Иммунитеттің түрлері

Иммунология ғылымының 100 жылдан аса даму барысында бір бірін толықтырған, бір болып дамыған бірнеше теориялар ашылды: иммунитеттің ең алғашқы теориясын «бүйір тізбектер» теориясын Пауль Әрлих 1897ж қалыптастырды бұл теорияның мәнісі организмге түскен антиген протоплазмалық бүйір тізбектерінің рецепторларымен байланысады нәтижесінде рецепторлар нейтралданады. Бұл рецепторлардың орнына басқалары көп мөлшерде түзіледі. Пауль Әрлих 1,2,3 дәрежелі рецепторларды ажыратты .1926ж Томас Хант Морган неміс ғалымы «жіпке тізілген моншақтар» теориясын ұсынды, яғни гендер хромосомоларға тізбектеліп орналасқан соған сай белоктар иммуноглобиндер де тізілген моншақтарға тән орналасқан .1932ж М Геидельберг және Л. Полинг иммунитеттің жаңа теориясын «торлар» теориясын ұсынды Бұл теория бойынша антиген- антидене комплексі тор түрінде түзіледі. Тор түзілу үшін әр антидененің молекуласында әр антиген молекуласына кемінде үш антигендік дитерминант екі активті орталық болуы шарт. Антиген молекуласы тордың бұрыштарында, ал антиденелер жалғастырушы бойынша бөліктер түрінде орналасқан. 1930ж Ф .Брег. Ф. Габровиц матрица теориясын ұсынды. 1949ж Ф Бернет мен Ф. Фенер «тура емес матрица», 1955ж Н Ерне «табиғи сұрыпталу» теориясы 1956ж Борде «Қос фаза «теориясы.

Қазіргі уақытта жер жүзінің иммунологтары авторы Ф Бернет 1964ж болып табылатын клонды іріктемелі теорияны бетке ұстар теория ретінде қолданады Бұл теория 4 негізгі болжамға сүйенеді

1.Лимфоидты клеткалардың молдығы: 1012 дейін жетеді.

  • Лимфоидты клеткалардың популяциясының гетерогенділігі
  • Антигеннің азғантай мөлшері алдын ала адаптацияланған клон клеткасын көбеюге антидене продуцентеріне айналуына итермелейді, (стимулдейді)
  • Антигененің көп мөлшері алдын ала адаптацияланған иммунокомпенентті клеткаларды өлтіреді.

Иммунитет дегеніміз- организмнің генетикалық өзгелік белгілері бар тірі денелер мен заттардан қорғану тәсілі мұндай денелер мен заттарға бактериялар вирустар, қарапайымдылар, гельминттер, белоктар, клеткалар ұлпалар, өзгерген аутоантигендер соның ішінде қатерлі ісік антигендерді жатады. Мұндай тұжырым Бернет аксиомасына, яғни иммунитеттің орталық механизмі өзін және өзгені тану постулатына сай келеді. Иммунитет гомеостаз көріністерінің бір саласы барлық тірінің: адам, жануар, өсімдіктер тіпті бактериялардың да қасиеті болып табылады.

Табиғи және туа пайда болатын иммунитет

Дені сау организм өзін әртүрлі механизмдер арқылы қорғайды Мұндай механизмдерге физикалық кедергілер баръерлер, қан мен ұлпалардағы фагоциттер,табиғи клеткалар әнка клеткасы (N0) қанның әртүрлі молекулалары жатады. Бұл механизмдер арнайы емес: әртүрлі патогендер үшін әсерлі. Бірақ индукция үшін олардың алғашқы әсерін талап етпейді бөтен макромолекулардың екіншілік әсерінен түзілмейді.Туа п. б. иммунитет туылысымен қалыптасады ,бүкіл өмір бойы сақталады ол патогендерге қарсы қорғаныстың алғашқы шебі физикалық ,физалогиялық ,клеткалық кедергілерден тұрады. Физикалық кедергілерге тері, одан бөлінетін тер, май сілекейлі қабаттар, олардағы әпителий клеткалары мен түктер сілекей ,көз жасы т. б .жатады Физиологиялық кедергілерге дене температурасы қарын сөлінің рН, көз жасының құрамындағы лизоцим ,комплемент жүйесінің белоктары жатады. Клеткалық кедергілерге әндоцитоз деген атпен біріктірілетін пиноциноз, фагоцитоз процестері жатады Әндоцитоз еритін макромолекуларды бөтен және өзгерген өз клеткасына бағыталған клетка реакциясы бұл процестің лизосомаларда жүру себебі онда молекулалық гидролитикалық ферменттер жинақтары болады. Фагоцитарлық реакция 4 кезеңнен тұрады.

1.Микробтарға хемотаксис

  1. Адгезия
  2. Мембрана өсіндісінің түзіліп оның қатерлі клеткамен комплекс түзіп лизосомамен қосылуы.
  3. Фаголисомадағы микробтардың, ісініп, еріп ,инактивтелуі.

Демек табиғи туа п. б .иммунитет тің жалпы сипаттамаларына мыналар жатады.Қорғаныс механизмі әрқашан организмде болады. патогенге тура жауап қайтарады. Олар арнайы емес, есі болмайды ,сондықтан табиғи иммунитетті тұқым қуалайтын туа п.б. және өмір барысында қалыптасқан жүре п .б. деп бөледі. Тұқым қуалайтын туа п. б иммунитет макроорганизмнің белгілі бір жұқпалы ауруды ол аурумен бұрынырақ кездеспегеніне байланыссыз, қабылдамауға бейімделік күйі иммундық жауаптың бұл түрі ұрпақтан-ұрпаққа беріледі, туыла салысымен қалыптасады, өмір бойы сақталады. Туа п. б иммунитет патогенді микроорганизмнің қандайда болсын көп мөлшерін енгізгенде қалыптаспайтын иммунитет түрі. Мысалы ірі қара шошқаның ауруларына тұрақты және керісінше, салыстырмалы түрлі иммунитет белгілі бір факторлардың әсерінен иммунитеттің бұзылуын айтады, суыну, қызу жалпы өзгерістер, белоктық ашығу физиологиялық зорығу т .б. Даралық туа п. б иммунитет түрдің кейбіреулерінің дараларында байқалады .Мысалы аллергия т. б. Жүре п .б.иммунитеттердің мынандай түрлері бар: постинфекциялық поствакциналық, активті, пассивтті коллостральды, антитоксикалық ,стерилді стерилді емес, айқас сияқты түрлері болады Бұл иммунитеттің түрі организмде патогенді микроорганизмге олардың антиденемен жанасу нәтижесінде өмір сүру барсында қалыптасатын тұқым қуалау арқылы берілген иммундық жүйенің механизмдері арқылы тұрақтанатын азғана уақыт сақталатын екі аптадан бір екі айға дейінгі түрі. Жүре п. б .иммунитет активті ,пасивтті болып жіктеледі екеуІ де табиғи жолмен қалыптасады активті аурудан кейін ал пассивтті уызымен немесе трансплацентарлы.Активті иммунитет кезінде арнайы емес қорғаныстық жүйелер ,иммуногенез іске қосылып ес лимфоциттер п. б. арнайы антиденелер түзіледі. Ал пассивті иммунитет кезінде организм дайын антиденелер қабылдайды. Антитокалық иммунитет деп-бактериалық таксиндеріне қарсы имуниттерді аитады Стерильді деп- көптеген жұқпалы аурулардан қалыптасқан иммунитетті айтамыз. Айқас жүре п. б. иммунитет деп — артық антигендері бар бірнеше патогенге қарсы иммунитетті айтамыз.