Қазақстан Республикасындағы Азаматтық қорғаныс жүйесі

Қарулы күштерді әлсірету үшін әр соғысушы жақ екінші жақтың ту сыртына соққы беруді мақсат етеді. Мұндай соққы беру мүмкіндігі 1914-1918-ші жылдары ұшақтардың пайда болуына байланысты, әуеден бом-былау мүмкіндігі туды. Сөйтіп қалаларға, қорғаныс шебінен тыс тылдарға әуеден соққы беріле бастады.
Ал мұның өзі осы қалалардың ауадан шабуылына қарсы тұра алатындай дәрежеде болуын талап етті. Бұл жағдай әуе шабуылына қарсы тұратын әскери күштермен қатар, қираған өндіріс орындарын, тұрғын үйлерді қайта қалпына келтіруге халықтың өзін көтеру қажеттігі туындады.
Сөйтіп әуе шабуылынан қорғану үшін 1920 жылдары жергілікті әуе шабуылыиан қоргану жүйесі құрылды.
Кеңестер одағында ХӘҚЖ 1961 жылы Азаматтық қорғаныс /АҚ/ — деп аталына бастады. Кеңес үкіметі 1925-1932 жылдары осы Азаматтық қорғаныс жүйесін одан әрі нығайту мақсатында бірнеше қаулылар қабылдады. Осы ХӘҚЖ-не төмендегідей міндеттер жүктелді:
— әуе шабуылы туралы халыққа ескерту және қауіптің өткендігін хабарлау;
— әуе шабуылының зардаптарын жою;
— бомбадан не газдан, улағыш заттардан /УЗ/ паналау орындарын дайындау;
— зардап шеккен жан-жануарларға көмек көрсету;
— қауіп төнген аудандардағы қоғамдық тәртіпті сақтау шараларын жүргізу;
— ХӘҚЖ үшін арнайы мамандар дайындау жү-мысын жүргізу;
— арнайы курстарда, қоғамдық қорғану ұйымдарында оқытуды ұйымдастыру.
Ұлы Отан соғысы жылдарында бүл істерге жоғары маңыз беріліп, қорғаныс жасақшылары саны жаппай өсіп, 6 млн.нан асып түсті. Соғыс жылдары бұл күштер халықты қорғауда, шабуыл зардаптарын жоюда үлкен жүмыстар атқарды.Ұлы Отан соғысы аяқталғаннан кейін де бүл қызмет одан ары жалғастырылып жетілдіре берілді.
Бұл күндері оларға жаңа міндеттер жүктелінген, қүрылымы өзгерген. Халықты әуе шабуылынан, атом бомбысының қолданылуынан, химиялық, бактерио-логиялық қарулардан қорғануға дайындау жүмыстары жүктелді. Бүл жүмысты басқаруды үйымдастыру мини-стрліктерге, облыстық, қалалық және аудандық әкім-шіліктерге жүктелген.
Азаматтық қорғаныс курсының мақсаттары:
• Әр қоғамда ең басты, бағалы нәрсе — адам. Сондықтан барлық қорғау шараларында адам-дардың қауіпсіздігін ескеру — негізгі мақсат. Адамдарды қорғай білу — мемлекет үшін маңызды іс. Сондықтан халықты қорғау, адамдардыое өмірін сақтап қалу, олардың қауіпсіздігін қам-тамасыз ету Азаматтық қорғаныс жүйесінің негізгі жүмысы.
• Халықтың еңбегімен жасалған барлық байлықты сақтап қалу. АҚ ережелерінде олар сенімді түрде қорғалуы қажет деп көрсетілген.
Азаматтық қорғаныс міндеттері:
• Халықты жаппай қыру қаруларының (ядролық, химиялық, бактериялық) зардаптарынан сақтап қалу.
• Төтенше жағдайда өндіріс орындарының түрақты жүмысын қамтамасыз ету (Барлық өнімдердің қажетті мөлшерде өндіре алу);
• Зардапқа үшыраған адамдарды қүтқару және қалпына келтіру жүмыстарын жеделдетіп жүргізу;
• Апат болған, қираған жерлерде барлау жүмыс-тарын жүргізу.
• Зардап шеккен адамдарды іздестіру, қүтқару, оларға қажетті көмек көрсету.
• Төтенше жағдайда шыққан өртпен күресу, олар-дың өршуіне жол бермеу.
• Өндіріс орындардағы апаттық көрші тұрған обьектіге зиянын келтірмеуін көздеу және қал-пына келтіру.
• Адамдарды және техникаларды басқа да обьекті-лерді улы, бактериялық, химиялық заттардан санитарлық тазалықтан өткізу.
• Территорияны, техниканы, киімді, тамақты улы, радиоактивті заттардан, бактериалардан қорғау.
Казіргі кезде ғылыми-техникалық прогрестің яғни завод, фабрикаларды энергия беру т. б. өндіріс орын-дарының (шаруашылық кешендерінің) адам өміріне келтіріп отырған пайдасы мен қатар зияны, зардабы аз емес.
Шаруашылық кешені (ШК) деп өз алдына мате-риалдық баланысы бар, банк бөлімшесінде өзінің жеке тобы бар мекемені айтады. Тау-кен өндірісінде, көмір, металлургия, мұнай өнімдерінің өндірілуімен қатар, кейде, апат кездерінде, адамға зиянды улы заттардың ауаға кетуі ықтимал, кездесіп те жатады. Төтенше жағдайлар мемлекеттік жүйе құруға мәжбүр етеді. АҚ ұйымдары территориялық және өндірістік принциппен қүрылады.
Азаматтық қорғаныстың баскару ұйымдары;
1. Республикадағы Азаматтық қорғаныс штабы.
2. Облыстық, қалалық, аудандық штабтар.
3. Министрліктер бойынша жергілікті жердегі мекемелерде АҚ штабтары немесе қызметкерлері.
4. Азаматтық қорғаныс ұйымдарының кезекші-лік қызметкерлері мен байланыс орындары.
Азаматтык қорганыстың күштеріне жататындар:
• Азаматтық қорғаныс әскерлері.
• Ауқымдық не министірліктерге бағынатын жа-сақшылар.
• Арнайы жасақшылар.
Басқару орындары:
• Қазақ Республикасының Прьемер-министрь
• Республикалық Азаматтық қорғаныс штабы
• Төтенше жағдай жөніндегі комиссия
• Облыс әкімі
• Қала әкімі
• Аудан әкімі
• Әр мекемедегі бірінші бастық
Әр мекеменің бірінші бастығы — Азаматтық қорға-ныстың бастығы болып есептеледі. Оның бұйрықтары мен жарлықтарын осында жұмыс істейтін барлық адам-дар орындауға міндетті. Мекеменің бірінші бастығы осы мекеменің төтенше жағдайдағы дайындығы үшін, құтқару жұмыстарының ұйымдасқан түрде жүргізілуіне, оған адамдарды дайындап, ұйымдастыруына жауап береді. ТЖ-дың зардабын жоюға, ұжым мүшелерін үйымдастыруға мемлекет алдында бірден-бір жауапты адам.
Халықты психологиялық дайындыққа әзірлеу
Адам табиғаттағы, өндірістегі, көлік апаттарының Төтенше жағдайының басы-қасында болғанда оқиғаны әртүрлі бағалайды әрі оған психологиялық кері әсер етуі мүмкін. Мұның өзі сол адамдардың апат зардабын бағалауды, қиын-қыстау жағдайда қалай қимылдауды білмегендігінен болады. Асып-сасушылық басым болуы мүмкін. Бірер адамнан шыққан үрейлену көпшілікке берілсе, онда жаппай үрей (паника) тууы мүмкін. Қорқыныш сезімін білмеген адамдар жағдайды шынайы бағалай алмайды. Немесе асыра сілтеуге жақын түрады. Олар өз сезіміне бой беріп, жауапкершілікті жоғалтады.
Бұндайда теріс түсінушілік, бүрмалаушылық әңгі-мелер көп болады. Жаппай үрейлену қайғылы жағ-дайларға соқтыруы ықтимал. Сондықтан адамдарды төтенше жағдайларға алдын-ала дайындау маңызды жұмыс. Апат жағдайында қалай қимылдаудың, іс-әрекеттің кезегін үйрету керек, жаттығыулар өткізу қажет. Азаматтық қорғаныстың қойған мақсаты осын-дай. Үрейленушіліктің алдын алу үшін төтенше жағ-дайда, дереу оның себебтерін нақты түсіндірудің маңызы зор. Егер жаппай үрейленушілік туындаған жағдайларда адамдармен тез арада сүхбаттасып, қорқыныш сезімді жоюға тырысу керек. Басқаруды тез арада бір кісі өз қолына алғаны дұрыс. Содан кейін сол адамдардың
өздерін құтқару, қалпына келтіру жүмыстарына кірі-стіріп ақыл-ойларын соған бөлу керек. Тек сонда ғана қатты қорқынышқа үрынған /паникаға/ адамдарды тоқтатуға болады.Сондықтан төтенше жағдайдағы психологиялық дайындыққа тиісті көңіл аударуды қатаң талап етеді.