Плазмоциттер мен гистобірегейліктің негізгі комплексі

Плазмоциттер деп- негізгі қызметі имноглобулин синтездеу мен секрециялау болып табылатын жоғары дәрежелі арнайы маманданған клеткаларды айтамыз. Плазмоциттердің тұрқы олардың пісіп жетілуіне қарай 10 мкм-ден 20 мкм-ге дейін өзгеріп тұррады. Олардың цитоплазмасы айқын базофильді Браше әдісі бойынша пиронин бояуымен қызыл түске болады. Ядроға жақын жерден Гольджи аппараты локализацияланады ядроның өзі эксцентрлі орналасады онда хроматиннің ірі кесектері болады.

Плазмоциттердің цитоплазмасында электрондық микроскоп көмегімен үлкейтіп көргенде жақсы дамыған кедір бұдырлы эндоплазмалық тор көрінеді. Оның мембранасында иммуноглобулиндер синтездейтін рибосомалар орналасады Плазмоциттердің пісіп жетілуі, иммундық жүйенің басқа клеткаларымен әрекеттесуі реттеуші молекулалар цитокиндер арқылы өтеді. Нгеізгі цитокиндерге лейкоцит әрекеттесуі факторлары интерлейкиндер жатады Қазіргі уақытта 16 интерлейкин белгілі болып отыр. Олар малекулалық массасы 16-60 дейін кДа (килодальтон) дейін болатын гликопротеиндер интерлейкиндерді макрофагтар Т мен Б лимфоциттер, базофилдер т б клеткалар бөліп шығарады Мысалы интерлейкин екінші М-2 Т- хелперлер бөлдеді. Ол Т мен Б лимфоциттердің моноциттердің Т клеткалардың пролиферациясын ,пісіп жетілуін туғызады. Барлық интерлейкиндерге клеткалық мембранада байланыстырушы рецепторлар болады Клеткалар пісіп жетілуі барысында олардың мембраналарында маркерлер –белгілі бір даму деңгейін көрсететін соған сай келетін макромалекулалар түзіледі оларды СД-антиген деп аталады ( Дифференцировка кластері)

Гистобірегейліктің негізгі комплексі (ағылшын Маjог Ніstocompatibilitj соmplex МНС) деп ұлпаларды бір-біріне отырғызғанда олардың төзбеушілігін анықтайтын антигендер синтезін бақылайтьынан гендер жүйесін айтады. Бұл комплекс трансплантанттарды қабылдамау реакцияларын туғызады. Клеткалық цитомембраналардың беткейінде орналасқан қабылдамау реакцияларын туғызатын құрлымдарын гистобірегейліктің антигендері ал оларды коделейтін гендерді гистобірегейліктің гендері Н гендер деп аталады МНС иммундық жүйенің бірінші кезекте иммунитеттің Т жүйесіннің қызмет етуін анықтайтын негізгі генетикалық жүйе болып табылады. Ол өзінікі мен өзгені тану қабілетін бөтен клеткаларды қабылдамау, антидене синтездеу, осы процестерді жылдамдату қабілеттерін коделейді кәрілік аруларына (қатерлі ісік, артрит, диабет тамырлардың гиалинозы, жүрек қан тамырлар жүйесінің аурулары бүйрек аурулары) бейімділікті анықтайды себебі осы барлық аурулар иммуниттердің Т клеткалық жүйесі жетімсізділігімен қабаттаса жүреді. Гистобірегейліктің негізгі жүйесі полиморфты жүйе ол тығыз біріккен көптеген гендерден тұрады. Ол гендердің ұйымдастырылуы сүтқоректілер мен құстардың әр алуан түрлерінде ұқсас болады және көптеген қызметтер атқарады.