Иммундық жауаптың негізгі қасиеттері

Гуморальдық және клеткалық иммундық жауаптардың барлық имуногендерге қатысты бірнеше іргелі қасиеттері бар

1) Арнайылылық иммундық жауап белоктар полисахаридтер басқа да антигендердің әртүрлі құрылымдық компонентеріне қатысты арнайы болып табылады Антигендердің жеке лимфоциттер танитын учаскілері әпитоп деп аталады. Арнайылылықтың болу себебі бөтен антиденелерге жауапты лимфоциттердің антигендердің айыршашылығын ажырататын мембраналық рецепторлары болады.

2) Әртүрлілік: жеке антигендік айыршашылықтардың жалпы саны (лимфоцит рецепторлар) өте көп. Иммундық жүйе 1012 антигендік детерминантты тануға қабілетті, қазіргі уақытта осындай әртүрліліктің молекулярлық механизмдері анықталған,

3) Ес: иммундық жүйе бөтен антигендердің қайтадан енуіне жауап беруге қабілетті болады (екіншілік иммундық жауап). Иммундық жүйенің осы қасиетін ес деп атайды. Екіншілік иммундық жауап жылдам, күшті дамиды, және де біріншіге қарағанда сапалық айыршашылығы болады .Естің яғни иммунологиялық естің бірнеше ерекшеліктері болады.

а) антигендік стимуляциялау кезде сәйкес антигендік рецепторлар бар лимфоциттер және олардың ұрпақтарының пролиферациясы туындайды

б) антигендік стимуляциялау кезінде алғашқы жауапты қамтамсыз ететін ес клеткалары, яғни лимфоциттер ұзақ уақыт тіпті антиген болмаған кезде де тірі болады Сондықтан ес клеткалары антигеннің қайта енуіне тез жауап қайтаруға дайын тұрады.

в) Ес клеткалары болып табылатын лимфоциттер антигеннің болмашы концентрациясына жауап қайтарып антиденелер бөледі.

4) Иммундық жауаптың тоқтауы: Қалыпты иммундық жауап антигендік стимулдеуден кейін біраз уақыт өткен соң бірнеше себептерге байланысты өшеді. Ол себептің маңыздысына лимфоциттердің белсенуі жатады. Белсенген лимфоциттер өздерінің қызметін антигендік стимелдеуден соң азғана уақыт атқарып 2-3 бөлінуден кейін тыныштық күйдеғі ес клеткасына айналады.

5) Өзінікін өзгеден ажыратуға қабілеттілік: иммундық жүйенің негізгі қасиеттерінің бірі өзге антигендерді танып, жауап беру ал өз антигендермен әрекеттеспесу болып табылады. Осындай жауап беруге қабілетсіздік толеранттылық деп аталады

Толеранттылық жүре қалыптасатын қасиет ол иммундық жүйедегі екі процестің арқасында мүмкіндік болады. Оның біріншісі клонды селекция, яғни өзінің антигендеріне реактивті клеткалардың өлімі, екінші процесс анергия деп аталады.Бұл клетканың бөлініп, бірақ функционалды белсенділігі болмайтын жағдай, екі процесс те жетілмеген лимфоциттерде жүреді олар антигенді таниды бірақ функциональды жетілмегендіктен антигенмен жанасу барысында толық қанды иммунокомпетентті лимфоциттерге айнала алмайды.