Жасөспірімдер эндокринологиясы

Организмде бездер көп, барлық бездерді ішкі және сыртқы секрециялық бездер деп екі топқа бөледі. Сыртқы секрециялық (лат. секреция — сөл шығару) бездердің өзектері арқылы олардың өнімдері, яғни секреттері (лат. секрет-без өнімдері) қуыс мүшелерге құйылады (мысалы, ауыз қуысына сілекей безінің өнімі -сілекей )шемесе дененің сыртына шығады (мысалы, тер безінің өнімі — тер дененің сыртына шығады). Сондықтан оларды сыртқы секрециялық немесе экзогендік (грек. экзо — сыртқы, сыртқа гея-тек, болмыс) бездер деп атайды. Бұларға сілекей, қарын, май, тер, ішек және қарын асты бездері, бүйрек, бауыр т.б. жатады. Ал і ш к і секрециялық немесе эндокриндік (грек. эндон — ішкі + крино –бөліп шығару) бездердің өнімі тікелей қанға құйылатын ерекше мүшелер жүйесіне жатады: Олардың өз өнімдерін сыртқа шығаратын өзектері болмайды. Олардың өнімі тікелей қан тамырлары арқылы қанға сіңеді де, қанмен бүкіл денеге тарап, мүшелердің қызметіне әсер етеді. Ішкі секрециялық бездер зат алмасу процесіне қатысады, сөйтіп адам организмінің күллі тірлігіне өз ықпалын тигізеді.

Ішкі секрециялық бездердің өнімдерін гормон (грек. гормо — іске қосамын, қозғаймын) деп атайды. Гормондар жүйке жүйесімен бірге организмнің өсуін, дамуын, организмнің физиологиялық қызметтерін үйлестіруге, зат жөне энергияның алмасуына, мүшелердің қызметін реттеуге қатысады. 1980-2000 жылдары гормондардың молекулалық тетіктерде тұқым қуалау мәліметтерін тасуға және организмнің биологиялық ырғағын анықтауға қатысатыны дәлелденген. Сонымен, гормондар жүйке жүйесімен бірге организмнің қызметтерін реттейді. Қазіргі кезде 40-тан астам гормондар бары белгілі. Олардың көбі жақсы зерттелген және адамдарды емдеуге қолданылады.( Ішкі секрециялық бездерге гипофиз, эпифиз, қалқанша, қалқан серік, айырлы (тимус), бүйрек үсті, үйқы (қарын асты) безінің аралшықтары, жартылай жыныс бездері жатады. Қарын асты және жыныс бездері қос секрециялық бездерге жатады, себебі олар әрі сыртқы,әрі ішкі секрециялық қызмет атқарады. Соңғы кездерде жартылай ішкі секрециялық безге бүйректерді де жатқызып жүр, өйткені оларда қанның қысымын арттыратын ренин және эритропоэтин деген заттар түзіледі. Бұлар бүйректің нефрондарының тамырлы полюстерінде орналасқан юкстагломерулалық аппаратында өндіріледі. Баланың эмбриондық дамуы кезінде кейбір ішкі секрециялық бездер қызмет атқара бастайды да жатырдағы баланың дамып, жетілуіне әсер етеді. Бала туғаннан кейін ол бездердің қызметінің басталуы әр безде әртүрлі болады. Түрлі эндокриндік бездердің қызмет дәрежесі баланың өсуі мен дамуы барысында оның жасына, жынысына, ауа райының жағдайына және басқа мүшелері мен мүшелер жүйесінің қызмет қабілетіне байланысты болады. Организмдегі гормондық тепе-теңдік баланың жоғары жүйке әрекетіне әсер етеді. Себебі денеде эндокриндік жүйенің ықпалынан тыс қалатын ешқандай қызмет жоқ. Дегенмен ішкі секрециялық бездер езінің қызметін жүйке жүйесі арқылы реттейді. Олай болса, организмдегі барлық қызметтерді реттейтін біртүтас жүйкелік-гормондық реттелу бар деп айтуға болады.Соңғы зерттеулер бойынша гормондардың көбі жүйке жүйесіндегі күллі жүйке клеткаларының қызмет жағдайын өзгертетіні мәлім болды. Мысалы, бүйрек үсті бездерінің гормондары қозу мен тежелудің күшін өзгертеді. Егер жануарлардың бүйрек үсті бездерін, тәжірибе жасау үшін, сылып алып тастаса, ішкі тежелу мен қозу нашарлайды да жоғары жүйке әрекетінің терең өзгерістері пайда болады. Ішкі секрециялық бездердің гормондары, олардың қызметі.

Ішкі секрециялық бездердің өнімі г о р м о н — өте белсенді химиялық зат. Ол ішкі секрециялық безде түзіліп қанға немесе лимфаға сіңіп, мүшелер мен мүшелер жүйесіне, тіпті күллі организмге өсер етеді. Осыған байланысты ішкі секрециялық бездер қан тамырларыңа бай келеді.

Гормондардың қасиеттері: а)олар өте белсенді, тым азғантай мөлшерде (микрограмм, нанограмм, пикограмм) әсер ете алады; ә) әсері арнайы бағытталған, бір гормон жетіспегенде екінші бездің гормоны немесе басқа бір белсенді химиялық зат оның қызметін атқара алмайды; б) ұлпаларға, мүшелерге өзінің пайда болатын жерінен дистантты, яғни қашық тұрып, алыстан әсер етеді.

Химиялық құрамына қарай олар белок, полипептид, липидтер немесе стероидтарға жатады. Гормондар ішкі секрециялық бездерде, ас қорыту жолының мүшелеріңде, бүйректе, бауырда да түзіледі. Барлық гормондар денедегі зат алмасуына әсер етеді. Олар алдымен қанға сіңгенімен, тек қана клетканың мембранасымен қабысқанда ғана белсенді болады.

Гормондардың биосинтезі адамның тұқым қуалайтын аппараттарында жобаланған, сондықтан әрбір ішкі секрециялық бездер тек қана нақтылы гормондарды өндіреді.

Адам организміндегі гормондардың ішінде гипоталамус-гипофиз-бүйрек үсті бездері гормондарының маңызы өте зор. Олар өздері жеке жүйе ретінде қарастырылады. Бұл жүйе организмнің біртұтастығын сақтауға қатысатын физиологиялық қызметтердің негізгі, әрі маңызды реттеушісі. Бұл жағдайда мидың гипоталамус бөлігі жоғары дәрежедегі қыртыс асты ішкі секрецияның реттеушісі болып есептеледі.Оның бұл қызметі гипофиз безінің жұмысына дәм беруші химиялық өнімдер -нейросекр е т т е р д і (грек. нейрон — нерв клеткасы + секрет) өндіру және шығару арқылы орындалады. Гипоталамуста пайда болған нейросекрет гипофизге құйылып, оның басқа бездерге әсерін тудырады. Аралық мида орналасқан гипоталамус барлық ішкі мүшелердің және ішкі секрециялық бездердің қызметін реттейді. Сондықтан ол мидың барлық бөлімдерімен және гипофиз безінің артқы бөлімімен тікелей байланысып жатыр.

Мида көптеген гормондар бар екені табылды. Олар жүйке импульстерін синапстар арқылы өткізуді өзгертеді.

Гормондар ұлпаларға немесе мүшелерге тікелей әсер етіп, олардың қызметін күшейтеді немесе тежейді, я болмаса жүйке жүйесі арқылы жанама әсер етеді. Кейбір гормондар (бүйрек үсті бездерінің стероидты гормондары, қалқанша безінің гормондары) клеткалық мембранадан өтеді де, клетка ішіндегі ферменттер жүйелерімен ерекеттесіп, ондағы зат алмасуына ықпалын тигізеді. Ірі молекулалы пептидтік гормондар клеткалық мембранадан өте алмайды да, клеткадағы зат алмасуына клеткалық мембрананың сыртында орналасатын арнайы рецепторлар арқылы өсер етеді. Мұндай гормондық-рецепторлық тізбектер клеткадағы аденозинмоно фосфорлық қышқыдды белсендіреді, ал ол, өз кезегінде, клеткалық ферменттерге әсер етіп, ондағы зат пен энергияның алмасуын өзгертеді. Бір сәтте клеткаларға көптеген гормондар әсер етеді, бірақ клеткадағы заттар мен энергияның алмасуына ең нәтижелісінің әсері ғана қабылданады. Олардың қайсысы нәтижелірек екені арнайы заттар — простогландиндердің қатысуымен анықталады. Былайша айтқанда, простогландиндер нақтылы сәтте гормондардың қажетсіздерін тежейтін реттеуші қызметін атқарады.

Гормондардың жанама әсерін тұжырымдай келгенде, ол да клеткадағы зат пен энергияның алмасуына әсер ететіні белгілі болды. Бірақ бұл әсер жүйке жүйесінің қатысуымен орындалады. Соңғы жылдары гормондардың клетканың ішіндегі РНК мен белоктың синтезделуіне қатысатыны анықталып отыр.Ішкі секрециялық бездердің қызметі өзара тығыз байланысты. Олар бір-бірінің қызметіне белсенді түрде тікелей де, жүйке жүйесі арқылы жанама да әсер етеді. Мүндай өзара байланыстың нәтижесінде олардың қызметі жүйке жүйесі арқылы к е р і байланыс жолымен реттеліп отырады да, денедегі гормондардың мөлшері тұрақты мөлшер қалпында сақталады. Егер бұл байланыс бүзылса, организмде түрлі зат алмасуға байланысты аурулар пайда болады. Жүйке жүйесінің ішкі секрециялық қызметті реттеуі өткен ғасырдың 50-ші жьглдары анықталды. Қазіргі түсініктеме бойынша, нейрондар өздерінің негізгі қызметіне қоса, физиологиялық белсенді заттар — нейросекреттерді -түзейді. Нейросекреттердің түзілуінде гипоталамустың нейрондары маңызды орын алады, ол қүрьглысы бойынша гипофиз безімен тікелей байланысты. Оның нейросекреттері гипофиз безінің, ал ол арқылы басқа да ішкі секрециялық бездердің қызметін өзгертеді. Гипоталамустың нейросекреттерін рилизинг-гормондар деп атайды. Оларға либериндер мен статиндер жатады. Либериндер гипофиздің троптық гормондарының өндірілуін, ал статиндер — тежелуін реттейді; Осылай гипоталамус бүрын айтьглып кеткен қызметтерінен басқа, ішкі секрециялық бездердің де қызметін реттейді

Ішкі секрециялық бездердің қызметі соншама жақсы реттелгенімен олардың қалпына жөне қызметіне түрлі аурулар әсер етеді. Гормондардың өндірілуі нашарлағанда гипосекреция ( грек. Гипо — аз, төмен) және күшейгенде гиперсекреция (грек. гипер — артық, жоғары, шегінен тыс) байқалады. Демек, ішкі секрециялық бездердің қызметінің бүзылуы организмнің тіршілігіне өсер етіп, қауіп тендіреді.

Гипофиз және оның гормондарының бала организмін әсері гипофиз немесе төменгі ми қосалқысы бас сүйегінің «түрік ері» деп аталатын сүйегінде орналасқан. Ол ортаңгы мимен көрші орналасады жөне рнымен екі жақты көптеген байланысы бар.’Соңғы жылдардағы мәлімет бойынша гипофиз бен аралық мидың гипоталамус бөлігінің арасында 100 мыңға дейін байланыс жүйке талшықтары бар.Жаңа туған нөрестенің гипофизінің салмағы 10-15 мг, бірақ 10 жасқа дейін 30 мг-ға дейін оседі де, жас өспірімдерде ересек адамның молшеріндей болады. Ол ересек адамда 50-65 мг, пішіні сопақшалау болады. Гипофиздің көлемі баланың жасына лайық ұлғаяды, әрі «түрік ері» сүйегінің есуіне байланысты өзгереді.Жаңа туған сәбидің бұл сүйегі 2,5 х 3 мм, 1 жасқа жеткенде 4×5 мм, ал 16-18 жасқа дейін 9 х 11 мм болады. 18 жастан кейін әр адамның организмінің ерекшеліктеріне сай өзгереді. Емханада гипофиздің мөлшерін «түрік ерінің» мөлшеріне қарап анықтайды. Құрылысы жағынан гипофиз 3 бөліктен турады: алдыңгы, ортаңгы және артқы бөліктер. Алдыңғы және ортаңғы бөліктерін аденогипофиз деп, артқы бөлігін нейрогипофиз деп атайды. Гипофиздің бар салмағының 75% алдыңғы, 1-2 % ортаңғы, 18-23 % артқы бөлікке жатады. Гипофиздің мөлшері жүкті әйелде біраз ұлғаяды, ал босанғаннан кейін бұрынғы қалпына келеді. Гистологиялық құрылысы күрделі алдыңғы бөлімі негізінен хромофобты без клеткаларынан, ортаңғы бөлімі — базофильді клеткалардан, артқы бөлімі питуицидтер мен жүйке талшықтарынан тұрады. Жалпы алғанда гипофиздің ортаңғы бөлімі адамда нашар дамыған және оның қызметі әлі күнге дейін толық айқындалған жоқ деуге болады.

Аденогипофизде 22 гормон түзіліп қанға құйылады. Бұлар химиялық құрылысы бойынша троптық гормондар, аса маңыздылары: соматотропин немесе өсу гормоны (СТГ), тиреотропин (ТТГ), адренокортикотропин (АКТГ) және үш түрлі гонадотропиндер (ТТГ) — лютеиндеуші (ЛТГ), лютеотроптық (ЛСГ), фолликулстимулдеуші (ФСГ) жене ортаңғы бөлімінде түзілетін меланотропин (МТГ).

СТГ, яғни өсу гормоны, белоктың алмасуын жөне ұлпалардың өсуін реттейді, май мен көмірсутегінің алмасуына әсер етеді. Өсу гормоны балалардың бойының өсуіне әсер етіп, ересек адамдарда майдың алмасуына ықпал ету арқылы энергияның пайда болуына мүмкіндік тудырады. Соңғы зерттеулерге қарағанда СТГ денедегі майды ыдыратып, организм оны энергия ретінде пайдаланады да, глюкоза қантын жүйке жүйесінің қорегі ретінде сақтайды. Соматотропин гормоны әйелдің сүт безінде сүттің түзілуіне де әсер етеді деген мәліметтер бар.

Өсу гормоны ұлпаларға тікелей әсер етпей, делдал (келістіруші) заттар арқылы немесе медиаторлар арқылы әсер етеді. Бүл гормондардың медиаторының қызметін МСГ адам терісінің түсін жөнге келтіреді. Оның мөлшері көбейсе, дене терісінде сүттей ақ, ал азайса -қоңыр дақтар пайда болады. Егер ол мүлде түзілмесе, адамның барлық денесінің терісі сүттей аппақ болып, күн шалмайды (күнге күймейді). Бүған қоса, меланотропиндер көздің жарық қабылдағыш аппараттарының қызметін күшейтіп, қараңғылыққа бейімделуге және естің қалыптасуына қатысады.

Нейрогипофизде вазопрессин мен окситоцин деп аталатын нейросекреттер белсенді қалыпқа келтіріледі. Химиялық құрамы жағынан бұлар нанопептидтер, яғни аминқышқылдарының 9 қалдығынан құрылған. Бұлар супраоптикалық және паравентрикулярлық ядроларда түзіледі де, аксондар арқылы нейрогипофизге келеді. Нейрогипофиз бұл гормондарды қор етіп етіп сақтайтын орын. Бұл жерде олар белсенді қалыпқа келіп, қанға құйылады және қан арқылы бүкіл денеге тасылады. Вазопрессинді антидиурездік гормон (АДГ) деп те атайды. Ол бүйрек каналшаларында судың қанға қайта сіңуіне әсер етеді. Нейрогипофиздегі бұл гормонның гиперсекрециясыңда қантсыз диабет ауруы пайда болып, тәулігіне бірнеше литр несеп бөлінеді. Оның ықпалынан тегіс мускулатураның және ішектің артерияларының қызметі күшейеді, қанның артериялық қысымы артады.

Окситоцин жатырдың жиырылуын камтамасыз етіп, әйел босанып жатқанда баланың сыртқа шығуына көмектеседі. Сонымен қатар, окситоцин сүт бездерінің альвеолаларының эпителий клеткаларын жиырып, сүттің сүт жолына, одан баланы емізгенде емшектен сүттің шығуын реттейді. Окситоциннің қанға шығуына бала сорғанда емшектің үшын тітіркендіруі арнайы қоздырушы ролін атқарады.

Гипофиз безінің аурулары басқа аурулармен салыстырғанда мектеп жасына дейінгі балалар өмірінде онша маңызды орын ала қоймайды. Дегенмен, келесі ауруларды мысал ретінде келтіруге болады. Айталық, кішкентай балаларда кездесетін жартылай (парциалды) гигантизм немесе жартылай алыптық. Бұл ауруды көп емдеген В, И. Молчанов оны туа пайда болған кемшілікке жатқызадьйЖартылай алыптың бүкіл денесі емес, тек қана кейбір мүшелері (саусақтары, бір аяғы, бір қолы) тез өсіп, басқа денесінен ерекшеленеді. Қантсыз диабет ауруында бала шөлдей береді, суды өте көп 10-15 литрге дейін ішеді, жиі дәретке отырады, жүдейді.

Бастауыш сынып оқушыларында гипофиз безінің қызметі ересек адамның безінің қызметіне жуық деуге болады.

Эпифиз безінің жас ерекшелігі мен гормондары. Эпифиз немесе домалақ бездің пішіні домалақ, бірақ жалпайған. Ол ортаңғы мидың жоғарғы бөліктерінің арасында орналасқан. Жаңа туған нөрестеде оның үзындығы 3 мм, ені 2,5 мм, қалындығы 2 мм. 4 жасқа дейін эпифиз өсіп, оның көлемі артады. 4 жаста үзындығы 9 мм, ені 6 мм, қалындығы 3 мм болады. Ересек адамда осы көрсеткіштер онша өзгере қоймайды, бірақ салмағы аздап қосылады. Эпифиз 4 жасқа дейін ғана дамығанымен, одан өрі қарай оның клеткалары кішірейіп, қарапайымдалады, ал одан өрі қарай дөнекер ткандері көбейеді. 8 жастан кейін без тығыздалады. Дегенмен, жасөспірімдер мен жігіттерде бойжеткендерде без клеткаларының қызметінің белсенділігінің барлық белгілері орын алып, протоплазмасындағы түйіршіктер дамиды және ядролары бөлінеді. Ересек адамдарда бүл бездің клеткаларының тіршілігі тұрақталады, цитоплазмадағы түйіршіктерінің саны аздап кемиді. Кейбір ғалым-мамандар мұны без ұлпаларының белсенді секреторлық қызмет атқаруының белгісі санайды.

Эпифиздің ішкі қабаты жалпақ эпителий клеткаларымен көмкерілген. Соңғы жылдардығы ғылыми мәліметтер бойынша эпифизде 3 гормон — меланин, гломерулокортикотропин және контргипоталамус-гипофизарлық гормондар өндіріледі.Гипофиздің меланоцитотропин гормоны терінің пигменттік қасиетін реттесе, меланин теріні түссіздендіреді, демек екеуінің арасыңда қарама-қайшылық бар. Контр гипоталамус-гипофиз гормоны гипофиздің қызметін тежейді, сөйтіп гипофиздегі гонадоптропин гормонының өндірілуін азайтады.

Эпифиздің ертінді тұнбасын денеге еккенде бүйрек үсті безінің аумағы кішірейіп, ондағы аскорбин қышқылы (витамин С) және майлы заттардың мөлшері азаяды, өйткені гломерулокортикотропин гормоны бүйрек үсті безінің қызметін тежейді. Ал бүйрек үсті безінің қызметі күшейгенде эпифиздің қызметі, керісінше, төмендейді. Олай болса, осы екі бездің арасында кері қарым-қатынас бар.

Қалқанша безі мен оның гормондарының бала организміне әсері.Адамның қалқанша безі сыңар мүше. Оның аты 1956 жылдан бастап әйгілі болғанымен, организмдегі ішкі секрециялық қызметі жайлы алғашқы болжамдар 1838 ж тәжірибелер негізінде көрсетілген. Бұл без көмейдің алдында орналасқан екі боліктен және оларды қосып тұрған без сабынан тұрады. Безді қоршаған дәнекер ұлпасы ішіне қарай өтіп, оны бірнеше бөлшекке бөледі. Бөлшектер адамның жасы ұлғайған сайын өсіп, көбейеді. Жаңа туған нәрестенің қалқанша безінің салмағы 1 г, 6 айда 2 г алғашқы жылғы баланың өміріңде без ұлпасы айтарлықтай өсе қоймайды да, салмағы 1 жаста 3 г ғана болады. 3-4 жаста 7 г, 5-6 жаста 10 г болып, 12-15 жаста без клеткалары жылдам өсіп жетіліп, 16-20 жаста 25 г болады. Ал ересек адамда бездің салмағы 35-37 г жыныстық жетілу кезінде, негізінен, бойжеткендердің қалқанша безінің уақытша болады көлемі ұлғаяды, себебі қыздардың жыныс гормондары іске қосылады және аналық бездердің гормондарының циклды өзгерістері туады. Без клеткаларының қанға толуына байланысты мөлшері өзгермелі келеді. Бұл без пішіні мен көлемі жағынан әртүрлі тұйық көпіршіктерден, яғни фолликулдан тұрады. Фолликулдар дөңгелек, сопақша немесе көп қырлы болуы мүмкін. Фолликулдар бір-бірінен дәнекер ұлпаларымен бөлінген, олар қан тамырлары мен нервтерге бай келеді. Бездің қызметі баланың ұрық кезінде басталады. Қалқанша безінде 3 гормон түзіледі: тироксин, трийодтиронин және кальцитонин бұл гормондар зат алмасуын удетуші, биохимиялық реакцияларды тездетеді. Олар барлық мүшелерге, әсіресе орталық жүйке жүйесіне әсер етеді. Тироксин жүйке жүйесінің қалпын сақтауға күшті әсер еткендіктен оның қандағы мөлшері өзгергенде ең алдымен жүйке жүйесінің қызметі нашарлайды. Жекелеп алғанда тироксин судың алмасуын реттейді, бүйректе судың қанға қайта сіңуіне ықпалын тигізеді, белоктың, майдың, көмірсутегінің алмасуына, организмдегі негізгі зат алмасуына, қан клеткаларының пайда болуына әсер етеді. Тіпті жүректің қызметіне де күшті әсері бар. Бұл гормонның ұрықтың дамуында маңызы тіпті зор. Оның ұлпаларының өсуі мен қызмет атқаруға бейімделуін күшейтеді Қалқанша бездің гормондары организмдегі иммундық қасиеттерге әсер етіп, аллергиялық жағдайдың және инфекцияның дамуына ықпалын тигізеді.

Қалқанша безінің тиреоидты гормондары ұрықтың өсіп дамуына күшті әсер етеді. Әсіресе оның маңызы ұрықтың жүке жүйесінің дамуына әсері аса маңызды. Бүл гормондардың жеткіліксіз болуы кретинизмге ұшыратады.

Жаңа туған сәбидің тироксиндік белсенділігі күшті болады, яғни физиологиялық гипертиреоз байқалады. Мұндай қалып 2 аптаға дейін сақталып, содан соң біртіндеп азая бастайды да, 6 жастан соң ересек адамның қалқанша безінің белсенділігіндей болады. Бұл организмнің қажеттілігін және күшті өсуін қамтамасыз етеді. Алғашқы жыддардағы стероидтық гормондардың секрециясы жоғары болғандықтан, балалардың қалқанша безінің мөлшері де үлкен болады қалқанша безінің гормондарының құрамында йод бар. Мысалы, тироксиннің 65% йод. Сондықтан организмге йод жетіспегенде бездің гипосекрециясы байқалады. Ал пайда болған ауруды э н демиялы зоб деп атайды.(грек. эндемос — жергілікті). Эндемия деп атау себебі ауру белгілі бір жердің маңайыңда, топырағында йод жеткіліксіз жерлерде пайда болады. Мұндай жердегі тұрғындардың қалқанша безі үлкейіп, оның қызметі төмендейді. Қазақстан топырағының кей жерлерінде йод жеткіліксіз. Сондықтан біздің ел де сол елдердің қатарына қосылады. Бүл ауру топырақта йодтың жетіспеуіне байланысты болғанымен, оның пайда болуында басқа да себептер бар. Қуатты тағамдармен тамақтанатын балаларда бұл ауру кездеспейді. Йодтың жеткілікті болуына астың құрамындағы витаминдердің, тұрмыс жағдайларының, тазалықтың маңызы зор. Бүған қоса, сыртқы ортадағы фтор, кобальт микроэлементтерінің маңызы да бар екені анықталды. Ғалымдардың зерттеуі бойынша эндемиялық зоб ауруының алғашқы жеңіл түрлерінің өзінде бүл науқасқа байланысты жүрек-қан тамырлар кемшілігі, жүйке жүйесінің кемшілігі жөне зат алмасуының өзгеретіні анықталды. Бүл ауруды емдеуде маңызды орынды профилактикаға, яғни аурудың алдын алу жұмыстарына көп көңіл бөлінеді. Жалпылай профилактика арқылы балалардың зоб ауруын 20-30 есе азайтуға болады. Эндемиялық зобтың пайда болуына жұқпалы аурулар жиі себеп болады. Инфекция өзінің тікелей өсеріне қоса, қалқанша безіне орталық жүйке жүйесі арқылы әсер етеді. Себебі барлық инфекция ең алдымен орталық жүйке жүйесін уландырады, оның қызметін өзгертеді, ал жүйке жүйесінің өзгерісі тікелей қалқанша безінің ауруын тудырады. Сондықтан мектепке дейінгі балалармен, бастауыш сынып оқушыларымен тәрбие жүмыстарында оларды жүқпалы аурудан сақтауға көбірек көңіл аудару керек.

Қалқанша безінің кальцитонин гормоны қанның құрамындағы кальцийдің мөлшерін азайтады. Оның бұл әсері сүйектің минерал заттары — оксиапатитті сүйек ұлпасына жинауына байланысты. Соңғы кездерде кальцитонин көптеген ас қорыту бездері мен ішкі секрециялық бездердің өндіру қызметін тежейтіні анықталып отыр.

Қалқанша безінің гиперсекрециясында Базед немесе тиреотоксикоз ауруы байқалады. Науқастың көзі шарасынан шыға үлкейіп, бадырақ көз болады, қалқанша безі өседі, зат алмасуы күшейіп тез жүдейді, пульсы шапшандайды, тез шаршайды, ұйқысы бұзылады, бала жылауық, ашуланшақ болады. Қалқанша безінің гипосекрециясында микседема, яғни шырышты ісік пайда болады. Науқас баланың асқа тәбеті болмай, температурасы төмендеп, немқұрайлы, сылбыр болады, психикасы бұзылады, еске сақтау қабілеті төмендеп, ақылы кем болады. Егер бала ауруға кішкентай кезінде ұшыраса кретинизмге айналады: жыныс мүшелері жетілмейді, ақылы кем болып, дене пропорциясы бұзылады, жүрегінің қызметі күрт өзгереді (жүрек тахикардиясы).

Гипосекреция жағдайында байқалатын қалқанша безінің кемшіліктері — гипотиреоз екі түрлі болады: а) туа болган, яғни қалқанша безі болмай, не нашар дамыған балалар; ә) жүре болган, яғни гипофиз безінің тиреотропин гормонының түзілуі тоқтағандықтан өсе келе пайда болған. Қазіргі кезде жүре болған түрін ертерек емдей бастаса, ауруды асқындырмауға болады.

Қалқан серік бездері қалқанша безінің артқы қабырғасында орналасқан кішкентай түйме тәрізді 4 (2 жоғарғы және 2 төменгі), кей адамда 6 без болады. Жалпы салмағы 0,1-0,3 г, үзындығы 6-7 мм, ені 3-4 мм, қалыңдығы 1,5-2 мм. Жас өспірім балалардың қалқансерік безі сәл қызғылттау болады, кейіннен сарғыш тартады да, қартая келе қоңыр түсті болады. Олардың сыртын қоршаған жақсы капсуласы бар және қалқанша безінен сол қапшығымен бөлектенеді. Бездің пішіні, саны мен қалқанша безінің үстінде орналасуы тұрақсыз, әртүрлі болады. Олардың пішіні дөңгелекше, сопақша, ұзынша, бұршақ іспеттес болады. Без ұлпалары әртүрлі клеткалардан түрады: гликогені бар негізгі клеткалар мен эозинофилдері бар оксифильді клеткалар. Балалардың қалқансерік бездері негізгі клеткалардан тұрады. Жасы үлғая келе оксифильді клеткалар көбейіп, жыныстық жетілу кезінде олардың мөлшері негізгі клеткалардан басым болады. Қалқансерік безінде паратгормон немесе паратиреокрин деп аталатын гормон өнеді. Оның маңызы 1925 ж Коллиптің зерттеулері арқылы анықталған. Паратиреокрин кальцийдің алмасуына әсер етіп, оның қандағы мөлшерін реттейді. Кальцийдің негізгі қоры сүйек болғандықтан бұл гормон организмдегі фосфордың алмасуына да әсерін тигізеді. Мұны қанның құрамындағы кальцийдің мөлшері көбейгенде фосфордың мөлшерінің азаюы арқылы байқайды. Паратгормон сүйек ұлпасының ыдырап, кальцийдің қанға шығуына мүмкіндік жасайды. Бұл гормонның жеткіліксіз болуы қандағы кальцийдің мөлшері кемігендіктен, сіңірдің тартылуын тудырады. Қалқанша безінің кальцитонин гормонымен және Д витаминімен бірге бала организмдегі кальцийдің алмасуының дұрыстығын қадағалайды. Паратиреоидтік гормонның гиперсекрециясында сүйектің құрамындағы фосфаттар несеп арқылы сыртқа шығып, босаған кальций қанда көптеп жиналады да, гиперкальциемия байқалады. Паратиреокриннің гипосекрециясы көбінесе қалқанша безіне операция жасағанда, оған қоса қалқансерік бездерін байқамай алып тастағанда, кей кезде инфекцияға байланысты пайда болады. Балаларда туа пайда болған гипофункция без ұлпаларының болмауынан немесе еркін дамығандықтан кездеседі. Кейбір жаңа туған сәбиде ұрықтық мезгілінде анасының паратгормонының гиперсекрециясына байланысты қалқансерік бездерінің қызметі нашарлайды. Мүндай гипосекреция туғаннан кейін де сақталады. Қандай болмасын гипопаратиреоз жағдайыңда баланың қанындағы кальцийдің мөлшері азайып, организмдегі калий-натрий тепе-теңдігі бұзылады да, гипопаратиреоздың белгісі — бұлшық еттердің тетанусы (лат. тетанус- сіреспе) пайда болады, кейін тісі бүлінеді, шаштары мен тырнақтарында кемшіліктер пайда болады.

Қалқансерік бездерінің дамуы ұрықта басталады. Оның өсу барысында без клеткалары дамып, паратгормон түзіліп, қанға құйыла бастайды. Бұл ұрықтың қаңқасындағы кальций түздарының жиналуымен қатар жүреді. Бала туғаннан кейін өсіп, жетіліп, кальцийдің алмасуына қатысады. Баланың сүйектерінің қатуы көбінесе осы бездердің қызметіне байланысты.

Бүйрек үсті бездері және оның гормондары. Бүйрек үсті бездері — қос мүше. Олар оң және сол жақ бүйректердің жоғарғы жағында орналасқан, салмақтары 6-12 г., әрқайсысы қыртысты және милы қабаттан тұратын қос бездер. Қыртысты қабатының салмағы 4,5-10 г, милы қабаты 1,2-2,4 г шамасында болады яғни қыртыс қабаты 2/3 бөлікке тең.

Бұл — салмағы аз болғанымен ішкі секрециялық бездердің ішіндегі тіршілік үшін маңызы өте зор бездердің бірі. Егер жануарлардың екі безін де сылып алып тастаса, ол бір аптаның ішінде өліп қалады: жануар тез әлсіреп, астан қалады, арықтап, салмағы азаяды, кейіннен сіңірі тартып, ішкен тамағын құсып, жүрек-қан тамырлар жүйесінің, тыныс мүшелерінің, ас қорыту мүшелерінің, бүйректің несеп шығару қызметтері нашарлайды, қан тамырларының қабырғасының өткізгіштігі күшейеді, қаны қоюланады және басқа өзгерістер пайда болады.

Бездің милы қабатын қалдырып, қыртыс қабатын сылып алып тастаса, жануар тез өліп қалады. Милы қабатын алып тастап, қыртыс қабатын қалдырса, айтарлықтай өзгеріссіз үзақ уақыт өмір сүре алады. Мұның себебі милы қабатты қүрайтын хромаффин клеткалар бүйрек үсті безінен басқа кейбір ірі қаң тамырларының бойыңда, шеткі ганглияларда кездеседі. Оған қоса, нервтердің ұштары норадреналин медиаторын бөліп шығарады. Ол милы қабаттың гормондары тәрізді әсер етеді.

Бүйрек үсті бездерінің қыртыс қабаты 10 астам кортикостероидтар тобына жататын гормондарды түзеді. Химиялық тұрғыдан олардың бәрі холестериннің туындысына жатады.

Физиологиялық қызметіне қарай кортикостероидтар 3 топқа бөлінеді: а) глюкокортикоидтар; ә) минералкортикоидтар; б) адренокортикоидтар.

Глюкокортикоидтар бүйрек үсті безінің қыртысты қабатының шашақты зонасында түзіледі. Бүл топқа өте белсенді гормон — кортизол, гормондық белсенділіктері төмендеу кортизон мен кортикостерон жатады.

Кортизол мен кортизон молекуласының С17 бөлігінде окси тобы болғандықтан, оларды 17-оксикортикостероидтар дейді. Глюкокортикоидтар зат алмасуының барлық түріне ықпалын тигізеді. Тері, бауыр, ет, май, дәнекер жөне лимфа ұлпаларында бүл гормонның әсерінен бірқатар ферменттердің, яғни трансаминаза, оксидаза, гидролаза т. б. ферменттердің белсенділігі күшейеді.

Глюкокортикоидтардың ықпалынан барлық ұлпаларда, әсіресе ет үлпасында, белоктың ыдырауы күшейеді. Қандағы амин қышқылдарының және несептегі азоттың мөлшері көбейеді, бауырдың мочевина бөлу қызметі артады. Аталған әсерлерге байланысты бала организмінің салмағы азайып, өсуі нашарлайды.

Глюкокортикостероидтардың майдың алмасуына әсерінен ұлпадағы май ыдырап, май қышқылдары бауырға өтеді. Бүл гормондар көмірсутегінің алмасуына әсер етеді. Олар бауырдағы гликонеогенезді (грек. гликос — тәтті + нео — жаңа + генезис — тек, болмыс, пайда болу) күшейтеді. Сондықтан гипергликемия, тіпті глюкозурия (несепте қанттың болуы) пайда болуы мүмкін. Бүл топтағы гормондардың әсерінен бауырдан басқа барлық мүшелердегі клеткалық мембраналардың глюкозаны өткізу қабілеті төмендейді. Ал бауырда, керісінше, глюкоза мен амин қышқылдарын өткізу аздап артады.

Глюкокортикоидтардың қабынуға, аллергияға қарсы тұру қабілеттерін арттыруға, иммунодепрессивтік (лат. иммунотатис — бірдеңеден босау, құтылу + депрессия — басу, тежеу) әсерлерінің маңызы мүлде ерекше. Олардың мұңдай қабілеттері клеткалық мембрананың өткізгіштігі төмендеуіне, клеткалардан және басқа құрылымдардан гистаминнің босауын азайтуға, антителолардың түзілуін төмендетуге, антиген мен антителоның реакциясын тежеуіне, дәнекер ұлпадағы коллаген мен мукополисахаридтердің түзілуін нашарлатуына байланысты.

Глюкокортикоидтардың әсерінен белоктың ыдырауынан пайда болған заттардан көмірсутекті заттар түзіледі, бүл әсіресе лимфа ұлпаларында күшті болады. Аз мөлшерде глюкокортикоидтар басқа гормондардың әсерін күшейтеді. Глюкокортикоидтардың синтезі мен секрециясы гипофиздің кортикотропин гормонымен реттеледі.

Канадалық зерттеуші ғалым Г. Селье алғаш рет бүйрек үсті бездерінің гормондары организмге түрлі қауырт жағдайларда өте қажет екенін көрсетті. Адамның қатты күйзелісі кезіндегі тітіркендіргіштерді ол стрессор (ағыл. стресс — қатты күйзелу, абыржу, қауырт жағдай) деп атады. Бүйрек үсті бездерінің қыртыс қабатының гормондары айтарлықтай азайса, стресс жағдайында организм өліп кетуі мүмкін.

Минералкортикоидтар бүйрек үсті безінің түйнекті зонасыңда пайда болады. Бүл топқа альдостерон мен одан белсенділігі 20-30 есе төмен 11-ші дезоксикортикостерон жатады. Минералкортикоидтар бүйрек ұлпасында, тер және сілекей бездерінде, ас қорыту жолының шырышты қабатындағы клеткаларға әсер ету арқылы су мен тұздардың алмасуын реттейді. Бұл топтың басты гормоны альдостеронның әсерінен натрийдің алғашқы несептен бүйректің нефрондарына қайта сіңуін күшейтеді және калийдің қайта сіңуін азайтады. Натрийден кейін іле-шала су бүйрек каналшаларына қайта сіңеді, яғни альдостерон гормоны натрийдің қайта сіңуін күшейту арқылы судың алмасуына да әсерін тигізеді. Альдостерон жеткіліксіз болған жағдайда бүйрек арқьглы организмнен натрий көптеп шайьглады жөне дене сусызданады. Ал оның көбеюі денедегі қабынуларды күшейтеді.

Адренокортикоидтар — андростерон, эстрол жөне прогестерон гормондары бүйрек үсті бездерінің ретикулярлы (торлы) зонасының клеткаларында түзіледі. Жыныс бездерінің гормондарына қарағанда бұлар анағұрлым әлсіздеу келеді. Дегенмен бұлардың әсері жыныс бездерінің гормондары тәрізді. Олар жасөспірімдерде қосымша жыныс белгілерінің қалыптасуына көмектеседі. Олардың маңызы, өсіресе балалық және қартайған шақта күшті болады. Адам қартайып, жыныс бездерінің қызметі тоқтаған кезде бүйрек үсті бездері негізгі жыныс гормондарын түзуші құрылым болып қалады.

Бүйрек үсті бездерінің м и л ы қабатының гормоңдары негізінен екеу: адреналин және норадреналин. Адреналин бүйрек үсті бездерінде ғана, ал норадреналин басқа мүшелерде де пайда болады. Бұлар дофамин гормонымен бірге биогендік катехоламиндерге жатады. Үшеуі де тирозиннің туындысы болып есептеледі де, тирозиназа ферментінің әсерінен ыдырайды. Катехоламиндер организмдегі барлық үлпалар мен клеткаларға өсер етіп, оларда күрделі биохимиялық әрекеттерді тудырады жөне коптеген физиологиялық қызметтердің ерекшеліктерін айқындайды.

Катехоламиндердің әсер етуі түрлі биохимиялық реакциялармен байланысты. Бүлар химиялық ұқсастығына қарамастан организмге әртүрлі әсер етеді. Физиологиялық әсерлері олардың таңдамалылығына, цитоплазмалық мембраналардың адренорецепторларымен қарым-қатынасына, түрлі мүшелердің құрылысына байланысты келеді.

Катехоламиндер адренорецепторларға қысқа мерзім әсер етеді және ол пайда болған өзгерісті қалпына келтіруге рефлекторлық және гуморальдық (лат. гумор — мүйық) механизмдер арқылы қатысады. Катехоламиндердің организмге әсері өте көп және жан-жақты.

Адреналинның жүрек-қан тамырлар жүйесіне ықпалы зор. Ол жүректің жұмысын күшейтіп, соғу ырғағын тездетеді, қозғыштығын үлғайтып, импульстердің өткізгіш жүйесі арқылы қозғалысын жақсартады. Қан тамырларын дифференцияланбаған жеке-жеке клеткалар тобынан тұрады. 6 айға толғанда ұрықтық қыртысты заттар 3 есе кеміп, жаңа клеткалары көбейеді де, 7 жасқа дейін жетіледі. Милы қабаттың хромаффиндік клеткалары 3-4 жаста дифференциацияланады да тез өсе бастайды. Осы мерзімнің ішінде милы қабаттың жалпы салмағының 28-29% қалыптасады. Содан соң 8 жасқа дейін өспейді де қалған мөлшері 8-10 жас арасыңда тез өсіп, одан ері ақырындап, жалпы өсуі 16-20 жасқа дейін созылады.

Бір жастағы балалардың хромаффин ұлпалары адреналинді жақсы өндіреді. 6-7 жаста норадреналин мен дофаминнің қанға шығуы күшейеді. Ал қыз балаларда 9 жаста, ер балаларда 10-11 жаста адреналиннің мөлшері екінші рет үстем болады.

Қыртысты қабаттың без клеткалары 9-11 жаста қайтадан күшті өсе бастайды да, 11-12 жаста толық өсіп жетіледі.

Бүйрек үсті бездерінің қызметінен туындайтын аурулар, олардың қыртысты және милы қабаттарының гормондарына байланысты. Милы қабаттың гормоңдары жетіспегенде, көбінесе 10 жасқа дейін кішкентай балалардың миындағы жүйке клеткаларына қанттың жетіспеуінен талма ауруы байқалады. Сабақты көп оқығанда, ұзақ уақыт жүгіріп, көп ойнағанда бала есінен танып қалады. Мүндай жағдайда балаға жиі-жиі, әсіресе сабақ оқыр, ойнар алдында тәтті тағамдарды молырақ немесе суға еріткен бал, қант беру керек. Ауру 10 жастан кейін өзінен-өзі басылып кетеді.

Қыртысты қабаттың гипосекрециясында ұзақ уақыт гормондар жетіспегенде Аддисон ауруы дамиды. Бұл ауру ересек адамдарда көбірек, ал балаларда өте сирек кездеседі. Ауру баланың денесінде қоңыр дақтар пайда болып (ең алдымен көп үйкелетін жерлерде: шынтақ, сан, мойын, бел), тез шаршайды, қимылдары азаяды, немқұрайлық байқалады, жүдейді, қаны қоюланып, оның қысымы азаяды. Аурудың денесінен натрий мен хлор шайылып, калий жиналғандықтан жүрек әлсіздігі пайда болады. Көмір сутегінің алмасуы бұзылады. Баланың асқа зауқы төмендейді, оның бүлшық еттеріңде сіреспе пайда болып, кей кезде тыныс еттерінің сіресуінен шетінеп те кетуі мүмкін.

Кейбір балаларда туа пайда болған қыртыс қабатының гипертрофиясы байқалады. Бүл кемшілік тұқым қуалайды деген бірен-саран мәліметтер де бар. Аурудың белгілері ерте 2-3 жаста байқалуы мүмкін. Алғаш кезде жылдам өсе бастағанымен, кейіннен баланың өсу қарқыны баяулап, бойы аласа болып қалады, 2-3 жастан бастап ауру қыздардың қолтығында, шабында түктер өседі, бірақ емшектері өспейді, етек кірі келмейді. Ауру ер баланың сыртқы жыныс мүшесі тез өседі, эрекция пайда болады, сақал-мұрты, кеудесінде, қолтығында, шабында түктері қалың болып, ересек ер адамдарға ұқсай бастайды. Бүл ауру көбінесе бүйрек-үсті бездерінің ұрықтық мезгілдегі кемшілігіне байланысты.

Бүйрек үсті безінің милы қабатының гипертрофиясы ісікке байланысты байқалады. Қазіргі кезде оның ісіктері балаларда жиірек кездесетін боп жүр. Мүндай науқас бала тершең, көзі бақырайған, беті шырайсыз келеді, тіпті кішкентай 2-3 жастағы баланың өзінде қанның қысымы жоғарылайды. Мұндай балалар жиі-жиі басының ауыратынын, жүрегінің айныйтынын, қағатынын айтады. Ісікті алып тастағаннан кейін аурудың белгілері жойьшып, бала жазылып кетеді.

Бүйрек үсті безін операция жасап сылып алып тастаса, жануарлар өліп қалады. Ондай жануардың (мысалы, иттің, қойдың) температурасы тез төмендеп, арықтап, қимыл-қозғалысы азаяды, қанның қысымы төмеңдейді, қаны қойылады, жүрегінің қызметі нашарлайды. Мұндай белгілер адамның бүйрек үсті безінің гормондарының гипосекрециясыңда да байқалады.

Қос секрециялы бездердің қызметі мен жас ерекшеліктері

Тимус (айырлы без). Тимус немесе айырлы безді кейде айырша без деп те атайды. Ол 2 бөліктен тұратын (оң және сол жақ бөліктер) бірі-бірімен дәнекер ұлпасы арқылы байланысқан кеуде қуысында орналасқан без. Жаңа туған баланың бездерінің салмағы 23 г, 15 жаста 37 г болады. Одан әрі қарай без клеткалары солып азаяды: 45 жаста 35-16 г, 50-55 жаста 12-13 г, қартайғанда не бары 6 г болып қалады.

Бала туғанда айырлы без жақсы жетіліп түрады. Оның ұлпасы дифференцияланып, әр бөлігіндегі милы және қыртысты қабаттары айқын көрінеді. Бала туғанда бездердің 62-63% қыртыс қабатында, 37-38% милы қабатында орналасады. Айырлы без екі қызмет атқарады: ішкі секрециялық без ретінде тимоидин (тимсекрецин) гормонын өндіреді жөне организмнің иммунитетіне маңызы күшті Т-лимфоциттер дамып жетіледі. Жаңа туған баланың тимусындағы лимфоциттердің мөлшері қыртысты қабатта 62,6 %, милы қабаттта 42,4 %. Бала туғаннан кейін оның молшері азайып, 3 жаста қайта кобейеді де 3 жасқа толғанда 43,4 % болады.

Тимустағы эндокриндік без клеткаларының мөлшері 36-37% шамасында болады. 4 жастан бастап без клеткаларының арасында май клеткалары пайда бола бастайды. 20 жастан әрі қарай бездің орнын май және дәнекер ұлпалары басады. 12 жастағы баланың тимусының 35,4% ғана без болып, жас өспірімдік мерзімнен бастап біртіндеп азаяды.

Тимус безінің организмдегі маңызы әлі де болса толық зерттелмеген. Дегенмен соңғы жылдардағы зерттеулер бойынша оның гормоны денедегі кальций тұздарын сүйектің құрамында сақтап, оның өсуіне әсерін тигізу арқылы баланың бойының өсуін реттейді және ерте жыныстық жетілуді тежейді. Бүған қоса, бүйрек үсті бездерімен бірге С витаминінің қоры ретіңде де қызмет атқарады. Бұл витаминнің мөлшері бойынша айырлы без екінші орында, бірінші орында — бүйрек үсті бездері. Мүнда В2 және Д витаминдері өте көп жөне біраз мөлшерде цинк болады. Тимус нуклеин қышқылдарының алмасуына қатысады деген болжамдар да аз емес. Тимустың қызметіне байланысты бездің гипертрофиясы кезінде байқалатын тимус-лимфатикалық статус деп аталатын ауру бар. Тимус безінің ісініп өскендігінен нәрестенің өлгендігі туралы ақпаратты XIX ғасырға дейін ең алгаш Пиит есімді дәрігер ғана жазған. Ал 1830 ж Корр айырлы бездің гипертрофиясына байланысты балалардың өлімі, оның себептері, белгілері туралы толық жазған. Тимус туралы нақтылы еңбектер соңғы жылдары пайда бола бастады. Дәрігерлердің бақылауына қарағанда тимустың аурулары организмде қан айналысы бұзылғанда қабынудың ауыр асқынған түрлеріне, туа пайда болған даму кемшіліктеріне, ісіктерге байланысты пайда болады. Кей кезде бүл бездің ауруы басқа ішкі секрециялық бездердің ауруына (Аддисон, эндемиялық зоб) байланысты байқалып жүр.

Тимус-лимфатикалық статус ретінде бала организмінің туа болған ерекшелігі. Ондай баланың тимусы мен лимфа ұлпалары ұлғайып, жүрегі жетілмеген кішкентай, беті ісік, терісі жүқа, шашы өте жұмсақ болады. Мұндай баланың туғаннан кейінгі тыныс алысы ауыр болады, кейде дем ала алмай шетінеп кетуі де мүмкін. Егер без онша үлкен болмаса, біраз өмір сүруі мүмкін. Ауру баланың бұлшық еттері нашар, бостау, кеуде қуысының үстіңгі жағы жіңішке болады, реакциясы баяу, сіңір рефлекстері нашар, тез шаршайды. Ондай балада тыныс мүшелерінің ауруы жиі байқалады, қанында лимфоциттері көбейіп, нейтрофилдері азаяды, жиі ентігіп қалады, кей баланың сыртқы жыныс мүшелері нашар дамиды.

Жалпы алғанда тимустың аурулары өте аз кездеседі. Бүл бездің ауруларының негізгі белгілері: шектен тыс семіздік, әлсіздік, ауруға төзімсіздік, без ұлпасының ұлғаюы, сүйектің жұқаруы, сүйек сынығының нашар бітуі.

Ұйқы (қарын асты) безінің гормондарының бала организміне әсері. Ұйқы (қарын асты) безі немесе Лангерганс аралшалары көмірсутегінің алмасуын реттейтін гормондарды өндіреді. Аралшаларда төрт түрлі клеткалар болады: альфа, бета, гамма және дельта. Соңғы жылдары мұнда Е жене X деп белгілеген клеткалар табылды. Бұлардың соңғы төртеуі (гамма, дельта, Е, X) альфа және бета клеткаларының дамуындағы түрлі кезеңдерде пайда болатын клеткалар деген болжамдар бар. Альфа және бета клеткалары и н с у л и н және глюкагон гормондарын өндіреді. Қарын асты безі өзінің атына сәйкес қарынның астыңғы жағында шарпы майымен аралас төселіп жатыр. Аралшалардың пішіні көбінесе дөңгелектеу болады, саны мен мөлшері адамның жасына қарай және физиологиялық жағдайына қарай өзгеріп тұрады. Альфа клеткалары дөңгелектеу немесе бұрышты болып келеді де, бета клеткалары дөңгелек призма тәрізді болады. Альфа клеткалардың саны бета клеткалардан гөрі 4 еседей артық. Тек жаңа туған сәбилерде 2 есе аз. Олардың альфа клеткаларының саны ересек адамдардікіне қарағанда 4 есе көп болады да, алғашқы 1 жылдың ішінде тез азаяды. 4-5 жаста азаюы бәсендеген мен жалпы саны әлі де болса ересек адамдікінен көбірек болып, 12 жаста теңеседі. 25 жастан әрі қарай аралшалардың саны біртіндеп кеми береді. Альфа клеткаларда глюкагон гормоны, бета клеткаларда инсулин гормоны өнеді.

И н с у л и н организм үшін аса маңызды гормондардың бірі. Онсыз тіршілік болмайды. Себебі инсулин жануарлар крахмалы гликогеннің синтезіне және гликолизге жағдай тудырып, көмірсутегінің алмасуына қатысады. Энергиясы көп фосфаттардың пайда болуына әсер етеді, олардың ыдырауына және кетондардың (улы заттар) пайда болуына кедергі жасайды. Бұл гормон майдың алмасуына қатысады, амин қышқылдарының, белоктардың пайда болуына ықпалын тигізіп, май, көмірсутегі, белоктың алмасуына қатысады — олардың бір-бірімен байланысын қамтамасыз етеді. Инсулин фосфордың алмасуын күшейтіп, калийдің клеткаға ауысуына, сөйтіп оның сарысудағы мөлшерін азайтып, организмдегі суды бір қалыпта ұстайды.

Глюкагон гормонын гипергликемиялық фактор деп те атайды. Ол қандағы қанттың мөлшерін көбейту үшін бауырдағы гликогенолизге қатысады. Сөйтіп организмді тамақ арасында клеткаларға қажетті қантпен қамтамасыз етеді. Мүның қызметінің маңызы әсіресе орталық жүйке жүйесінің қызметі үшін күшті: нейрондарға қажетті глюкозамен қамтамасыз етеді.

Инсулин мен глюкагон бір-бірімен байланысты қызмет атқарады: ас ішкеннен кейін организмдегі, әсіресе қандағы қанттың мөлшері көбейіп кетеді. Бұл кезде инсулин артық қантты гликогенге айналдырады, ал ас арасында қандағы қанттың мөлшері азайғанда бауырдағы гликогеңді глюкагон гормоны ыдыратып глюкозаға айналдырады. Пайда болған глюкоза ет пен нерв клеткаларының қызметіне қажетті энергия қоры ретінде пайдаланылады.

Ұрық пен жаңа туған баланың ұйқы безіндегі гормон өндіруші клеткалар жақсы дамыған. Жаңа туған нәрестенің ұйқы безінің әрбір грамынан 10 Е (халықаралық өлшем белгісі), ересек адамнан 2 Е инсулин бөліп алуға болады. 1 жастағы нәрестенің безінде 36 Е, 20 жаста 180 Е инсулин болады. Ұрық пен емшектегі сәбидің аралшаларының жайылған бөліктері қайтадан қалпына келеді, яғни регенерациялық қабілеті байқалады. 4 жастан әрі қарай бұл қасиет жойылады.

Лангерганс аралшаларының қызмет кемшілігіне байланысты жиі кездесетін ауру — қантты диабет. Бұл аурумен ауырған науқастың шөлі қанбайды, несебінің құрамында қант пайда болады, ал ауырмаған қалыпты жағдайда несептің құрамында қант болмайды. Науқастың қанындағы қанттың мөлшері 200-500 мг/% дейін көбейіп, тәулігіне несеп арқылы 100-150 г глюкоза денеден шайылады. Мұнымен қатар майдың алмасуы бұзылып, қанның құрамыңда холестерин мен кетондар көбейеді. Көп науқастардың шығарған демінде ацетоннның иісі сезіледі. Қан айналысының бұзылуына байланысты мұндай науқастарда тері аурулары, қызыл иек ауруы жиі кездеседі, гангрена оңай дамиды.

Баладағы қантты диабет ауруының пайда болғанын ең алғаш 1696 жылы Мортон жариялаған. Жер жүзінде бұл аурумен ауыратын науқастардың саны өте коп, жылдан жылға ұлғайып келе жатыр. Бұған тәтті тағамдарды көп пайдаланудың әсері бар деген мәліметтер кездеседі. Бұл аурудан өлгендердің саны да көп. Көпшілік зерттеулердің нәтижесіне қарағанда қантты диабет ауруы 6-8 жас және 11-13 жас арасында көбірек. Дегенмен бұл ауру жас мөлшерімен тұрақты шектелмейді. 1 жасар балалардың арасында да кездесетіні мәлім. Қазіргі кезде барлық аурудың 5%-дан артығы 10 жасқа дейінгі балалар. Оның 10-47 % тұқым қуалайды. Дәрігерлік бақылауларга қарағанда қантты диабет ауруымен ауырған әйелдер дені сау бала туады. Тіпті 5-6 айлық жүкті кезінде денсаулығы жөнделіп кеткені де мәлім. Мүндай анадан туған баланың инсулярлық аппараты ерте тозып, кейіннен қантты диабет ауруына шалдығады. Балаларда бүл ауру жедел басталып, тез асқынады. Ал ересек адамда біртіндеп дамиды. Ауырған балалардың гигиеналық тәртіпті сақтауының маңызы үлкен. Мұндай балалар дені сау балалармен бірдей еңбек еткені жөн. Оларға дене еңбегі тіпті қажет, сондықтан спортпен айналысу пайдалы. Шамасына қарай спортпен шұғылданатын науқастың дәрілерін азайтуға мүмкіндік пайда болып, қатты асқынудан сақтайды. Тек қана есінен танатын жағдайда ғана төсек тартып жатуына болады. Қазіргі кезде қант диабеті ауруының өзінен де, оның себебінен дамыған басқа мүшелердің ауруын емдеу қиынырақ болып отыр. Әсіресе жүрек, бүйрек, көз ауруларының көбеюі айтарлықтай орын алып, науқастың мезгілінен бұрын өлуіне себеп болып отыр. Дегенмен қантты диабет ауруымен ауырған адамдар ұзақ өмір сүре алады. Ол үшін ас ішерде инсулин гормонын немесе аурудың жеңіл жаңа басталған түрінде сол іспетті қызмет атқаратын дәрі-дәрмектерді қабылдау қажет.Қантты диабетпен ауырған баланың өсуі көбінесе нашар болады.Глюкагон гормонының жетіспеуіне байланысты 10 жасқа дейінгі балаларда талма ауруы байқалады. 10 жастан аса ауру өзінен өзі жоғалады, себебі глюкагонның орнын бүйрек үсті безінің милы қабатыңдағы адреналин гормоны басады.

Жыныс бездері және жыныстық жетілу. Жыныс бездері қос секрециялы бездерге жатады. Сыртқы секрециялық без ретінде оларда жыныс клеткалары — әйелде аналық клетка және ерлерде аталық клеткалар — сперматозоидтар өніп дамиды. Ішкі секрециялық без ретінде ерлер мен әйелдердің жыныс гормондары түзіледі. Жыныс гормондары қан арқылы денеге тарап, баланың өсуіне, дамуына әсер етеді және жыныс мүшелерінің дамып жетілуін, жыныстық белгілердің пайда болуын қамтамасыз етеді. Жыныс гормондарының негізгі қызметтері — тұқым өрбіту болғандықтан жыныстық жетілу кезінде олардың мөлшері жоғары болады. Осыған байланысты мектеп жасына дейінгі мезгілді асексуальды немесе жыныстық нейтральдық мерзім, яғни инфантильдік (исп. Инфант — бала) шақ деп есептейді. Негізінде, 8-10 жасқа дейін балаларда қосымша жыныс белгілері болмайды. Олардың өсуі мен дамуында жыныстық айырмашылық жоқ.

Ересек ер адамның жыныс безінің салмағы 20-30 г, 8-10 жасқа дейін 0,17 —0,18 г. Ересек әйелдің аналық безінің салмағы 5-8 г, жаңа туған қыз балада 0,2 г, 5- жаста 1 г, 8-10 жаста 1,5 г.

Е р л е р д і ң жыныс бездері — қос мүше. Олардың сырты тығыз дәнекер ұлпалардан тұратын капсуламен қапталған, мүны белоктық қабық деп атайды. Ерлердің жыныс безі немесе аталық безінің артқы жағындағы белоктық қабық қалындап г а й м о р денесіне айналады. Гаймор денесінен бездің ішкі жағына қарай радиальды түрде дәнекер ұлпадан тұратын құрылым безді бірнеше бөлікке бөледі. Мұндай әрбір без бөліктерінде арасы дәнекер ұлпаға толған шәуһет каналшалары болады. Шәуһет каналшалары үзын иірім жөне қысқа тік бөлшектерден тұрады. Иірім каналшада спарматогенез, яғни аталық жыныс клеткасының дамуы өтеді. Сондықтан оның қабырғасында әртүрлі даму кезеңіндегі аталық ұрық клеткалар — сперматозоидтар және оған қоса Сертоли клеткалары орналасқан. Сертоли клеткалары үрық клеткаларын қоректендіреді, аталық ұрық клеткалары дамыған сайын каналшаның саңлауына қарай қозғала отырып, жетілген сперматозоидтар азғантай сұйықпен қоса каналшаның саңлауына жетеді. Ұрық каналшаларының арасында нәзік дәнекер ұлпадан тұратын бөлшектерінде Лейдингтің интерстициялық клеткаларының топтары бар. Осы клеткаларда аталық жыныс гормондары өнеді. Иірім шәуһет каналшалары кішкентай нәрестелерде ұрықтық күйінде қалып, 7-8 жаста ғана қалыптасады.

9 жаста ірі сперматоцидті клеткалар каналшалардың ішінде екі қатар орналасады, ал каналшалардың арасында сперматидті клеткалар орын алады. Каналшалардың құрылысы 14 жаста ғана өзгереді де, каналшалардың арасында алғаш рет пресперматидтер мен сперматидтер пайда бола бастайды. 16-17 жаста жігіттердің каналшаларының арасында сперматоидтар, ал сперматид клеткаларыңда алғашқы тестостерондар өне бастайды.

Ерлердің жыныс бездерінде қосымша қуық түбі безі (простата) мен шәуһет көпіршіктерінің маңызы үлкен. Ересек азаматтың қуық түбі безі жыныстық жетілу мерзімі жақындағанда дами бастайды да, шамамен 17 жаста толық жетіледі. Оның ұзындығы ер азаматта 2,5-4 см, ені 2,5-5 см, қалыңдығы 1,7-2,3 см салмағы 17-28 г шамасында өзгеріп отырады.

Аталық жыныс бездерінде аталық гормондар тобына жататын тестостерон гормоны өнеді. Тестостеронның алмасуы негізінде андростерон және басқа жыныс гормондары түзіледі. Жалпы алғанда аталық гормондар андрогендер тобына жатады. Олар өзінің физиологиялық қызметін атқарғаннан кейін біразы ыдырап, ал қалғаны бауырдың ішінде глюкурон және күкірт қышқылдарымен қосылып өт пен несептің құрамында организмнен сыртқа шығады.

Андрогендер тобындағы гормондар бауырда, бүйректе және бұлшық еттерде белоктың түзілуіне әсер етеді, жоғарғы жүйке әрекетіне ықпалы зор, жоғары жүйке арқылы жыныс қылықтарының қалыптасуына және тежелудің тепе-теңдігіне әсер етеді.

Тестостерон гормоны ер адамның қосымша жыныс белгілерінің пайда болуына, ер балалардың сыртқы жыныс мүшелерінің өсіп жетілуіне, әр адамға лайық сақал-мүрттың, денедегі түктердің, көмейдің дыбыс жарғақтарының өсуіне әсер етеді. Гипофиздің фоллукулстимулдаушы гормонымен бірге тестостерон жыныс бездерінің дамуына әсер етеді. Зат алмасуына қатысып, белоктың синтезделуін реттейді. Сөйтіп денеде калий, фосфор және кальцийдің сақталуына әсер етеді. Осы қызметіне байланысты бүйрек үсті бездерінің андрогендерімен бірге жыныстық жетілу кезінде ер балалардың бұлшық еттерінің күшті дамып, жас өспірімдердің тез өсуіне әсер етеді. Ер балалардың жыныс бездерінің гипер- және гипофункциясына байланысты бірнеше аурулар кездеседі.

Андростеронның гормондық белсенділігі шамалы, тіпті болмайды деуге де болады. Бірақ ол ыдырағанда андростерон — 3,17-дион тестостеронның құрамына кіретін андрогендік гормондардың бір бөлігі болып қалады.

Жыныс бездерінің гормонактивті ісіктері балаларда аз кездеседі. Дегенмен Мәскеу облысының урологиялық ғылыми зерттеу институтынң мәліметіне қарағанда бұл ауру 0,4-1,2 % шамасында байқалады. Оның ішінде балалардың жыныс бездерінің ісіктері мүлдем аз болса да, көбінесе 6 жастағы ер балаларда кездесіп тұрады. Ондай баланың аталық безі үлкейеді, ісік бір жақты болуы да мүмкін, бала тез өсе бастайды, көп мөлшердегі тестостерон эпифиз безінің гормонын тежеп, өсу тоқталады, баланың денесінде қосымша жыныс белгілері пайда болады, оның бойында ересек ер адамның дене сымбаты қалыптасады. Балалардың интерстициялық ісіктері операция жасап сылып алып тастағаннан кейін жазылады. Олардың психикасы өзгереді, тез ашуланады, төбелесқор, айтқанынан қайтпайтын қайратты болатыны тестостеронның жүйке жүйесіне әсерін көрсетеді.

Тестикулярлық гипофункцияның негізінде жас өспірімдер мен ересек ерлерде етектік байқалады. Ондай жастар жыныстық жетілмейді немесе өте нашар жетіледі, қосымша жыныс белгілері пайда болмайды, дауысы жіңішке болады, қатаймайды, сыртқы жыныс мүшесі өспейді, беті ісіктеу болып, денесін май қаптайды, әйелдер пішінді семіру (май клеткалары қоңына, қынына, кеудесіне жиналады) байқалады, дене пропорциясы дұрыс болмайды, яғни аяқ-қолдары ұзын, тұла бойы қысқа болады.

Мектеп жасына дейінгі балаларда бүл ауруды көбінесе анықтау қиын. Ол тек 10-12 жаста жыныстық жетілу кешіккенде ғана білінеді. Жыныс бездерінің гормондары жыныстық жетілуге дейін бала организмі үшін маңызды болғандықтан жыныс бездерінің гипофункциясының аурулары жыныстық жетілуге дейін белгісіз болады. Тек қана мезгілінен бұрын ғана пайда болған жыныстық жетілу, яғни гиперфункциясы ғана байқалады. Ондай гиперфункция тек қана ісікке байланысты туады.

Жыныстық жетілу, жыныстық тәрбие

Ер және қыз балалардың жыныстық жетілуі.

Эмбрионның үшінші аптасында жыныстық жетілу басталады. Бұл кезде алғашқы жыныстық белгілер пайда болады. 4-5 айдағы ұрықта жыныстық белгілер айқынырақ. Бұл кезден бастап аталық жыныс безінің өсу қарқыны 1 жасқа дейін біркелкі, 1 жастан бастап жыныстық жетілу басталғанша өте баяу дамиды, оның мөлшері де айтарлықтай ұлғаймайды. Ал аналық жыныс безінің өсу қарқыны ұрықтық дамудың 7-9 айында және 1 жасқа дейін күшті болады, сонан соң 7-9 жасқа дейін өсуін күрт баяулатады. Осыған байланысты балалық кезең ер балаларда 9-11, қыз балаларда 7-9 жасқа дейін созылады. Аталған мерзімдерге дейін ер балалар мен қыз балалардың өсуі мен дамуы бірдей болады. Олар бір-бірінен алғашқы жыныстық белгілер мен әр жынысқа тән тұқым қуалайтын психикалық ерекшеліктер бойынша ғана ерекшеленеді.

Бұл кезеңде ер балаларда жыныс безінің ұрық жасайтын түтіктері жіңішке, әлсіз және оның өзі де әлі жіктеле қоймаған эмбриондық эпителий клеткаларының бір қабатынан ғана тұрады. Қыз балаларда аналық жыныс безі эмбриондық кезеңде фолликулалардан тұрады. Олардың өсуі өте баяу. Қабықтанған фолликулалардың саны өте аз, ал Грааф көпіршігі мүлде болмайды. Бұл мезгілде ер және қыз балалардың несебінде андрогендік және эстрогендік гормондар біршамада және аз болады. Бүл гормондар жыныс безінде түзілмей, тек бүйрек үсті безінің қыртыс қабатында өнеді.

Жыныстық жетілу ер балаларда 10-11 жаста, қыз балаларда 9-10 жаста басталады. Осы уақыттан бастап ер балалардың жыныс мүшесі өсе бастайды. Жыныс бездері жетіледі. 12 жастан аса көмекші жыныс белгілері: көмекейі өсіп, дауысы қатаяды. 13-14 жаста ер адамға лайық қаңқа ерекшеліктері пайда болады, сондықтан баланың сымбаты өзгереді, әр адамға тән қасаға түктері пайда болады. 15 жастан аса қолтығында түктер өседі, сақал-мұрты шыға бастайды, сперматогенез басталады, ұйықтап жатқанда шәуһет бөліне бастайды. 18 жастан аса жігіттің жыныстық жетілуі аяқталады. Ер бала біртіндеп ержетіп, жігіт, одан әрі ересек адам болады. Қыз балалардың жыныстық жетілуі ер балалардан ертерек басталып, 8 жастан-ақ әйел пішіндес қаңқа ерекшеліктері пайда бола бастайды. Жамбас сүйектері өседі де, жамбас қуысы кеңейеді. 10 жасқа жақындағанда емшегі өседі. 13-15 жастан бастап бойы жылдам өсіп, қолтығында, қасағасында әйелдерге тән түктері шығады, етеккір келеді. 16-18 жаста бойжеткеңдер толық жыныстық жетіледі. Бұл өзгерістер қыз баланың организміндегі жыныстық өзгерістердің пайда болуына байланысты.Жыныстық жетілу мерзімі жалпы алғанда балалар мен жастардың тұқым қуалайтын қасиеттеріне, жейтін тамағына, тұрмыс жағдайына, тәрбиесіне, тұратын жерінің ауа райына, ұлттық ерекшеліктеріне т.б. сыртқы ортаның жағдайларына байланысты. Балаларды жыныстық тәрбиелеу. Ер және қыз балалардың жыныстық жетілуі бұл кезеңнің көптеген қиындықтарына тағы да біреуін қосады — бұл жыныстық тәрбие мәселесі. Балалар мен жастарды ж ы н ы с т ы қ тәрбиелеудің маңызы зор. Мүңдай тәрбие ерте басталғаны жөн. Дұрыс жыныстық тәрбие алған жастардың дендері сау, еңбек қабілеті жоғары, жасына лайық, болашақта дүрыс жақсы отбасын құратын болады. Жыныстық тәрбие бірнеше бағытта жүреді:

  1. Ер бала мен қыз баланың арасындағы жыныс мүшелерінің айырмашылығын дұрыс, мезгілінде түсіндіру мектеп жасына дейін басталады. Шешеге, апа-қарындастарына, сіңлілері мен інілеріне деген көзқарасты қалыптастыру қажет. Оларға сыйлауды, қүрметтеуді үйрету отбасындағы әке-шешенің бір-бірімен дұрыс қарым-қатынаста болуынан басталады. Ер балаларға жұмыстың ауырын, қыз балаларға жеңілін жүктеудің негізін кішкентай балаларға дұрыс түсіндірсе ғана олардың арақатынастары дұрыс қалыптасады, үйлесімді бағытталады. Өйтпесе теріс түсініп, олардың арасында қайшылықтар туып, жалпы жыныстық көзқарастар теріс қалыптасады. Мұнымен қатар, жыныс мүшелерін күтуді, әсіресе кішкентай қыздарға үйрету қажет. Біртіндеп жыныстық жетілу басталғанға дейін жас өспірімдердің жыныстық жетілу белгілерін дұрыс түсіндіре бастаған жөн. Оларда жыныстық қарым-қатынас туралы алғашқы түсінік дұрыс болғанда ғана болашақ отбасы да бақытты, жақсы, үлгілі жанұя болады. Кішкентай балаларда жыныс мүшелерінің кір болуына байланысты қышыма пайда болып, бұл кейіннен 14-15 жастан бастап организмге (жыныстық қатынассыз қолмен нәпсіні қандыру) айналуы мүмкін. Оның алдын алып, болдырмау үшін денесі таза, жыныс мүшесіне қол тигізбей, ішкиімдері кеңірек болып, жыныс мүшесін қыспайтын киім киюін қадағалау керек. Балаларға жыныстық қызықтыру тудыратын фильмдерді, әңгіме кітаптарды көрсетпеу керек. Балалармен бағытталған жыныстық қарым-қатынас туралы түсініктеме ертерек басталғаны жөн. Баланың бос уақытын текке кетірмей, пайдалы спортқа, еңбекке баулу керек. Тәрбиенің мұндай түрлері балалар бақшасында, отбасында, мектепте жүргізіледі.
  2. Бастауыш сыныптарда қыздардың жыныстық жетілуі басталады. Осыған орай қыздардың ер балаларға деген ерекше ынтасы байқалады. Оның үстіне олардың денесінің өсуі күшейіп, өздерімен құрдас ер балалардан ерекшелене бастайды. Соңдықтан бастауыш мектептердегі жыныстық тәрбиенің маңызы өте зор. Қыздарға болашақта көрінетін етеккірдің себептерін, оған байланысты дене тазалығының маңызын алдын ала түсіндіріп, олардың психикасын дайындап, гигиеналық дағдыларын қалыптастыруға ат салысу керек. Бастауыш сынып мұғалімдері қыздардың аналарымен байланыса отырып, жыныстық тәрбиені ұйымдастыруы қажет. Осы бастан-ақ ер балалар мен қыздарға жыныстық айырмашылықтар, жыныс мүшелерінің құрылысы, жыныстық жетілу туралы алғашқы қажетті ұғымдар беріп, бағытты тәрбиені жүргізу керек. Балалардың «сырттан» алатын теріс бұзық ұғымдарының алдын алуы қажет. Мұны жыныс ерекшеліктерінің және оның гигиенасының маңызын түсіндіру арқылы іске асыруға болады. Қыз балалардың етеккірі келгенде, бұл -ата-ана үшін, бойжеткеннің өзі үшін — қуанышты жағдай деп қабылдап, етеккірі келген қыз балаға оның маңызын, болашақ ана бола алатынын, соған байланысты ер балалармен жыныстық қарым-қатынастар туралы ашық сөйлесіп, анасы дұрыс түсінік беруінің маңызы зор. Қыз бала өзінің болашақ ана екенін қорқынышты емес, болашақ отбасы үшін, ел үшін, халық үшін маңызды қуанышты жағдай ретінде түсінуі тиіс. Етеккір қыз үшін ауыртпалық емес, мақтаныш ететін жағдайлардың бірі ретінде болуы маңызды.
  3. Жалпы алғанда жас өспірімдерге ретсіз жыныстық қарым-қатынастың жағымсыз жақтарын түсіндіру маңызды. Ерте және ретсіз жыныстық қарым-қатынас адамды ерте қартайтады, түрлі жыныстық аурулар жұқтыруы мүмкін. СПИД, мерез, сөз іспетті жұқпалы аурулардың тек жыныстық қарым-қатынастан туатынын, олардың зардабын түсіндірудің маңызы зор. Жоғары сынып оқушыларына жыныстық қарым-қатынас туралы арнайы әңгімелерді ер жене қыз балалармен жеке-жеке топтастырып өткізу тәрбиеші-мүғалімнің міндеті. Мұндай әңгімелерді арнайы мамандармен кездестіру арқылы өткізсе, жастардың ұғымы дұрыс қалыптасады, ал маман емес адамдар өз ойын айту арқылы дұрыс түсінік бермеуі мүмкін. Сондықтан тәрбиеші мезгіл-мезгіл мамандарды сыныпқа шақырып, жастардың тәрбиесіне қатыстыруы тиіс. Маман адамдар жастардың психикасын, аурудың даму барысын, белгілерін, зардаптарын жақсы білгендіктен дұрыс түсіндіріп айта алады.

Сонымен, қорыта келгенде, балалар мен жастарға жыныстық тәрбие беру ата-анасы мен мұғалімдердің ғана міндеті емес, бүл ел, халық үшін маңызды жалпы міндет.

Өкінішке орай, мүғалімдер мен ата-аналардың көбі жыныстық тәрбие мәселелерінен «аулақ жүруге» тырысады. Балалар мен жас өспірімдердің көпшілігі өзінің жыныстық дамуы жайындағы «сыпайы» сауалдарына жауапты ересек жолдастары мен достарынан алады, 20% әке-шешесінен, ал 9% ғана мүғалімдер мен тәрбиешілерінен алады деген зерттеу нәтижелері бар. Олай болса, жыныстық тәрбиелеуде мектеп пен ата-аналардың олардың бір-біріне сілтеп, уақытында тәрбие бермеуі жыныстық дамудың физиологиясы және ер азамат пен әйелдің қарым-қатынасы жайында теріс түсініктер туып, жағымсыз әдеттерге дағдылануына себеп болады. Кейіннен жас жүбайлардың көбінің отбасындағы өмірдің кемшіліктері олардың бала кезінен дұрыс бағытталған жыныстық тәрбие алмауынан болуы мүмкін деген болжамдар да таңғаларлық жағдай емес. Сонымен бірге, жыныстық тәрбие мүғалімдер мен тәрбиешілерден, ата-аналардан сыпайылықты, парасаттылықты талап ететін қиын тақырып, өйткені арнайы білімді, педагогикалық және ата-аналық әдептілікті қажет етеді.