Өсімдік жасушасының химиялық құрамы

Өсімдік жасушалары жануарлардікі секілді органикалық және бейорганикалық заттардан құралған. Өсімдіктері суландырудың физиологиялық негіздері.

Өсімдіктері қолдан суландыру өнімді асырудың көзі есептеледі. Су тапшылығыболмаған жағдайда физиологиялық өзгерістерге жақсы әсерін тигізеді.

Су және басқа бейорганикалық заттар жасушаның негізін құрайды. Органикалық заттардың ішінде ақуыз, көмірсу, өсімдік өмірінде өте үлкен жұмыстарды атқарады. Органикалық заттар құрамында көміртек, оттегі, сутегі және азот көбірек кездеседі. Соның үшін оларды органогендер делінеді. Көміртегі 45%, сутегі 65 % және азот 1,5% мөлшерде болады.

Өсімдік қалдықтары күйдіргенде күл құрамында бір қатар элементтердің тотығы қалады. Олардың жиынтығы өсімдіктің құрғақ салмағының 5%ке жуығын құрайды. Олардан басқа күл құрамында өте кем мөлшерде мыс, темір, мырыш, марганец, сияқты элементтер кездеседі. Олар өсімдік құрамында өте кем мөлшерде болғандығы себепті микроэлементтер деп жүргізіледі.

1.Зат қоры организм жағынан топталған қоректік заттар. Зат қоры делінеді. Олар 2 түрде болады. Біріншісі-азотсыз қосылыстар оларға көмірсулар және майлар кіреді. Екінші белоктар С,Н,О дан құралған көмірсулар.

2.Крахмал – (С6Н10О5) Олар өсімдіктерде фотосинтез құбылысында пайда болады және түйіршікті көріністе топталады. Күріште 80%, бидайда 60-70%, амарантта 60-65%, картошкада 20% крахмал кездеседі. Крахмалға иод әсер етілгенде реакция жүріп оның көкке боялуын көреміз. Крахмал жасушадағы амилаза ферменті әсерінде декстрин және малтозаға ыдырайды.

6 Н10 О5)4+(Н2 О)амилаза(С12 Н22 О11) Крахмал суда ерімейді коллод ерітінді пайда етеді.

Полисахаридтерге целлюлоза да кіреді. Ол өсімдік жасушаларының қабығының негізін құрайды. Жапырақта 15-25%, ағаштың 50%, мақта талшығының 90% ті целлюлозадан құралған. Ол суда ерімейді.

Гемоцеллюлоза және жасуша қабығының негізіне кіреді. Сілтілерде жақсы ериді. Өсімдіктерде ағашталған бөлігінде көп кездеседі.

Пектин. Олар полисахаритер. Олар жемістерде, сабақтарда кездеседі. Жасушаларды өзара біріктіруде қатнасады. Қордағы заттарға инулин де кіреді . Ол жасуша шырынында еріген күйде кездеседі. Инулин мономері фруктоза есептеледі, инулаза ферменті әсерінде пайда болады.

6 Н10 О5)4+(Н2 О)фуктоза(пС6 Н12 О6)

Инулин көбінесе өсімдіктердің тамыр және түйіндерінде көбірек кездеседі. Мәселен, күрделігүлділер туысына кіретін тапинамбурада (жер алмурты) көп кездеседі.

Сахароза да өсімдік қоректік қорына кіріп, көбінесе қант қызылша және шекерқамысында қор зат есебінде кездеседі. Глюкоза болса жүзім шырыны болып ол 18-20% ке дейін жүзім жемісінде кездеседі.