Өсімдіктердің сырт ортаға бейімделуі және төзімділігі

Өсімдіктердің табиғатта таралуы олардың белгілерінің тұқым қуалауымен байланысты. Олардың осы қасиеттері аммиактың шегарасын және топографиялық жайласуын анықтайды. Мысалы ылғал сүюшілер суға жақын өссе, көлеңке сүюшілер ағаштар астында өседі. Екіншіден сырт ортаның түрлі факторлардың нәсілдікке әсері нәтижесінде түрлі экологиялық қасиеттер пайда болады. Осылардың барлығы өсімдіктердің төзімділігіне алып келеді. Жоғарыдағыларды есепке алып өсімдіктер дүниесі 3 топқа бөлінеді.

  1. Гигрофиттер
  2. Мезофиттер
  3. Ксерофиттер.

Гигрофиттер- бұл топ өсімдіктері өте ылғалды аймақтарда жасауға бейімделген. Бұндай жағдайда устицалы транспирациядан су булануы едәуір жоғары болады. Соның үшін бұл өсімдіктерге тиісті қасиет кутикулалы транспирация. Олар құрғақшылыққа төзе алмайды.

Мезофиттер- бұл топқа ылғалдылық жетерлі жағдайда өсетін өсімдіктер кіреді. Олар құрғақшылық кем аймақтарда шашылып, бірақта оларда құрғақшылыққа төзімділік қасиеті азда болса сақталып қалған.

Ксерофиттер — бұл топ өсімдіктері өздерінің анатомия — морфологиялық құрылысымен, топырақ және ауа құрғақшылығына төзімділік қасиеттерін сақтайды.

Өсімдіктердің төзімділігін зерттеу назариялық жєне практикалық жағынан үлкен маңызға ие.

Ыстыққа төзімділік әдетте өсімдіктерде температура 400 С — тан жоғары болғанда физиологиялық процестер бұзылады. Бірақ кейбір өсімдіктер кактус, алоэ 60-65 0 С-қа төзімді. Мәдени өсімдіктерден мақта, салы, кене күнжіт ыстыққа төзімді есептеледі. Оларды зерттегенде көпшілік өсімдіктер транспирация белсенділігімен жапырақ температурасын сақтайды, басқалары цитоплазманың тұтқырлығы және ақуыз синтезі күшейіп, байланған су есебіне төзімділігі артуы анықталды .

Құрғақшылыққа төзімділік . Бұл өсімдік жасуша ұлпаларда сусыздануға байланысты . Сусыздану нәтижесінде белок синтезі бұзылады. Полисома рибосомалар субқосылыстарға ыдырайды. Зат алмасуы төмендейді, өсуден тоқтайды. Құрғақшылық өсімдіктердің суға болған талабын қандыра алмайтын метереологиялық жағдай. Ол атмосфера және топырақ құрғақшылығына бөлінеді. Олардың негізгі себебі жауынгершілік кем болып, транспирация және топырақ беткі қабаты суының булануы, күшті жел болуы. Атмосфера құрғақшылығы құрғақ және ыстық ауаның әсерінде болады. Топырақ құрғақшылығы топырақтың ылғалдығы сырт орта әсерінде құрғап жер асты суының төмендеп кетуінен болады.

Өсімдіктерде құрғақшылық биосинтетикалық құбылыстарды бұзады. Ақуыздар ыдырауы күшейеді. Органикалық зат қоры бірден күшейеді. Өсімдік өсуі тоқтайды. Жапырақта крахмал жойыла барады, нәтижеде қурай бастайды. Құрғақшылыққа төзімділікті асыруда көптеген жұмыстар алып барылып жатыр. П.А. Генкел өніп жатқан тұқымды құрғату жолымен төзімділігін арттырған. Ол практикада әлі күнге дейін қолданылып келеді. Сонымен бірге химиялық жолмен құрғақшылыққа төзімділік асырылып келеді. Мәселен 0,25 пайызда CaCl2 тұзында тұқымдар 18-20 сағат малынып кейін егілгенде жақсы нәтижелер алуға болады.

Құрғақшылық жағдайында өсетін өсімдіктер ксерофиттер. Олар топырақ атмосфера құрғақшылығында өсе алатын қасиетке ие. Олардың белгілі қасиеттерінің бірі жер үсті бөлімдері жер асты мүшелерінен өте кіші болуы, сол себепті транспирациялаушы көлем кем болады.

Геккель ксерофиттер класификациясын төмендегідей бөледі.

  1. Суккуленттер — ыстыққа төзімді сусыздануды еркін көтереді, су тапшылығын сезбейді, денесінде су көп бірақ суды үнемдеп жұмсайды. Кактус, алоэ, молодило.
  2. Эуксерофиттер — ыстыққа төзімді өсімдік, құрғақшылыққа төзімді. Оларға жантақ, жусан, астра тәрізді өсімдіктер. Оларда жасуша шырыны осмотикалық қысымы жоғары транспирация төмен, тамыры кең таралған жапырақтарын төгіп тастайды.

3.Гемиоксерофиттер – сусыздану және ыстыққа төзімсіз өсімдіктер. Транспирациясы жоғары, протоплазма тұтқырлығы және эластиктігі жоғары емес. Тамыры терең оларға шалфей кіреді.

  1. Степаксерофиттер – ковыл (селеу) және масақты өсімдіктер. Қысқа маусымдық жаңбырдан пайдаланады, ыстыққа төзімді. Қысқа уақыт топырақ құрғақшылығына төзімді.
  2. Пайкилоксерофиттер — өздерінде су режимін басқара алмайды. Оларға милаиниктер кіреді. Олар қурайды да жаңбырдан кейін және белсенді өмір кешіреді.

Суыққа төзімділік. Бұл өсімдіктердің ұзақ уақыт төмен температураға шыдамдылығы ( 1-0-10) бұларға арпа, сұлы, виканы мысалға алсақ болады. Тропикалық өсімдіктер тез залалданып өледі. Бұл қасиеттер өсімдіктер цитоплазмаларындағы құрылысы , зат алмасу процестеріне байланысты болады. Суыққа төзімділікті асыруда калилі тыңайтқыштар ауаның ылғалдығы, жарықтық үлкен маңызға ие болады. Өніп шыққан тұқымды 00 -5 0 -қа дейін 12 сағат ұстап қалған уақытта 150-200-та 1 ай аралықта ұстау суыққа төзімділікті асыруы тәжірибеде дәлелденген . Суыққа өте төзімділік 00-тан төмен температурада ұзақ уақыт шыдамдылық көбінесе бұл жағдайға 1 – жылдық өсімдіктер тұқымы, көп жылдық өсімдіктер түйнегі, пиязы жеміс тамырлар және қардың қалың жауып өсімдіктердің қар астында қалуын мысалға алсақ болады.

Күзгі өсімдіктерде және ағаштарда төмен температурада ұлпалар тоңып қалады, бірақ олар өлмейді. Төмен температура цитоплазмада коопуляция пайда етеді. Нәтижеде ұлпалар өліміне алып келеді.

Жасушалар аралықтарында кристал мұз пайда болса, жасуша тірі қалады. Картоп түйнектері тез өліп кетсе, капуста және пияз сондай-ақ масақты өсімдіктер 150-20 0–қа дейін шыдамайды. Ине жапырақты өсімдіктерде суыққа төзімді болады. Себебі олардың құрамында қант мөлшері көп болады. Оның суыққа төзімділігінің маңызы үлкен. Внитрификация бұл судың төмен температурада шиша күйіне өтуі. Бұл өсімдіктерде 200— тан төменде пайда болады. Бұл аморф шиша тәрізді зат жай ерігенде жасушаларда сақтап қалады.