келтіреді.

Ұрық анасының жатырында оттегімен плацента арқылы қаматамасыз етіледі, оның жүйке жүйесіндегі тыныс орталығы 7 айлығында толық жетілгенімен қызмет атқармайды. Бала туыларда оның анасымен байланысы тоқталады, сондықтан егер әйел ұзақ босанатын болса, ұрықтың қанында көмір қышқыл газы көбейеді де, баланың дем алуы басының жатырдан шығуынан бұрын басталады. Мұндай жағдайда баланың тыныс жолдарына ұрық сұйықтығы кіреді де, бала тұншығады, шетінеп те кетуі мүмкін.

Тұншығу (асфиксия) бала туғаннан кейін де болатын жағдайлар байқалады. Бала тірі, жүрегі соғып тұрады, бірақ дем алып, дем шығаруы не өте әлсіз, не дұрыс емес. Туа болған асфиксия тыныс жодарының бекітіліп қалуына немсе жүйке жүйесіндегі тыныс орталығы қызмет атқармағандықтан организмге оттегінің аз жеткізілуіне байлапысты. Асфиксияның жеңіл түрлері туа болуы мүмкін және жүре келе жүйке жүйесінің, жүрек-қан тамырларының, тыныс жүйесінің ауруларына, далаға шықпай, үнемі үйде отыра беруіне байланысты болуы мүмкін.

Таза немесе 50 % оттегімен дем алу жүрек, туберкулез ауруларында жағымды әсер етеді. Дегенмен оттегінің мөлшері жеткіліксіз болса да, тым көп болса да адам өміріне қатер туғызады. Яғни адам өмірі «тіршілік газының» мөлшеріне байланысты. 3 атмосферадан жоғары қысыммен таза оттегімен дем алғанда ұстама, өкпенің қабынуы сияқты аурулар пайда болып, тіпті өліп кетуі де мүмкін. Қалыпты жағдайда азот оттегін сұйлтатын заттың рөлінде болады. Ал 4 атмосфералық қысым кезінде азот есірткі іспетті есер етеді. Адамда мастану, орынсыз көп сөйлеу, күлкішіл, ақылының нашарлауы, тіпті бұзлуы, бұшық еттердің қызметінің дұыс бағытталмауы, ұытшақтық пайда болады. Сонымен қатар, ауаның құамындағы аз кездесетін газдар (гелий, аргон, ксенон, неон және криптон)да қысым күшейгенде әер етеді.

Адамның дем алатын оттегісі белсенді емес, ол белсенді болып, белок, көмірсутегі мен майлар мен қосылуы үшін химиялық жолмен өзгеруі тиіс. Бұған белсенді химиялық органикалық заттар — ферменттер қатысады. Қоректік заттардың клеткаларда тез тотығуына оксидаза ферменті қатысады.

Оттегінің қаннан альвеола қуысына, ал көмірқышқыл газының альвеола қуысына ғана өтіуі газдардың парциалдық қысымына байланысты. Парциалды қысым газдардың қосындысындағы белгілі бір газдың үлесіне тиетін қысымның мөлшері, ягии ол газдардың жиынтығындағы әрбір жеке газдын пайыздық мөлшері. Өкпе қуысындағы отгегінің парциалды қысымы веналық қандағы оның қысымынан 2 есе көп болады, ал көмірқышқыл газы — біраз кемдеу. Осыған байланысты оттегі альвеолярлық қуыстан қанға, ал көмір қышқыл газы қаннан альвеолярлық қуыстарға диффузды жолмен ауысады. Мұның нәтижесінде оттегінің мөлшері 16 %-ға дейін кемиді де, көмір қышқыл газы 4 %-ға дейін көбейеді. Ал ұлпалардағы оттсгі мен көмірқышқыл газдары бұған керісінше болады да, қанмен клеткааралық сұйықтарда газдар алмасады. 16-18 жастағы жігіттер оттегінің аздығына сезімтал болады.

Тыныс алудың дамуына дене еңбегінің әсері және гигиеналық талаптар. Тыныс алу мүшелерінің бәрінің физиологиялық көрсеткіштеріне дене еңбегі мен спорт әсер етеді. Мысалы: Өкпенің тіршілік сыйымдылығы: штангистерде — 4 л, футболистсрде — 4,2 л, боксерлерде -4,8л, қайықшыларда — 5,5 л. Тыныс алу жиілігі: спортсмендерде миөтіне — 6-8 рет, ал жаттықпаған адамдарда -14-20 рет. Спортпен шұғылданатын адамдардың тынысы терең болады, бұл организмнің үнемді қызмет етуінің белгісі. Мысалы, терең дем шығарғанда олардың сыртқа айдалған ауасының құрамындағы көмір қышқыл газы 2 есе кем болады. Мұндай терең дем алу жүрекке «массаж» жасайды да, оның қоректенуін және физиологиялық қалпын жақсартады. Тыныс алу мүшелерін жаттықтыру, шынықтыру балалар мен жастардың тыныс мүшелері арқылы пайда болатын ауруларға қарсы тұру қабілетін арттырады. Олай болса, дене шынықтыру мен спорт денсаулықты сақтауға қажетті жағдайлардың бірі.

Баланың дұрыс отыра білуі де маңызды. Бүкірейіп, кеудесін үстелдің немесе партаның шетіне тақап отырғанда кеудеге қысым жасалып, тыныс алу мүшелерінің қызметін төмендетеді, жүрек қан-тамырлардың өсуіне кедергі болу арқылы баланың бойының өсуіне бөгет жасайды. Салқын тию, тыныс мүшелерінің аурулары бала организмінің барлық мүшелерінің өсіп дамуына, қызмет етуіне жағымсыз әсср ететінін естен шығармаған жөн.

Оку-тәрбие жұмысын ұйымдастырғанда есте сақтайтын тағы да бір жағдай — дене еңбегі мен дене шынықтыру және ой еңбегі кезінде балалар тынысын тарылтады, сондықтан оның дұрыс болуын қадағалау қажет. Балаларға дұрыс демалуды жастайынан үйрету керек. Сонымен қатар, ой еңбегі мен дене еңбегін кезектестіру аса маңызды. Сондыктан мектеп жұмысында сабақ кестесін жасағанда бұл ерекшеліктерді есте сақтау керек. Сынып бөлмелерін, еңбек сабағының бөлмелерін жиі желдетіп отыру керек. Жоғарғы сынып оқушылары далада таза ауада тәулігіне 3 сағаттан, ал бастауыш сынып оқушылары 4 сағаттан кем болмауы тиіс. Әсіресе ауасы таза бөлмеде ұйықтау аса маңызды, сондықтан балаларды форточкалары ашық бөлмеде ұйықтауға әдеттендіру керек. Баланың киімі де дұрыс дем алу мен дем шығаруға әсер етеді. Сондықтан олардың киімі жеңіл, денесін қыспайтын, қимыл-қозғалысына бөгет етпейтін болғаны жөн.

Осы жазылғандарды қорыта келе, балалардың сабақ оқитын, еңбек ететін үйдегі бөлмелері мен мектептегі сынып бөлмелерінің, балалар бақшасындағы топтардың бөлмелерінің ауасын жиі-жиі желпіндіріп, тазартып отыру аса маңызды екенін айта кеткіміз келеді. Сонымен қатар, баланың далада, таза ауада көбірек ойнауы маңызды.

Ырғақты тыныс гимнастикасы баланың ақылының артуына жағымды есер етеді. Бастауыш сынып оқушыларына сабақ кезінде 1-2 минуттік демалыс беріп, тыныс гимнастикасын ұйымдастыру қажет: оқушы партада отырып, екі қолын бүйіріне таянып терең дем алып және дем шығарады. Мұндай гимнастика баланың сабаққа ынтасын арттырады.