Аллергия және гиперсезгіштіктердің түрлері

Аллергия ұлпалардың бұзылумен қабаттаса жүретін организмнің белгілі бір затқа ол екінші қайтара түскенде көрінетін арнайы күшейтілген иммундық реакциясы Аллергия терминін 1906ж австриялық педиатр Карл Пирке организмнің өзгерген реактивтілігін атау үшін енгізді Организмдердің реактивтілік қабілетін өзгертетін заттың бәрін ол аллерген деп атауды ұсынды. Аллергендерге көптеген заттар: өсімдік, жануар текті заттар липоидтар күрделі көмірсулар, дәрілер микробтардың тіршілік өнімдері жатады. Аллергендердің типіне байланысты аллергия 3-ке бөлінеді.

  1. Инфекциялық аллергия.
  2. Тағамдық аллергия идиосинкразия.
  3. Дәрілік аллергия.

Аллергиялардың арнайы болу себебі организмде Ү§Е Ү§0 антиденелердің иммундық Т-лимфоциттердің болуына байланысты. Бұл антиденелер аллергенмен алғашқы жанасудан кейін бірден түзіліп екінші қайтара жанасудан кейін бірден көбейеді. Аллергия бірден дамымайды оның белгілі бір даму немесе сенсибилизация кезеңі болады,ол бірнеше күннен бірнеше айға дейін созылады. Бұл кезде антиденелерден сенсибилденген Т- лимфоциттер түзіледі.

Аллергиялық реакция нәтижесінде көп мөлшерде биологиялық белсенді заттар аллергия медиаторлары түзіледі. Олар ұлпаларды бұзып аллергиялардың клиникалық көрінісін қамтамасыз етеді. Аллергиялық реакция мынандай кезеңдерден тұрады.

  1. Иммунологиялық кезең.

Бұл кезде аллергиялық антидененің сенсибилденген Т- лимфоциттермен әрекеттесу жүреді.

2. Патохимиялық кезең. Бұл кезде анафилаксия медиаторлары түзіледі

3. Патофизиологиялық кезең. Бұл кезде медиаторлар ұлпаларды мүшелерді бұзады. Аллергиялық реакциялардың негізгі қатысушылары- лейкоциттер Т- Б-лейкоциттер моноцит макрофагттар гранулоциттер комплемент жүйесі т б клеткалар мен гуморалды факторлар. Аллергия сезімтал гипер сезгіштік реакцияға жатады.

Гиперсезгіштікдің 5-типі болады оларды рим цифрімен белгілейді.

I, II, III, V типті гиперсезгіштік реакциялар аллергеннің антиденелермен әрекетесуіне байланысты Бұл реакциялар тез дамиды Сондықтан жылдамдатылған типті гиперсезгіштік реакциялар деп аталады.Ал IV типті реакция аллергеннің лейкоцит клеткасын әрекеттесуіне байланысты Оның көрінуіне 48-72 сағ уақыт керек сондықтан оны баяулатылған типті гиперсезгіштік реакциясы деп атайды.

І-типті реакциялар анафилаксиялық реакциялар.

Егер теңіз шошқасына тері астына 1-2мг бөтен белок енгізсе ешқандай өзгеріс байқалмайды Ал 15-21күннен кейін сол белокты қайта енгізсе онда анафиликтикалық шоқ байқалады: бронхылардың бірыңғай салалы еттері спазмалық тартылып көпіршіктер тамырлары кеңейеді. Жануар мазасызданып мұрынын қасына береді көкірегінде сырыл пайда болып тыныс алу жолдарда көбік ағады. Кейіннен дәл осындай реакциаларды гистамин енгізу арқылы модельдеуге болатыны анықталып осындай анафилактикалық шокты семіз клеткасы бөлінетін гистамин туғызатыны анықталды. Семіз клетканың бетінде иммуноглобулинің Ү§0 ЭФК байланыстарын рецепторлары болады Гистамин анафилотоксиндерге жатады. Оның көп мөлшерде бөлінуі өмірге қауіп туғызады. Анафилактикалық реакциялар жергілікті болуы да мүмкін .Бұл кезде аллергендер болып өсімдік тозаңы кенелер олардың экскрименттері насекомның улары ашытқы саңырауқұлақтары болып табылады. Мұндай реакцияларды емдеу үшін сенсибилдеуші агентті анықтау керек. Ол үшін терінің астына аллерген бола алатын антигендерді енгізіп 30-мин кейін реакцияны анықтайды.

II- типті реакциялар Бұлар гуморалды цитотоксикалық реакциялар Мұндай реакциялардың механизмі беткі жағында антигені бар клетка антиденелерін байланысқан кезде антидененің ҒС фрагменті микробпен байланысып макрофагпен байланысып клетканы фагацитоз жолымен жойып жібереді. Бұл реакциялар қан құйғанда мүшелерді трансплантациялағанда аутоиммундық аурулар кезінде көрінеді.

Ш-типті реакциялар Бұлар иммундық комплекс түзілу реакциялары антигеннің артық мөлшерімен ұзақ жанасқанда оған қарсы антиденелер тұрақты синтезделіп түрғанда антиген антидене иммундық комплекстері түзіледі. Көбінесе үзақ уақыт жазылмайтын инфекциялық аурулар кезінде көрінеді: туберкулез бруцеллез стрептококкоз сифилис т. б. Иммундық комплекстер ұлпаларды кейінге қалдырылып жедел қабыну реакцияларын туғызып отырады

ІУ-типті реакциялар инфекциялық аурулар кезінде химиопрепараттың масивті дозаларын енгізген соң көп антиген бөлініп анафилаксиялық приступтар беруі мүмкін. Мысалы астма немесе астматикалық бронхит.

У-типті реакциялар блоктаушы реакциялар деп аталады.Кейбір жағдайда организмде өз клеткалық рецепторларына қарсы иммуноглобулиндер түзіледі де, олар сол рецепторлармен байланысып сол клетканың қызметін өзгертеді. Мысалы диффузды токсикалық зоб.