Құмды зона өсімдіктер дүниесі

Құм зонасы шөл, шөлейт зоналарынан ыстық, құрғақ аймақтарда жайласқан. Құм зонасының көп кқлемі Орта Азияда, оның ішінде Қазақстанда жайласқан. Құм зоналары ның климаттық жағдайына келсек жауын –шашын кем (300мм), жазы өте ыстық (орташа 30-35 градус). Бұл құм өсімдігінің өсіп өркендеуіне өте қиын жағдай туғызады. Ең жаманы ыстық климат құрғақшылықпен қабат келеді. Құм өсімдіктерде қабылдаған судан буланған су бірнеше есе көп болады. Сонымен бірге өсімдіктерге тағы бір қолайсыз жағдай құмда жер беті жаз айларында өте қызып кетеді, 60 градусқа дейін жетеді. Мұндай ыстықты өсімдіктің бәрі көтере алмайды. Құмның және бір ерекшелігі жазғы өте ыстық температура түнге барып салқын болады. Бір тәулікте температура бірнеше рет өзгеріп отырады. Ал енді жыл маусымына келсек, құм зоналары жазы қандай ыстық болса, қысы сондай суық болады. Құмның топыраңы аздап немесе жетерлідей тұзды болады. Топырағы тұздың еритін қалдығы өсімдіктің өркендеуі не едәуір зиянын тигізеді. Құм топырағы сұр және сұрғылт болады. Құм зоналарындағы өсімдік жабындыларына келсек, түрліше. Жалпы алғанда өсімдіктері сирек болып, олардың жер үсті бөліктері бір-біріне ұласпайды. Жалпы көрінісін өсімдіктерге емес топырағына қарап анықтауға болады. Құм өсімдіктеріне тиісті ерекшеліктердің бірі — өте сирек орналасуы. Құм зонасында өсімдіктің негізгі бөлігін құрғақшылыққа төзімді ксерофиттер құрайды. Бұл өсімдіктің суды кем буландыру қасиеті және жапырақтың кіші немесе өзгерген болуы, қабығының қалың және жапырағының пленкалы болуы, суды өткізбеуі, құм зонасында өсуін арттырады. Кей жағдайда жапырағы өркендемей қалады. Бұл жаідайда жапырақтың функцияларын өсімдік бұтақтары атұарады. Соның үшін бұл өсімдіктің сабағы жасыл хлорофилді болады. Өсімдіктің ұзақ жаз айларына бейімделу себебінің бірі ыстық басталуынан жапырағын тастайды. Бұл барлық өсімдіктерге тиісті қасиет болып, кей өсімдіктер бүршіктерінде тастайды. Құмды аудандарда секкулянттар өз ерекшелігіне құрғақшылыққа төзімділігімен ерекшеленеді. Олардың кейбіреулерінің жапырағы қалың болса, біреулерінің сабағы жуан болады. Бұл өсімдіктер су қорын тамырларына емес жер үсті бөліктерінде сақтайды. Сырт қабаты қалың пленкалы болып устицалары болмайды. Құм зоналарда ксерофиттен басқа құрғақшылыққа төзімсіз өсімдіктерде жасайды.оларға эфимерлер және эфимероидтар кіреді. Олар тек көктем айларында ылғалдық жақсы болған жағдайда өсіп өркендеп, ыстық басталуымен өсуден тоқтайды, қурап қалады.

Құмды зоналарда тағы бір өсімдік типі треатофиттер(насос өсімдіктері) жасайды. Олардың тамырлары өте терең кетіп, жер асты суларына дейін жетеді. Олар жаздың ыстық айларында да жасыл болып жайнап тұрады. Біздің қарап өткеніміздей көп жылдық шөптесін өсімдіктер. Бірақ бұл жерде ағаш өсімдіктеріде өседі. Олар бұталар, жартылай бұта, ағаш күйіндеде кездеседі. Біздің құмды зоналарымыз топырағына қарай бірнеше типке бөлінеді: құмды, сазды, тұзды топырақ.