Өрмекші тәрізділердің экологиясы

Өрмекші тәрізділердің көбіне жердің, үйдің жарылған жерлері, саңылауы, заттардың арасындағы тар қуыстар мекен болады, осындай баспаларға бейімделу нәтижесінде өрмекші тәрізділердің денесі азды көпті болса да, жалпайыңқырап кетеді. Ал жерде, түтік сияқтанған індерде тұратын өрмекші тәрізділердің (сольпугалардың) құрсағы ұзарып кеткен саңылау, жарықтарды паналамайтын өрмекші тәрізділердің денесін жүн басып кетеді: мысалы, Argyroneta деп аталатын су өрмекшісінің құрсағын қалың қылшық басып кетеді, өрмекші суға сүңгіген кезде сол қылшықтарының арасымен су астына ауа алып кетеді.

Өрмекші тәрізділердің паразит түрлерінің паразиттік өмір сүруге мынадай бейімдіктер бар: басқа жануарларға қадалып тұра алатын сорғыш, тырнақша ілмектері және басқа жабысу мүшелері жақсы дамыған, аяқтары редукцияға ұшыраған, денесі қабысқан және денесі ұзарып кеткен.

Паразит өрмекші тәрізділердің қадалу мүшелері олардың уақытша паразит кезінде-ақ пайда болады, мұны, мысалы, личинкалық жасында құстарға (тауықтарға) жабысып паразиттік өмір сүретін Argas reflexus пен A.Persisus кенелерінен көруге болады. Басқа жануарларға (қожайынына) жабысып жүру үшін қажет мүшелерге Tyroglyphidae тыныштық (гипопус) фазасында бай болады, олардың денесінің төменгі бетінде сорғыштары жатады, қысқарған аяқтары ілмешекке айналады. Шын мағынасында алғанда, гипопустар паразит емес, өйткені олар қожайындарын тек басқа жаққа орын ауыстыру үшін ғана пайдаланады. Сүтқоректілердің терісінің эпидерма қабатының арасынан өзіне жол салатын қотыр кенелерінің де денесі дорзо-вентраль түрде қабысып келеді. Сонымен қатар, қотыр кенелерінің денесінің бетін ұштары кейін қарай қисайып шыққан тікенектер басып тұрады.

Табиғи сұрыптау табиғатта денесінің пішіні мен реңі жөнінен айналасындағы заттарға ұқсас келетін түрлердің таралуына әкеп соқтырады. Айналасындағы заттармен ұқсастығы олардың көзге аз түсуіне себеп болады. Өрмекші тәрізділердегі сақтаныш яки қорғаныш рең деп аталатын құбылыс жөнінде бірнеше мысал келтіріп кетелік. Балтық теңізінің құмайт жағалауында өрмекшілердің бірнеше түрлері кездеседі, бұлар түрлі тұқымдастарға жатады және өздері қайыршық құмнан тіпті айнымайды. Құм жоқ жерде бұл өрмекшілер кездеспейді. Cyclosa conica жасырыну үшін өзінің өрмегіне, өлтіріп сорып тастаған насекомдарының өлімтіктерінен, өсімдік ұнтақтарынан және басқа материалдардан жолақ салады. Шапшық өрмекші күн жарығы жақсы түсетін тастың үстінде көп жүреді, өйткені ондай жерлерге шыбындар қонғыш болады, ол осы шыбындарды ұстап қорек қылады. Осы өрмекшілердің сыртқы реңі отырған тасының реңінен айнымайды. Ағаштардың аяғында, жалаңаш және қына жерде жапырақтарда гүлдерде тұратын өрмекшілердің бірі бүйірімен жүруші Misunena colycina – дан көруге болады. Ол бал араларын аңдып жүріп, ақ гүлдерге қонғанда ақ болып кетеді де, сары гүлге барғанда сары болып кетеді.

Өрмекшілерде бұтақтарға және басқаларға еліктеу де кездееді. Біздің өрмекшілеріміздің арасында өте ұзын құрсағымен ұзын аяғы бар Tehragnatha туысының бір өкілі, аяқтарының алдыңғы екі жұбын алға қарай, артқы екі жұбын кейін қарап созып жібергенде жіңішке қу бұтаққа айнымай қалады. Құрсақ жағы өте ұзарып сорайып кеткен жіп сияқты өрмекшілер мимикрия (мимитизм), яғни сырт пішіні мен реңін басқа жәндіктердікіне ұқсатуға бұл жағдайда буын – аяқтылардікіне еліктеуі, тамаша жағдай. Құмырсқаларға еліктеушілік жөнінде де бір қатар мысалдар кезедеседі, мұндайда өрмекшінің құмырсқалардың белгілі бір туысынан айнымай қалу өте таңырқарлық.